Атмосфера дегенiмiз


 дәріс. АгрОМЕтЕОрОлОгИЯ туралы ЖалПы МаҒлҰМаттар



бет2/100
Дата22.09.2022
өлшемі4.93 Mb.
#461162
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   100
Атмосфера дегенiмiз
Дәріс Дәнді дақылдар №1, Оптика. Есептер оқу құралы by Шыныкулова Г.Н. (z-lib.org), баланс, 40f35535e069a955ca6fc10d13d484b7, 42, Байтұрсынов А, Лекция-1634815154459, 1-зертхана Агрометеорология, 2-зертхана агрометеорология, 1-лаборотория, 2-практика агрометеорологии, 1-лаборотория.pptx, 1-Тәжірибелік сабақ Агрометеорология, Квалиметрия тест, Doc1 план
1 дәріс. АгрОМЕтЕОрОлОгИЯ туралы ЖалПы МаҒлҰМаттар
Мақсаты: Климат пен ауа райы жағдайларының ауылшаруашылық өндірісіне тигізетін әсерін дұрыс бағалай бiлу.
Міндеті: Қалыптасқан және күтiлетiн ауа райы жағдайларын дұрыс бағалай бiлуін және оны шаруашылықта қолдануды үйрету.
Түйінді сөздер: агрометеорология, климат, ауа-райы.
Дәріс жоспары:

1. Агрометеорология пәнi

2. Агрометеорологияның негiзгi мақсаттары

3. Агрометеорологияның негiзгi зерттеу әдiстерi
Агрометеорология пәнi – климат пен ауа райының ауылшаруашылық өндiрiсiне тигiзетiн әсерiн зерттейтiн ғылым.
Студенттерге агрометеорология жөнiндегi бiлiм мынандай жағдайларда қажет болады: а) арнайы мамандық пәндердi оқып үйренуде; ә) курстық жұмыстарды орындауда; б) диплом жұмысында, магистратурада эксперименттiк зерттеулер жүргiзу және т.б.
Мұндай бiлiм мамандарға қалыптасқан және күтiлетiн ауа райы жағдайларына дұрыс бағалай бiлу үшiн қажет. Өйткенi ауа-райына, оның өзгеруiне көңiл бөлiп, ол өзгерiстердiң:
1. Ауылшаруашылық дақылдарының өнiп-өсуiне;
2. Ауылшаруашылық дақылдарын аурулары мен зиянкестерiнiң пайда болуы мен таралуына;
3. Микроорганизмдердiң дамуына;
4. Топырақ құрамының қалыптасу үрдiсiне және т.б. жағдайларға тигiзетiн әсерiн бақылап отыру қажет.
Негiзгi мақсаты ауа райы жағдайларын дұрыс бағалай бiлу. Өйткенi дақылдардың географиялық таралуы мен орналасуы, себу мерзiмi, қолданылатын агротехника мен егiс айналымы, ең соңында өнiм алу климат пен ауа райына байланысты.


Климат дегенiмiз – ауа райының көп жылғы режимi.

Ауа райы – сол сәттегi метеорологиялық элементтердiң жиынтығы немесе уақыт жағынан да, кеңiстiкте де метеорологиялық элементтердiң үздiксiз өзгерiп отыратын ауа қабатының физикалық құбылыстары. Ал бiр метеоэлементтiң өзгерiске үшырауы басқаларының да өзгеруiне әсер етедi.
Негiзгi метеоэлементтерге мыналар жатады:
1. Атмосфералық қысым (мм, мб);
2. Күн радиациясы (кал/см2, мин);
3. Ауа және топырақ температурасы (С0);
4. Бұлттану (балл);
5. Ауа және топырақтың ылғалдылығы (мм, мб, %);
6. Жауын-шашын (мм), қар қабаттары (см, г/см3);
7. Булану (мм);
8. Жел (м/сек, румбы);
9. Атмосфералық құбылыстар (тұман, боран, найзағай, көктайғақ, және т.б.).
Жергiлiктi аудандардың (аймақтардың) ауылшаруашылық өндiрiсiне климаттың, ауа-райының тигiзетiн әсерi әр түрлi. Ауа-райының өзгеруi аталған метеоэлементтердiң өзгеруiне байланысты. Сондықтан, әр-бiр ауылшаруашылығы мамандары метеоэлементтерге бақылаулар жүргiзiп, олардың өзгеруi қандай жағдайларға әкелетiнiн ертеректен бiлуi қажет. Қандай метеоэлементтiң өзгергенi өсiмдiктердiң өнiп-өсуiне дұрыс жағдай жасады немесе қандай зияндарын тигiздi. Сонымен қатар, метеоэлементтерге бақылау жасау табиғаттың қолайсыз жағдайларын да ерте анықтап, олардың келтiретiн зияндарына қарсы дайындалуға мүмкiншiлiк бередi. Мысалы: құрғақшылық, үсiк, қатты суық, боран т.б. атмосфералық құбылыстардың болуын ерте болжауға болады.
Агрометеорология (ауылшаруашылық метеорология) ғылым ретiнде ХIХ ғасырдың соңында белгiлi орыс ғалымдары Петр Иванович Броунов және Александр Иванович Воейков елiмiздiң климаттық ресурстарын бағалап қай аймақта қандай дақылдар өндiруге болатынын белгiлеп бердi. Мысалы: неге мақта, жүрегi дақылдары оңтүстiкте жақсы өнiм бередi, ал цитрустық дақылдар басқа аймақтарда т.б.
Метеорологиялық элементтерге байқаулар жүргiзу үшiн әр ауданда, метеостанция немесе метеопост жұмыс iстеуге тиiстi, олар өздерiнiң байқаудан алған мәлiметтерiн әр бiр үш сағат (0, 3, 6, 9, 12, 15, 18, 21) сайын, тәулiк бойында 8 рет белгiленген уақытта облыстағы метеостанцияға хабарлап отырады, сол сияқты осы уақыттарда облыс Республикадағы (ГМС) гидрометеорологиялық станцияға хабарлайды. Жер шарындағы атмосфералық үрдiстер бiрiмен бiрi өте тығыз байланыста болады. Бiр аймақтағы болып жатқан метеорологиялық өзгерiстердi басқа аймақтарда бiлiп отыру қажет.
Сондықтан, барлық елдердiң метеорологиялық жағдайларын Бүкiл Әлемдiк Метеорологиялық ұжым ұйымдастырап отырады. Сонамен қатар, үлкен метеорологиялық орталықтар жұмыс iстейдi. Ол орталықтар Москва, Мельбурн, Вашингтон қалаларында орналасқан, олар телетайп арқылы бiр-бiрiнен метеорологиялық хабарлар алып отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   100




©dereksiz.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет