Аудандық мәслихаттың кезектен тыс екінші сессиясының күн тәртібін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»



бет1/5
Дата13.06.2016
өлшемі289.5 Kb.
#133812
  1   2   3   4   5
Бесінші шақырылған

Сарысу аудандық мәслихатының



ШЕШІМІ

Жаңатас қаласы № 2 - 1 12 наурыз 2012 жыл

(кезектен тысекінші сессия)


Аудандық мәслихаттың кезектен тыс екінші сессиясының күн тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8,10 баптарының талаптарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

Қоса беріліп отырған аудандық мәслихаттың кезектен тыс екінші сессиясының күн тәртібі бекітілсін.


Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат

сессиясының төрағасы хатшысы

___________Т.Блалиев ________Б.Дондаұлы

Сарысу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 наурыздағы №2-1 шешіміне қосымша

Бесінші шақырылған Сарысу аудандық

мәслихатының кезектен тыс II- сессиясының


КҮН ТӘРТІБІ:


1.

Аудандық мәслихатының 2011 жылғы 20 желтоқсандағы №58-3 «2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Хабарламашы: аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы - А.Тойшыбекова

2.

Сарысу аудандық мәслихатының Грамотасы туралы

Енгізген: аудандық мәслихат аппараты

3.

Сарысу аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы

Енгізген: аудандық мәслихат аппараты

Бесінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының

кезектен тыс екінші сессиясының
Регламенті мен тәртібі
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс екінші сессиясы 12 наурыз күні сағат 11.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткізіледі.
Сессияның регламенті
Сессияны ашу, күн тәртiбiн бекiтуге - 5 минут, бiрiншi мәселе бойынша баяндамашыға - 10 минут, екінші, үшінші мәселелер шешім қабылдау үшін - 5 минут, сессияда анықтамалар беру үшiн 3 минут.
Сессия жұмысы бір күн ішінде аяқталады.
Сессия жұмысының тәртібі


1.

Сессияны ашу, күн тәртiбiн бекiту және шешім қабылдау

11.00 - 11.05


2.

Бiрiншi мәселе бойынша хабарлама беру және шешім қабылдау

11.05 - 11.15


3.

Екінші, үшінші мәселелер бойынша шешім қабылдау

11.15 – 11.20

4.

Сессия жұмысын аяқтау

11.20 – 11.23

Бесінші шақырылған Жоба

Сарысу аудандық мәслихатының



ШЕШІМІ

Жаңатас қаласы № 2 - 2 12 наурыз 2012 жыл

(кезектен тысекінші сессия)


«2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2011 жылғы 20 желтоқсандағы №58-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106, 109 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына және «2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 41-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2012 жылғы 23 ақпандағы № 2- шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № ... болып тіркелген) сәйкес аудандық мәслихат Шешім етЕДі:

1. «2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2011 жылғы 20 желтоқсандағы №58-3 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6-9-128 болып тіркелген, 2012 жылдың 6 қаңтарындағы № 3-4 аудандық «Сарысу» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

1 тармақта:

1) тармақшадағы «4 949 755» деген сандар «4 923 301» деген сандармен ауыстырылсын;

«4 623 460» деген сандар «4 597 006» деген сандармен ауыстырылсын;

2) тармақшадағы «4 949 755» деген сандар «4 925 070» деген сандармен ауыстырылсын;

3) тармақшадағы «85 693» деген сандар «84 090» деген сандармен ауыстырылсын;

«712» деген сандар «2 315» деген сандармен ауыстырылсын;

5) тармақшадағы «-85 693» деген сандар «-85 859» деген сандармен ауыстырылсын;

6) тармақшадағы «85 693» деген сандар «85 859» деген сандармен ауыстырылсын;

«712» деген сандар «2 315» деген сандармен ауыстырылсын;

«0» деген сан «1 769» деген сандармен ауыстырылсын.

Аталған шешімнің 1, 4, 5 - қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3 - қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2012 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихат Аудандық мәслихаттың

сессиясының төрағасы хатшысы

___________ Т.Блалиев _________ Б.Дондаұлы

Бесінші шақырылған

Сарысу аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

Жаңатас қаласы № 2 - 3 12 наурыз 2012 жыл

(кезектен тыс екінші сессия)

Сарысу аудандық мәслихатының

Грамотасы туралы


Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6, 8 баптарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:



  1. Сарысу аудандық мәслихатының Грамотасы туралы Ереже 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

  2. Сарысу аудандық мәслихат Грамотасының сипаттамасы 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

  3. Бесінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының Грамотасымен марапаттау жөніндегі комиссиясының құрамы 3 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

4. Үшінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының 2005 жылғы 25 желтоқсандағы №19-8 «Сарысу аудандық мәслихатының Грамотасы туралы» және №19-9 «Сарысу аудандық мәслихатының марапаттау жөніндегі Ережесі мен комиссия құрамы туралы» шешімдері жойылсын.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат

сессиясының төрағасы хатшысы

___________Т.Блалиев __________Б.Дондаұлы

Сарысу аудандық мәслихатының

2012 жылғы 12 наурыздағы

№2-3 шешіміне 1 қосымша




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет