Бесінші шақырылған
Сарысу аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Жаңатас қаласы № 13 - 1 29 наурыз 2013 жыл
(кезекті он үшінші сессия)
Аудандық мәслихаттың он үшінші сессиясының күн тәртібін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 8, 10-баптарының талаптарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған бесінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының кезекті он үшінші сессиясының күн тәртібі бекітілсін.
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы хатшысы
___________ Н. Прекешов ___________Б. Дондаұлы
Сарысу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы №13-1 шешіміне қосымша
Бесінші шақырылған Сарысу аудандық
мәслихатының кезекті 13 – сессиясының
КҮН ТӘРТІБІ:
1.
|
Қазақстан Республикасының «Жұмыспен қамту 2020» мемлекеттік бағдарламасын ауданда іске асыру барысы туралы.
ХабарламашыА.Есеналиев - Сарысу ауданы әкімінің орынбасары
|
2.
|
Жайылма ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі.
Есеп беруші: Ә.Абенов-Жайылма ауылдық округінің әкімі.
|
3.
|
Игілік ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі.
Есеп беруші: А.Бердібаев-Игілік ауылдық округінің әкімі.
|
4.
|
«Әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу үшін мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын айқындау туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 26 қыркүйектегі № 9-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Енгізген: аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
|
5.
|
Сарысу ауданы әкімдігі жанындағы көрнекі үгіт-насихат жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы
Енгізген: аудан әкімі аппараты
|
6.
|
Сарысу ауданы әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы
Енгізген: аудан әкімі аппараты
|
7.
|
Сарысу ауданы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңестің құрамын бекіту туралы
Енгізген: аудан әкімі аппараты
|
8.
|
Сарысу ауданы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің құрамын бекіту туралы
Енгізген: аудан әкімі аппараты
|
9.
|
«Аудан әкімдігінің дербес құрамымен келісу туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2011 жылғы 6 желтоқсандағы № 57-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Енгізген: аудан әкімі аппараты
|
10.
|
Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі аудандық комиссия құрамын бекіту туралы
Енгізген: аудан әкімі аппараты
|
11.
|
Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы
Енгізген: аудан әкімі аппараты
|
12.
|
Сарысу ауданындағы тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы
Енгізген: аудан әкімі аппараты
|
13.
|
«Сарысу аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2011 жылғы 8 маусымдағы № 51-8 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Енгізген: аудан әкімі аппараты
|
14.
|
«Аудан әкімдігі жанындағы мемлекеттік тіл саясатын іске асырушы консультациялық-кеңесші орган құрамын бекіту туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2011 жылғы 23 мамырдағы № 50-3 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Енгізген: аудан әкімі аппараты
|
15.
|
«Ауданда мүгедектерді әлеуметтік қорғау жөніндегі кеңес құрамын бекіту туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 26 қыркүйектегі № 9-11 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Енгізген: аудан әкімі аппараты
|
16.
|
«Сарысу ауданы әкімі жанындағы отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2006 жылғы 20 шілдедегі № 24-7 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Енгізген: аудан әкімі аппараты
|
17.
|
«Аудандық тұрғын үй комиссияының құрамын бекіту туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 наурыздағы № 3-12 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Енгізген: аудан әкімі аппараты
|
18.
|
Сарысу аудандық мәслихатының кейбір шешімдерін жою туралы
Енгізген: аудан әкімі аппараты
|
19.
|
«Аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» төртінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының 2009 жылғы 29 сәуірдегі № 22-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Енгізген: аудандық мәслихат аппараты
|
20.
|
Сарысу аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Енгізген: аудандық мәслихат аппараты
|
21.
|
Бесінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының он төртінші сессиясының төрағасы туралы.
|
Бесінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының
кезекті он үшінші сессиясының
Регламенті мен тәртібі
Бесінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының кезекті он үшінші сессиясы 2013 жылдың 29 наурыз күні сағат 11.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында өтеді.
Сессияның жұмыс регламенті
Сессияға мынадай жұмыс регламентi ұсынылады:
Сессияны ашу, күн тәртiбiн бекiтуге – 5 минут, күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша баяндамашыға 15 минут, жарыс сөзге 5 минут, күн тәртібіндегі қалған мәселелер бойынша шешім қабылдау үшін – 20 минутқа дейін, анықтама беру үшiн 5 минут.
Сессия жұмысы бір күн ішінде аяқталады.
Сессия жұмысының тәртібі
1.
|
Сессияны ашу, күн тәртiбiн бекiтуге
|
11.00 - 11.05
|
2.
|
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша баяндамашыға
|
11.05 - 11.20
|
3.
|
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша жарыс сөзге
|
11.20 - 11.25
|
4.
|
Күн тәртібіндегі қалған мәселелер бойынша шешім қабылдау үшін
|
11.25 - 11.45
|
5.
|
Анықтамалар беру үшін
|
11.45 – 11.50
|
Бесінші шақырылған
Сарысу аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Жаңатас қаласы № 13 - 2 29 наурыз 2013 жыл
(кезекті он үшінші сессия)
Кезекті он үшінші сессияның редакциялық комиссиясының
құрамы туралы
Сарысу аудандық мәслихаты регламентінің 20-тармағына сәйкес кезекті он үшінші сессияның қарауына ұсынылған мәселелерді талқылау барысында депутаттардың айтылған ұсыныс-пікірлерін есепке алу мақсатында және шешімдердің нақты мәтінін жасау үшін, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Редакциялық комиссия мына құрамда сайлансын:
Абдималиков
Сейдмұхаммед Көпбосынұлы
|
-
|
№ 6 Құрылыс сайлау округінің депутаты, комиссия төрағасы
|
Көкебаев
Бахыт Керімбайұлы
|
-
|
№ 4 Абылайхан сайлау округінің депутаты, комиссия мүшесі
|
Әбішев
Мыңбай Мүшбайұлы
|
-
|
№ 7 Орталық сайлау округінің депутаты, комиссия мүшесі.
|
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы хатшысы
___________ Н. Прекешов ________ Б. Дондаұлы
Бесінші шақырылған
Сарысу аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Жаңатас қаласы № 13 - 3 29 наурыз 2013 жыл
(кезекті он үшінші сессия)
Қазақстан Республикасының «Жұмыспен қамту 2020 » мемлекеттік бағдарламасын ауданда іске асыру барысы туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
-
«Жұмыспен қамту 2020» мемлекеттік бағдарламасын ауданда іске асыру барысында атқарылған жұмыстар туралы аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Есеналиев Асхат Қамқабайұлының хабарламасы назарға алынсын.
2. «Жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (С. Мамытов) ұсынылсын:
1) аудан тұрғындарын аудандық «Сарысу» газеті арқылы «Жұмыспен қамту 2020» мемлекеттiк бағдарламасымен таныстыру мақсатында үнемі мақалалар, айдарлар жариялап отыру жұмыстарын жолға қою;
2) осы бағытта аудан тұрғындарымен жүйелі түрде кездесулер және семинарлар өткiзу;
3) бағдарлама аясында ауданға жыл сайын бөлінетін қаржыны толық игеру мәселесіне баса назар аудару;
4) кәсіби даярлау курстарына қатысушылардың тиісті оқу бағдарламаларына толық қатысуын, оқуларын аяқтаған азаматтарды түгелдей жұмыспен қамту үшін шаралар қабылдау;
5) кәсіпкерлік негіздерін оқытуға, микрокредит алуға үміткерлердің құжаттарын әзірлеуге, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыруға қатысты жұмыстарды толық көлемде жүзеге асыру;
6) «Жұмыспен қамту 2020» мемлекеттік бағдарламасының көрсеткіштері мен іс-шараларына уақытылы мониторинг жүргізіп отыру.
3. «Жұмыспен қамту 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауданда құрылған комиссия төрағасына (А.Есеналиев) ұсынылсын:
1) кәсіпкерлікті дамыту карталарын әзірлеу және бекіту жұмыстарын ағымдағы жылдың қараша айына дейін ұйымдастыру;
2) бағдарламаның кезеңімен, уақытылы орындалуына бақылауды күшейту.
4. Аудан әкімі аппараты және «Жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы шешімнің орындалуы туралы мәліметті жартыжылдықтың қорытындысы бойынша әр жылдың 15 маусымына және жылдық қорытынды бойынша 15 желтоқсанына аудандық мәслихат аппаратына уақытылы жолдап отыру ұсынылсын.
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық аумағының дамуы, қаржы және бюджет, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану, әкімшілік-аумақтық бөліністі айқындау, кәсіпкерлік және ауылшаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Көкебаев Бахыт Керімбайұлына жүктелсін.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы хатшысы
___________ Н. Прекешов _________ Б. Дондаұлы
Бесінші шақырылған
Сарысу аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Жаңатас қаласы № 13 - 4 29 наурыз 2013 жыл
(кезекті он үшінші сессия)
Жайылма ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі
«Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы № 19 Жарлығына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының талабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жайылма ауылдық округі әкімі Абенов Әмірәлі Амангелдіұлының өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі назарға алынсын және осы бағытта атқарған жұмысы жетілдіруді қажет ететіні атап көрсетілсін.
2. Жайылма ауылдық округі әкіміне (Ә.Абенов) ұсынылсын:
1) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды жалғастыру;
2) көше атауларын (аншлагтарды) және үй нөмірлерін жаңа ұлттық нақыштағы үлгіге сай біріздендіру және ретке келтіру жұмыстарын жүргізу;
3) кәсіпкерлік қызметін дамыту жұмыстарына жәрдемдесу бағытында «Жұмыспен қамту 2020» мемлекеттік бағдарламасын ауыл тұрғындарына кеңінен насихаттау жұмыстарын жүргізу;
4) айтылған ұсыныстар мен сын-ескертпелерді шешуге арналған іс-шаралар жоспарын қабылдап, орындалуын қамтамасыз ету;
5) аудандық мәслихаттан түскен шешімдердің орындалуына баса назар аударып, бақылауды күшейту.
3. Сарысу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне (Д.Ақділда) және аудандық орталық кітапханаға (С.Қожаназарова) Қызылдихан клуб үйінің және кітапханаға орталықтандырылған жылыту жүйесін орнату жұмыстарын жүргізу ұсынылсын.
4. Жайылма ауылдық округі әкімі аппаратына осы шешімнің орындалуы туралы мәліметті жартыжылдықтың қорытындысы бойынша әр жылдың 15 маусымына және жылдық қорытынды бойынша 15 желтоқсанына аудандық мәслихат аппаратына уақытылы жолдап отыру ұсынылсын.
5. Бесінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 маусымдағы «Жайылма ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі» № 5-9 шешімі жойылсын.
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихат аппаратының басшысы Төлебаев Талғат Великанұлына жүктелсін.
Достарыңызбен бөлісу: |