Астана қаласының 2012 жылдың қаңтары бойынша дамуының қорытындылары
Астана қаласы халқының саны 2011 жылдың 1 қаңтарына 743,0 мың адамды құрды, өсім қарқыны – 106,6 % (қарқын бойынша – республика бойынша 1 орын).
Елорданың ЖӨӨ 2011 жылдың 9 айы бойынша 1 446,3 млрд.теңге құрып, 7,4% ұлғайды. Жалпы елдің ЖІӨ өңірдің үлесі 2011 жылдың 9 айы бойынша 7,9% құрды (республика бойынша 4 орын).
Жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім 1 979,0 мың теңгені құрды (13,4 мың АҚШ доллары) және республика өңірлері арасында төртінші орында орналасқан.
Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 2011 жылдың қаңтарында 1 979,0 млрд. теңгені немесе 2011 жылдың тиісті кезеңіне 102,7 % құрды (НКИ бойынша республика бойынша 2 орын, ҚР бойынша – 103,5%). өндірістің жалпы көлемінде ең үлкен үлеске өңдеу өнеркәсібі ие – 69,2 %.
Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірлік Индустрияландыру картасы бойынша 350,7 млрд. теңге сомасына 14 жоба іске асырылуда. Оның ішінде 2010 жылы 2 жоба аяқталды («АБК-Мақсат» ЖШС темірбетон бұйымдарын әзірлеу зауыты, «Кровля НС» ЖШС сэндвич-панельдер әзірлеу зауыты), 2011 жылдың бірінші жартыжылдығында 1 жоба енгізілді – 46 жаңа жұмыс орнын құрумен 1,4 млрд. теңге сомасына метиз өнімін өндіру жөніндегі «Стальцинк» ЖШС, 2011 жылдың 9 желтоқсанында «Talgo» жолаушылар вагондарын шығару зауыты іске қосылды - «Тұлпар Talgo» БК» ЖШС (Индустриялық парк аумағында іске асырылады), бұдан басқа, 2011 жылдың желтоқсан айының аяғында жеміс-көкөніс өнімін өндіру және қайта өңдеу жөніндегі жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды – «АстанаЭкоСтандарт» ЖШС. Енгізілген жобалардың жалпы сомасы 15,3 млрд. теңгені құрады, 600-ден астам жаңа жұмыс орны құрылды. Қалған 8 жоба бойынша іске асыру кестеге сәйкес 2014 жылға дейін жоспарланады.
Негізгі капиталға инвестициялар 5 615,7 млн. теңгені, НКИ – 51,7 % құрады. Астана қаласының үлесіне инвестицияның республикалық көлемінен 2,9 % келеді.
Тұрғын үй құрылысы саласында Астана қаласы 2012 жылдың қаңтарында пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 141 154 шаршы метрді құрайды және өткен жылдың көрсеткішіне 139 % өсті (республика бойынша 4 орын). Елордадағы аяқталмаған объектілер саны 2012 жылдың 25 қаңтары жағдайы бойынша – 7 (1 200 үлескер).
«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының «Жаңа бизнес бастамаларын қолдау» деген бірінші бағыты шеңберінде шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында пайыздық мөлшерді субсидиялау бойынша жалпы сомасы 2821,8 млн. теңгеге 26 жобаны; несиені кепілдендіру бойынша 4,7 млн. теңгеге 2 жобаны мақұлдады; өндірістік инфрақұрылым салу бойынша 668,9 млн. теңгеге 6 жобаға көмек көрсетілді.
ҚР Ұлттық банкінің мәліметі бойынша 2012 жылдың 1 қаңтарына жағдайы бойынша қала экономикасына 829,7 млрд. теңге сомасында кредиттік ресурстар, оның ішінде шағын және орта бизнес субъектілері үшін 102,6 млрд. теңге. 2010 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда несиелендіру көлемі 30 % ұлғайды.
Шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілері 2012 жылдың қаңтарында 65 855 млн. теңгеге өнім өндірді (2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өсім 3,5 % (5 - орын). Шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің саны ағымдағы жылдың 1 ақпаны жағдайы бойынша 40 693 бірлікті құрып, 16,5% ұлғайды (ҚР бойынша 4 орын). Жұмыспен қамтылғандардың саны 158,5 мың адам, өсім 5,2 % құрды.
Бөлшек тауар айналымы көлемі бойынша Астана қаласы Қазақстан бойынша 2 орынға ие және 2012 жылдың қаңтарында оның көлемі 36 201,3 млн. теңгені құрады (2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда салыстырмалы бағаларда 13,4 % құрады).
2011 жылдың қаңтар-желтоқсанында орташа айлық атаулы жалақы 132 051 теңге құрады және 2010 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 18,8 %-ға ұлғайды.
Елорда халқының орта есеппен жан басына шаққандағы ақшалай табысы 2011 жылдың желтоқсанында 106 752 теңгені құрды (республика бойынша 2 орын), бұл 2010 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда номиналды көрсеткіште 18,5 % жоғары.
Елорда бюджеті 2012 жылдың қаңтарында 262,9 млрд. теңгені құрды. Сонымен қатар, 65,8 % - орталықтан берілген трансферттер мен несиелер, бюджеттің жеке кірісі 34,2 % (89,7 млрд. теңге) құрды.
Достарыңызбен бөлісу: |