Атты халықаралық Ғылыми-əдістемелік конференцияның материалдары



Pdf көрінісі
бет172/174
Дата02.07.2022
өлшемі6.73 Mb.
#459584
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   174
Сборник 2022 Жакыпов с обл

 
Юнусова С.
(Қазақстан Республикасы, Тараз қ.
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті) 
 
 
ƏЛЕУМЕТТІК ОРТАДА ТИІМДІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫ ДАМЫТУДЫҢ 
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТЫ 
 
Тұлға аралық қатынас дегеніміз-күрделі мəселе. Күнделікті тұрмысымызда қарым-
қатынассыз жасауымыз мүмкін емес. Тұлға аралық қарым-қатынастың бірнеше түрі бар: жеке 
жəне қызметтік, дара жəне топтық, тең құқықты жəне тəуелді, қарама-қарсылықты жəне дау-
дамайлы.


394 
«Қарым-қатынас», «араласу», «өзара қатынас» ұғымдары қарапайым əрі соншалық 
жалпылама болып көрінетіндіктен, оларды жұрттың бəрі түйсік арқылы түсіне тұрса да, дəл 
анықтай қою қиынға түседі. Расында да араласу (сөздің дəл мағынасында алсақ — 
коммуникация) дегеніміз – хабарлау, айтып жеткізу. Адам араласу арқылы айналадағы дүние 
туралы білім алады, тəжірибені, еңбек пен тұрмыс дағдыларын қабылдау да, тарихи даму 
барысында адам баласы жасап шығарған мəдени, адамгершілік жəне əлеуметтік 
құндылықтарды меңгеру де осы араласу арқылы болады. Алайда араласу ақпарат алмасумен 
ғана байланысты емес. Араласудың эмоциялық емес, интеллектік жағы ғана көрінетін
сезімдер алмаспай, тек білім ғана алмастырылатын жағдайды көзге елестетуге бола қояр ма 
екен. Тіпті бір ғана фильмді жеке өзің немесе достарыңмен бірге көрудің, теледидардан немесе 
кинотеатрдың көрерменге толы залында отырып тамашалаудың өзі сол шығармаға түрліше 
қарауға мəжбүр етеді. Бір істі жалғыз жүріп үйренуден гөрі, құрдастарыңмен қосыла үйрену 
жеңілдеу. Сөйтіп, қарым-қатынас жасау нəтижесінде білім мен іскерлік, ықылас-ынта, ойлар 
мен сезімдер алмасып отырады.
Əлеуметтік орта топтардан құралады. Жеке адамдар мен топтар күнделiктi өмірде басқа 
да əр түрлi топтармен, адамдармен iстес болып, өзара тығыз қарым-қатынас жасайды. Бұл 
адамның қызмет немесе оқу орнындағы сондай-ақ, өмiр сүретiн ортасындағы адамдардың 
топтары болуы да мүмкiн. Ал, ұстаздар мен мектеп оқушылары белгiлi бiр мерзiм ішінде 
мақсат-мүдделерi топтаскан ұжым құрып, ресми топқа айналады. Бұл топтағы шəкiрттер мен 
жетекшiлер топ iшiндегi əлеуметтiк-психологиялық жағдайда мақсатты түрде iстес, пiкiрлес 
болып, қарым-қатынасқа түседi. Мұндай жағдай ұстаздардан арнайы бiлiмдiлiк пен 
дағдыларды талап етедіОндағы мақсат- əр адамның əлеуметтiк орнын, коғамдык мəнiн бiлу. 
Жеке адамның өзi де - қоғам мүшесi əлеуметтік тұлға. Сондықтан, оның өмiр тiршiлiгiндегi 
əрбiр қимыл əрекетi, iсi қоғамдық өмiрдiң көрiнiсi болып табылады.
Əлеуметтiк ортада тiршiлiк етушi азамат өзiнiң кiм екенiн былайғы жұртқа өзін қоршаған 
орта мен сыртқы дүниеге деген қатынасы арқылы таныта алады. Адамдар қарым-
қатынасының сыр-сипаты қоғамдық өмiрде, əсiресе өндiрiстiк iстердегi əрекетiнен айқын 
байқалады. 
Топ iшiндегi адамдардың бiр-бiрiне тəуелдiлiгi, бағынуы, бiрлесiп атқаратын iстерi, 
өзара көмектесуi -олардың нағыз топтық тiршiлiгiнiң заңды түрде қалыптасуын көрсететiн 
сипаттар. Олардың арасындағы қарым-қатынастардың мазмұнды болуы түрлi əлеуметтiк 
жағдайларға жəне əрбiр азаматтың даралық нақты iс-əрекеттерiне байланысты. Мұндағы 
өзектi мəселе - адамдардың қоғамдық iсiнiң нəтижелi болуы мен əлеуметтiк мақсаттылығы. 
Адамдар арасындағы тікелей қарым-қатынас бiр-бiрiн ұнатып, қолдау нəтижесiнде өрiстесе, 
ал жанама қарым-қатынас олардың бағалы заттарды өзара алмасуы мен бiрiнiн iсiн бiрi 
бағалау нəтижесiнде қалыптасады. Мұндай қатынас негiзiнен, ұжымдық сипат алады. 
Психология пəнi адамдар арасындағы жанама қатынастардың түрлi өзгерiстерге 
ұшырайтынын ерекше атап көрсетiп, олардың мынадай деңгейлерде қалыптасып 
отыратындығына мəн бередi: а) диффузиялык топ-бұл аралас топ деп те аталады, мұндай 
топтағы адамдардың өзара қарым-қатынасы топтың негiзгi iс-əрекетiне байланыссыз-ақ 
жүзеге асады; ə) ассоциация - бұл күрделi топ, топтың iс-əрекетi əрбiр адамның мүддесiне сай 
келетiн болғандықтан, топтар iшiндегi қарым-қатынас жандана бермек; б) корпорация, мұнда 
да жеке мүдделерге сəйкес қатынас ассоциациялық негiзде дами бермек; в) ұжым топтың ең 
жоғары деңгейде ұйымдасқан формасы, мұнда топ iшiндегi қарым-қатынас жалпы мақсатты 
iс-əрекеттер арқылы жүзеге асып, əрбір адамның қоғамдық мақсат-мүддесiмен ұштасып 
жатады. Ұжымдық қарым-қатынас жасаудың негізгі объектісi - адамдардың ұйымшылдығы 
мен бiрлiгi топтағы психологиялық ахуал, əрбiр ұжым мүшесiнiң көңіл-күйі, сергектiгi, 
болашак мақсат-мүддесi əлеуметтiк психологияда өзектi жəйт ретiнде дара түрде 
қарастырылады. Бұл мəселелердiң бəрi ұжымдьк мүдде деп саналады. 
Американдық психолог əрi социолог Дж.Морено шағын топтағы адамдардың қарым-
қатынасын зерттеу үшiн социометриялы əдiстi ұсынған болатын. Бұл əдiс бойынша ұстаздар 
мен тəрбиешiлер, шағын ұжымдардың жетекшiлерi, өндiрiстiк-кəсiптiк мекемелердегi 


395 
топтардың басшылары қарамағындағылардың өзара қарым-қатынасын анықтай алады. Бұл 
тəсiлдiң негiзгi өлшемi (критерий) əр қилы. Басты мақсаты - топ iшiндегi адамдардың тiлегi 
мен мүддесiн анықтау. Ондағы адамдардың өзара қарым-қатынастарының үйлесiмдi болуы, 
немесе бiр-бiрiн ұнатуы, ұнатпауы олардың сезiмдiк-эмоциялық күйлерiне байланысты. 
Топтағы, ұжымдағы əрбір адам екі түрлі: іскерлік жəне жеке қатынаста болады. Жеке 
адамдардың бір-бірімен қатынасын зерттеген кезде бақылау, эксперимент, əр түрлі əңгімелесу 
əдістері пайдаланылады. Мұндай əдістердің бірі-таңдау болып табылады. Таңдау əдісі жеке 
адамның қадір-қасиеті жағынан шын мəнінде алатын орынын анықтауға, ұжым мүшелерінің 
танымал болу дəрежесін белгілеуге, бастауыш топтардың бар-жоғын анықтауға мүмкіндік 
береді. Бұл əдісті жүргізген кезде бірлесіп атқаруды, болмаса топ мүшелерімен басқадай бір 
істі орындауды қалауы жөніндегі сұраққа жауап беруі ескеріледі. Қойылатын сұрақтар таңдау 
критерийлері деп аталынады. Топта, ұжымда əдетте жетекшілік міндетін өзіне алатын бір адам 
болады. Əлеуметтік психологияда мұндай адамды “көшбасшы” деп атайды. Көшбасшы топты 
ұйымдастыруға жəне басшылық етуге сайланады, не ұсынылады. Көшбасшы əдетте топтың 
іс-əрекеті жайлы, оның құрамы мен мүмкіндіктері жайлы мейлінше хабардар болады. Ол топ 
мүшелерімен қарым-қатынаста өзін еркін, сенімді ұстайды. Шағын топтардағы 
көшбасшылықты зерттеген Н.С. Жеребованың зерттеулерінде көшбасшы мынандай қызмет 
атқаратындығы айқындалған: а) ол топ алға қойған мақсатқа жетудің жолдары мен 
құралдарын жоспарлайды, б)топ мүшелері арасында атқарылатын іске жауапты адамдарды 
белгілейді, в) егер топтың алдына маңызды іскерлік қойылған болса жəне бұл топ өндірістік 
еңбек коллективі болса, белгілі бір топтық атмосфера орнатады, г) топ мүшелерінің қоғамдық 
белсенділігін дамытады. 
Жеке адамдар мен топтар күнделікті өмірде басқада əр түрлі топтар мен адамдармен, 
істес болып өзара тығыз қарым-қатынас жасайды. Бұл адамның қызмет немесе оқу орнындағы, 
сондай-ақ өмір сүретін ортасындағы адамдардың топтары болуы да мүмкін. Ондағы мақсат- 
əр адамның əлеуметтік орнын, қоғамдық мəнін білу.
Пікірлесудің қандай түрлері болса да, сөйлеу формалары арқылы жүзеге асып отырады. 
Пікір алысудың нақтылы мақсаты мен жеке жағдайларына қарай сөйлеу түрлі 
ерекшеліктермен көрінеді. Осы айтылғандар тұрғысынан сөйлеу бірнеше түрлерге бөлінеді. 
Алдымен сыртқы жəне ішкі сөйлеу болып үлкен екі топқа жіктеледі.
Сыртқы сөйлеу ауызша жəе жазбаша сөйлеу болып, ал ауызша сөйлеудің өзі диалог жəне 
монолог.
Ауызша сөйлеу – сөйлеудің негізгі бір түрі болғандықтан оның қалған түрлері де соның 
төңірегінде құрылады. Мəселен, жазу сөзіндегі əріптер ауызша сөздің түрлі дыбыстарын 
белгілейді. Былайша айтқанда, жазу сөзі ауызекі сөздің қағаздағы таңбасы, оның ерекше бір 
варианты.
Ауызша сөйлеудің негізгі бір түрі – диалогтық сөйлеу. Екі немесе коданда көп 
адамдардың арасындағы əңгіме, сөйлесу түрінде жүретін диалогтық сөйлеу үрдісінде адам 
сұрақ қояды жəне оған жауап береді, сын-пікір айтады, қолдау жəне қарсылық білдіреді. 
Оларға аз ойларын кеңейтілген түрде байындауды қажет етпейді. Диалог сөз ым-шаралармен, 
бет пен көздегі мəнерлі қозғалыстармен толықтырылады.
Монологтік сөйлеу қарым-қатынас тəжірибесінде ерекше орын алады жəне əр түрлі 
ауызша жəне жазбаша сөйлеген сөздер мен баяндамаларда байқалады. Сөйлеудің 
монологиялық түрлеріне лекциялар, баяндамалар, жиналыстарда сөйлеген сөздер 
хабарландырулар, бұйрықтар жатады. Бұл сөйлеудің мақсаты тыңдаушыға қажетті ықпалға 
қол жеткізу. 
Сөйлеу көбінесе беттің мимикасының өзгеруімен, ымдау сипатындағы түрлі қозғалыстар 
мен қосарланып отырады. Орынды ымдар біздің сөзімімізді мəнерлі етумен қатар, оның 
өзімізге де, өзгеге де түсінікті болуына жағдай туғызады. Бірақ осындай ым – ишаралардың 
дербес күйінде аса үлкен маңызы жоқ. Адам мұны көмекші құрал ретінде ғана пайдаланады. 
Əлеуметтік ортадағы қарым-қатынастың барлық түрлері ішінде жеке адамдар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   174




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет