Бесінші шақырылған
Сарысу аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Жаңатас қаласы № 2 - 1 12 наурыз 2012 жыл
(кезектен тысекінші сессия)
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс екінші сессиясының күн тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8,10 баптарының талаптарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Қоса беріліп отырған аудандық мәслихаттың кезектен тыс екінші сессиясының күн тәртібі бекітілсін.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат ___________Т.Блалиев ________Б.Дондаұлы
Сарысу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 наурыздағы №2-1 шешіміне қосымша
Бесінші шақырылған Сарысу аудандық
мәслихатының кезектен тыс II- сессиясының
КҮН ТӘРТІБІ:
1.
|
Аудандық мәслихатының 2011 жылғы 20 желтоқсандағы №58-3 «2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Хабарламашы: аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы - А.Тойшыбекова
|
2.
|
Сарысу аудандық мәслихатының Грамотасы туралы
Енгізген: аудандық мәслихат аппараты
|
3.
|
Сарысу аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы
Енгізген: аудандық мәслихат аппараты
|
Бесінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының
кезектен тыс екінші сессиясының
Регламенті мен тәртібі
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс екінші сессиясы 12 наурыз күні сағат 11.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткізіледі.
Сессияның регламенті
Сессияны ашу, күн тәртiбiн бекiтуге - 5 минут, бiрiншi мәселе бойынша баяндамашыға - 10 минут, екінші, үшінші мәселелер шешім қабылдау үшін - 5 минут, сессияда анықтамалар беру үшiн 3 минут.
Сессия жұмысы бір күн ішінде аяқталады.
Сессия жұмысының тәртібі
1.
|
Сессияны ашу, күн тәртiбiн бекiту және шешім қабылдау
|
11.00 - 11.05
|
2.
|
Бiрiншi мәселе бойынша хабарлама беру және шешім қабылдау
|
11.05 - 11.15
|
3.
|
Екінші, үшінші мәселелер бойынша шешім қабылдау
|
11.15 – 11.20
|
4.
|
Сессия жұмысын аяқтау
|
11.20 – 11.23
|
Бесінші шақырылған Жоба
Сарысу аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Жаңатас қаласы № 2 - 2 12 наурыз 2012 жыл
(кезектен тысекінші сессия)
«2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2011 жылғы 20 желтоқсандағы №58-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106, 109 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына және «2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 41-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2012 жылғы 23 ақпандағы № 2- шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № ... болып тіркелген) сәйкес аудандық мәслихат Шешім етЕДі:
1. «2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2011 жылғы 20 желтоқсандағы №58-3 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6-9-128 болып тіркелген, 2012 жылдың 6 қаңтарындағы № 3-4 аудандық «Сарысу» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақта:
1) тармақшадағы «4 949 755» деген сандар «4 923 301» деген сандармен ауыстырылсын;
«4 623 460» деген сандар «4 597 006» деген сандармен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «4 949 755» деген сандар «4 925 070» деген сандармен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «85 693» деген сандар «84 090» деген сандармен ауыстырылсын;
«712» деген сандар «2 315» деген сандармен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «-85 693» деген сандар «-85 859» деген сандармен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы «85 693» деген сандар «85 859» деген сандармен ауыстырылсын;
«712» деген сандар «2 315» деген сандармен ауыстырылсын;
«0» деген сан «1 769» деген сандармен ауыстырылсын.
Аталған шешімнің 1, 4, 5 - қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3 - қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2012 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихаттың
сессиясының төрағасы хатшысы
___________ Т.Блалиев _________ Б.Дондаұлы
Бесінші шақырылған
Сарысу аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Жаңатас қаласы № 2 - 3 12 наурыз 2012 жыл
(кезектен тыс екінші сессия)
Сарысу аудандық мәслихатының
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6, 8 баптарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
-
Сарысу аудандық мәслихатының Грамотасы туралы Ереже 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
-
Сарысу аудандық мәслихат Грамотасының сипаттамасы 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
-
Бесінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының Грамотасымен марапаттау жөніндегі комиссиясының құрамы 3 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
4. Үшінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының 2005 жылғы 25 желтоқсандағы №19-8 «Сарысу аудандық мәслихатының Грамотасы туралы» және №19-9 «Сарысу аудандық мәслихатының марапаттау жөніндегі Ережесі мен комиссия құрамы туралы» шешімдері жойылсын.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы хатшысы
___________Т.Блалиев __________Б.Дондаұлы
Сарысу аудандық мәслихатының
2012 жылғы 12 наурыздағы
№2-3 шешіміне 1 қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |