Аудан Әкімі Д. Тлеубаевтың «Катонқарағай Ауданының 2013 Жылғы Әлеуметтік-Экономикалық Даму Қорытындылары Және 2014 Жылға Арналған Міндеттері Туралы» Халық Алдында Есеп Беру Баяндамасы



Дата22.02.2016
өлшемі118.19 Kb.
#1865
Аудан Әкімі Д.Тлеубаевтың «Катонқарағай Ауданының 2013 Жылғы Әлеуметтік-Экономикалық Даму Қорытындылары Және 2014 Жылға Арналған Міндеттері Туралы» Халық Алдында Есеп Беру Баяндамасы

2014 жылдың 17 қаңтарында еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде, Елорда төрінде – маңызы зор, айтулы оқиға болды. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын жариялады.

Ел тарихында тұңғыш рет Тәуелсіздік сарайында өткізілген бұл Жолдау – дамудың даңғылына түскен егемен еліміздің адастырмас темірқазығы, басшылыққа алатын басты бағдары болды. Бұл – әрбір қазақстандық үшін, әрбір отбасы үшін, келешек ұрпақ үшін маңызды құжат. Өйткені, Жолдаудың әрбір жолында – миллиондаған халықтың әл-ауқатына, тұрмыс-тіршілігіне байланысты Президентіміздің қамқорлығы мен қолдауы айқын сезіледі.

Жолдауда көрсетілген міндеттер мемлекеттік билік мекемелерінің, коммерциялық құрылымдардың және ел азаматтарының басты бағыты болып табылады.

Алдымызда орындайтын көптеген міндеттер тұр.

Бүгін, 2013 жылды қорытындылай келе, алға қойылған барлық міндеттер орындалды деп зор сеніммен айта аламын. Жыл қорытындысы бойынша экономиканың барлық салалары бойынша негізгі көрсеткіштердің өсуі байқалады.



Ауыл шаруашылығы саласында:

Ауыл шаруашылығы ауданның әлеуметтік-экономикалық саласының негізін құрайды.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі аудан бойынша 16 326,1 млн. теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 124,1 пайызды құрады. Өнімнің табиғи көлем индексі 100,2 пайыз (рейтингте 19 орын).

Соның ішінде мал шаруашылығы өнімінің көлемі 9 735,3 млн. теңгені құрады, өсімі 11,4 пайыз. Өнімнің табиғи көлем индексі 90,2 пайыз.

Егін шаруашылығы өнімінің көлемі 6 590,8 млн. теңгені құрады, өсімі 49,2 пайыз. Өнімнің табиғи көлем индексі 115,2 пайызды құрады.

2014 жылдың 1 қаңтарына тірі салмақта 10920 тонна ет өндірілді (86,3%), сүт – 44 926,8 тонна (өсім 102,1%), жұмыртқа 8 931,6 мың дана (101,4%), жүн – 189,8 тонна (100,6%) өндірілген.

Ауданда ірі-қара мал басы – 33 668 (100%), жылқы – 21 941 (өсім 100,2%), қой мен ешкі – 74 067 (89,9%), шошқа – 1 899 (65,4%), құс – 80 486 (100%), марал мен теңбіл бұғы - 5 317 басты құрады (92,6%).

Біздің аудан марал, жылқы саны бойынша алдыңғы орында.

Ауданда марал өсірумен 11 шаруашылық айналысады. Бүгінгі күнге маралдар мен еліктер саны 5 317 басты немесе 92,6% құрап отыр.

Облыс әкімінің қолдауымен 2010 жылдан бастап, марал шаруашылығына субсидия бөліне бастады, ал 2013 жылы 26,5 млн.теңге игерілген.

2013 жылы омарта шаруашылығымен айналысатындар 5,7 млн.теңге субсидия алды.

Өткен жылы шаруа қожалықтары мен фермерлер тарапынан 173 млн.теңге игерілді.

Машина-тракторлық паркті жаңарту мақсатында «Қазагроқаржы» «АҚ арқылы 67,9 млн.теңгеге 13 жаңа ауылшаруашылық техникасы, өз қаражаты есебінен 69,8 млн.теңгеге 21 жаңа ауылшаруашылық техникасы алынды.

Аудан экономикасын дамытуда қаржы институттарының да үлкен үлесі бар.

Шаруа қожалықтары және басқа да заңды және жеке тұлғаларға 205,6 млн. теңгенің несиесі берілді. Соның ішінде «Сыбаға» бағдарламасы аясында («Қазагроқаржы» институттары арқылы) 8 шаруа қожалығы мен жеке кәсіпкерге ірі-қара малын сатып алу үшін 87,1 млн. теңге көлемінде несие берілді.

2013 жылы ауданда ауыл шаруашылығы саласында 12 жоба жоспарланып, 169 млн.теңгеге 8 инвестициялық жоба іске асты. Қалған 2 жобаны 2014 жылы жүзеге асыру жоспарлануда.

Ауданда 20 асыл тұқымды мал шаруашылығы, оның 7-і асыл тұқымды марал өсірумен, 1-і жылқы асылдандырумен,1-і қазақтың меринос тұқымды қойларын өсірумен, 6-ы омарта шаруашылығымен айналысады.

Сонымен қатар, ауданда 2 мал сою цехы Үлкен Нарын және Катонқарағай ауылдарында, 17 мал сою алаңы, 12 ірі-қара малын қолдан ұрықтандыру пункттері, 18 мал көмінділері құрылған.

2013 жылы егін шаруашылығы жақсы дамыды. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, жақсы нәтижелерге қол жеткізілді.

Көктемгі дала-егістік жұмыстары ұйымшылдықпен өткізіліп, биылғы жылы жалпы егістік аумағы 73,2 гектар алқапқа жеткізіліп, өткен жылмен салыстырғанда 11 пайызға ұлғайды. Оның ішінде 19,4 мың гектар алқапқа тұқым ылғалресурссақтау технологиясымен себілді.

Өткен жылдың 6 айында лизинг бойынша және өз қаражаты есебінен 59,2 млн. теңгеге 18 дана әр-түрлі ауылшаруашылық техникалары алынды.

Аудандағы жалпы егістік аумағы 74,1 мың.га құрайды.Соның ішінде, бидай 14,8 мың га., күнбағыс 25,0 мың га., картоп 1,4 мың га., көкөністер 0,20 мың.га.

Бидай өнімін жинау 27,7 мың тоннаны құрады, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 47,3 % артты. Жерлерді тиімді пайдалану мақсатында қолданылмай жатқан жерлерге тексеру жүргізілді. Нәтижесінде, 49 944 гектар қолданылмай жатқан жер анықталып, қазіргі уақытта бұл жерлер бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Ауданда егін шаруашылығын дамыту үшін бірқатар жұмыстар жүргізілуде. 2013 жылы соңғы 20 жыл ішінде алғаш рет 2 344 гектар жерге рапс егіліп, жиылды.

Ауылшаруашылық өнімдерінің бағасын тұрақтандыру үшін 67 ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізіліп, 23,1 млн.теңгенің (24,2%) өнімі сатылды. Аудан аумағында ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер Алматы, Өскемен, Астана қалаларындағы жәрмеңкелерге қатысты.

Аудан бойынша 1230 ұсақ шаруа қожалықтары 28 ірі ауылшаруашылық құрылымдарына бірігіп, қарапайым серіктестік негізінде жұмыс атқаруда.

Құрылыс

Ағымдағы жылдың есеп беру кезеңінде – 2136,8 млн. теңгенің инвестициясы ауданға тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 116,7 пайызды құрады. Негізгі капиталға тартылған инвестиция өнімінің табиғи индексі 111,6 пайызды құрады. Соның ішінде: өз қаражаты есебінен тартылған инвестиция көлемі – 1194,4 млн.теңге, ТКИ-165,3%. 2014 жылдың 1 қаңтарына өз қаражаты есебінен 1 216 шаршы метр тұрғын-үй қолданысқа берілді. Өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айларында салушылардың өз қаражаты есебінен 1 946 шаршы метр тұрғын-үй берілген болатын.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 1 592,1 млн.теңгеге жетті, ол өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,4 пайызды құрады. Құрылыс жұмыстарының табиғи көлем индексі 100 пайыз.

Бюджеттен бөлінген қаражат есебінен маңызды әлеуметтік құрылыстар жүргізілді.

Атап айтқанда, Аққайнар ауылында 180 орындық мектеп, ауылдық дәрігерлік амбулатория қолданысқа берілді. Жамбыл орта мектебі ғимаратының шатыры қайта құрастырылды. Приморск ауылындағы су құбыры жүйесі қайта құрастырылды.

Үлкен Нарын ауылында 224,4 млн.теңгеге салынған шығармашылық Үйінің құрылысы аяқталуда.

2013 жылы Белқарағай, Шыңғыстай ауылдарындағы мектептерге және Катонқарағай, Үлкен Нарын ауылдарындағы балабақшаларға 217,2 млн.теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ауданның 5 мектебіне Үлкен Нарын, Катонқарағай, Малонарым, Новополяковка, Барлық ауылдарындағы мектептерге, Катонқарағай ауылындағы музыкалық мектепке 36,2 млн.теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2013 жылы Жаңа Үлгі, Өрел, Аққайнар, Жұлдыз, ауылдарындағы клубтарға 36,2 млн.теңгеге күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2014 жылы төмендегідей жұмыстар жоспарлануда:

-Үлкен Нарын ауылында 160 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу.

-Үлкен Нарын ауылында 500 орындық Қ.Дамитов атындағы мектеп құрылысын салу;

Шағын бизнес және туризм

Ауданда тіркелген кәсіпорындар саны 113 бірлікті құрады немесе 99,1 пайыз. Соның ішінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны 85 бірлік. Оның ішінде белсенді жұмыс істеп тұрғандары – 78 немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,3 пайызды құрады.

Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 2 569 млн.теңгені немесе өткен жылмен салыстырғанда 118,5 пайызды құрады.

Ауданда туризмнің дамуына барлық мүмкіндіктер бар: 9 пантымен емдеу орындары, «Нұр Бұлақ» демалыс орыны, 1 фармацевтикалық цех өз қызметтерін көрсетеді.

Ауданның демалыс орындары мен пантымен емдеу орталықтарында 87 нөмір бар. 2013 жылы демалуға келушілер саны 13 мың адамға жетті, немесе ол 8,4 пайызға өсті. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, 1 млрд.теңгеге 12 инвестициалық жобалар дайындалған.

Әлеуметтік қолдау және еңбек

Тұрғындарды жұмыспен қамтама-сыз ету бойынша да айтарлықтай жұмыстар атқарылды.



Әлеуметтік қорғау саласында өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда тіркелген жұмыс-сыздар саны 22 адамға азайып, 77 адамды құрады.

Жыл басынан жұмыспен қамту бөліміне жұмысқа орналастыру бойынша 291 адам жүгінген болса, оның 242 жұмысқа орналастырылды. Жұмысқа орналасу үлесі 83,7 пайызды құрады.

Өткен жылдың тиісті кезеңінде 1280 жаңа жұмыс орны ашылса, ағымдағы жылы ауданда 1221 жаңа жұмыс орны ашылды. Былтырғы жылмен салыстырғанда 104,8 % өскен.

2011-2013 жыл аралығында «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасын қолдау шараларында 1046 адам, оның ішінде өз-өзін жұмыспен қамтып отырғандар 868 адам, жұмыссыздар 19, аз қамтылғандар 159 адам болды.

2013 жылы «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының 1 бағытына сәйкес, 401,4 млн.теңгеге 12 инфраструктуралық жобалар жүзеге асты. Бұл жобаларға 94 адам жұмысқа орналастырылды. Олардың ішінен 47 адам жұмыспен қамту бөлімінен жіберілді. Екінші бағыт бойынша ауданның 41 ауылы қамтылды. 2011-2012 жылдар арасында 99 адам 218,5 млн. теңге мөлшерінде шағын несие алды. 2013 жылы 160 адам 353,5 млн.теңге мик-рокредит алды. Жобаны іске асыру барысында 219 жұмыс орындары ашылды. Бағадарламаны жүзеге асыру барысында 1959 ірі-қара, 345 –жылқы, 162 ұсақ мал сатып алынды. Сонымен қатар, дәмхана, дәріхана, стомотология, наубайхана ашылды.

Бағдарламаның үшінші бағыты-на сәйкес, 109 адам қажетті мамандықтар бойынша оқытылды. Оқытылу аяқталғаннан кейін, жұмысқа орналастырылғандар 100 % құрады.



Тұрғын-үй шаруашылығы және құрылысы саласында:

Ауданда 51 елдімекеннің 23-де орталықтандырылған су құбыры жүйесі бар.

2013 жылы Приморск ауылындағы су құбыры жүйесін қайта құрастыру жұмыстары аяқталды. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттен 204 млн.теңге қаражат бөлінді.

Сонымен қатар, 2013 жылы Алыбай, Үлкен Нарын, Ново-Хайрузовка, Белқарағай, Катонқарағай, Барлық ауылдарындағы су құбыры жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстарға аудандық бюджеттен 29,9 млн.теңге бөлініп, игерілді.

Приморск ауылындағы су құбыры жүйесінің қайта құрастырылуы есебінен тұрғындарды орталықтан-дырылған су жүйесімен қамтамасыз ету 76 % тен 76,7% көтерілді.

Новополяковка, Солдатово, Новохайрузовка ауылдарындағы су құбыры жүйелерін қайта құрастыру үшін су қорына мониторинг жасау үшін аудандық бюджет есебінен 6,3 млн.теңге бөлінді.

Сонымен қатар, Өрел ауылындағы су құбыры жүйесін қайта құрастыру үшін ЖСҚ дайындалды.

Жолдар

Аудан бойынша автомобиль жолдары 721,7 км құрайды, соның ішінде республикалық маңызы бар жолдар – 227 км, облыстық маңызы бар жолдар-111 км, аудандық маңызы бар жолдар -383,7 км.

Автомобиль жолдарының күтіміне 2013 жылы облыс және аудан бюджетінен 96,5 млн. теңге бөлінген.

Соның ішінде:

-жаз және қыс мезгілдеріндегі күтімге - 40,7 млн.теңге;

-Үлкен Нарын ауылындағы көшелерге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге – 27,1 млн.теңге;

- Согорное-Барлық-Ақсу жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу – 112 млн.теңге;

-Солоновка ауылындағы Советская көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу-16 млн.теңге;

-Катонқарағай ауылындағы көшелерге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу – 1,5 млн.теңге;

Республикалық бюджет есебінен Үлкен Нарын – Күршім автожолдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

«Жасыл ел» бағдарламасына сәй-кес елді мекендерді көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

2013 жылы Ақсу ауылы облыстық сайыста «Ең үздік ауыл» аталымы бойынша жеңімпаз атанды.



Білім беру

Ауданда 46 мектеп, 3 мектеп жаныдағы интернат, 36 шағын орталықтар, 10 мектепке дейінгі мекемелер, түзету кабинеті, агро-техникалық колледж бар. Мектептерде 854 мұғалімдер, 4215 оқушылар бар. 2012-2013 оқу жылында 21 жас маман жұмысқа алынды. 2012-2013 оқу жылында мектепті 357 түлек бітірді. ҰБТ нәтижесі бойынша аудан 7 орынды иеленді. Аудан бойынша орташа балл 72,88 құрады.

2013-2014 оқу жылында ауданның барлық 46 мектебінде 4215 оқушылар ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. 2013 жылы оқушылар арасында тегін тамақтануды ұйымдастыру үшін аудандық бюджеттен 45,7 млн.теңге бөлінді.

Облыс әкімінің тапсырмасын орындау мақсатында оқушыларға күніне 20 грамм бал беріледі.

Ауданда жыл сайын спортпен шұғылданатын адамдар саны көбеюде. Ауданда 148 спорттық мекемелер бар, соның ішінде: 35 спортзал, 3 спорттық кешен, 19 хоккей қорапшасы, 87 спорттық және футбол алаңдары, 1 тир, 1 шаңғы базасы, 2 клуб жұмыс істейді.

Қазақстан футболының 100 - жылдығы аясында Алтынбел, Катонқарағай, Өрел, Аққайнар, Белқарағай, Шыңғыстай ауылдарында 6 футбол алаңы салынды.

2013 жылы «Жас турист» бекетінде шаңғы базасы, шағын футбол алаңы, хоккей қорапшасы пайдалануға берілді.

Агро-техникалық колледж 7 мамандықтар бойынша мамандар даярлауда. Мұнда қазіргі уақытта 164 студент білім алуда. 2013 жылы түлектердің жұмыспен қамтылуы 94 % құрады.



Мәдениет саласында

2013 жылы мәдениет мекемелерінің саны 44 бірлікті құрады. Атап айтқанда, 24 клуб, 18 кітапхана, 1 бейнемобиль, 1 қорық-мұражайы, Үлкен Нарын ауылында 1 мұражай бар.

2013 жылы ауданда төмендегідей маңызды іс-шаралар өткізілді:

- Мемлекеттік Сыйлықтың иегері, жерлес жазушы Оралхан Бөкейдің 70 жылдық мерейтойы;

- Сенное ауылының 300 жылдығы;

- «Алтай-түркі әлемінің алтын бесігі» атты республикалық фестиваль.

Оралхан Бөкейдің мерейтойы қарсаңында Катонқарағай ауылында демеушілер есебінен 12 млн.теңгеге жазушының ескерткіші орнатылды.

Жыл басынан 1647 мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.



Денсаулық сақтау саласында

Адамдардың әлеуетін көтеруде маңызды бағыттардың бірі - медициналық қызмет сапалылығы және салауатты өмір салтының жүргізілуі.

Ауданда 2 аурухана, 1 ауылдық аурухана, 5 ФАП, 35 медициналық пункттер қызмет атқарады.

Ауданда 66 дәрігерлер және 247 орта медициналық мамандар жұмыс істейді.

2013 жылы 14 жас мамандар жұмысқа қабылданды.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, Семей, Өскемен қалаларында студенттермен кездесу ұйымдастырылып, 28 түлектермен меморандумдарға қол қойылды.

2013 жылы 331 бала дүниеге келді, 2012 жылмен салыстырғанда ол 14 балаға көп.

314 адам қайтыс болды, былтырғы жылмен салыстырғанда 13 адамға аз.

2014 жылдың 1 қаңтарына 213 қылмыс жасалды. Қылмысты ашу - 75,9% құрады.

1 аса ауыр, 10 ауыр қылмыстар тіркелді.

2014 жылдың 1 қаңтарына аса ауыр және ауыр қылмыстардың ашылуы 91,7% құрады.

Туризм

Катонқарағай ауданы зор туристік әлеуетке ие. Туристердің есебін жүргізу бір жүйеге келтірілді.

Катонқарағай ауданында 9 пантымен емдеу орындары жұмыс істеуде. Бұл кешендерде пантымен емдеу, фитоемдеу, массаж сияқты емдік - сауықтыру процедуралары ұсынылады.

Жыл сайын туристік демалыс орындарында демалушылардың саны көбеюде. Туризмді дамыту мақсатында 2013 жылы төмендегідей іс-шаралар өткізілді:

-«Нұржау» кафесінің 2 қабатында қонақ үй ашылды.

-Катонқарағай ауылында тірек ауылдарын дамыту бағдарламасына сәйкес, төмендегідей нысандар ашылды:

-«Ата Юрт» ЖШС, А.К.Бейсенова жол бойында үй ашты. Құны 30 млн.теңге;

-ЖК Қ.Исина 2 млн.теңгеге жол бойында үй ашты;

-ЖК Д.Джуасов 10 млн.теңгеге жол бойында дәмхана мен қонақ үй ашты;

-ЖШС «Normal Work», А.Бәкімбаев 50 млн.теңгеге сауықтыру ойын кешенін ашты.

Қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында Өскемен-Үлкен Нарын бағытында әуе жолын ашу жоспарланған. Бұл ауданға ірі туристік фирмалар мен агентстволарды тартуға ықпалын тигізеді.

2014 жылы Ақшарбақ, Жазаба, Маралды ауылдарында жаңа демалыс орындарын ашу жоспарланып отыр.



Тірек ауылдары

2012 жылдан бастап, ауданда тірек ауылдарын дамытудың 3 жылдық бағдарламасы басталды. Үш тірек ауылдарын дамытудың кешенді бағдарламасы жасалды.

Жобаны жүзеге асыру үшін 664,1 млн.теңгеге 63 жоба жоспарланып, жүзеге асты. Оның ішінде бюджеттік емес қаражаттан 268,8 млн.теңге бөлінді.

Ауылшаруашылық саласында ірі-қара мал басы 27,1%, ұсақ мал саны 18,8%, құстар 11,2% өсті

2014 жылға тірек ауылдарын дамытудың кешенді жоспарына сәйкес, 920 млн.теңгеге 52 жоба жоспарланған,оның ішінде 244 млн.теңге бюджеттік емес қаражаттан.

Бюджет

Аудан бюджетіне 628 млн.теңге көлемінде салықтар мен басқа төлемдер түсті немесе ол болжамның 106,8 пайыз. Ауданның бюджеттік кірісі 502,5 млн. теңгеге орындалды немесе қаржылардың игерілуі 107,0 пайызды құрады.

Бюджеттің шығыс бөлігі 4 433,4 млн. теңгеге орындалды (2012 жылғы 1 қаңтарына – 3 692 млн.теңге немесе игерілуі – 99,9%), немесе қаржылардың игерілуі 100 пайызды құрады.

2013 жылғы орташа айлық еңбекақы 57875 теңге немесе өткен жылмен салыстырғанда 100,8% болды.



Ішкі саясат

Ауданда 5 үкіметтік емес ұйымдар бар: қоғамдық жастар бірлестігі «ЭКО ТЭК» экологиялық – туристік орталығы, «Неосфера» қоғамдық жастар бірлестігі, «Мәметек» қоғамдық бірлестігі, «Жаншуақтай» қоғамдық бірлестігі, «Алтай сақтаушылары» экологиялық- ағартушылық бірлестігі жұмыс істейді.



2013 жылдың 28 қаңтарынан ауданда Жастар орталығы өз жұмысын бастады. Жыл басынан бастап, жастар орталығының ұйымдастыруымен 76 іс-шара өткізілді. Соның ішінде 2 жастар форумы, 25 кездесу, дөңгелек үстел отырыстары, дебаттар, 14 конференция, 13 спорттық шаралар өткізілді.

Ауданда жергілікті «Арай»-«Луч» газеттері аптасына 2 рет - қазақ және орыс тілдерінде жарық көреді. Таралымы 3500 дана.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет