Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау
комитетінің
2009 жылғы «24» наурыздағы
№ 6 бұйрығымен келісілген
Қатты пайдалы қазбаларды өндіру кезінде маркшейдерлік жұмыстарды жүргізу бойынша әдістемелік ұсыным
1-тарау. Жалпы ережелер
Ұсыным мынадай маркшейдерлік жұмыс түрлеріне: маркшейдерлік тірек және түсірме тораптарын жер бетіне салуға; ашық тау-кен қазбаларын аэроөлшемдік және жердегі тәсілдермен түсіруге; жер асты маркшейдерлік тірек және түсірме тораптарын бағдарлауға, орталықтандыруға және салуға; жер асты кен қазбаларын түсіруге; шахта үстіндегі технологиялық кешендердің құрылыстарын, шахталық оқпандар мен көтергіш (бір арқанды, көп арқанды, қатты және иілгіш әбзелдері бар) қондырғыларды монтаждау құрылыстарын маркшейдерлік қамтамасыз етуге; тиісті бағыт бойынша және кезікпе кенжарлармен тау-кен қазбаларының ұңғыламаларын қамтамасыз етуге; маркшейдерлік өлшемдерді компьютерде өңдеуге қойылатын техникалық талаптарды, тау-кен сызба маркшейдерлік құжаттамасы сұлбаларының құрамын, құрылымын және масштабын белгілейді.
2. Маркшейдерлік жұмыстарды орындау үшін ұйымның өз құрамында маркшейдерлік қызметі болады.
3. Маркшейдерлік қызметтің санын анықтау әдістемесі 1-қосымшада көрсетілген. Маркшейдерлік жұмыстарды тараптық аттестатталған ұйымдардың жүргізуіне рұқсат беріледі. Маркшейдерлік қызмет бөлмесіне қойылатын талаптар 2-қосымшада көрсетілген.
4. Жер бетінің топографиялық түсірмесін және бассейн, тау-кен өнеркәсіптік ауданы немесе жекелеген кен орындары шегінде тау-кен қазбаларының түсірмесін координаталар мен биіктіктердің бірдей жүйесінде орындайды.
5. Тау-кен кәсіпорнының өндірістік-шаруашылық қызметі аумағындағы барлық құрылыс түрлерінің жобаларында маркшейдерлік геодезиялық тірек тораптарын салуды, қайта құруды немесе тірек және бөлу тораптарының жойылған бекеттерін қалпына келтіруді қамтамасыз ету, құрылыс салу барысында немесе оны аяқтағаннан кейін, тау-кен қазбаларын түсіру және шахтаны (деңгейжиекті) пайдалануға тапсыру алдында тау-кен графикалық құжаттамасын дайындау үшін қажетті топографикалық-геодезиялық және маркшейдерлік жұмыстарды қарастыру ұсынылады.
6. Кен орындарын бірлескен ашық және жер асты тәсілдерімен қазу кезінде тау-кен қазбаларының қауіпті әсер ету аймағындағы маркшейдерлік жұмыстар жоба бойынша орындалады. Жобада тау-кен жұмыстарының қауіпсіз жүргізілуін маркшейдерлік бақылау тәртібі қарастырады, ашық және жер асты тау-кен қазбаларының жоспарларын толықтырудың біріңғай мерзімдерін және жер бетін және тау-кен қазбаларын түсірудің бірыңғай масштабын белгілейді.
7. Ұйым «Маркшейдерлік нұсқаулар кітабы» болады, онда бас (аға) (бұдан әрі – «бас») және учаскелік маркшейдерлері анықталған тау-кен жұмыстарын жүргізу жобасынан ауытқушылықтарды және маркшейдерлік қызметтің құдыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті ескертулерді жазады. Кітаптың үлгісі мен оны жүргізу тәртібін ұйымның техникалық басшысы белгілейді.
8. Тау-кен кәсіпорнының маркшейдерлік қызметі маркшейдерлік геодезиялық тірек тораптары мен топографикалық жоспарлардың жердің тұстас жағдайына сәйкестік картограммасының жай-күйін есепке алу журналын жүргізеді.
9. Маркшейдерлік жұмыстар өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтай отыра жүргізіледі. Маркшейдерлік қызметтің аспаптары мен құралдарының болжалды тізбесі 3-қосымшада көрсетілген.
1-бөлім. Жер бетіндегі жұмыстар
2-тарау. Маркшейдерлік геодезиялық тірек тораптары
10. Маркшейдерлік геодезиялық тірек тораптарын салу үшін негізгі бекеттер ретінде мемлекеттік геодезиялық торабы мен қойылтылған тораптың бекеттері қолданылады. Мемлекеттік геодезиялық тораптарды, қойылтылған геодезиялық тораптарды топтау және олардың құрылысына қойылатын негізгі техникалық талаптар 4-қосымшада көрсетілген.
11. Ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметі аумағындағы маркшейдерлік геодезиялық тірек торабы 1 және 2 разрядтық триангуляция, Жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттігінің қолданыстағы нормаларының талаптарына сәйкес ІІІ және ІV кластық тегістеу әдістерімен құрылады: «1:5000, 1.2000, 1.1000 және 1.500 масштабта топографикалық түсіру нұсқауы», «І, ІІ, ІІІ және ІV кластық тегістеу нұсқауы». Тірек тораптарының қиылысуын соңғы үлгідегі тиісті дәлдік жабдықтарын пайдалана отырып анықтауға болады.
12. Қала (ауыл) аумақтарын және ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметі аумақтарын, оның ішінде өнеркәсіптік аудандарды түсіру үшін барлық кластағы және разрядтағы жоспарлы тірек тораптарының тығыздығы салынған бөлігінде 1 км2 кемінде төрт бекеттен, салынып бітпеген бөлігінде 1 км2 кемінде бір бекеттен болады.
Биік тірек торабының тығыздығы 1:5000 масштабта түсіру кезінде 10-15 км2 кемінде бір қадабелгіден, салынып бітпеген аумақтарда 1:2000 масштабта 5-7 км2 кемінде бір қадабелгіден, салынған және салынатын аумақтарда 5 км2 кемінде бір қадабелгіден болады.
13. Карьерлердің тау-кен қазбаларын түсіру үшін маркшейдерлік геодезиялық тірек тораптарының бекеттері карьерлердің жиектерінде немесе оларға жақын орналастырылады. Бекеттердің қажетті саны тау-кен жұмыстарын дамыту перспективасын, карьердің өлшемдері мен тереңдігін, оларды карьердің түсіру тораптарының бекеттерін анықтау үшін негізгі орын ретінде пайдалану мүмкіндігін ескере отырып анықталады.
14. Ашық қазбаларды түсіруді қамтамасыз ету үшін маркшейдерлік геодезиялық тірек тораптарын егжей-тегжейлі барлау барысында 1:2000 масштабтағы жер бетінің түсірмесіне қойылатын талаптардың негізінде құрады. 7 км аспайтын ұсақ тау жыныстарының бойымен 4 кластық полигонометрия немесе 1 және 2 разрядтық триангуляция түрінде тірек торабы құрылады. Ұзындығы үлкен болған жағдайда 4 кластан төмен болмайтын триангуляция торабын құрады. Кенқайрандардың бойымен орналасқан үшбұрыштардың жақтары мен полигонометриялық жүрістердің ұзындықтарын 1,5-2,0 км – ге тең етіп алады. Кен орындарына жақын орналастырылған маркшейдерлік геодезиялық тірек тораптары бекеттерінің биіктіктері ІV кластан төмен болмайтын дәлдікпен тегістеліп анықталады.
15. Кіреберіс бекеттері ретінде жерасты маркшейдерлік тірек тораптарын бағыттау және орталықтандыру үшін 1 разрядтық триангуляция (полигонометрия) немесе біршама жоғары кластағы дәлдік тірек тораптары пайдаланылады. Кіреберіс бекеттері шахта оқпанының сағаларынан 300 м алыс емес қашықтықта орналастырылады. Кіреберіс бекеті және кемінде екі аралас тірек тораптарының бекеттері тұрақты орталықтармен бекітіледі.
Шахтаның өнеркәсіптік алаңында кемінде үш қадабелгі болады; бұдан басқа шахта үстіндегі ғимаратта оқпан сағасынан жақын кемінде екі қабырға қадабелгісімен толтыру ұсынылады. Қадабелгілердің үлкен белгілері ІV кластан төмен болмайтын дәлдікпен тегістеліп анықталады.
16. Жер бетінің өзгерістерін, карьерлердің жиектерінің, аршу жыныстары үйінділерінің, опырылу бөгеттерінің және гидроүйінділердің басқа да құрылыстарының, қойыртпақ және қалдықсақтағыштардың тұрақтылығын бақылау кезіндегі бақылау станцияларының кескіндік сызығының тірек қадабелгілерін анықтау үшін негізгі ретінде пайдаланылатын маркшейдерлік геодезиялық тірек тораптарының бекеттерін бақылау жүргізу барысында олардың тұрақтылығын қамтамасыз ететін орындарға орналастырылады.
17. 1 разрядтты триангуляция бекеттеріне сыртқы геодезиялық таңбалар (әдетте, қарапайым пирамидалар мен белгілер) орнатылады. 2 разрядтты триангуляция бекеттеріне қадалар орнатуға жол беріледі.
3-тарау. Түсіру жұмыстары
1-параграф. Жер бетін топографиялық түсіруге қойылатын
жалпы талаптар
18. Жобалау үшін жер бетін түсірудің мынадай масштабтары белгіленеді:
1,0 немесе 2,0 м арқылы бедерлерден өтетін 1:5000 – ұйымның жобаларын дайындау үшін;
0,5 немесе 1,0 м арқылы бедерлерден өтетін (тау және тау етегі бедерлерінде – 2,0 м арқылы) 1:2000 - ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметі аумағын егжей-тегжейлі жоспарлау және салу жобаларын дайындау үшін; желідегі құрылыстардың жобаларын дайындау үшін;
0,5 1,0 м арқылы бедерлерден өтетін 1:1000 – құрылыс объектілерінің жұмыс сызбаларын және ұйым аумақтарының тігінен алынған жоспарларын дайындау үшін.
19. Құрылысты (қайта құруды) аяқтау бойынша қағаз бетіне түсіру мен пайдалы қазбалардың кен орындарын қазуды қамтамасыз етуге арналған түсірмелерді мынадай масштабтарда орындайды:
1,0 немесе 2,0 м арқылы бедерлерден өтетін 1:5000 - өлшемі созылып жатқан бойда 2 км астам болатын шахталық (карьерлік) алаңы бар және тау-кен қазбаларының зиянды әсерінен қорғауға жататын объектілер болмаған жағдайда тегіс немесе адырлы бедерлері бар, селдір контурлары бар жерлердің салынып бітпеген аумақтарында орналасқан ұйымдар үшін;
0,5 немесе 1,0 м арқылы бедерлерден өтетін (тау және тау етегі бедерлерінде – 2,0 м арқылы) 1:2000 – мынадай жағдайларда: шахталық (карьерлік) алаңның өлшемі созылып жатқан бойда 2 км дейінгі ұйымдар үшін, сондай-ақ тау-кен қазбаларының зиянды әсерінен қорғауға жататын объектілер болмаған жағдайда өндірістік-шаруашылық қызмет аумағының салынып біткен бөлігі мен контурлармен қаныққан салынып бітпеген аумақтары үшін;
0,5 м арқылы бедерлерден өтетін (тау және тау етегі бедерлерінде – 1,0 м арқылы) 1:1000 – тұрақсыз қыртыс элементтері бар және құрамындағы пайдалы қазбалары бірдей бөлінбеген күрделі геологиялық құрылыс кен орындарын қазатын ұйымдар үшін; өнеркәсіптік алаңдар мен тау-кен кәсіпорындарының теміржол станциялары үшін. Жерасты коммуникацияларының тораптары қалың болған жағдайда 1:5000 масштабта орындалады.
20. Егер біршама үлкен бейнелі масштаб қажет болса, онда топографиялық жоспарларды құру кезінде ең кіші масштабтан қарағанда аралас жоспарлар дәлдігімен жоспарлар құруға рұқсат беріледі. Мысалы, 1:5000, 1:2000, 1:1000 масштабта түсіру кезінде жоспарлар 1:2000, 1:1000, 1:500 масштабтарында құрылуы мүмкін. Мұндай жоспарларда міндетті түрде оларды дайындау әдісі мен түсіру дәлдігі көрсетіледі.
21. 1:5000 - 1:500 масштабтарындағы топографиялық жоспарларда жердің, оқиғаның, бедер мен тау-кен қазбаларымен байланысты объектілердің барлық заттары: мыналар опырылған жерлер, шұңқырлар, жыныстардың үйінділері, тау-кен қазбаларының сағалары, тау-кен жыныстарының және пайдалы қазба денелерінің жер бетіне шығу жолдары қолданыстағы шартты белгілермен міндетті түрде бейнеленеді. Топографиялық жоспарларға тау-кен бөлу және жер учаскелерін бөлу шекаралары түсіріледі.
22. 1:5000, 1:2000, 1:1000, 1:500 масштабтағы топографиялық жоспарлар топографиялық түсірілімдер нәтижесінде құрылады немесе біршама үлкен масштабты топографиялық түсірілімдердің материалдары бойынша (1:500 масштабынан басқа) дайындалады. Түсірудің негізгі әдістері аэрофототопографиялық: стереотопографиялық және аралас әдістер болып табылады; таулы (көбінесе ашық) жерлердегі фототопографиялық түсірмелер пайдаланылады. Шағын учаскелердің жоспарларын алу үшін мензула, тахеометриялық немесе теодолиттік түсірмелер пайдаланылады.
23. Жер беті жоспарларының дәлдігі бақылау өлшеуіштерінің деректері бойынша бағаланады. Түсіру негіздерінің жақын орналасқан бекеттеріне қатысты нақты кескіндері бар жер контурларындағы шекті айырма 1,0 мм, ал таулы аудандарда 1,4 мм жоспарынан аспайды.
Жақын орналасқан маңызды контурлардың (күрделі құрылыстардың, ғимараттардың және тағы басқа) негізгі жоспарындағы өзара шекті қателіктер 0,4 мм аспайды.
Биік негіздердің нүктесіне қатысты нүктелер биіктігінің шекті айырмасы жердің көлбеу бұрышы 2° дейін болған жағдайда бедер қимасының биіктігі 1/2; 1:5000 және 1:2000 жоспарлары үшін көлбеу бұрышы 2° - 6° және 1:1000, 1:500 масштабтары үшін 10° дейін болған жағдайда – 2/3; 1:5000 және 1:2000 масштабтары үшін 0,5 м арқылы бедердің қимасында – 1/3 аспайды. Жердің орман учаскелерінде көрсетілген айырмаларды бір жарым есеге ұлғайтуға болады. 1:5000 масштабы үшін жердің көлбеу бұрышы 6° астам және 1:1000, 1:500 масштабтары үшін көлбеу бұрышы 10° астам аудандарда горизонталь бұрыштар кеңістердің асырмаларында анықталған биіктіктердің айырмасына сәйкес болады, бедердің ерекше нүктелерінде анықталған биіктіктердің шекті айырмасы бедер қимасының биіктігінен 2/3 аспайды.
Шекті мәндерге жақын айырмалардың саны бақылау өлшеуіштерінің жалпы санынан 10 % аспайды. Егер жоспарлар түсіру масштабына қарағанда біршама ірі масштабта құрылса, онда мұндай жоспарлардың дәлдігі түсіру масштабы бойынша бағаланады.
24. Түсіру масштабынан тыс кен орындарын барлау кезінде ұңғымалардың, шыңыраулардың, штольнялардың және басқа тау-кен қазбалары сағаларының орнын анықтаудың шекті қателігі жоспардағы 1 м және түсіру тораптарының жақын орналасқан бекеттеріне қатысты биіктік бойынша 0,3 м аспайды. Ашық әдіспен қазылатын кенқайрандарды барлау кезінде бұл қателіктер жоспардағы 1,6 м, ұсақ тау жыныстары тальфегінің төмен көрсеткіші мен айқын көрсетілген тальфегіндегі бедерлер қиылысы биіктігінің жартысы биіктігі бойынша 0,3 м – ден аспайды.
25. Жоспарлардың өрістік түпнұсқалары 1:5000, 1:2000, 1:1000 және 1:500 масштабтардың топографиялық жоспарларына арналған қолданыстағы шартты белгілерге сәйкес сызылады. Топографиялық жоспарлардағы тау-кен қазбаларының сағалары тау-кен сызба құжаттарына арналған қолданыстағы шартты белгілерге сәйкес сызылады.
2-параграф. Жер бетінің топографиялық жоспарларын жаңарту
26. Жоспарларды жаңарту олардың мазмұнын жағдай мен жер бедерінің қазіргі жай-күйіне сәйкестендіру мақсатында жасалады.
27. Құрылыс жұмыстары жүргізілетін ұйымдардың өндірістік-шаруашылық қызметі аумағының учаскелерінде жер бетінің жоспарлары олар аяқталғаннан кейін жаңартылады. Астықазылғы учаскелердің жоспарлары сырғу процесстері аяқталғаннан кейін немесе өндірістік қажеттілік бойынша жаңартылады.
Тау-кен жұмыстарының зиянды әсерінен қорғауға жататын объектілер, жаңадан салынып жатқан объектілер, ойық жерлер, шұңқырлар мен ірі сызаттар, сондай-ақ жердің астықазылғы учаскелерінің шекаралары олардың пайда болуы бойынша жер бетінің жоспарларына түсіріледі.
28. Жоспарларды жаңарту ағымдағы өзгерістер, жаңадан салынып жатқан ғимараттар мен құрылыстардың қағаздағы түсірмелерінің материалдары бойынша, өрістік тексеру материалдары, аэрофототүсірмелердің материалдары бойынша олардың мазмұнын камералық түзету, сондай-ақ алаңда топографиялық түсірмелердің жер бетіндегі әдістерінің тәсілдерімен түзету орындалады.
29. Шаруашылық іс жүргізу нәтижесінде жер бетінің бедері мен жағдайы біршама өзгерген және техникалық себептер бойынша жоспардың түпнұсқасын жаңарту мүмкін болмаған немесе экономикалық жағынан орынсыз болған учаскелерде жер бетінің түсірмесін қайтадан орындайды.
3-параграф. Пайдалы қазбалардың қоймаларын түсіру
30. Ашық қоймаларда жинағанға дейін алаң жобасы мен оның 0,25 – 0,5 м арқылы бедермен өтетін 1:1000 масштабтан кем болмайтын топографиялық түсірмесі жасалады. Алаңдарды түсіру кезінде түсіру нүктелері олардың ұзақ уақыт сақталуын ескере отырып бекітіледі.
Жабық қоймаларда өлшеу жүргізуге ыңғайлы және қауіпсіз орындар жабдықталады. Қойманың қабырғалары мен басқа да құрылымдық элементтеріне пайдалы қазбалардың көлемін анықтау үшін бөлу жүргізіледі.
31. Қоймалардағы пайдалы қазбалардың ойық жерлерінің түрінің күрделілігіне байланысты олардың көлемі таспалы өлшеуіш немесе түсірме нәтижелері бойынша анықталады. Қоймаларды түсіру әдісі 5-қосымшада көрсетілген.
32. Ойық жерлердің бақылау түсірмесін жүргізу кезінде көлемнің негізгі және бақылау анықтамаларының айырмасы төменде келтірілген мәндерден артық болуына жол берілмейді:
Ойық жерлердің көлемі, мың текше м.
|
20 дейін
|
20-50
|
50-200
|
200 астам
|
Екі тәуелсіз анықтамалардың шекті салыстырмалы айырмасы, %
|
12
|
8
|
4
|
3
|
Ойық жерлердің көлемінің екі тәуелсіз анықтамасының шекті айырмасында оның орташа мәні есепке алынады.
4-параграф. Жерді қалпына келтіру кезіндегі жұмыстар
33. Тау-кен қазбаларымен бұзылған жерлерді қалпына келтіру кезіндегі маркшейдерлік жұмыстар:
тау-кен техникалық қалпына келтіру кезеңін жобалау үшін қажетті сызбалық құжаттарды дайындау;
қалпына келтіру бойынша тау-кен техникалық жұмыстарын қамтамасыз етуді;
қалпына келтірілген аумақтарды қағазға түсіруді қамтиды.
34. Қалпына келтіру бойынша тау-кен техникалық жұмыстарын жобалау үшін негізгі сызба құжаттамалар ретінде жер беті мен тау-кен қазбаларының топографиялық жоспарлары қолданылады. Бұл жоспарлардың мазмұны жердің, тау-кен қазбалары мен тау-кен техникалық қалпына келтіру кезеңінің басталған кезіндегі ойық жерлердің жай-күйімен сәйкестендіріледі.
Ауылшаруашылық немесе құрылыс мақсатында қалпына келтірілетін шөгінділердің ойыстарының бедері негізгі жоспарларда, әдеттегідей, қима биіктігі 0,5 немесе 1,0 м көлденеңінен бейнеленеді.
Қалпына келтіру бойынша тау-кен техникалық жұмыстарын жобалау үшін жер бетінің негізгі жоспарларының көшірмелері, ал ашық қазба әдісі кезінде – тау-кен қазбалары жоспарының және аршу жыныстарының сыртқы үйінділері (егер олар қалпына келтіру объектілері болып табылса) жоспарларының көшірмелері пайдаланылады.
35. Аралас тау жыныстары мен жер қыртысын түсіру және көлемдерін есептеу әдістерін техногендік бедердің пішініне байланысты белгілейді.
36. Қалпына келтірілетін учаскелердің қағаз бетіндегі түсірмелері мынадай:
ауылшаруашылық, рекреакциялық және құрылыс салу мақсатындағы қалпына келтіру кезінде - 0,5 немесе 1,0 м арқылы бедер қимасының биіктігі көлденеңінен 1:2000;
орман шаруашылығы, су шаруашылығы және басқа да мақсаттағы қалпына келтіру кезінде - 1,0 немесе 2,0 м арқылы бедер қимасының биіктігі көлденеңінен 1:5000 масштабтарда орындалады.
Қағаз бетіне түсіру бойынша құрылған жоспарлардың көшірмелері қалпына келтірілген жерлерді қабылдайтын ұйымға беріледі.
5-параграф. Гидроүйінділердегі, қойыртпақ және қалдық сақтағыштардағы жұмыстар
37. Гидроүйінділерді, қойыртпақ және қалдық сақтағыштарды салу және пайдалану кезінде маркшейдерлік жұмыс құрамына:
қопарылу бөгеттерінің, ұлпақұбырлардың, сужинағыш жыралардың және басқа да құрылыстардың жобалық жай-күйін жер бетіне шығару;
қоршайтын құрылыстардың жобалық өлшемдерінің сақталуын бақылау;
қоршайтын құрылыстарды, қопарылу және тұндырғыш тоғандардағы судың азаю деңгейін мерзім сайын түсіру;
бақылау станцияларының кескіндік сызықтарының тірек қадабелгілерін жобалық және жоғары байлау кіреді.
38. Қопарылу бөгеттерінің шүлдіктері мен контурларының (бөгеттердің), ұлпақұбырлардың, сужинағыш жыралардың және басқа да құрылыстардың жобалық жай-күйін жер бетіне шығару маркшейдерлік геодезиялық тірек тораптары бекеттерінен теодолиттік жүріс төсемімен полярлық әдіс және қателіктері 2 м аспайтын шығарылған нүктенің орнын анықтауды қамтамасыз ететін басқа да әдістер арқылы жүргізіледі.
Жобалық қопарылу бөгеттерінің (тұғырдың ені, бөгеттердің белгісі мен үстінің ені) өлшемдерін және басқа да құрылыстарды натураға ауыстыру бекітілген нүктелерден немесе құрылыстардың шүлдіктерінен бастап жүргізіледі. Бөгеттер мен басқа қоршайтын құрылыстардың жобалық өлшемдерінің сақталуын бақылау кезінде жобаны дайындағанда негізге алынған ҚНжЕ талаптары басшылыққа алынады.
39. Гидроүйінділерді, қойыртпақ және қалдық сақтағыштарды салу және пайдалану барысындағы қосымша түсірмелердің мерзімділігі қоршайтын құрылыстарды салу жылдамдығына, жуу картасына және тұндырғыш тоғандардағы су деңгейінің артуына байланысты белгіленеді. Түсіру жұмыстары 1:2000 және 1:5000 масштабта аршу жыныстарының сыртқы үйінділерін түсіру үшін белгіленген талаптарды сақтай отыра жүргізіледі.
Гидроүйінділерді, қойыртпақ және қалдық сақтағыштарды түсіру объектілері: қопарылу бөгеттерінің (бөгеттердің) контурлары, ұлпақұбырлардың, су жіберу жыраларының жолдары мен басқа да гидротехникалық құрылыстар; тұндырғыш тоғандардағы судың азаю шектері, жуылатын жыныстардың контурлары; үйінділерге баратын кіреберіс жолдары, тұрақты беру желілері, байланыс пен басқа да коммуникациялар болып табылады.
2-бөлім. Кен орындарын ашық әдіспен қазу кезіндегі жұмыстар.
Карьерлерді түсіру
4-тарау. Карьерлердегі түсіру тораптары
1-параграф. Негізгі ережелер
40. Карьерлерді түсіру 1:1000 немесе 1:2000 масштабта, сыртқы үйінділерді түсіру 1:2000 немесе 1:5000 масштабта орындалады. Егер біршама ірі кескін қажет болса, онда жоспарлар жоспар мен түсіру масштабын көрсете отырып, біршама ірі масштабта құрылады.
41. Түсіру тораптарындағы жақын орналасқан маркшейдерлік геодезиялық тірек тораптарының бекеттеріне қатысты бекеттерді анықтау қателіктері қабылданған түсіру масштабындағы жоспарда 0,4 мм және биіктігі бойынша 0,2 м аспайды.
42. Экскаваторлық кіру ені кемінде 20 м болған жағдайда түсіру тұғырының бекеттері 1:1000 масштабта түсіру үшін белгіленген талаптарға сәйкес анықталады.
43. Карьердегі түсіру торабын ұзақ уақыт бойы сақтау орталықтарымен және уақытша пайдалану орталықтарымен бекітеді.
44. Тірек нүктелері ретінде фотограмметриялық әдіспен түсіру кезінде пайдаланылатын түсіру торабы бекеттерінің саны мен орналасуы жобада белгіленеді (6-қосымша).
2-параграф. Түсіру торабы бекеттерінің жоспарлы орнын анықтау
45. Карьердің түсіру торабы бекеттерінің жоспарлы орны геодезиялық кертпемен, теодолиттік жүріс төсемдерімен, полярлық әдіспен, үшбұрыштар мен тікбұрыштар торларының тізбектерін салумен, сондай-ақ маркшейдерлік геодезиялық тірек торабының негізгі бекеттері ретінде пайдалана отырып, жер серіктік геодезия әдістерімен (GPS қабылдағыштарының өлшеуіштерімен) анықталады. Бекеттердің биіктері геометриялық және тригонометриялық тегістеумен, сондай-ақ жер серігінің GPS қабылдағыштарымен анықталады.
Түсіру торабы бекеттерінің жоспарлы және биік қалпы талдамалы кеңістікті фототриангуляциясы әдісімен анықталады.
46. Түсіру тораптарындағы көлденең бұрыштар қос тәсілді немесе қайталама Т30 түріндегі теодолитпен өлшенеді. Тәсілдердің арасындағы бұрыштардың айырмасы 45'' аспайды. Т15 түріндегі теодолиттер мен біршама нақты бұрыштар бір тәсілмен өлшенеді.
47. Анықталатын орындағы тікелей және аралас кертпелер сызықтарының арасындағы бұрыштар кемінде 30° және 150° аспайды. 1:1000, 1:2000 және 1:5000 масштабта түсіру кезінде негізгі орыннан анықталатын орынға дейінгі қашықтық соған сәйкес 1, 2, 3 км аспайды. Кері кертпелер үшін негізгі бекеттер есеп бойынша алынады (7-қосымша).
48. Түсіру торабының бекеттерін полярлық әдіспен анықтау кезінде оларға дейінгі қашықтық 3 км аспайды. Бұрыштар екі негізгі бағыттан бастап өлшенеді; анықталатын орынға бағытталған дирекциялық бұрыштардың мәндерінің арасындағы айырма 45'' аспайды.
Арақашықтық лазерлік қашықтыөлшегішпен немесе орташа шаршы қателігі 0,1 м аспайтын жарық қашықты өлшеммен немесе GPS жабдығының көмегімен өлшенеді. Өлшенген қашықтықтарда көлбеулерге, референц-эллипсоид бетіне келтіруге және Гаусс проекциясының жазықтығына ықшамдауға түзетулер енгізеді.
49. Негізгі бекеттер арасындағы үшбұрыштар тізбектерінің шекті ұзындығы 1:1000, 1:2000, 1:5000 масштабтарда түсіру кезінде соған сәйкес 1,5; 3,6 және 6,0 км асуына жол берілмейді. Үшбұрыштардың тізбектерінде 7 аспайтын орынды анықтауға болады; үшбұрыштың жақтары 1000 м аспайды. Үшбұрыштардағы бұрыштардың шекті байламасы 1' аспайды.
50. Кертпелер әдісімен анықталатын бекеттердің координаттарын екі үшбұрыштан есептейді. Кері кертпелерде анықталатын орынның координаттары кертпелердің екі нұсқасының шешімімен есептеледі. Нақты координаттар үшін олардың орташа мәні алынады. Кертпелердің екі нұсқасының бекетінің қалпындағы айырма түсіру масштабындағы жоспарда 0,6 мм асуына жол берілмейді.
Үшбұрыштардың тізбектері бөлек әдіспен теңестіріледі. Әрбір үшбұрыштағы бұрыштық дәлсіздікті бұрыштарға тең етіп бөледі, координаттардағы дәлсіздіктер негізгі орындар арасындағы жүріс бойынша жақтардың ұзындығына пропорционал.
51. Теодолиттік жүрістер маркшейдерлік геодезиялық тірек торабының бекеттерінің араларына төселеді немесе тұйықталған полигондар түрінде қаланады. Негізгі бекеттерде бұрыштарды теодолиттік жүріс жақтары арасындағы және тірек торабы бекеттеріне баратын екі бағытпен өлшейді. Теодолиттік жүріс жақтарының ұзындығы 400 м аспауы және 100 м кем болмауы қарастырылады. Жүрістің ұзындығы 1:1000, 1:2000 және 1:5000 масштабтарда түсіру кезінде соған сәйкес 1,8, 2,5 және 6 км болуына жол берілмейді. Қажет болған жағдайда полярлық әдіс арқылы жеке нүктені анықтауға болады, оған дейінгі қашықтық 400 м аспайды.
52. Теодолиттік жүрістің жақтары лазерлік қашықтыөлшегіштермен немесе жарық қашықтыөлшегіштік саптамалармен, өлшеуіштермен және өлшемдердің қажетті дәлдігін қамтамасыз ететін басқа да бұйымдармен өлшенеді. Сызықтардың екі өлшемдерінің арасындағы айырма оның ұзындығынан 1:1500 аспайды.
Сызықтық өлшемдердің нәтижелерін өңдеуді бұйымдарды пайдалану жөніндегі техникалық құжаты бойынша орындайды.
53. Теодолиттік жүрістердегі бұрыштық байламалар 45''√ n аспайды, мұндағы n – жүрістегі өлшенген бұрыштардың саны. Теодолиттік жүрістердегі сызықтық дәлсіздіктер жүріс ұзындығынан 1:3000 аспайды.
Теодолиттік жүрістерді бұрыштық дәлсіздіктерді барлық бұрыштарға тең етіп бөле отыра, ал дәлсіздіктерді координаттардың шүлдігі бойынша жақтардың ұзындықтарына пропорционал теңестіреді.
54. Тікбұрышты тораптар түріндегі түсіру торабын салу кезінде тордың басты пішінінің бастары маркшейдерлік геодезиялық тірек торабынан кертпелермен, полярлық әдіспен немесе теодолиттік жүрістермен анықталады. Тікбұрыштардың бастарының орналасуы жару әдісімен анықталады. Тордың бастарын анықтау кезіндегі көздейтін сәуленің ұзындығы 800 м – ден аспайды. Торды дұрыс бөлу тордың диоганальдарының бағыттары бойынша тексеріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |