Ақтөбе облысы Ойыл ауданының 2011-2015 жылдарға арналған аумақты дамыту бағдарламасы мониторингі бойынша жедел есептілік


Ауылдық кітапханаларды модернизациялау, кітапханалардың кітап қорларын жаңа әдебиеттермен толықтыру және оларды сандық форматқа аудару



бет7/10
Дата24.02.2016
өлшемі0.92 Mb.
#13502
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Ауылдық кітапханаларды модернизациялау, кітапханалардың кітап қорларын жаңа әдебиеттермен толықтыру және оларды сандық форматқа аудару.

Қайынды ауылдық кітапханасы «жаңа үлгідегі модельді кітапхана» болып ашылды.

Кітапханалардың кітап қорларын жаңа әдебиеттермен толықтыру үшін жергілікті бюджеттен 2014 жылы қаражат бөлінген жоқ.

Облыстық бюджеттен 5039,7 мың теңгеге 3850 дана жаңа кітаптар берілді.



Аудандық музей қорын экспонаттармен толықтыру

2014жылы қорға205 экспонат түсті. Оның 164 негізгі қор,41 қосымша қор.Сатып алынғаны-4. Сатып алынған экспонаттар құны-232,0 мың теңге қаралып,толық игерілді.



Мәдениет мекемелерінің МТБ нығайту (күрделі жөндеу, ғимараттар сатып алу, жабдықтау)

2014 жылы мәдениет саласы бойынша күрделі жөндеуге республикалық бюджеттен 26740,0 мың.теңге, облыстық бюджеттен -2931,0 мың. теңге бөлінді .Оған Ойыл аудандық балалар кітапханасы күрделі жөндеуден өткізілді, Берсиев ауылдық клубын ағымдағы жөндеу жүргізу үшін ЖСҚ дайындалды және Ойыл ауылындағы аудандық мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізу үшін ЖСҚ дайындалды.

2014 жылы иәдениет мекемелері бойынша материалдық техникалық базасын нығайту үшін жабдықтауға 10372,0 мың.теңге бөлініп, толық игерілді.


Тілдерді дамыту

1.Мақсатқа жету

Атауы

Өлшем бірлігі

2014 жылдың

жоспары

Факт


Орындалуы туралы ақпарат

1

2

3

4

5

Негізгі бағыт 2. Әлеуметтік сала.




Мақсат 9. Өңірдің тарихи-мәдени мұрасын сақтау, тілдерді дамыту




Міндет 1. Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік және шоғырландырушы функцияларын кеңейту

17

Нысаналы индикаторы

Мемлекеттік органдардағы құжат айналымындағы жалпы көлеміндегі мемлекеттік тілідің іс қағаздарын жүргізудің көлемі



%

100

100


2014 жылы аудан бойынша 10900 кіріс құжаты келіп түссе, оның 10550 мемлекеттік тілде (96,8%) тіркелген. Шығыс құжаты 9219 болса, оның барлығы мемлекеттік тілде орындалғаны 9216. (100%)

17.1

Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуде мемлекеттік қызметкерлер санының өсуі

%

100

100

Аудан бойынша мемлекеттік мекемелерде жұмыс жасайтын қызметкерлердің барлығы да мемлекеттік тілді толық меңгергендер.


2.Іс-шараларды орындау




Іс-шаралар

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Орындалуы туралы ақпарат

1

2

3

4

5

6




Мақсат 9. Өңірдің тарихи-мәдени мұрасын сақтау, тілдерді дамыту




Міндет 1. Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік және шоғырландырушы функцияларын кеңейту

1

Мемлекеттік тілді дамыту мақсатында семинар және конкурстар өткізу

ақпарат

МжТДБ

2014ж

Мемлекеттік тілді насихаттауды және қоғамдық өмірдің түрлі салаларына енгізуді жүзеге асыру мақсатында 2014 жылы Ойыл аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл-ұлт тірегі» аудандық тіл фестивалі аясында бірқатар іс-шаралар өткізілді.

Атап айтар болсақ,«Оралхан Бөкей – Тіл шебері» аудандық көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы, «Мақсұтым-тіл ұстартып, өнер шашпақ...» атты Абай оқулары байқауы, «Тілдарын-2014» аудандық олимпиадасы, Орыс жастары арасындағы қазақ тілі білгірлерінің «Тіл – халық жанын танудың кілті» байқауы, мүмкіндігі шектеулі жандардың қатынасуымен «Сөзмерген» байқауы, «22 қыркүйек - Қазақстан Республикасы Халықтарының Тілдері күні» мерекесіне арналған «Ана тілім - ата баба мұрасы» атты жыр мүшәйрасы болып өтті. Сонымен қатар «ҮЗДІК СТЕНД», «ҮЗДІК МАҚАЛА», «БЕЛСЕНДІ ТӘЛІМГЕР», «ҮЗДІК МЕКЕМЕ» байқауларының қорытындысы болып өтті.



22

Тілді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында іс-шаралар ұйымдастыру

ақпарат

МжТДБ

2014ж

Ауданда өткізілген байқаулардың жеңімпаздарынан 5 үміткер мәдениет бөлімінің жолдамасымен облыстық байқауларға қатынастырылып, 2 үміткер Республикалық байқауға жолдама алды.

Мемлекеттік органдардағы тіл саясатының жүзеге асырылуы жайына мониторинг жүргізу мақсатында ай сайын Ойыл ауданының мемлекеттік мекемелеріндегі іс жүргізу құжаттарының есебі алынып, облыстық тілдерді дамыту басқармасына жіберіліп отыр.

2014 жылдың 27 сәуір күні Ойыл ауданының ауылдық округтерінен және аудандағы мемлекеттік мекемелерден 5 мемлекеттік қызметкер «Қазтест» сынағына қатынасты.

Ономастика мәселесіне байланысты Көптоғай ауылдық округінің Қарасу ауылының атауын Құлжабай би ауылы деп атау мақсатында құжаттары жинақталып, облыстық ономастикалық комиссияға жолданды.




3. Ведомствоаралық өзара іс-қимылды талдау.

Нысаналы индикаторлардың / нәтиже көрсеткіштерінің атауы

Бірлесіп орындаушы орган

Өзара іс-қимылды талдау

1

2

3










4.Сыртқы әсерді талдау

Сыртқы әсер факторлары және олардың нысаналы индикаторларға/ нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізу әсері

Қабылданған шаралар

1

2








5. Қаржылық қаражаттарды игеру


Қаржыландыру көзі

Жоспар,

млн. тенге



Нақты , млн. тенге

Пайдаланбау себептері

1

2

3

4

ЖБ

0,2

0,2

«Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 2014 жылы 231,0 мың теңге бөлініп, игерілді

Жиыны

0,2

0,2





6. Талдамалы жазба хаты

«Ойыл аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»ММ өз жұмысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру жөніндегі жоспары, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Тіл туралы» №151 Заңның және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» №4200 Заңының орындалуын басшылыққа ала отырып, жұмыстарын ұйымдастыруда.

Мемлекеттік тілді насихаттауды және қоғамдық өмірдің түрлі салаларына енгізуді жүзеге асыру мақсатында 2014 жылы Ойыл аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл-ұлт тірегі» аудандық тіл фестивалі аясында бірқатар іс-шаралар өткізілді.

Атап айтар болсақ,«Оралхан Бөкей – Тіл шебері» аудандық көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өткізіліп, байқау қорытындысымен 1 орынға ие болған Құрман орта мектебінің 11 сынып оқушысы Ақтоты Жұмаш бөлім жолдамасымен облыстық байқауға қатынасып, облыстық тілдерді дамыту басқармасының алғыс хатымен марапатталды. «Мақсұтым-тіл ұстартып, өнер шашпақ...» атты Абай оқулары байқауына аудандағы мектептер мен колледжден 15-21 жас аралығындағы үміткерлер қатынасып, байқау қорытындысымен облыстық байқауға жолдама үміткерлердің ішіндегі өзге ұлт өкілі Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Ильсия Сабыржанова берілді. Облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өткен облыстық Абай оқулары байқауына Ойыл ауданының намысын қорғаған Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Ильсия Сабыржанова 1 орынды жеңіп алып, қазан айында болатын Республикалық байқауға жолдама алды.«Тілдарын-2014» аудандық олимпиадасына аудандағы мектептерден ағылшын пәні мұғалімдері қатынасты. Байқау қорытындысы бойынша облыстық олимпиадаға жолдама Ойыл аграрлық колледжінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Суликанова Шолпанға беріліп,Ақтөбе қаласында өткен «Тілдарын-2014» облыстық олимпиадасына қатынасып облыстық тілдерді дамыту басқармасының алғыс хатымен марапатталды. «Тіл шебері» аудандық байқауына қатынасушылардан өтініш түспеген соң бөлім жолдамасымен Ақтөбе қаласында өткен «Тіл шебері» облыстық байқауына Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебінің ағылшын пәні мұғалімі Темірбай Қарлыға қатынасып, облыстық тілдерді дамыту басқармасының алғыс хатымен марапатталды. Орыс жастары арасындағы қазақ тілі білгірлерінің «Тіл – халық жанын танудың кілті» байқауы ұйымдастырылып, Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы Красавина Дианаға жолдама беріліп, Ақтөбе облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өткен осы байқаудың облыстық кезеңінде де Диана 1 орынды жеңіп алып, Республикалық байқауға жолдама алды.Мәдениет бөлімі мен патриоттық орталықтың ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі жандардың қатынасуымен «Сөзмерген» байқауы өткізілді. Тәуелсіздіктің 20 жылдығы атындағы мәдениет және демалыс орталығы ғимаратында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «22 қыркүйек - Қазақстан Республикасы Халықтарының Тілдері күні» мерекесіне арналған «Ана тілім - ата баба мұрасы» атты жыр мүшәйрасы болып өтті. Сонымен қатар «ҮЗДІК СТЕНД», «ҮЗДІК МАҚАЛА», «БЕЛСЕНДІ ТӘЛІМГЕР», «ҮЗДІК МЕКЕМЕ» байқауларының қорытындысы болып өтті.

«Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 2014 жылы 231,0 мың теңге бөлініп, игерілді.

Осы қаражат есебінен байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне әртүрлі бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді. Барлық өткізілген шаралар аудандық «Ойыл» газетінде жарияланды. Ауданда өткізілген байқаулардың жеңімпаздарынан 5 үміткер мәдениет бөлімінің жолдамасымен облыстық байқауларға қатынастырылды.

Мемлекеттік органдардағы тіл саясатының жүзеге асырылуы жайына мониторинг жүргізу мақсатында ай сайын Ойыл ауданының мемлекеттік мекемелеріндегі іс жүргізу құжаттарының есебі алынып, облыстық тілдерді дамыту басқармасына жіберіліп отыр. Аудан бойынша тілдік ахуал мемлекеттік мекемелерде 2014 жылдың 12 айы бойынша іс жүргізудегі кіріс құжаттарының мемлекеттік тілдегі үлесі 96,8 пайыз болса, шығысы 100 пайызды құрайды.

2014 жылдың 27 сәуір күні Ойыл ауданының ауылдық округтерінен және аудандағы мемлекеттік мекемелерден 5 мемлекеттік қызметкер «Қазтест» сынағына қатынасты.



1.Мақсаттарға жету


Атауы

Өлшем бірлігі

2014

жылдың жоспары

Факт


Орындалуы туралы ақпарат

1

2

3

4

5

Негізгі бағыт 2. Әлеуметтік сала

Мақсат 10: Бұқаралық спортты дамыту

18


Нысаналы индикаторы.

Дене шынықтыру мен спортпен

айналысатын барлық жастағы

тұрғындардың үлесі

%

21,0

20,1

Дене шынықтырумен спортпен айналыстаын барлық жастағы тұрғындар саны 3817 адам. Қамтылуы 20,1 пайыз болып, жылдық жоспарға 0,9 пайыз жеткен жоқ. (3817*100/18962=20.1%)

Міндет 1. Дене шынықтыру мен спортқа үгіттеу мен республикалық және халықаралық сайыстарға спортшылардың қатысуын қамтамасыз ету

18.1



Дене шынықтыру мен спортпен

айналысатын балалар мен

жасөспірімдердің үлесі


%

12

10

Дене шынықтыру мен спортпен

айналысатын балалар мен

жасөспірімдер саны жалпы білім беретін мектептерде 1182 бала және БмЖС мектебіне 620 бала спортпен айналысады. (1802*100/18962=10%)



2. Іс-шараларды орындау




Іс-шаралар

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Орындалуы туралы ақпарат

1

2

3

4

5

6




Мақсат 10: Бұқаралық спортты дамыту




Міндет 1. Дене шынықтыру мен спортқа үгіттеу мен республикалық және халықаралық сайыстарға спортшылардың қатысуын қамтамасыз ету

1

Халықтың барлық жастағы топтары үшін спорт түрлері бойынша жаппай спорттық және дене тәрбиесі-сауықтандыру шараларының жүргізілуін ұйымдастыру

Іс шара

ДШжСБ

2011-2015ж

Ойыл ауданы бойынша дене шынықтыру және спорт бөлімінің жоспарына сәйкес мемлекеттік, білім беру қызметкерлер арасында аудандық спартакиада, ауыл жастар арасында аудандық спартакиада, үстел теннисі, гір спорты, жеңіл атлетика, «Олимпиада күні» , «Денсаулық фестивалі-2014» жарыстар өтті. мемлекеттік, білім беру , аудан тұрғындары, жастар мен ересектер арасында 53 іс-шара өткізіліп, 3983 спортшы тартылды.  

2

2


Облыстық жарыстарға аудан құрамасының қатыстыруын және дайындығын қамтамасыз ету

Іс шара

ДШжСБ

2011-2015ж

2014 жылы аудан спортшылары волейболдан ерлер арасында облыстық V Халық спорттық ойынында І орыние болып, асық асытудан ІІ орынға ие болды. 2014 жылдың 28-30 қараша аралығында Ақтөбе қаласында аудандық,қалалық және облыстық әкімдіктердің мемлекеттік қызметшілер арасында ХІV облыстық спартакиада өткізіліп, осы спартакиадаға ауданның мемлекеттік қызметшілерінен команда жасақталып бес спорт түрінен жарысқа қатынасты. Облыстық спартакиада қорытындысы бойынша тоғызқұмалақтан ІІІ орын, волейболдан ІІІ орынға ие болды. 2014 жылы БАӘ Дубай қаласында үлкендер арасында халықаралық Грампри және Харажан турнирінде 1 қола медальға ие болды. Облыстың «Жыл адамы» атағына ие болды. 2012 жылы ҚР спорт шебері атағы берілді. Мүмкіндігі шектеулі мүгедек спортшылар арасында 2014 жылдың 12-18 наурыз аралығында Ақтөбе қаласында отырып ойнайтын волейболдан өткен облыстық жарысқа ауданнан Н.Кадиров қатынасып І орынға ие болып, 2014 жылдың 1- 6 сәуір аралығында Атырау қаласында өтетін мүгедектер арасындағы ҚР чемпионатына Н.А.Кадиров қатынасты.



3. Ведомствоаралық өзара іс-қимылды талдау.

Нысаналы индикаторлардың / нәтиже көрсеткіштерінің атауы

Бірлесіп орындаушы орган

Өзара іс-қимылды талдау

1

2

3

Дене шынықтыру мен спортпен

айналысатын барлық жастағы

тұрғындардың үлесі


Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі

Дене шынықтыру мен спортпен

айналысатын балалар мен

жасөспірімдердің азаюына байланысты


Дене шынықтыру мен спортпен

айналысатын балалар мен

жасөспірімдердің үлесі


Аудандық білім бөлімі және аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі


4.Сыртқы әсерді талдау

Сыртқы әсер факторлары және олардың нысаналы индикаторларға/ нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізу әсері

Қабылданған шаралар

1

2








5. Қаржылық қаражаттарды игеру


Қаржыландыру көзі

Жоспар,

млн. тенге



Нақты , млн. тенге

Пайдаланбау себептері

1

2

3

4

ЖБ

2,0

2,0

Қаржы толығымен игерілді

Жиыны

2,0

2,0





6. Талдамалы жазба хаты
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында: «Дене шынықтыру мен спорт - мемлекеттің айрықша назарында болуы тиіс. Нақ сол саламатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып саналады. Осыған байланысты Үкімет және жергілікті органдар дене шынықтыруды, бұқаралық спортты дамыту және типтік жобадағы дене шынықтыру-сауықтыру нысандары, соның ішінде аула нысандары  құрылысы бойынша шаралар қабылдау қажет» деп, алдымызға нақты тапсырма қойды. Қазіргі таңда ауданда қолжетімді спорт нысандары «Көркейе бер, туған жер!» аясында аудан орталығында Бақаев көшесінде шағын футбол, волейбол алаңдарының құрылысы аяқталу сатысында.

2014 жылы «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бойынша республикалық бюджеттен бөлінген 70,0 млн.теңгеге Ойыл балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ауласынан стадион құрлысы аяқталып, пайдалануға берілді.

        Ойыл аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V ҚРЗ Заңын жүзеге асыру мақсатында ауданымызда бүгінде бұқаралық спортты дамытуда біршама жұмыстар атқарылды.

                    Материалдық-техникалық базаны нығайту және дамыту


Ойыл аудандық білім бөліміне қарасты 13 орта, 8 негізгі, 3 бастауыш және 1 спорт мектебі, 1 колледж жұмыс жасауда. Аудандағы жалпы спорттық ғимараттар саны 50. Оның ішінде 2 – тир, 15 – спорт зал, 15 – спорттық алаңдар, 15 – алаң, 3 – икемдендірілген залдар қызмет көрсетеді. Дене шынықтыру ұжымы- 54. Оның ішінде мектептер саны – 24, колледж – 1, 1 спорт мектебі, мекемелер мен ұжымдар саны – 28.

«Ойыл балалар - жасөспірімдер спорт мектебі» КММ  материалдық-техникалық  базасы  жақсы сақталынып пайдаланылуда: Ойын залы – (волейбол, еркін күресі, дзю-до күресі, қазақ- күресі, тоғызқұмалақ, үстел теннисі залдары)  арнайы  спорт құралдарымен жабдықталған. 2013 жылы 592 спортшы шұғылданса, 2014 жылы 620 спортшыға артып отыр. 1 спортшы – спорт шеберіне үміткер, 5 спортшы – І разрядты спортшы, 2013 жылы 14 оқушы спорттық разряд, 2014 жылы 29 оқушы разрядты спортшы атағы берілді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет