Ауыл шаруашылығында кәсіпкерлік қызметті дамыту



Дата13.06.2016
өлшемі68.8 Kb.
#132879
Ауыл шаруашылығында кәсіпкерлік қызметті дамыту

Умирзакова Меруерт Абдуалиевна

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қызылорда,
Аңдатпа: Бұл мақалада агроөнеркәсіп кешені республикадағы экономикасы жоғары потенциалды, мүмкіндігі мол, ұдайы өндірістік және әлеуметтік мәнді негізгі саланың бірі болып табылатындығы және ауыл шаруашылығы саласында кәсіпкерлікті дамыту туралы айтылған.

Кілттік сөздер: ауыл шаруашылығы, ауыл шаруашылығындағы кәсіпкерлік, агроөнеркәсіптік кешен.
Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының дамуында маңыздылығы жоғары, негізгі салаларының бірі. Ол халықты азық–түлік өнімдерімен қамтамсыз етеді. Ауыл шаруашылығының даму деңгейі көбінесе елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайды. Қазақстанның ауыл шаруашылығында қолайлы жерлері көп болғандықтан, әлем нарығында бәсекелестікке қабілетті агроөнеркәсіп секторын дамытуға барлық мүмкіндіктері бар. Оған қоса, халықтың жартысынан астамының әлеуметтік жағдайы ауылдық аймақтарымен тығыз байланысты.

Ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлікті тиімді дамыту, нарықтық механизмді игеру, нарықтағы баға, сұраныс пен ұсыныс, бәсеке, мемлекеттік реттеу заңдылықтарын меңгеруге байланысты бизнес нысандары нарықтың талаптары мен оның механизмін игеруге икемділігі жоғары болып табылады. Сол себептен де қазіргі жағдайда аграрлық саладағы кәсіпкерлікті дамытудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі нарық механизмін толыққанды игеруге мүмкіндік жасайды. Бұл мүмкіндік кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдауға, реттеуге бағытталған қосымша шаралардың іске асырылған жағдайында пайда болады

Ұлттық экономиканың дамуы үшін бастылардың бірі болып отандық агроөнеркәсіптік кешен табылады. Тиімділігі жоғары агроөнеркәсіп кешенін құру экономикалық тұрақтылықты, тұтынушылардың қажеттілігін толыққанды қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың материалдық әл-ауқатын әрі қарай көтерудің негізгі алғышарты болып табылады [1].

Агроөнеркәсіп өндірісін мемлекеттік реттеу ауыл шаруашылығы өнімі, шикізат пен азық-түлік өндірісіне, қайта өңдеу және сатуға құқықтық, әкімшіліктік және экономикалық мемлекеттік әрекет ету жүйесі. Сондықтан да аграрлық саланы мемлекеттік реттеуде шешуге тиісті міндеттер болып агроөнеркәсіп өндірісін дамыту, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, аймақтағы өндіріс саласын басқаруды жетілдіру, ауыл шаруашылық өнім, азық-түлік, шикізат нарығын реттеу, халықтың азық-түлікпен қамтамасыз етілуін жақсарту, ауыл шаруашылығы және экономиканың басқа салалары арасындағы паритетті экономикалық қолдау, ауыл шаруашылығы және басқа салалар жұмыскерлерінің табыстарын жақындату, отандық тауар өндірушілерді қорғау жатады. Осы міндеттерді шешу үшін мемлекеттің экономикадағы рөлі жоғары болуы тиіс.

Дамыған елдер тәжірибесі көрсеткендей, ауыл шаруашылығындағы қол жеткізілген жетістіктердің барлығы ғылыми-техникалық дамуы арқасында екендігі анық. Сондықтан да ғылыми-техникалық прогресті дамытып, оны ауыл шаруашылығына көптеп енгізу қажет. Ауыл шаруашылығында ғылыми-техникалық прогресті дамыту келесі бағыттарда жұмыс жасайды: шаруашылық механизмін дамыту, ауыл шаруашылық өндірісін техникалық тұрғыдан дамыту, өсімдіктер мен мал шаруашылығының өнімділігін жоғарылату, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеуді дамыту болып табылады (Кесте 2).
Кесте 2. Ауыл шаруашылығы өндірісін ҒТП негізінде дамытудың негізгі бағыттары


Мал шаруашылығы

Егін шаруашылығы

  • асылдандыру жұмыстарын жетілдіру;

  • мал шаруашылығындағы еңбекті механизациялауды дамыту;

  • мал азығын тиімді дайындау мен пайдалану;

  • ветеринарлық қызметті жетілдіру;

  • мал өнімін жақсарту жолдарын жетілдіру;

  • мал шаруашылығы мен өнеркәсіп арасындағы байланысты дамыту;

  • минеральды және органикалық тыңайтқыштарды пайдалануды жетілдіру;

  • тұқым сапасын жақсарту;

  • ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін жоғарылату;

  • ауыл шаруашылық жерлерін агротехникалық өңдеуді жетілдіру;

  • топырақ құрамын су эрозиясынан қорғау шараларын дамыту

Ескерту- [2 ] әдебиет негізінде жасалынған

Ауыл шаруашлығы өнімінің өсімі мал шаруашылық фермасын жаңғырту үшін заманауи технологиялық құралдарды пайдалану, сонымен қатар, малдардың генетикалық әлеуетін жетілдіру және тиісті құрама жем базасын құруды жеделдету арқылы мал шаруашылығындағы өндіріс көлемінің өсуі есебінен қамтамасыз етілетін болады.

Елде өндірілетін күріштің 90 пайызы жыл сайын өңірде өндіріледі, бұл топырақ экологиясына оң әсер етеді және ауылдың халқын жұмыспен қамтамасыз етеді.

Осы бағытты сақтау үшін ағымдағы жылы агроөнеркәсіпті кешенді дамыту мақсатында күріш кластерін қалыптастыру бойынша жұмыстар басталды. Күріш консорциумы құрылды. «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ ішінде ауылшаруашылығын қалыптастыруды қолдау мақсатында «Байқоңыр Агрохолдинг» ЖШС құрылды.

Дамудың басымдықтары:

- жаңа және пайдаланылмаған жерлерді ауыл шаруашылық айналымына қатыстыру, ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлерді рационалдық пайдалануды қамтамасыз ету, дәнді дақылдар өсірудің ғылыми негізделген су сақтаушы технологияларына ауысу арқылы ауыл шаруашылық өнім өндірісінің көлемін арттыру

- жаңа күріш сорттарын, интенсивті технологияларды ендіру арқылы күріш егу алқабын кемінде 74 мың гектар деңгейінде сақтау, күріш өндірісі көлемін 2015 жылы 279 мың тоннаға дейін, 2020 жылы 304 мың тоннаға дейін жоғарылату, бұл республиканың күрішке деген қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді;

- су ресурстарын тиімді пайдалану, су ережесін қатаң сақтау, күріш үлесін 50 пайызға дейін жеткізу негізінде ауыспалы егісте егу құрылымын жақсарту,

- күріш кластерін құру, оның шеңберінде күрішті брендтеу, күріш шаруашылығының өңделген өнімін жүзеге асыруға ықпал ету және шетелдік нарықтарға шығару қарастырылған.

Облыстың балық шаруашылығы ең алдымен Кіші Арал теңізіндегі және Сырдария өзенінің көл қоймаларындағы балықтарды аулаумен байланысты. Жалпы республикалық балық аулаудың көлемінде Қызылорда облысының алатын үлесі 8,3 пайыз (2013 жылғы балық аулаудың натуралды көлемі 6226 тонна). Арал теңізінің деңгейі 48 метрге жеткен жағдайда балық аулау көлемі артып 30 мың тоннаға жетеді.

Балық саласын басқаруды ұйымдастыру және дамытудың жаңа механизмдерін енгізу үшін 2013 жылы «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы, «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-ның Арал филиалы және 19 балық аулайтын шаруашылықтар мен балық өңдеумен айналысатын кәсіпорындары консорциум құрды [3].

Бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін шешу агромаркетингті қолданусыз мүмкін еместігі болып табылады. Агромаркетингті дамытудың обьективті түрде өзектілігі халықаралық ауыл шаруашылығы нарықтарына шығу, агромаркетингтің халықаралық жүйесін қалыптастыру, сыртқы экономикалық байланыстардың тиімді формасын таңдау, әлемдік ауыл шаруашылығы нарығын терең зерттеу қажеттілігінің туындауына байланысты артып отыр.

Агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытуда маркетингтік қызметті қолдануды жетілдірудің негізгі алғышарттарын табысты жүзеге асыру үшін нарық қажетілігіне сай келетін және аймақтың халық шаруашылығы кешенін индустриальды-инновациялық дамыту мақсаттарына толық жауап беретін, халықтың өмір сүру жағдайын жақсартуға қол жеткізуге мүмкіндік жасайтын сала құрлымын анықтау керек [4].

Аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету - оның аграрлық өндірісті индустрияландыру мен негізгі өнім түрлері бойынша АӨК өнімдерінің тиімділігін арттыруға негізделген тұрақты дамыту болып табылады.

Аграрлық саладағы кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымы кәсіпкерлік субъектінің дамуына тікелей әсер етеді. Бұл ауыл шаруашылығын қолдау қоры, кәсіпкерлікті дамыту қоры, лизингтік компаниялар, екінші деңгейлі банктер, сақтандыру компаниялары, кеңес беру, маркетинг, кадрларды оқыту және қайта даярлау қызметтері өте үлкен рөл атқарады.

Қолданылған әдебиеттер:


1. Сидорович.А.В., Ә.Ә. Әбішов. Ұлттық экономика. Оқулық. Алматы 2011ж

2. Куанткан Б. Аграрлық секторда кәсіпкерлікті дамытудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі. Алматы, 2008 авторефат



3. Қызылорда облысының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясы. 2013 жыл

4. Молдашбаева Л.Б. Агроөнеркәсіп кешенінде маркетинг қызметінің дамуы және жетілдіру бағыттары. www.rusnauka.com

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет