Ауданы әкіміне



Дата29.02.2016
өлшемі45.11 Kb.
#30719


Үлгілік нысан

____________облысы әкімінің

2012 жылғы «____» _________

№ _____ шешімімен бекітілген

№ 9 қосымша
_________________ ауданы әкіміне

_______________________________

(аты-жөні)


_________АҚ, ЖШС директорынан

______ КФҚ, ШҚ, ФҚ басшысынан
_______________________

(аты-жөні)



Сатып алынған ірі қара малдың асыл тұқымды төлін

пайдалану бойынша міндеттеме
Осымен, сатып алған асыл тұқымды мүйізді ірі қара төлін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 сәуірде № 516 қаулысымен бекітілген

«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидалары» талаптарына сәйкес пайдалануға міндеттенемін.


Асыл тұқымды мүйізді ірі қара малын сатып алған кезде:

1. Бірыңғай ақпараттық талдау жүйесінің базасынан алынған үзіндімен расталған селекциялық және асылдандыру жұмысының бiрыңғай ақпараттық базасында тiркеуде болуы*.

2. Малдардың бiрдейлендiру нөмiрiнiң және ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөніндегі бiрыңғай деректер базасында тiркеуде болуы*.

3. Асыл тұқымды мүйізді ірі қара мал төлін зоотехникалық нормаларға сәйкес күтіп-бағу және ветеринариялық iс-шараларды жүзеге асыруға*.

4. Сатып алынатын асыл тұқымды төлдің жасы шарт жасасу кезінде мыналардан аспауы тиіс*:

қашарлар – 18 айға дейін;

құнажындар және тұқымдық бұқалар – 26 айға дейін.
Отандық селекцияның асыл тұқымды қашарларын (құнажындарын) сатып алу кезінде мынадай міндеттемелер ұсыну:

1. Мынадай міндеттемелер ұсыну:

1) таза тұқымды көбейту жолымен қашарларды (құнажындарды) өз төлінен өсіру мақсатында кемінде екі жыл пайдалану туралы;

2) **сүтті ірі қара мал шаруашылығында ірі қара малдың шағылыстыру контингентін бағаланған тұқымдық бұқалардың ұрығымен 100 % жасанды ұрықтандыруды қолдану бойынша;

3) **етті ірі қара мал шаруашылығында ірі қара малдың шағылыстыру контингентін бағаланған тұқымдық бұқалардың ұрығымен жасанды ұрықтандыруды пайдалану және/немесе өз өнімділігі бойынша бағаланған асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды пайдалану қолдан ұрықтандыру бойынша;

4) тиісті тұқымдар бойынша республикалық палаталар ұсынған заңды және жеке тұлғалардың ғылыми және/немесе консалтингтік сүйемелдеуі туралы.


Шет елдік селекцияның асыл тұқымды қашарларын (құнажындарын) сатып алу кезінде***:

1. Мынадай міндеттемелер ұсыну:

1) таза тұқымды көбейту жолымен қашарларды (құнажынды) өз төлінен өсіру мақсатында кемінде екі жыл пайдалану туралы;

2) сүтті ірі қара мал шаруашылығында шағылыстыру контингентін бағаланған тұқымдық бұқалардың ұрығымен 100 % жасанды ұрықтандыруды қолдану бойынша;

3) етті ірі қара мал шаруашылығында ірі қара малдың шағылыстыру контингентін бағаланған тұқымдық бұқалардың ұрығымен жасанды ұрықтандыруды пайдалану және/немесе қолдан ұрықтандыруда өз өнімділігі бойынша бағаланған асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды пайдалану бойынша;

4) тиісті тұқымдар бойынша республикалық палаталар ұсынған заңды және жеке тұлғалардың ғылыми және/немесе консалтингтік сүйемелдеуі туралы.


Жеке қосалқы шаруашылықтардағы мал басынан құралған, жалпы табынға пайдалану үшін және/немесе тауарлы табынның тұқымдық құрамын өзгерту үшін асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды сатып алу кезінде:

1. Мынадай міндеттемелер ұсыну:

1) жеке қосалқы шаруашылықтардағы мал басынан құралған тауарлы және/немесе жалпы табында асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды өз төлінен өсіру мақсатында кемінде екі жыл шағылыстыру маусымында пайдалану туралы.

2. Жеке қосалқы шаруашылықтардағы мал басынан құралған жалпы табында – осы бекітілген асыл тұқымдық бұқаларды бекіту және пайдалану бойынша елді мекен тұрғындарының тиісті ауылдық округ әкімі растаған жиналыс шешімінің болуы.




Шет елден әкелінген асыл тұқымды ірі қара мал төлін сатып алған кезде:

1. Бірыңғай ақпараттық талдау жүйесінің базасынан алынған үзіндімен расталған селекциялық және асылдандыру жұмысының бiрыңғай ақпараттық базасында тiркеуде болуы.****

2. Малдардың бiрдейлендiру нөмiрiнiң және ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөніндегі бiрыңғай деректер базасында тiркеуде болуы.****

3. Өзінің өнімділігі бойынша бағаланған асыл тұқымды тұқымдық бұқалардың ДНК – паспортының болуы.

4. Сатып алатын асыл тұқымды төлдің жасы шарт жасасу кезінде мыналардан аспауы тиіс:

қашарлар – 18 айға дейін;

құнажындар және тұқымдық бұқалар – 26 айға дейін.

1. Мынадай міндеттемелер ұсыну:

1) таза тұқымды көбейту жолымен қашарларды (құнажынды) және өзінің өнімділігі бойынша бағаланған асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды өз төлінен өсіру мақсатында кемінде екі жыл таза тұқымды өсіру жолымен пайдалану туралы;

2) асыл тұқымды ірі қара малды және одан алынған төлді табынды өз төлінен өсіру үшін тек Қазақстан Республикасы аумағында үш жыл ішінде пайдалану туралы;

3) етті ірі қара мал шаруашылығында ірі қара малдың шағылыстыру контингентін бағаланған тұқымдық бұқалардың ұрығымен жасанды ұрықтандыруды пайдалану және/немесе қолдан ұрықтандыруда өз өнімділігі бойынша бағаланған асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды пайдалану бойынша;

4) тиісті тұқымдар бойынша республикалық палаталар ұсынған заңды және жеке тұлғалардың ғылыми және/немесе консалтингтік сүйемелдеуі туралы;

5) зоотехникалық нормаларға сәйкес күтіп-бағу және ветеринариялық iс-шараларды жүзеге асыру туралы.
________________________________

(қолы, күні)

Ескертпе:

* Аталған субсидиялау бағыттары бойынша ұсынылған талаптар барлық санаттар үшін бірыңғай;

**өнімділік бағытына сәйкес толтырылады;

*** шетелдік селекцияның асыл тұқымды мал басы деп шет елден әкелінген асыл тұқымды және одан алынған асыл тұқымды төлдің үшінші ұрпағына дейін түсініледі;



**** асыл тұқымды төлді жоспарланған сатып алуда (әкелуде) тиісті тіркеуге алу мерзімі тиісті тауар өндірушінің міндеттемесінде көрсетіледі.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет