Асыл аналар


«Пайғамбар мүміндерге өз жандарынан да артық»



Pdf көрінісі
бет163/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   200
Asyl-analar

«Пайғамбар мүміндерге өз жандарынан да артық»
1
, – деп 
келтірген. 
Осындай ыстық ықыласты жүрегінің түкпірінде сақтаған 
Сумәйра Қайсқызы Ухуд шайқасында Аллаһ жолында күресуге 
жолдасын, бауырын және баласын шығарып салады. 
1
«Ахзаб» сүресі, 6-аят. 


216
 
 
Мұсылмандар мен құрайыштар арасындағы бұл шайқаста 
бүлік туып, жау тарабынан «Мұхаммед өлді» деген жалған хабар 
тарайды. Бұл суық хабар мұсылмандарға жай түскендей болады. 
Жанкештілердің жалған сөзі әсер етіп, мұсылман әскерінің сағы 
сынып, осының салдарынан мұсылмандар шегініп қаша 
бастайды. Ал кейбіреулері қасық қаны қалғанша арпалысып 
шәһид болып жатады. Шәһидтердің қатарында Сумәйраның 
күйеуі мен ұлы да көз жұмады. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы тараған жалған хабарды естіген 
Сумәйра қатты қобалжып, жанын шүберекке түйіп, аяғы-аяғына 
тимей, соғыс алаңына жетіп келеді. Жиһад майданында 
Сумәйраны бұл жалған қауесеттен тыс күйеуі мен ұлының қаза 
тапқаны туралы қаралы хабар күтіп тұрған-ды. Қайғысына 
ортақтасқан сахабалар Сумәйраға басу айтып, жұбатып жатқанда, 
бұл әйелдің қайта-қайта ұмтыла сұрағаны Аллаһ елшісінің (с.а.с.) 
жай-күйі еді. Ол жанындағылардан Пайғамбарымыздың (с.а.с.) 
қайда екенін сұрастырып, алып-ұшып сол жаққа бет алады. 
Іздестіре келгенде, Аллаһ елшісінің (с.а.с.) аман-сау, тірі 
екендігін өз көзімен көрген Сумәйра қуаныштан толқып, 
көздеріне жас толып:
«Жолыңда ата-анам құрбан болсын, уа, Аллаһтың елшісі! Сен 
тірі болғаннан соң, басқа қиыншылықтар түк те емес!» – деп 
алып-ұшқан жүрегін басады. 
Әлбетте, өмірлік серігі мен ұлынан айырылу Сумәйраға оңай 
тимейді. Алайда Сумәйра Ақырет күніне үмітпен қарап, олармен 
жаннатта кездесетіндігіне толық сенген болатын. 
Мұсылмандардың халі сондай бір ауыр, қыл үстінде тұрғанда 
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өлімі сахабаларға орасан қайғы 
тудырар, тіпті бауыр еті баласын жоғалтудан да ауыр тиер еді. 
Міне, бұл – Сумәйраның жүрегіндегі Аллаһ елшісіне (с.а.с.) деген 
сүйіспеншіліктің дәрежесі. Аллаһ оған разы болсын! 


217


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет