Ақтөбе облысы ғылыми тәжірибелік орталығы



бет1/10
Дата16.11.2022
өлшемі120.81 Kb.
#464971
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Ғылыми жоба -Бекжанова Гаухар


Ақтөбе облысы ғылыми - тәжірибелік орталығы
Ақтөбе гуманитарлық колледжі






Облыстық «Жас ғалым – мемлекеттің интеллектуалдық потенциалы» тақырыбындағы студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Тақырыбы: «Ашылмаған сыры көп асыл өнер»

Ғылыми ізденуші: Г.Б.Бекжанова
Жетекші: Г.С. Изтаева


Ақтөбе, 2014 жыл

Ақтөбе гуманитарлық колледжінің
КД - 305 тобы оқушысы Бекжанова Гаухардың «Ашылмаған сыры көп асыл өнер» тақырыбындағы ғылыми жобасына


СЫН - ПІКІР

Әлемдік мәдениеттің үшінші мыңжылдыққа енуі интеграциялық үрдістерімен ғана емес, әрбір халықтың өз мәдениетінің өзіндік келбетімен, ерекшелігін сақтап қалуға деген талпынысымен анықталады. Халық мәдениетінің көздерін, салт – дәстүрін, дінін зерттеп білу, қазіргі сатыдағы қоғам дамуының көкейтесті мәселесі болып табылады.Осы мақсатта зерттеліп, ұсынылып отырған Бекжанова Гаухардың «Ашылмаған сыры көп асыл өнер» тақырыбындағы ғылыми жобасында ұлттық қол өнерді насихаттаудағы студенттің өз бетінше әдебиеттермен іздене отырып жұмыс жасағанын көруге болады.


Ғылыми жоба негізгі үш бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімі бойынша студент шидің қолөнер саласында алатын орнын, адам баласы үшін аса қажетті мәдени материалдық элемент болатынын, қазіргі өзіне тән интернационалдық тұрмыс-салттық ерекшеліктерін, ұлттық мәдениет түрлерін, ұлттық дәстүрден көрініс тапқаннын атап өткен.
Негізгі бөлімі бойынша қазіргі таңда дизайнерлер ұлттық бұйымдардың эмоционалды-көркемдік бейнесі қазіргі өндірістің жаңа технологиясын, жаңа әдісін, жаңа матасын пайдалана отырып, бүгінгі күн талабына сай бұйым моделін жасауға ұмтылатын, ең басты міндеті - жаңа бұйымдарды жасауда ұлттық құрылымдылық ерекшелігін сақтау қажет екенін дәлелдеген.
Қорытынды бөлімі бойынша оқушы ұлттық өнерді қастерлеу әрі құрмет тұту елдің есейгенін, оның өскелең өмірін танытатынын,оның салт – дәстүрімізді тану ісіне де, халқымыздың мәдени - тарихи өмірінде де елеулі орын алатыны даусыз екенін ашып көрсеткен. Өйткені қазақ қолөнері ұрпақтан ұрпаққа алмасып келе жатқан, елдің ғасырлар бойы қалыптасқан сезімталдық талғамын,сәндікке, үйлесім бірлігіне, көркемдікке ұмтылған жасампаздығы мен шығармашылығының жетістіктерін бойына сіңірген құбылыс. Оның қай-қайсымыздың болса да ұлттық мақтаныш сезімімізді оятатыны хақ.
Гаухардың зерттеп отырған жұмысы бүгінгі кездегі басты назар аударарлық мәселе, бұл тек бір ғана студенттің ізденіп, салт – дәстүріміздің ерекшеліктерін ескеріп, бұл – ел болып қолға алатын ащы да болса шындық. Сонда ғана , еліміздің атадан балаға көшіп, жалғасып, дамып отырған мәдени – тұрмыстық, тәлім – тәрбие, рухани іс - әрекетінің көрінісі ретінде ұрпақтан, ұрпаққа жеткізіліп отыруы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет