Астықты қабылдау, өлшеу, кептiру, тазалау, сақтау және тиеп жөнелту жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесiн және оған қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы



Дата03.03.2016
өлшемі61.63 Kb.
#35255
Астықты қабылдау, өлшеу, кептiру, тазалау, сақтау және тиеп жөнелту жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесiн және оған қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 5 қыркүйектегi N 769 Қаулысы


Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 33, 365-құжат


      "Астық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 5-бабына және " Лицензиялау туралы " Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қоса берiлiп отырған:


      1) Астықты қабылдау, өлшеу, кептiру, тазалау, сақтау және тиеп жөнелту жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесi;
      2) астықты қабылдау, өлшеу, кептiру, тазалау, сақтау және тиеп жөнелту жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары бекiтiлсiн.

      2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:


      1) "Астықты астық қабылдау кәсiпорындарында сақтау жөнiндегi қызметтi лицензиялаудың жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 22 ақпандағы N 273 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 9-10, 102-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 сәуiрдегi N 522 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 14, 184-құжат).

      3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейiн жиырма бiр күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы 


Үкiметiнiң    
2007 жылғы 5 қыркүйектегi
N 769 қаулысымен   
бекiтiлген     

Астықты қабылдау, өлшеу, кептiру, тазалау, сақтау және тиеп жөнелту жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесi
 
      1. Жалпы ережелер

      1. Осы Астықты қабылдау, өлшеу, кептiру, тазалау, сақтау және тиеп жөнелту жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесi (бұдан әpi - Ереже) Қазақстан Республикасының " Астық туралы" 2001 жылғы 19 қаңтардағы және " Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына (бұдан әpi - Заң) сәйкес әзiрлендi және астықты қабылдау, өлшеу, кептiру, тазалау, сақтау және тиеп жөнелту жөнiндегi қызметтi лицензиялау (бұдан әрi - лицензия) тәртiбiн айқындайды.

      2. Астықты қабылдау, өлшеу, кептiру, тазалау, сақтау және тиеп жөнелту жөнiндегi қызметтi лицензиялауды тиiстi облыстың жергiлiктi атқарушы органы (бұдан әpi - лицензиар) жүргiзедi.

      3. Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары лицензиялау субъектiлерi (бұдан әpi - лицензиат) болып табылады.

      4. Лицензия қолданылу мерзiмiн шектемей берiлетiн бас лицензия болып табылады.

      5. Лицензия иелiктен шығарылмайтын болып табылады және оны лицензиат басқа заңды тұлғаға бере алмайды.



2. Лицензияны беру, қайта ресiмдеу және оны беруден бас тарту тәртiбi

         6. Лицензия алу үшiн мынадай құжаттар қажет:


      1) белгiленген нысандағы өтiнiш;
      2) жарғының және өтiнiш берушiнiң заңды тұлға ретiнде
мемлекеттiк тiркелген туралы куәлiктiң нотариалды расталған көшiрмелерi;
      3) өтiнiш берушiнiң салық органында есепке тұрғаны туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
      4) астықты қабылдау, өлшеу, кептiру, тазалау, сақтау және тиеп жөнелту жөнiндегi қызметпен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат;
      5) бiлiктiлiк талаптарының 7) тармақшасын қоспағанда, бiлiктiлiк талаптарына сәйкес мәлiметтер мен құжаттар.

      7. Лицензия беру үшiн лицензиарға ұсынылған барлық құжаттар тiзiмдеме бойынша қабылданады, оның көшiрмесiн лицензиар құжаттарды қабылдаған күнi туралы белгi қойып, өтiнiш берушiге жiбередi (тапсырады).

      8. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы органның қорытындыларын алу үшiн лицензиар лицензияны алуға өтiнiш берушiнiң құжаттарын тiркеген күннен бастап екi жұмыс күн iшiнде өтiнiш берушiнiң мемлекеттiк тiркелген жерi бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы органға өтiнiш берушiнiң қоршаған ортаны қорғау саласында қойылатын талаптарға сәйкестiгi туралы қорытынды беру туралы сұрау жiбередi.
      Лицензиардың сұрауы негiзiнде қоршаған ортаны қорғау саласындағы орган жиырма бес жұмыс күн iшiнде өтiнiш берушiнiң қоршаған ортаны қорғау саласындағы қойылатын талаптарға сәйкестiгiн белгiлейдi және лицензиарға өтiнiш берушiнiң қойылатын талаптарға сәйкестiгi туралы қорытынды жiбередi.

      9. Лицензиар лицензияны осы Ереженiң 6-тармағында белгiленген тиiстi құжаттармен бiрге өтiнiш берген күнiнен бастап отыз жұмыс күнiнен кешiктiрмей бередi.


      Осы тармақта белгiленген мерзiм iшiндe лицензиар лицензия беруге не лицензия беруден бас тарту себептepi туралы жазбаша түрде дәлелдi жауап беруге мiндеттi.

      10. Лицензияда астық қоймасының (элеватордың, астық қабылдау пунктiнiң) орналасқан жepi көрсетiледi.

      11. Лицензиясы жоғалған, бүлiнген жағдайда лицензиат лицензияның телнұсқаларын алуға құқылы.
      Лицензияның жоғалған, бүлiнген блaнкiлepi лицензиат лицензиарға жазбаша өтiнiш (лицензияның жоғалған, бүлiнген фактiсiн растайтын құжаттармен қоса) берген күннен бастап жарамсыз деп есептеледi.
      Лицензиар өтiнiш берiлген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде жаңа нөмiр бере отырып және жоғары оң жақ бұрышында»"Телнұсқа" деген жазуы бар лицензияның телнұсқасын бередi.

      12. Заңды тұлға бiрiгу, бiрiктiру, бөлiну немесе қайта құрылу нысанында қайта ұйымдастырылған, атауы өзгерген, сондай-ақ қызмет түрiнiң атауы өзгерген жағдайда, егер мұндай өзгерiс қызмет түрi шеңберiнде орындалатын операциялардың мәнiнiң өзгеруiне әкеп соқпаса, ол отыз күнтiзбелiк күн iшiнде көрсетiлген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттармен қоса, лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш бередi.

      13. Лицензиат тиiстi жазбаша өтiнiшiн берген күнiнен бастап он жұмыс күнi iшiнде лицензиар лицензияны қайта ресiмдейдi.

      14. Егер:


      1) cубъeктiлepдiң осы санаты үшiн Қазақстан Республикасының заңдарымен астықты қабылдау, өлшеу, кептiру, тазалау, сақтау және тиеп жөнелту жөнiндегi қызметпен айналысуға тыйым салынған;
      2) осы Ережеге сәйкес талап етiлетiн барлық құжаттар берiлмеген жағдайда лицензия беруден бас тартылуы мүмкiн. Өтiнiш берушi көрсетiлген кедергiлердi жойған жағдайда өтiнiш жалпы негiздер бойынша қаралады;
      3) лицензияланатын қызмет түрiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым енгiзiлмеген;
      4) өтiнiш берушi бiлiктiлiк талаптарына сай келмеген;
      5) өтiнiш берушiге қатысты оған осы қызмет түрiмен айналысуға тыйым салатын заңды күшiне енген сот үкiмi болған жағдайларда лицензия беруден бас тартылуы мүмкiн.

      15. Егер лицензия осы Заңда белгiленген мерзiмде берiлмесе немесе лицензияны беруден бас тарту өтiнiш берушiге дәлелсiз болып көрiнce, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бұл ic-әрекеттерге шағымдануға құқылы.



3. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату, одан айыру

      16. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.


      17. Лицензияның қолданылуы мынадай жағдайларда:
      1) лицензия алып қойылғанда;
      2) заңды тұлға таратылғанда бiрiгу, бiрiктiру, бөлiну немесе қайта құрылу нысанындағы қайта ұйымдастыруды қоспағанда, заңды тұлға қайта ұйымдастырылғанда;
      3) лицензия лицензиарға epiктi түрде қайтарылғанда;
      4) лицензияланатындардың тiзбесiнен осы түр алып тасталғанда тоқтатылады.
      Лицензияның қолданылуы тоқтатылған кезде лицензиат он жұмыс күнi iшiнде лицензияны лицензиарға қайтаруға мiндеттi.

4. Есеп және бақылау

      18. Лицензиар лицензиаттың Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған лицензиялық бақылауды жүзеге асырады.

      19. Лицензиар бекiтiлген кестелерге сәйкес лицензиаттың жаңа өнiм астығын қабылдау дайындығы мәнiне жыл сайын тексерiстi және лицензиаттың тексеру актiлерiн ресiмдеудi жүзеге асырады.

      20. Лицензиар өз құзыретi шегiнде лицензиаттан тиiстi құжаттар берудi талап етуге және лицензиялық бақылауды жүзеге асыру үшiн қажеттi жазбаша немесе ауызша түрде ақпаратты алуға құқылы.

      21. Лицензиар берiлген, қайта ресiмделген, тоқтатыла тұрылған, қайта берiлген және қолданылуы тоқтатылған лицензиялар туралы мәлiметтер бар лицензиялар тiзiлiмiн жүргiзедi.  

Қазақстан Республикасы 


Үкiметiнiң      
2007 жылғы 5 қыркүйектегi
N 769 қаулысымен 
бекiтiлген      

Астықты қабылдау, өлшеу, кептiру, тазалау, сақтау және тиеп жөнелту жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары

      Астықты қабылдау, өлшеу, кептiру, тазалау, сақтау және тиеп жөнелту жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары:


      1) астықты қабылдауды, өлшеудi, кептiрудi, тазалауды, сақтауды және тиеп жөнелтудi жүзеге асыратын астық қоймасына (элеваторға, астық қабылдау пунктiне) меншiк құқығының
      2) өткiзу режимiнiң, салмақ өлшейтiн жабдықтың, астық сақтайтын сыйымдылықтардың
      3) жұмыс iстейтiн көтергiш-көлiк жабдығы бар жүк түсiретiн құрылғылардың, аспирациялық және желдеткiш желiлердiң
      4) жұмыс iстейтiн астық тазалау машиналарының және астық кептiргiштерiнiң (егер технологиялық схемада көзделсе);
      5) астық қоймасында (элеваторда, астық қабылдау пунктiнде) технологиялық процестi сақтауды қамтамасыз ететiн жұмыс iстейтiн технологиялық жабдықтың
      6) қажеттi зертханалық жабдықтармен және құралдармен
жарақталған (оның iшiнде ылғал өлшегiштер, кептiргiш шкафтар, дән  ұнтақтау үшiн диiрмендер, елеуiштep жиынтығы, сынақ алғыштар, өлшегiштер, дән маңызын жуатын жабдықтар, зертханалық таразылар, астықтың залалдануын анықтау үшiн оптикалық құралдар) және өлшеу жағдайы бағалаудан өткен жұмыс iстейтiн өндiрiстiк-технологиялық зертхананың
      7) өтiнiш берушiнiң қоршаған ортаны қорғау саласындағы қойылатын талаптарға сәйкестiгi туралы қоршаған ортаны қорғау саласындағы орган қорытындысының
      8) тиiстi технологиялық бiлiмi бар мамандардың болуын қамтиды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет