Ақсуат ауылдық кітапханасы



Дата29.02.2016
өлшемі39.02 Kb.
#31970
Ақсуат ауылдық кітапханасы
Аудан орталығы – Чапаев ауылынан оңтүстікке қарай 71 км жерде, Жайықтың оң жағалауында орналасқан. Тұрғыны 0,9 мың адам (1999) 1994 жылға дейін Батурин селосы деп аталып келген. Іргесі 1965 жылы П.С.Батурин атындағы қаракөл қой кеңшарының құрылуына байланысты қаланды. Ақсуатта және окрукке қарасты Каленный, Қосауыз ауылдарында орталау мектептер, мәдениет үйі, 2 кітапхана, дәрігерлік амбулатория және фельдшерлік пункт бар.




Ақсуат ауылдық кітапханасы мәдениет үйі ғимаратының 54 кв.м көлеміне орналасқан.

1968 жылы Батурин селолық советінде қарасты (қазіргі Ақсуат) екі кітапхана Батурин, Каленный ауылдық кітапханасы ашылды. 1970 жылдары Батурин ауыл кітапханасы ауыл ішіндегі кішкентай ғана клуб жанындағы бөлмеде болды. (суретте) Батурин ауыл кітапханасы ашылған кезде ауыл түрғындарының көмегімен және кітапханалардан дублетті әдебиеттер бөлініп, 5000-дай кітапхана қоры болды. Алғашқы кітапханашы М.Қуанышқалиева ауыл тұрғындарын рухани біліммен сусындатып, әр түрлі тақырыптарда шаралар ұйымдастырып, сонымен қатар, кітапхана ісіндегі жаңалықтардың басында жүргені мәлім. Осы апайдың бастауымен Батурин ауылдық кітапханасында жүйелі, әріпнамалық каталог 1973 жылы құрыла бастады. Осы жылдарда «Жастар арасындағы идеялық тәрбие жұмыстарының жайы және оны жақсарту шаралары туралы» бағытта кітапханалардың негізгі жұмысы еңбектегі ерліктер жайлы жазылған әдебиеттерді насихаттауды кітапханашылар өз қолдарына алып, коммунистік тәрбие берудегі мәселені бірінші орынға қоя білді.

1970-1980 жылдары қызмет атқарған кітапханашылар еліміздегі жаңалықтарды, КПСС сьездерін насихаттаумен қатар, қазақ совет әдебиеттерінің негізін салушылар С.Сейфуллиннің «Тар жол тайғақ кешу» кітабы бойынша оқырмандар конференциясын өткізді. Оған атап: «Сәкен Сейфуллин - қазақ совет әдебиетінің негізін қалаушы»-деген плакат ұйымдастырылды. Ғ.Мустафиннің «Дауылдан кейін», Б.Майлин, І.Жансүгіровтардың да әдебиеттерін насихаттап, көпшілік шаралардың түрлерін ұйымдастырды. Осы бағытта кітапханашылар Р.Хамзина, Т.Мустафина кітапхана ісіне өз үлестерін қосты.

1970 жылдары Үкімет қаулысына орай елді мекендердің ерекше климат, географиясына байланысты Батурин совхозы кукуруза егу шаруашылығына бейімделді. Соған байланысты осы кезде кітапханашы болған Ұ.Какимова диқаншылардың егін алқабына жаңа газет, журналдармен қамтамасыз етіп «Боевой лист» және «Молния» жар газеттерін, соц. міндеттемелерін әзірлеп, егіншілерге әрдайым жылжымалы кітапхана ұйымдастырып, ауылдың көркеуіне, шаруада жүрген адамдардың демалуына өз үлестерін осылайша қосты.

1989 жылдан бастап қазіргі кезге дейін Джалелова Роза Ақсуат ауыл кітапханасының кітапханашы міндетін атқарып келеді. Ауыл тұрғындарының, әріптестерінің арасында өз мамандығын жоғары дәрежеде көрсетіп отырған маман.

Ақсуат ауыл кітапханасы жыл сайын 900-ден астам оқырманға қызмет көрсетеді. Кітапхана қорында 20 мыңнан астам дана, кітап берілімі 13 мыңдай. Кітапханашы оқырмандарға қызмет көрсетіп, библиографиялық, анықтамалық ақпараттық жұмысын жүргізіп, кітап көрмелерін, мәдени көпшілік шараларын өткізеді.

2004 жылы Аудандық кітапхана мен мәдениет бөлімінің бірлесуімен Ақсуатта Қазақстан жазушысы Сәбит Досановпен (суретте) кездесу кешін, 2004 жылы жергілікті ақын Рақышева Гүлия Жоламанқызының алғашқы «Жан жүрегім-жырларым» атты кітабының тұсаукесер кешін өткізді.


(Мұқанғалиева Р.Х. Жазушы С.Досановпен кездесу//Жайық таңы.-2004.-12 шілде.-б.3
Оқырмандардың күнделікті ақпараттық сұраныстарын қанағаттандыруда мерзімді басылымдардың ролі ерекше. Ақсуат ауыл кітапханасы 10-15 атаулы мерзімдік басылымдар алуда. Жастардың рухани, мәдени және білімін көтеру бағытындағы жұмыс ауыл кітапханаларында кеңінен жүргізілуде. Жасөспірімдерге кітапханалық сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге, жастар ұйымдары мен қоғамдық бірлестіктер арасында байланысты нығайтуға бағытталуда.

Ақсуат ауылдық кітапханасындағы оқырмандардың 20% жастар мен жасөспірімдер құрайды.

Кітапханашы салауатты өмір салтын қалыптастыруға белсене атсалысады, сондай-ақ жастар арасында нашақорлықтың, СПИД-тің, шылым шегу мен арақтың зияны туралы түрлі шаралар өткізеді.

Қазіргі таңда кітап қоры 15973, оқырман саны 585. (2012 жылғы көрсеткіштер бойынша). Жыл сайын оқырман саны мен оларға берілетін әдебиеттердің берілімі өсіп отыр, осыған орай барлық жұмыс негізі оқырмандардың қызығушылығы мен әдебиетке деген сұранысы зерттеліп отырылады. Оқырман-балалардың ақпараттық, мәдени және білімділік сұранысын қанағаттандыру, шығармашылығын дамыту бағытында «Самғау» клубы жұмыс істейді.

«Самғау» клубы 2003 жылы Ақсуат ауылдық кітапханасында құрылды. Клубтың «Жарғысы», «Қағидасы» өз рәмізі бар. Клуб ұраны «Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ». Клуб алдына төмендегідей мақсаттар қояды:

- балалардың мәдени демалуын үйымдастыру;

- жасөспірімдерді клубқа тарта отырып, ел ішінде елеусіз, көріне алмай жүрген шығармашылықпен айналысатын жас оқырмандарды тауып, шығармашылықтарына жол ашып, жария болуына жағдай жасау;

- поэзияға деген сүйіспеншілік жүректен шыққан сөзді мәнерлеп жеткізе білу;



- халықтық жырау, жыршы, ақын поэзиясын құрметтеу, сақтау, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу;

  • өз-өзін тәрбиелеу, өз бетімен білім алу;

  • «Самғау» клубы аясында кітапханада мәдени шаралар өткізіліп отырады. Айына екі рет кітапханада клуб мүшелерімен отырыс өтеді, онда болашаққа жоспар жасалынып, өткен шаралар туралы пікір алмасады. Клуб мүшелері арасында поэзия минуттарын өткізу «Жас қалам» жар үнқағазын шығару дәстүрге айналған.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет