Аудандық ішкі саясат бөлімінің
2011 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі
«Күршім ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ-сі ҚР Президентінің Жарлықтарын, Үкімет қаулыларын, ҚР «Саяси партиялар», «Бұқаралық ақпарат құралдары», «Үкіметтік емес ұйымдар», «Діни бірлестіктермен байланыс», «Нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес», «Құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысқа қарсы күрес», «Әйелдер істер және демографиялық саясат» туралы Заңдарының талаптарын, облыс, аудан әкімінің қаулылары мен шешімдерін, тапсырмаларын басшылыққа ала отырып жұмыс атқарады.
2011 жылдың 13 желтоқсаны күні облыстық ішкі саясат басқармасының келісімімен аудандық ішкі саясат бөлімінің 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы бекітілді. Осы бағдарлама аясында бөлімде бірқатар жұмыстар атқарылды.
2011 жылдың 28 қаңтары күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты кезекті Жолдауын халыққа жария еткен болатын. Жолдауды насихаттау мақсатында барлық ауылдық округтерде актив жиналыстары ұйымдастырылды.
Құрамында 195 адам бар барлық деңгейдегі (АНТ-1, АНТ-2) 58 ақпараттық-насихат тобы ауданда түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 2011 жылы барлығы 370 кездесу өткізіліп, 20560 адам қамтылды. Жолдау жарық көрген күннен бастап аудандық газетте Елбасы Жолдауында көтерілген мәселелерді қамтитын 250 тақырыптық мақала, пікір, ақпарат жарық көрді.
Ауданда қоғамдық ұйымдар белсенді жұмыс атқаруда: 1 аудандық ардагерлер кеңесі, 1 аудандық әйелдер кеңесі, ақсақалдар алқасы, әділет органдарында тіркеуден өткен «Шапағат» іскер әйелдер клубы және АРС (Ауылдың рухы самғасын) үкіметтік емес жастар ұйымдары, 617 адамды құрайтын «Жас Отан» жастар қанаты жұмыс атқаруда. Олар қоғамдық маңызы бар шараларға белсенді қатысып отырады.
2011 жылы жастар форумы, дөңгелек үстелдер, кездесулер, барлығы 58 шара өткізіліп, 18512 адам қамтылды.
Жастар саясаты бойынша өңірлік бағдарламаларды іске асыруды қаржыландыру көлемі 2011 жылы 535 мың теңгені құраса, 2012 жылға 572 мың теңге бөлініп отыр.
Барлық ауылдық округтерде «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» атты жастар марафон-эстафетасы ұйымдастырылды.
3 кезең барысында 30 мамыр-10 тамыз аралығында марафон-эстафетаға жалпы қатысқан жастар саны -120, оқушылар саны – 108, барлығы 228 адамды құрады.
Республикалық бюджеттен 2 млн. 222 мың теңге қарастырылып, қаражат толығымен игерілді.
2012 жылы осындай марафон-эстафетаға республикалық бюджеттен 2 млн. 379 мың теңге қарастырылып отыр.
Аудан бойынша барлығы 12 мешіт бар, оның ішінде 8 мешіт тіркеліп, жұмыс атқаруда. Қалған 4 (Аманат, Бурабай, Боран, Теректібұлақ) мешіттің құжаттары дайындалуда. Барлығының бағыты ислам діні.
2011 жылы 12 мамырында аудандық ақпараттық-насихат тобы Алғабас ауылында, 13 мамырда Аманат ауылында болып, ауыл тұрғындарымен, мектеп оқушыларымен «Ислам және басқа діндер туралы» кездесулер өткізді.
Кездесудің негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарына теріс ағымдағы діни секталар жайлы ақпараттар беру, ауыл жастарын, мектеп оқушыларын жаман әдеттерден сақ болуға негізделді. Соңынан сәуір айының 20-21 күндері «Хабар» арнасынан берілген «Ақиқат» атты деректі фильмі көрсетілді.
2011 жылдың 19-20 қыркүйегі күндері Күршім ауданында облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен дін мәселелері бойынша ақпараттық-насихат тобы Күршім, Алғабас, Аманат ауылдарының тұрғындарымен және мектеп оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында аудан тұрғындары дін мәселелері жөнінде өздерін толғандырған сұрақтарға толыққанды жауаптар алды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 27 қаңтардағы №1144 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын өткізу жөніндегі мерекелеу Тұжырымдамасына сәйкес, аудандық іс-шаралар жоспары бекітілді.
2011 жылдың қаңтар айынан бастап, әр айға атау берілді. Атап айтқанда: қаңтар айына «Азиада», ақпан айына «Әлемдік Қауымдастық мойындаған Қазақстан», наурыз айына «Дәстүр», сәуір айына «Ғылым және технология», мамыр айына «Бірлік», маусым айына «Патриотизм», шілде айына «Қазақстан Астанасы», тамыз айына «Тәуелсіздіктің құқықтық негіздері», қыркүйек айына «Руханият», қазан айына «Ауылды қайта түлету», қараша айына «Үдемелі индустриялық – инновациялық даму» атаулары беріліп, жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылды.
«20 жарқын іс» акциясы аясында іс-шаралар жоспары жасалып, жоспарға сәйкес «20 жарқын іс» белгіленсе, аудандағы әрбір мекеме, ұйым өздерінің 20 игі істерін бекітіп, жұмыстар атқарды.
Аудан бойынша «20 жарқын іс» акциясы аясында өткен 152 іс-шараға 1 млрд.68 млн.775 мың теңге жоспарланып, бүгінгі күнге 1 млрд.43 млн. 275 мың теңгеге 149 іс-шаралар атқарылды.
Әлеуметтік маңызы бар 20 нысан, 4 табиғи-саябақ, 3 ауылда таза су құбыры, «Бәйтерек» монументі, барлығы 28 нысан іске қосылды.
«Туған жерге тағзым» акциясы аясында 501 млн.57 мың теңгеге 24 іс-шара жоспарланып, оның ішінде 499 млн.57 мың теңгеге 23-і іске асырылды.
26 қараша – 15 желтоқсан аралығы «Тәуелсіздіктің жиырма шыңы» - 20 жұлдызды күн деп белгіленіп, Тәуелсіздігінің 20 жылдығын өткізу жөніндегі мерекелеу Тұжырымдамасына сәйкес жоспар дайындалды.
Жоспарға сәйкес Әділет басқармасы, ішкі істер, экономика және бюджеттік жоспарлау, кәсіпкерлік, ауылшаруашылық және ветеринария, білім, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері, Күршім №1 медициналық бірлестік және Теректі, Ақбұлақ, Сарыөлең, Абай, Қалжыр ауылдық округтері жоспарға сәйкес жоғары деңгейде өткізді деп айтуға болады.
20 жұлдызды күн шеңберінде барлығы 1660 шара өткізіліп, оған 72600 адам тартылды.
Осы шаралардың қорытындысы ретінде 2011 жылдың 15 желтоқсаны күні аудан орталығында салтанатты жиын және аудан әкімінің мерекелік қабылдауы өтіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бір топ азаматтарға, желтоқсан оқиғасына қатысушыларға, ардагерлерге, ауданның Құрметті азаматтарына сый-құрметтер көрсетілді.
16 желтоқсан күні 11 ауылдық округте аудан әкімінің өкілдері қатысқан салтанатты жиындарда ел Тәуелсіздігінің осы жылдар ішінде жеткен жетістіктері кеңінен баяндалып, осы ауылдық округтердің қоғамдық-саяси жұмыстарына белсене араласқан азаматтар марапатталып, мерекелік концерттер, спорттық жарыстар ұйымдастырылды.
2011 жылы 191 қоғамдық маңызы бар шаралар (2 форум, 10 акция, 18 байқау, 18 дөңгелек үстел, 3 жастар шеруі, 19 семинар, 218 ақпараттық насихат тобының кездесуі), 88 мәдени-көпшілік, 80 спорттық шаралар ұйымдастырылып өткізілді.
Бөлім аудандық «Рауан-Заря» газетімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жүргізеді. Газет ағымдағы жылы жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып қайта құрылды.
Газет беттеріне шыққан мақалаларға әр апта сайын сараптама жасалып отырады.
Мемлекеттік ақпараттық саясатты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүзеге асыру мақсатында 2011 жылы жергілікті бюджеттен 8 млн. 989 тың теңге бөлінсе, 2012 жылға 9 млн. 618 мың теңге бөлініп отыр.
Аудандық «Рауан-Заря» газеттерінде Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған арнайы логотипі бар айдар ашылып, жыл көлемінде атқарылған шаралар жүйелі түрде жарияланып отырды. 2011 жылы «Рауан» газетінде 128 мақала, «Заря» газетінде 125 мақала, барлығы 253 мақала жарық көрді.
Аудан әкімінің веб-сайтына қаңтар айынан бастап 260 жаңалықтар енгізіліп, оның 156-сы облыс әкімінің сайтында жарық көрді.
2010 жылы аудан бойынша сыртқы көрнекілік құралдары 50 болса, Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай бұл көрсеткіш 180 данаға жетті. Өткен жылы бұл салаға жергілікті бюджеттен 4 млн.800 мың теңге қаржы бөлініп, игерілді.
2012 жылдың І-жартыжылдығында аудан тұрғындарына 12000 дана мерзімді баспасөз құралдарына жазылу жоспары берілген. Бүгінгі күні 14995 данаға жазылып, 125 пайызға орындалды.
Рейтінгтік басылымдар бойынша облыстық «Дидар» 119 пайызға, «Рудный Алтай» 125 пайызға, республикалық «Егемен Қазақстан» 102 пайызға, «Казахстанская правда» газеті 129 пайызға орындалды.
Барлық басылымдар бойынша белсенділік танытқан Ақбұлақ, Теректі, Балықшы, Қалжыр, Маралды, Төсқайың, Қалғұты ауылдық округтерін атап өткен жөн.
Мекеме ұйымдардан аудандық әкімшілік, Күршім ауылдық округ әкімшілігі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, мәдениет және тілдерді дамыту, кәсіпкерлік, ауылшаруашылық және ветеринария, экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы, білім, қазынашылық, дене шынықтыру және спорт, статистика, №2535 әскери бөлімдері, №13 кәсіптік лицей, «Нұр Отан» ХДП филиалы мен халыққа қызмет көрсету, санитарлық сараптама орталықтары, аудан мектептері жақсы нәтижеге қол жеткізді.
«ОTAU-TV» сандық телеарнасы бүгінгі күні 507 отбасына орнатылды. Егер облыс бойынша барлық орнатылған сандық телеарна 4000 дана екенін ескерсек, онда бұл үлкен көрсеткіш екеніне көз жеткізуге болады. «Тарелканы» қоюға мұқтаж тұрмысы төмен отбасыларына аудандық бюджеттен 2011 жылға 494 мың теңге бөлініп, 19 тұрмысы төмен отбасыларына орнатылды. Мұндай жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.
2012 жылы алда тұрған міндеттер:
- ақпараттық-насихат топтарының жұмысын үйлестіру;
- үкіметтік емес жастар ұйымдарының жұмысын одан әрі жандандыру;
- мәдени-көпшілік шараларға жастарды кеңінен тарту;
-діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес, дінаралық және конфессияаралық келісімді нығайту;
- аудан тұрғындарының ақпараттандырылуын қадағалау;
- сыртқы көрнекілік құралдарын жаңарту.
Аудандық ішкі саясат
бөлімінің бастығы Ш.Тойбаев
Достарыңызбен бөлісу: |