Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының 2014 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы анықтама
Әкімшілік аумақтық бөлініс. Ауданда 7 селолық әкімшіліктер, 20 елді мекен қарайды.
Халқының саны- 01.03.2014 жылға- 15189 адам, оның ішінде 100 % ауыл халқы . 2014 жылы 3 айда туғандар саны 68, өлім саны-17, Ішкі көші қон 2 айда келгені- 9, кеткені -69 адам.
Шаруашылық субъектілері. Ауданда 2014 жылдың 1– сәуіріне барлық әрекет етуші заңды тұлғалар саны -136.
Өнеркәсіп
2014 жылдың 3 айында 162,1 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді, 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлемі индексі 103,3 %. Ет өнімдері 2013 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 190,9%, ауыз су- 96,7%.
Ауылшаруашылығы
2014 жылдың 3 айында ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 930 млн. теңге немесе нақты көлем индексі 100 %. Ет өнімі 1616,2 тн, немесе 100 % , сүт-1321,3 тн, немесе 100,2%, жұмыртқа 263,8 мың дана, 100,5 %.
Мал басы барлық түрінен де өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсімді көрсетті. Мүйізді ірі қара 30406 бас немесе 100,9%, қой-ешкі 93708 бас, немесе 101,1%, жылқы 5886 бас, немесе 105,6%, түйе малы 1064 бас, немесе 101,6% , құстар 8000 бас, немесе 100,0 %.
Ауылшаруашылығына 46,961 млн. теңгенің инвестициясы тартылды, оның ішінде:
- «Казагроқаржы» АҚ арқылы 2 шаруашылық 8,623 млн.теңгеге техника;
-«Ауылшаруашылығынқаржылай қолдау қоры» арқылы 1 шаруашылық 3,4 млн.теңгеге техника;
- селолық кредиттік серіктестік арқылы 1 шаруашылық 0,793 млн. теңгеге 5 бас МІҚ, 2,742 млн.теңгеге 1 шаруашылық техника;
- жеке қаражатқа 3 шаруашылық 17,172 млн теңгеге техника, 9 шаруашылық 22,18 млн. теңгеге 142 бас МІҚ сатып алуға қаражат жұмсады.
Ауылшаруашылығы құрылымдары саны 2014 жылдың 1-сәуіріне 221 бірлік, оның ішінде 19 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, 10 өндірістік кооперативтер, 192 шаруа шаруашылықтары жұмыс жасайды.
Жер қатынастары
Жер пайдаланушы ауыл шаруашылығы құрылымдары 232,
192 шаруа шаруашылықтары, 10 өндірістік кооперативтер, 18-і жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер және 12 жеке кәсіпкерлер жұмыс жасайды, пайдаланудағы жер көлемі 1044765 гектар, жыл басымен салыстырғанда 140307 гектарға ұлғайды.
Жер учаскесін сатудан 210,4 мың теңге (өткен жылы 293 мың теңге) кірістеліп, болжам 175,3% орындалды.
Жер учаскесін жалға беруден 376,1 мың теңге кірістеліп, болжам 183,4% орындалды.
Шағын кәсіпкерлік
Аудан бойынша тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілері саны 2014 жылдың 1-сәуіріне 492 бірлік, 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 % ұлғайды. Белсенді заңды тұлғалар саны-44 бірлік, немесе 93,6 пайызы. Кәсіпкерлікте жұмыс жасайтындар саны 1860 адам, шағын кәсіпкерлікте өндірілген өнім, көрсетілген қызмет көлемі 141 млн.теңге (100 %). Салық түсімі 29,5 млн.теңге (109,9 %).
Бөлшек сауда айналымы 184,4 млн.теңге, нақты 100,2 % .
Инвестиция
Негізгі капиталға инвестицияның жалпы көлемі 92,1 млн.теңге, немесе нақты көлем индексі 131,9%.Бюджеттік инвестиция көлемі-6,8, жеке қаражат пен өзге көздерден тартылғаны 85,3 млн.теңге.
Аудан ішінде бюджет қаражатына барлығы 1 207,091 млн.теңгеге 10 жоба жүзеге асырылуы жоспарланады, 1-сәуірге игерілгені 9,938 млн.теңге.
Республикалық бюджет қаражаты есебінен:
1.Ырғыз ауылының Оңтүстік Батыс ауданындағы бақылау сорғы станциясы торабы және жеке құрылыс аумақтарының инженерлік коммуникациялық желілері құрылысын салуға 83,434 млн.теңге, 1 сәуірге игерілгені жоқ.
2. Жұмыспен қамту 2020 жол картасының екінші бағыты шеңберінде жетіспейтін инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту мен жайластыруға -15,0 млн.теңге; 1 сәуірге игерілгені жоқ.
3.Құмтоғай ауылында селоішілік су құбыры құрылысын салуға 165,129 млн.теңге; 1 сәуірге игерілгені жоқ.
4.Жайсаңбай ауылында сумен жабдықтау объектісі құрылысын салуға 240,0 млн.теңге; 1 сәуірге игерілгені жоқ.
5.Қалыбай ауылында сумен жабдықтау объектісі құрылысын салуға 244,493 млн.теңге; 1 сәуірге игерілгені жоқ.
6. Құйлыс ауылында сумен жабдықтау объектісі құрылысын салуға200,0 млн.теңге; 1 сәуірге игерілгені жоқ.
Облыстық бюджет қаражаты есебінен
7.Жайсаңбай аулында 60 орындық орта мектеп құрылысын салуға 29,150 млн.теңге; 1 сәуірге игерілгені 4,0 млн.теңге.
8.Ақши ауылында сумен жабдықтау жүйесін қайта жарақтандырудың ЖСҚ әзірлеуге-4,550 млн.теңге; 1 сәуірге игерілгені 3,044 млн.теңге.
9. Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысын жобалау, салу және (немесе) сатып алу ЖСҚ әзірлеуге 2,5 млн.теңге, 1-сәуірге игерілгені 0,267 млн.теңге.
10. Инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту , жайластыру және (немесе) сатып алу ЖСҚ әзірлеуге 2,5 млн.теңге, 1 –сәуірге игерілгені жоқ.
Облыстық бюджеттен қоса қаржыландырулар:
Ырғыз ауылының Оңтүстік Батыс ауданындағы бақылау сорғы станциясы торабы және жеке құрылыс аумақтарының инженерлік коммуникациялық желілері құрылысын салуға 4,389 млн.теңге; 1 сәуірге игерілгені 2,627 млн.теңге.
Құмтоғай ауылында селоішілік су құбыры құрылысын салу-41,282 млн.теңге; 1 сәуірге игерілгені жоқ.
Жайсаңбай ауылында сумен жабдықтау объектісі құрылысын салуға -73,541 млн.теңге; 1 сәуірге игерілгені жоқ.
Қалыбай ауылында сумен жабдықтау объектісі құрылысын салу-61,123 млн.теңге; 1 сәуірге игерілгені жоқ.
Құйлыс ауылында сумен жабдықтау объектісі құрылысын салу-40,0 млн.теңге. 1 сәуірге игерілгені жоқ.
Құрылыс
Құрылыс жұмыстарының көлемі 2014 жылдың 1-сәуіріне 18,4 млн.теңге, нақты көлем индексі 189,4%. Жекелер қаражатымен 3 пәтер 201 шаршы метр кірістелді, бұл жылдық жоспарға 3,8%, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 109,2%.
Салық-бюджет жайы
2014 жылы 3 айда бюджетке салық және басқа да түсімдерден болжам 55694 мың теңге, нақты 77437,1 мың теңге кірістелді, Болжам 139 %-ке орындалды, 2013 жылдың сәйкес кезеңіне 98%.
Жергілікті бюджетке кіріс болжамы 51006 мың теңге, нақты түсім 65315,5 мың теңгені құрады, Болжам 128,1 %-ке орындалды.2013 жылдың сәйкес кезеңне 91,1%.
Жергілікті бюджеттің барлық кірісі 559941,5 мың теңге, оның ішінде ресми трансферт 494626 мың теңге, түсім 65315,5 мың теңге. Өткен жылғы ресми трансферт 162070 мың теңге.
Бюджеттің шығысы жоспары 554741,7 мың теңге, нақты 554457,1мың теңге 99,9 пайызға атқарылды.
Еңбек нарығы
Аудандағы тіркелген жұмыссыздар саны 1 сәуірге 29 адам, өткен жылғы сәйкес кезеңіндегі деңгейде сақталды. 2014 жылдың 3 айында 35 жаңа жұмыс орны қосылды, 267 жұмыссыз өтініш білдіріп, жұмыссыз 79 еңбекке орналасты, ақылы қоғамдық жұмысқа 174 жұмыссыз бағытталды, 32 жұмыссыз үшін әлеуметтік жұмыс орыны ұйымдастырылды, жастар практикасы бойынша 28 жас жұмыспен қамтылды.
Әлеуметтік қорғау
18 жасқа дейінгі 355 отбасындағы 1139 балаға 6202,6 мың теңге балалар жәрдемақысы тағайындалды.
Білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт.
Білім беру саласы. Мектепке дейінгі тәрбие беруде аудан бойынша 755 балаға 13 бала бақша жұмыс жасайды. Бұдан өзге 18 шағын орталықтарда 340 бала қамтылған.
2013/ 2014 оқу жылында 14 орта, 7 негізгі, 1 бастауыш барлығы 22 жалпы білім беру мектептерінде 3087 бала білім алуда, 2013 оқу жылында оқушы саны- 3147.
Материалдық жарақтандыруда 10 мектепке шаңғы сатып алуға 1,5 млн.теңге , №1 қазақ орта мектебін күрделі жөндеудің ЖСҚ дайындауға 1,5 млн.теңге бөлінді.
Мәдениет. Ауданда “Арай”, “Мәні” мәдениет үйлері, 12 селолық мәдениет кәсіпорыны, 13 селолық кітапхана, 1 балалар кітапханасы, 1 мұражай барлығы 29 мәдениет мекемелері жұмыс жасайды.
2014 жылдың 3 айында 75 көркемөнерпаздар концерті, 116 жастар кеші, 119 тақырыптық кештер,7 байқау, барлығы 317 мәдени-көпшілік шара ұйымдастырылып, 23 мың адам ақылы қызмет көлемі 213,3 мың теңгені (2013 жылы 285,2 мың теңге) құрады. Кітап қоры 137096 дана. Үйірмелер саны 135, оларға 1397 адам мүшелікке қамтылған.
Спорт. Аудандық деңгейде 3 айда 5 рет жарыс өткізіліп, оған 139 адам қатысты.
Тіркелген қылмыс саны -40, өткен жылы -27, немесе 13 қылмысқа өскен.
Бөлім басшысы: Г.Жансүгірова
Достарыңызбен бөлісу: |