Аудармадағы аударылмайтын сөздер 050207 «Аударма ісі»



бет3/6
Дата05.06.2016
өлшемі0.63 Mb.
#115320
1   2   3   4   5   6

Жергілікті топтау

«Жергілікті» топтау шартты болып табылады, өйткені реалия сөздер қандай да бір бөлімге жергілікті нышан бойынша жатқызылмай, бір-бірімен шартты қатынаста және тығыз байланысты белгілер бойынша жатқызылған:

1) реалия белгілейтін объектінің – оның референтінің ұлттық қатыстылығы;

2) аудармаға қатысқан тілдер.

Аударма ерекшелігін негізге ала отырып – «екі тілдің жазықтықтағы қатынас құралы» және «қабылдау – қайта құру» сияқты аудару үдерісінің логикалық жүйелілігі – реалия сөздерді бұл сияқты бөлуге жергілікті нышан бойынша жатқызылмай, экстралингвистикалық, яғни, тілдік қағида (принцип) бойынша жатқызылып тұр. Ол реалия сөздерді бір және екі тіл жазықтығында қарастыруға мүмкіндік береді.

Бір тіл жазықтығында өзіндік және жат реалия сөздерді қарастыруға болады. Ал олар ұлттық (мемлекеттің барлық тұрғындарына, бүкіл халыққа белгілі), жергілікті (бір диалектіге жататын), микро жергілікті (белгілі бір аймаққа жататын) болып бөлінеді.

Екі тіл жазықтығында реалия сөздер ішкі және сыртқы реалия сөздер болып екіге бөлінеді. Сыртқы реалиялар екі тіл үшін де жат (мысалы: самурай – қазақ және орыс тілдері үшін жат, жапон тілін есептемегенде) болады. Ішкі реалия сөздер екі тілдің біреуіне жатады, яғни, басқа тіл үшін бөтен, жат болып келеді (мысалы: фиорд – орыс және украин тілдері үшін сыртқы реалия болады да, орыс және норвегия тілдеріне, немесе болгар және норвег тілдерінеол сөз ішкі болады).

Бірнеше тілдерді қарастыра отырып, аймақтық (мысалы: «евро» - осы валютаны ұлттық ретінде қабылдаған мемлекеттер үшін) және интернационалды, көптеген тілдердің лексикасында, олардың сөздіктеріне кірген, бірақ бастапқы мағынасын сақтаған реалия сөздерге бөлінеді (мысалы: ранчо, текила) [28, б. 66].

Сонымен, жалпы реалия сөздерді ұлтқа тиісті бірлік ретінде қарастыруға болады. Ал екі тіл жазықтығында – берілген және аударма тілдері үшін реалия сөздерді берілген үшін ішкі, ал аударма тілі үшін сыртқы болады. Сонымен, жергілікті топтау, біріншіден, аудару теориясы және практикасы үшін өте маңызды.

Уақыттық топтау

Уақыттық белгісіне қарай жалпы реалия сөздерді шартты түрде қазіргі кездегі реалия сөздер және тарихи реалия сөздер деп екі топқа бөлуге болады. Осындай топтау нақты болу үшін уақыт факторымен белгіленген келесі мәселелерді қарастыруға болады: 1) реалия сөздердің затқа және уақытқа байланысы, 2) реалия сөздердің орынға және уақытқа байланысы, 3) жат реалиялардың тілге енуі, 4) реалия сөздердің көркем әдебиет арқылы тілге енуі, 5) реалия сөздердің таныс/бейтаныс болуы.



Реалия сөздердің затқа және уақытқа байланысы

Реалия сөздер уақыт өтуіне байланысты терминдерге және керісінше, терминдер реалия сөздерге айналады. Кейбір терминдер, қандай да бір себептерге байланысты, әдетте референттің өзгеруіне байланысты ақырындап тарихқа еніп, тарихи реалияларға айналады. Ал кей кездері қарама-қарсы үдеріс те референтпен байланысты: жаңадан құрылған құрал үшін, заттың кейбір бөлігі үшін ескі, жылдармен қолданылған реалия сөздерді қолданады. Ескі сөз жаңа өмірді термин ретінде бастайды. Мысалы: шлем, бригадир, легион сөздері.



Реалия сөздердің орынға және уақытқа байланысы

Тарихи реалиялар өзінің тарихи көзінен өте сирек қол үзеді. Ондай жағдай, мысалы, реалия өте көне заманға қатысы бар болса ғана болуы мүмкін. Мысалы: тога, амфора, губерния, дума, дьяк және т.б. Көптеген сондай реалиялар уақыт өтуімен басқа мағынасына ие болып, фразеологияға ауысады.

Реалияның орынға және уақытқа байланысты мағынасының өзгеруі өте маңызды ерекшелік. Осы ерекшелікті білмеу аудармашының ақиқаттылықты қабылдауын бұрмалап, аяғында сипатталатын шындық оқырмандардың көздерінде де бұрмаланады.

Жат реалия сөздердің тілге енуі

Белгілі бір тіл лексикасының жат реалиялармен толығуы жүйелі және бір қалыпты түрде өтеді. Бірақ кей кездері мемлекет өмірінің саяси-тарихи, қоғамдық қақтығыстарымен, әдебиетте жаңа ағыстардың пайда болуымен және адамдардың талғамдарының өзгеруімен байланысты реалия сөздер де еніп отырады. Осыған байланысты аудару кезінде осы сөздерге баса назар аудару керек.

Аудармада үлкен қиыншылықты реалия сөздер туғызады. Өйткені аудармашыларда олардың нақты аудармасы бола болмайды. Сонда, олар реалия сөздерді қалай, қандай тәсілмен аудару қажет екенін ойлауға мәжбүр болады. Жоғарыда айтылғандай реалия сөздер эквивалентсіз лексика тобына жатады. Яғни, аудару тілінде, басқа халықтың сөздігінде реалия сөздердің дәл аудармасы жоқ. Алайда, қатынас деңгейінде реалия сөздерді аудару үшін тілдік тәсілдер бар. Эквивалентсіз лексика қатыстық және кейбір кездерде уақытты сипаттамаға сай.

Реалия сөздерді жеткізу негізінен аудармашының фондық біліміне байланысты. Бұл жалпы адамзаттық мәдени-тарихи (кең мағынада) және белгілі бір ұлттық-тілдік қоғамның ұлттық мәдениеттің бөлігін құрайды. Ал олай болса, осындай білімге шет тілдерді оқып жүрген аудармашылар да сай болу қажет (аударматануда осындай білімді фондық мәлімет, фондық білім деп атайды). «Фон» терминінің мағынасы: басқа елдің, халықтың өмірі, мәдениеті туралы білім [19, б. 145].

С. И. Влахов және С. П. Флоринге сәйкес, біз зерттеу жұмысымызда реалия сөздер деп белгілі бір ұлтқа немесе белгілі бір елге ғана тән, олардың тұрмысынан, қоғамдық өмірінен, мәдениетінен хабар беретін сөздерді ұғамыз.

Көптеген аудару теориясы және практикасы көздерінің мәліметтерін жүйелеген кезде біз реалия сөздерді аударудың келесі негізгі тәсілдерін анықтадық. Олар: транслитерация, транскрипця, калькалау, тілде бар болған элементтердің арқасында жаңа сөздерді тудыру, ұқсас аударма, контекстің ішінде дәлденетін грамматикалық ауыстыру. Енді осы тәсілдерге жеке-жеке тоқталайық:



Транслитерация, транскрипция

Транслитерацияда аударылатын тіл құралдарымен бастапқы тіл сөзінің графикалық формасы, ал транскрипцияда оның дыбыстық формасы беріледі. Бұл тәсілдер шет тілдік жалқы есімдерді, географиялық атауларды, әртүрлі компаниялар, фирмалар, пароходтар, газет, журналдар және т.б. атауларын бергенде қолданылады. Қазіргі кезде көркем әдебиетті аударғанда транслитерация мен транскрипция тәсілі бұрынғыға қарағанда анағұрлым сирек қолданылады. Оның негізі бар – шетел лексикалық бірлігінің оқырманға мұндай сөздерді түсіндірмейінше түсініксіз болып қалады.

Толық транслитерация: (орыс тілінен қазақ тіліне) король – король, вассал – вассал, камердинер – камердинер; (ағылшын тілінен орыс тіліне) boss – босс, (неміс тілінен қазақ тіліне) Herzog герцог, Kanzler – канцлер, Skat – скат, Oktoberfest – октоберфест.

Аудару тілінің сөз жасау және морфология ережелеріне сәйкес, шет түбірінің жұрнақтары немесе жалғаулары арқылы транслитерация жасалады: Nazi – нацист, Gestapomann – гестапашы, Marke – марка, Kegeln – кегли, Uniform – униформа т.с.с.

Реалияларды аудару кезінде транслитерация өте шектеулі қолданылады. Ол туралы негізінен қоғамдық-саяси ұғымдарды немесе жалқы есімдерді аударғанда ғана айтуға болады. Кейбір кездерде транслитерация және транскрипция тәсілдерінің ұқсастығына байланысты оларды ажырату қиыншылық тудырады.

Транскрипция – бұл аударма мәтінге аудару тілінің графикалық амалдары арқылы енетін реалия сөздер. Ол фонетика жағынан максималды түрде түпнұсқада берілген фонетикаға жақын болады: Würstchen – вюрстхен, Ländler – лендлер, Fähnrich – фенрих, Wehrmacht – вермахт т.с.с.

Транскрипция көбінесе кең таралған публицистикада және көркем шығармаларда мәтіннің сипаттамасына қарай қолданылады. Автордың сөзінде және толық сипаттаумен берілген мәтінде транскрипция ең жақсы шешім болып табылады. Өйткені сондай мәтіндерде реалия сөздерді кеңірек ашу мүмкіндігі туады.

Көбінесе транскрипция таныс реалия сөздер үшін: интернационалдық, аймақтық, өз реалиялары үшін қолданылады. Бірақ та, басқа тілде сәйкестігі бар реалия сөздер кейбір кездерде дәстүрлі түрде транскрипциямен беріледі (мысалы: «станица» неміс тіліне «Staniza» ретінде аударылады).

Транскрипцияның аудару тәсілі ретінде негізгі құндылықтардың бірі максималды түрдегі ықшамдық. Осыған қарамастан басқа бір аудару тәсілі сияқты транскрипцияны байқап қолдану қажет. Кейде ұлттық нақышты жеткізгенде реалияның мағынасы екінші орынға жылжиды да, аударманың коммуникативті мәселесі жүзеге асырылмай қалады.

Транскрипцияланған сөздердің көп болуы мәтіннің реалиямен асып толуына әкеледі. Ал ол оқырманды түпнұсқамен жақындатпай, керісінше қашықтатады.

Кейбір кездерде транскрипцияны басқа талдау амалдармен бірге қарыстыру қажет. Әсіресе, бұл «аудармашының құрмалас достарына» (реалия сөздерге) байланысты. Мысалы, неміс сөзін «Pfund» (500 гр.) қазақ тіліне «фунт» (409,5 гр.) сөзімен аударғанда, сілтемеде осы айырмашылықты жазып белгілеу керек.

Транскрипция туралы айтқанда, тіл аралық омонимияны да ұмытпау қажет. Омонимия – бұл фонетика жағынан реалия сөздердің аудармасына жақын сөздер.

Транскрипция және транслитерация формальді, аудармалық қателерді болғызбайтын реалия сөздерді аудару амалдары. Алайда, осы амалдарды қолданған кезде аударма мәтініне жаңа сөздер енгізіледі де, оқырман үшін ол белгісіз және белгілі бір денотатпен ара қатынасын белгілемейді немесе зат әлде құбылыс туралы шамалаған түсінік береді. Ал егер де мәтін мазмұны реалияның мәнін ашпаса, онда аударма үшін қосымша амал ретінде сілтемені қолдану қажет. Сондықтан осы тәсілдерді қолданған кезде фондық мәліметке ие болу қажет.

Жаңа сөздің /сөз тіркесінің пайда болуы

Неологизмнің енгізілуі – реалияның мазмұнынын және ұлттық нақышын сақтау үшін (транскрипциядан кейін) қолданылатын тәсілдердің бірі. Алайда жаңа сөздің (сөз тіркесінің) пайда болуы кейде түпнұсқадағы ұлттық бояуы қалың сөздерді аударма тілге жеткізудің өнімді тәсілі емес. Дегенмен де кей реалия сөздердің баламасын жасауға тура келеді. Мысалы: самолет – ұшақ, вертолет – тік ұшақ, пенсионер – зейнеткер т.с.с. Осындай жаңа сөздер калькалар және жартылай калькалар болуы мүмкін.

Калька – бұл бір сөздің немесе сөз тіркесінің бөліктерінің морфемаларын аударма тіліндегі олардың эквиваленттерімен ауыстыру арқылы шетел реалия сөздерін беру. Бұл тәсілдің де жоғарыда айтылып кеткендей кемшілігі бар. Мысалы: Museeninsel – Мұражайлар аралы, Sandmännchen – құм адам. Көптеген жағдайларда калькаларды түсіндіру қажет. Мысалы: Sandmännchen – құм адам мағынасын ашпайды. Сондықтан «құм адам» - бұл ертегідегі кейіпкер. Ол балалардың көздеріне құм шашады да, балалар ұйықтап қалады.

Жартылай калька – бұл ауысып алынған сөздер және сөйлемшелер. Олар жартылай бастапқы тілінен, жартылай аударма тілінің элементтерін алады. Мысалы, сондай қазақ тіліндегі жартылай калька неміс тілінің реалиясы «үшінші рейх» - «Das Dritte Reich» сөйлемшеге аналог болып тұр.

Меңгеру – бастапқы тіліндегі бар материал негізінде аудару тілі үшін сөзге ана тіліндегі сөздің кейіпін беру.

Семантикалық неологизмдер деп біз жеткізіліп жатқан реалияның мазмұнын, мағынасын түсінуге мүмкіндік беретін жаңа сөздердің немесе сөйлемшелердің жасалуын айтамыз. Алайда, реалия сөздерді неологизмдермен аудару тәсілі өте сирек қолданылатынын айта кетуіміз керек. Себебі, тіл иесі – халық.



Ұқсас аударма

Осы аударма тәсілі өте жиі қолданылады. Мысалы, көп таралған тәсіл функционалды эквивалентті таңдау. Бұл тәсіл бойынша аударма оқырманда түпнұсқа оқырманыңда туатын ассоциацияларыға сәйкес ассоциациялар туғызады.



Контекстуалды аударма

Бұл тәсіл өз қағидасы бойынша ұқсас аударма тәсіліне ұқсайды, бірақ сөздік аудармаға қайшы. Өйткені осы тәсілдермен аударылып жатқан сөздің мағынасы сөздікте берілген оның эквивалентінің мағынасынан тыс болуы мүмкін. Сонда аудармашы негізінен контекстке бейімделеді. Бұл тәсілдің мәні – сөздікте берілген сөзді контекстке, логикалық жағынан байланысты сөзбен алмастыру.



Реалияны алмастыру

Кейбір ғалымдар (мысалы, Влахов және Флорин) бастапқы мәтінде берілген реалияны аударма тіліндегі реалиямен алмастырып, «реалияны алмастыру» тәсілін қолдануды ұсынады. Алайда, осындай алмастыру реалияны бүкіл мәтіннен оқшаулайды. Осындай жағдайда шартты аударылып жатқан немесе аудармашымен ұсынылған сөздің ұлттық нақышы жоғалады.

Басқа реалия сөздерді қолданған кезде ұлттық нақыш өзгеріліп, оқырмандар өз назарларын автордың ойынша маңызды емес және ешқандай маңызы жоқ ұсақ бөлшектерге аударады.

Сипаттамалы аударма

Сипаттамалы аударма қолданылған кезде реалияның мазмұны ашылады. Егер аудармашыда басқа елдің заты немесе құбылысы туралы мәліметі, білімі жеткілікті болса, егер де ол осы реалия нені белгілейтінін білетін болса, онда сипаттамалы аударма дұрыс болады.

Реалиая сөздерді аударудың барлық тәсілдерін келесі схемамен белгілеуге болады:

1) транслитерация, транскрипция;

2) калькалау, жартылай калькалау, семантикалық неологизм;

3) ұқсас аударма;

4) контекстуалды аударма.

Сонымен, реалияны аударғанда белгілі бір тәсілді таңдау үшін, аудармашы оның алдында тұрған мақсатты нақты анықтау керек: тіл бірлігінің ұлттық нақышын сақтап, семантикаға кемістік келтіру немесе реалияның мағынасын жеткізіп, ұлттық колоритті жоғалту. Көркем шығарманы аударған кезде тағы бір тәсіл қолданылады – бұл түпнұсқа тіліндегі берілген мәтіннің реалия сөздеріне қоғамдық-мәдени түсінік беру. Газет-журнал мақалаларын аударғанда да қоғамдық-мәдени түсініктемелерді қолдануға болады.

С.Г. Тер-Минасова пікірінше, реалиялары бар түпнұсқа мәтіннің аудармада барабарлы қабылдауы мүмкін. Бұл үшін аударма тілінде «қоғамдық-мәдени түсініктемелер берілуі керек. Алайда аударма амалдары осы тілде сөйлейтін адамдар үшін түсінікті болу қажет.

Қоғамдық-мәдени түсініктеме

Көркем мәтіндерді және оларды түсіну, түсініктемесіз түсіну оңай емес. Бірақ та, қазіргі әдебиет те кейбір кездерде түсініктемелерді беруді қажет етеді. Ал шетел оқырмандары үшін ол тіпті қажет. Ертектер де сондай түсініктермен қамтамасыз етілген болу керек.

Ертектер тілі мәдени, ұлттық, тарихи жағынан белгіленген лексикалық бірліктермен толықтырылып жатады. Бұл өмірдің және мәдениеттің өзгергенімен өте байланысты [32, б. 143; 33].

Яғни, мәдениетаралық қатынас немесе олардың арасындағы дау өз және жат мәдениеттер аралығында ғана емес, сонымен қатар өзге мәдениеттің ішінде де болуы мүмкін. Бұл қоғам өміріндегі өзгерістер жаңа деңгейге көтеріліп, келесі ұрпақ өзінің арғы аталарының дүние тану жөніндегі түсініктерін ұқпауымен, білмеуімен байланысты [34, б. 67; 35].

Басқа мәдениеттің өкілдері үшін арнаулы қоғамдық-мәдени түсініктемелер өз мәдениетіндегі және тілдегі өзгерістерді айна ретінде белгілейді. Шетел оқырмандарына (аударма тілде сөйлейтін адамдар үшін) арнаулы қоғамдық-мәдени түсініктемелер мәдениеттер арасындағы түсініксіздікті көрсетіп, оны реттейді [36, б. 267]. Сонда да бұл тек қана өз және шет мәдениеттер арасындағы түсініксіздік емес, сонымен қатар бір халықтың әдеби шығармаларында тіркелген өткен заманның және қазіргі заман мәдениеті арасындағы түсініксіздік.

Қоғамдық-мәдени түсініктеме біздің мәдениетімізді оқып жүрген шетел оқырмандары үшін де, өз оқырмандарымыз үшін де өте қажет.

Қоғамдық-мәдени түсініктеменің ішіне мыналар кіреді:

1) историзмдер – қарым-қатынас кезінде адамдармен қолданылмайтын заттарды немесе құбылыстарды білдіретін сөздер, және халық өмірінде, тілде қолданыстан шыққан реалия сөздер;

2) архаизмдер – қолданыстан шыққан көне сөздер;

3) қазіргі қазақ тілінде өз мағынасын өзгерткен сөздер;

4) шет және қазіргі қазақ оқырманымен реалия сөздерге, аллюзияларға қажет етілетін қоғамдық-мәдени түсініктемелер.

Сонымен, осындай түсініктемелер автор және басты кейіпкерлер сияқты бір мәдени топқа жататын адамдар үшін қажет. Өйткені қазіргі оқырманның фондық білімдері өзгерді. Осындай түсініктемелер көне сөзді қазіргі тілге тек қана аудармай, сонымен қатарар автордың ойын толығырақ ашуға мүмкіндік жасайды.

Яғни, қорыта келгенде аударма – бұл тіларалық қатынас үшін пайдаланылатын жалғыз ғана тәсіл. Оның негізі мақсаты - әр түрлі тілдерде сөйлейтін кісілердің қатынасын максималды түрде бір тіл ширегінде сөйлейтіндей ету.

Гете айтқандай, «Аудармада аударылмайтынға жету қажет. Сонда ғана басқа халықты, жат мәдениетті білуге болады». Гетенің сөздерін реалия анықтамасына жатқызуға болады. Өйткені реалия тек қана аймақтық құбылыстарды және ұғымдарды білдіретін берілген, басқа халықтың тұрмысында, тілінде жоқ сөздер. Алайда, аудармашылар реалия сөздерді аударған кезде оларға эквиваленттерді немесе аударма тәсілдерін қолдануға тырысады.

Аударма мәселелері бірнеше кезеңдерден тұрады. Көптеген аудармашылар «реалия» сөзінің мағынасы туралы әлі күнге дейін таласуд; реалия сөздер топтамасы туралы көптеген қарама-қарсы пікірлер бар (негізінен қарастырылып жатқан сөздерді қандай қасиеттеріне байланысты топтарға бөлу қажет). Алайда тағы бір талас реалия сөздерді аударған кезде қандай тәсілдерді қолдану қажет деген мәселе төңірегінде туады. Сонымен, реалия сөздерді аударған кезде қандай тәсілді таңдауы қажет деген сұрақ аудармашы алдында тұрған сұрақтардың бірі және ол аудару мақсаттарына байланысты болады.

Дұрыс аударма жасау үшін аудармашы фондық білім мен мәліметтермен қамтамасыз етілген болу керек.

Реалия сөздерді жеткізу үшін, мәтіннің жанрына қарап, талдап, ойлану қажет. Егер де бұл ертек болса, онда ұлттық ерекшеліктеріне қарау қажет, егер бұл этнографиялық очерк немесе басқа елдерге, аудандарға саяхат туралы әңгімелер болса, онда реалия сөздер максималды түрде жеткізілуі керек.

2 Қазақ тіліндегі «Нибелунгтер туралы хикая» тіларалық және мәдениетаралық коммуникация ретінде

2.1 «Нибелунгтер туралы хикая»: қысқаша мазмұны және «аудармада аударылмайтын» сөздер
«Нибелунгтер туралы хикая» адамзаттың ең белгілі эпикалық шығармаларының бірі. Егер де Еуропа әдебиетін қарастыратын болсақ, бұл хикая Гомердің, Дантенің дастандары сияқты бүкіл әлемге әйгілі шығармалардың қатарында тұрады.

«Нибелунгтер туралы хикая» ХІІІ ғасырдың аралығында пайда болды. Ол Германия және басқа Батыс Еуропада серілер немесе куртизан поэзиясы гүлденген кезде дүниеге келді.

Батырлық эпос тарихи баяндауға сай келеді. Онда Бургундия корольдігінің қирауы, Аттила мемлекетінің нығаюы, Теодорих Остготтық сияқты тарихи оқиғалар суреттеледі.

Поэманың екі бөлімі екі түрлі тарихи оқиғалар мен дереккөздерді құрайды. Гете «Нибелунгтер» туралы: «Екі бөлім бір бірінен ерекшеленеді. Бірінші бөлімде салтанаттық көп, ал екінші бөлімде күш басым. Екі бөлім мазмұны жағынан да, формасы жағынан да бір-біріне лайық».

Поэманың тарихи негізіне 437 жылы ғұндардың Бургундия корльдігін құлатуы енген. 1200 жылы құралған поэмада осы құбылыстар жаңа түсініктерге сай және эпостың тұрмыстық нақышы негізінен V ғасырдағы тағы, жабайы тайпалардың өмірімен емес, ХІІ ғасырдағы феодалдық-серілік Германиямен байланысты. Эпоста серілік дәстүрлер Бургундия корольдерінің сарайында көрініс тапқан. Эпос сымбатты Кримхильданы сүйетін жас және батыл сері Зигфрид туралы. Ақын серілердің тойлары, ханымдардың салтанатты киімдері, дәстүрлері туралы баяндауды да ұмытпайды.

Серілердің тұрмыс салты «эпостың» сыртқы жағы ғана. Осы әдемі өмір астында трагедиялық оқиғалар жасырынған.

«Нибелунгтер туралы хикая» эпосында біз феодалдар өмірінің шындығын айқын көреміз. Эпоста неміс поэмасының ұлттық дәстүрі әдет-ғұрыптарымен тікелей байланыста көрінеді.

Берілген шығарманы талдау қиыншылықтар туғызады. Эпос мазмұны қазіргі күндерден өте алшақ. Оның лексикалық құрылымы ұлттық-поэтикалық амалдарға толы.

Аудару амалдарының талдауына толық көшу үшін, аударма максималды түрде түпнұсқаға барабар болу үшін аудармашының фондық біліміне назар аудару қажет.

Жоғарыда айтылғандай, реалия сөздерді аударған кезде екі қиыншылық туады: 1) аударма тілінде эквиваленттің (сәйкестіктің) болмауы – аударма тілінде сөйлейтін халықтың (референттің) болмысында реалия белгілейтін заттың болмауы; 2) реалияның заттық мағынасын жеткізген кезде, оның ұлттық және тарихи нақышын жеткізу.

Бүкіл мәдениеттің элементі ретінде фондық білім жалпы заңдылықтарға сай бөлінеді: актуалды фондық білім және мәдени мұраның фондық білімі. Жалпы таралған (берілген этникалық топ немесе ұлт үшін) «өлшенген фондық білім» деп аталатын білім ел тану білімдері (елтанулық білімдер – бұл белгілі бір этникалық топқа немесе тілдік ортаға жататын адамдар үшін бірдей мәліметтер) арасында ерекшелінеді.

Фондық мәлімет – бұл белгілі бір халық немесе ұлт үшін өзгеше, оның негізгі бөлігімен қолданылатын және берілген ұлттық қоғамның тілінде белгіленген қоғамдық-мәдени мәліметтер.

Фондық мәліметтің мазмұны, біріншіден, ерекше тарихи факторларды, ұлттық қауымның мемлекеттік құрылымын, географиялық аймақтың ерекшеліктерін, өткен және қазіргі шақтың материалды мәдениетінің ерекше заттарын, этнографиялық және фольклорлық ұғымдарын және т.б. қамтиды [37; 38, б. 127]. Яғни, аудару теориясында реалия деп аталатынның барлығын қамтиды.

Эквивалентсіз лексиканы белгілейтін, дағдылы реалия сөздерден де басқа реалия сөздер бар. Ерекше түрдің реалиялары фондық мәліметтерді қамтиды. Олар ассоциативті лексика деп аталуы мүмкін. Осы реалия сөздер әр түрлі ұлттық тарихи-мәдени құбылыстармен байланысты және тілде өте ерекше белгіленеді. Ассоциативті реалия сөздер белгілі сөздіктерде, эквивалентсіз лексика арасында өз орындарын таба алмады. Олар дағдылы сөздер арасында орын тапты.

Көптеген зат есімдер тілде эмоционалды «сәулелі жиекпен» (ореолмен), сонымен қатар «көптеген ассоциациялармен» қоршалған. Е . М. Верещагин, В. Г. Костомаров, Ю. А. Тыняновалардың пікірінше осындай сөздер коннотативті деп аталады. Коннотация, яғни, стилистикалық, эмоционалды мағыналар өз бетімен болмайды [2, б. 156]. Көптеген жағдайларда олар өз мағынасы бар сөзде «топқа» бірігіп, бір мағынаның үстіне белгіленеді. Кейбір лексикалық бірліктер осындай мәліметтерге толы. Жоғарыда айтылғандай, белгілі ұлттардың және халықтардың материалды мәдениеттің заттары, тарихи оқиғалар, мемлекеттік институттар, ұлттық және фольклорлық кейіпкерлер, мифологиялық тірі жәндіктер және т. б. осындай аттарға сай [39; 40, б. 328]. Егер де аудармашылар эквивалентсіз лексикамен оңай жұмыс істей алатын болса және барабарлы аудармаға жете алатын болса, онда екінші топтың сөздері басқа тілдерге аудару кезінде және оларды қабылдағанда үлкен қиыншылықтар туғызады. Жиі кездесетін осы қиыншылықтардың бәрін жеңу мүмкін емес.

Егер де шығарма автордың ойлап шығуына сәйкес болатын болса, онда барлық белгісіз реалиялар ойлауды қажет етеді. Келесі амалдар әдебиетте ең таралған ойлау амалдары болып табылады:

1) бүкіл мәтін бойында реалия сөздердің графикалық белгіленуі. Осы амал оны мәтінде ерекшелендіреді, бірақ мағынасын оқырманға жеткізбейді;

2) реалия мазмұнының өрістеуі;

3) қосымша ретінде реалиямен бірге оның синонимінің немесе тектік мағынасының қолдануы;

4) анықтама мәтінде жақшаның ішінде немесе сызықшамен әлде үтірмен белгіленеді;

5) егер де реалия сөздің жанында анықтама беру мүмкін емес болатын болса, онда беттің соңында сілтеме беру керек;

6) реалия сөздердің мағынасын түсініктемеде немесе кітаптың соңындағы тізімде беру. Алайда осындай анықтаманы іздеп жатқан оқырман шығарманың мазмұнынан алаңдайды.

Реалия-сөздерді олардың көркем туындылардағы орнына байланысты зерттеу зор қызығушылық туғызады. Осындай көркем мәтіндерде кездесетін тіл бірліктерінің ұлттық-мәдени семантикасы сол тіл иелерінің мәдениетіне, олардың фондық білімдеріне енуге көмектеседі. Мәдени-таңбаланған лексиканың көркем мәтіндердегі рөлі жайлы мәселе әдебиетте жеткіліксіз қарастырылған, сондықтан ол толық зерттеуді талап етеді. Оқырман шет тілінде жазылған кітапты алған кезде, оның бірінші мақсаты сөздердің мәнін түсіну, оларды бір жүйеге келтіру – сөйлем құрастыру және автордың хабарын түсіну. Осымен қабылдау үдерісі бітеді, әрине, егерде ол ғылыми мәтін – тек қана хабарды жеткізу болса. Ал біздің қарастыратынымыз көркем мәтін. Оқырман қолына көркем әдебиетті алған кезде, жеке сөздерді білуі, бір сөйлемді түсінуі немесе барлық сөйлемдерді түсінуі – оның сол мәтінді қабылдағаны болып табылмайды. Аударма эквивалентін тауып қана қоймай, сөздің ұлттық-мәдени мағынасын ашу, оның лексикалық фонын суреттеу қажет. Көркем туындыларда сөздің, сөз тіркесінің, сөйлемнің мәні олардың дәлме-дәл мәнімен шектелмейді. Оқырман қайбір сөздің анықтамасын автордың барлық бейнелі құралдарымен ара қатынасын белгілеп, бейненің берілген затқа немесе құбылысқа қолдануын анықтау қажет.

Оқырман үшін әңгіменің желісі ғана емес, туынды кейіпкерлердің өмір сүрген дәуірі де маңызды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет