4 сынып
Аққу.
Аққу өте ірі және күшті құстардың бірі. Оны көп халықтар киелі құс санайды. Ерекше құрметтейді.
Аққулар көктемде оңтүстіктен қайта оралады. Олар шалғайдағы адам аяғы жетпес көлдердің қалың қамысына ұялайды. Ерекше сезгіш және сақ құс. Балапандарын ата-енесі бірлікте тәрбиелеп өсіреді.
Аққулар қолға тез үйренеді. Олар хайуанаттар бағында Австралиядан келген қарақумен тату тұрады.
Аққулар табиғаттың аса ғажап және сирек кездесетін туындысы. Біздің елімізде оларды аулауға тыйым салынған. (66 сөз)
Тапсырма
Мәтіннен күрделі етістікті табыңдар. Астын сызыңдар.
Жетінші сөйлемнен зат есімді табыңдар. Олардың түбірі мен жалғауын ажыратыңдар.
Австралия деген сөзге дыбыстық талдау жасаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |