67
тұтастай сақталуы дәл жеткізілуі міндеттелінеді. Шағын хабарға
аудармашы аты-жөні қойылмайды. Ол ұжымдық еңбектің нәтижесі
әрі баспасөзге ортақ ақпарат саналады.
Үлкен көлемдегі танымдық, ғылыми-көпшілік, мәдени,
әдеби мақала, зерттеулерде ой
қайталанған жағдайда әрі
оқырман талғамын ескеру негізінде, мәтінге қысқартып,
ықшамдау қажеттілігі туады. Тұрақты сөздердің мағыналық
байланысын, астарлы ойын аңғарып барып аудару тиімді.
Газет-журнал мәтіндерінің тағы бір ойландыратын мәселесі –
астарлылығы. Кейде журналистер оқырманға таныс кітаптардан,
кинофильмдерден, мультфильмдерден,
белгілі әндерден, дыбыс
және жазба жарнамалардан дайын мәтін алып пайдаланады. Кейде
ойда сақтала бермейтіндіктен, бұрмалап, өзгертіп қолданатын
да жағдай кездеседі. Бұқаралық ақпараттың
барлық көздерінде
кең ауқымды ауызекі, контекст мүмкіндігінше пайдаланылады.
Аудармашы оны қайта аударуға әрекеттенгеннен гөрі, дайын
аудармасы болса, толық мәтін сипатында енгізгені дұрыс. Кейде
ондай мәтін түпнұсқада өзгертіліп, автордың ыңғайына негізделсе,
аудармада дұрыстығын көрсете отырып, түсінік жасай кеткен де
орынды.
Газеттік-ақпараттық мәтінде көзге үйреншікті, дағдылы сөздер
қолданылады. Бұлар көбінесе шет тілінен енген сөздер. Мысалы
офис, супермаркет, лизинг т.б.
дағдылы сөздер ақпараттың
Достарыңызбен бөлісу: