Павлодар облысы әкімдігінің



бет1/6
Дата25.02.2016
өлшемі0.62 Mb.
#21566
  1   2   3   4   5   6

Павлодар облысы әкімдігінің


2009 жылғы “25” желтоқсандағы

“Павлодар облысы туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының

2010-2014 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары туралы”

№ 271/18 қаулысымен

бекітілген




Павлодар облысы туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары



  1. Миссиясы мен пайымдауы

Павлодар облысы туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының миссиясы – бұл туризм, дене тәрбиесі және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында тиімді мемлекеттік басқару мен салааралық, аймақаралық үйлестіруді қамтамасыз ету.

Пайымдауы – бәсекеге қабілетті туристік индустрияны және Павлодар облысында салауатты өмір салты қағидаттарын енгізудің тиімді тетігін құру.

2. Ағымдағы жағдайды талдау
Туризм саласында облыстық мәслихаттың (ІІІ сайланған XXV сес-сиясы) 2007 жылғы 1 маусымдағы № 39/25 шешімімен бекітілген Павлодар облысында туризмді дамыту бағдарламасын іске асыру жалғасуда. Туристік фирмалардың және жайғасу нысандарының қызметін пайдаланған адамдар саны 2008 жылы 111,1 мыңнан астам адамды құрады. Соның ішінде көшпелі туризм (Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс) – 6,3 мың адам, ішкі туризм бойынша - 100,0 мың адам және кірме туризм бойынша – 5,5 мың адам.

Туристік саланы 53 туристік фирма мен туристік қызметпен айналысатын 5 жеке кәсіпкер құрайды, олардың қызметін 12197 мың келуші, соның ішінде ішкі туризм бойынша – 6045 адам және көшпелі туризм бойынша (Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс) – 6152 адам пайдаланды.

Жалпы алғанда, 2008 жылы туристік ұйымдардан түскен кіріс 48,2 млн. теңгені және бюджетке аударылған салық сомасы 1,1 млн. теңгеден астам қаражатты құрады. Қонақ үй шаруашылығының 37 мекемесі 680,0 млн. теңгеге қызмет көрсетті.

Әлемдік қаржы дағдарысына байланысты теріс әсер туристік ағын көлеміне ықпал етті. Жалпы алғанда, облыста туристер саны ішкі туризм бойынша 3,5%-ға және көшпелі туризм (Қазақстан Республикасының аумағынан тыс) бойынша 1,5%-ға төмендеді.

Сонымен қатар, бүгінгі күні шешілуі Павлодар облысында туристік саланы одан әрі мақсатты дамыту үшін қолайлы жағдайлармен қамтамасыз ету деп белгіленген мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндігін беретін мәселелер қатары бар:

Туристік инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы. Қонақ үй, пансионат, демалыс үйлері мен базалары, сонымен қатар санаториялық-курорттық мекемелерді қосқанда жеке орналастыру нысандарының материалдық базасы едәуір моральдық тозу дәрежесіне ие. Бүгінгі күні туристерге арналған туризм нысандары мен тұру орындары сапа стандарттарына сәйкес келе бермейді.

Облыс аумағындағы қызмет көрсетудің төмен деңгейі мен тарихи орындарына қатынасу қиындығы қазақстандық және шетел туристері үшін тартымды емес. Тарихи орындар бойынша туристік маршруттарды насихаттау мен алға бастыру сапалы қайта қарастыруды қажет етеді.

Кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру деңгейінің төмендігі. Қызмет көрсету саласында мамандандырылған туристік кадрлардың жетіспеушілігі туризмнің дамуына кедергі келтіретін негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Бұл туризм индустриясы нысандарында білікті қызметкерлердің жоқтығы мәселесіне ғана емес, сонымен қатар туристік сала үшін кадрларды даярлау сапасына да қатысты.

Павлодар облысының жеткіліксіз туристік тартымдылығы. Облыстың оң туристік имиджін қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар жүйесіз сипатқа ие, туризм бойынша көрмелерге қатысу облыстың жарнамалық қызметінің тиімділігін толық көлемде қамтамасыз етпейді.

Облыс туризмінің қалыптасқан бәсекеге қабілеттілік деңгейін сақтап қалған жағдайда, отандық туристік нарықты дамыту мүмкіндіктері туристік нарықта халықтың тұрмыс деңгейін және жұмыспен қамтылуын арттыру, сапалы туристік қызметтерге өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру және облыста туризмді орнықты дамыту үшін жағдайларды қалыптастыру үшін жеткіліксіз болады.

Спорт саласында жаттығатындар саны 136,0 мыңнан астам адамды құрайтын (ауылда 42,5 мың адам) 836 дене шынықтыру ұжымында (ауылда 515) жұмыс жүргізілуде.

Облыста 16,5 мың оқушы жаттығатын 19 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі мен 8 мамандандырылған балалар-жасөспірімдерге арналған олимпиадалық резерв мектебі жұмыс істейді.

Облыс қалалары мен аудандарында дене тәрбиесі және спорт қызметкерлерінің штат саны 2148 бірлікті құрайды (ауылда 930 адам).

Облыс қалалары мен аудандарында 3031 спорт нысаны (ауылда 1764) жұмыс істейді.

Соның ішінде: “Астана” мұз сарайы; 16 стадион (ауылда 9); 1 манеж; 1 ипподром; 17 спорт кешені (ауылда 4); 484 спорт залы (ауылда 307); 17 жүзу бассейні (ауылда 3); 3 шаңғы базасы; 149 ату тирі (ауылдық жерлерде 90); 1 атуға үйренетін орын; 60 хоккей алаңы (ауылда 23); 2009 жазықтық ғимарат (1271 ауылда); 11 теннис алаңы; 269 қоса салынған спорт залы (стандартты емес, ауылда 56); 1 боулинг; 7 бильярд залы.

Сондай-ақ, мәселелер қатары белгіленуде:

материалдық-техникалық база мен спорт инфрақұрылымының төмен деңгейі;

жұмыс істеп тұрған олимпиадалық резервті даярлау орталығының балансында меншікті спорт базасы жоқ;

облыс ауылдарында спорт базаларының 80-90% жалпы білім беру мекемелеріне бекітілген, сондықтан 18-ден жоғары жастағы халық санаты қамтылмай қалады.

Спорт нысандарына ғана емес, сонымен қатар спортта дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернатының спорт базасын спорттық мүкәммалмен және құрал-жабдықпен қамтамасыз ету қажеттілігі бар.



Облыстың спорт имараттары коммуналдық немесе жеке меншікте, мұнда жеке субъектілердің қазіргі заманға сай мүлікті және құрал-жабдықты сатып алуға, оларды тиісті техникалық жағдайда ұстауға деген төмен қызығушылығы атап өтіледі. Көптеген жұмыс істеп тұрған спорт ғимараттары техникалық пайдалану жөніндегі қазіргі заманғы нормативтер мен талаптарға, халықаралық регламенттер мен жарыстарды және оқу-жаттығу үдерісін өткізу ережелеріне сәйкес келмейді.

Бұқаралық және балалар-жасөспірімдер спортының әлсіз дамуы. Об-лыс балалар-жасөспірімдер мектептерінің желісі қазіргі уақытта оларда аймақтағы балалар мен жастардың жалпы санының 12,5% ғана жаттығуына мүмкіндік береді. Әлсіз материалдық-техникалық база, сапалы спорттық мүлік пен құрал-жабдықтардың болмауы спорттық резервті даярлауды және халықаралық дәрежедегі спортшыларды тәрбиелеуді жоғары деңгейде ұйымдастыруға мүмкіндік бермейді. Халықтың тұрғылықты жері бойынша жұмыс әлсіз қойылған, жасөспірімдер клубтарының желісі жеткіліксіз дамыған, тұрғылықты жерлері бойынша бұқаралық демалыс орындарында қарапайым спорттық алаңдар мен имараттар тиісті жағдайда емес.

Білікті мамандардың тапшылығы. Спорт саласында білікті кадрлардың жетіспеушілігі өткір сезіледі. Жоғары шеберлік спортындағы облыстың жетекші жаттықтырушылары көпшілігінің жас мөлшері орташа, ал оларды толықтай алмастыру мүмкін емес. Сонымен қатар, облыстың балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің жаттықтырушы-оқытушылар құрамының 20 %-ға жуығының арнайы білімі жоқ. Жаттықтырушылар еңбекақысының төмендігіне байланысты (орташа алғанда 25 мың теңге) жас мамандарды тарту мүмкін емес. Спорт ғимараттарын техникалық пайдалануды жүзеге асыратын мамандар жоқ.

Спорт түрлері бойынша бағдарламаларды оқу-әдістемелік қамтамасыз ету тиісті деңгейде емес, бұл спорттық резерв пен халықаралық дәрежедегі спортшыларды даярлауға қатысты жүйелік ұстанымды қамтамасыз етуге кедергі келтіреді.
2. Қызметтің стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері



Р/с№


Атауы

Өлшем бірлігі

Есепті кезең


Жоспарлы кезең

2008 жыл

2009

жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013

жыл

2014

жыл


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1.

1-стратегиялық бағыт. Павлодар облысының тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік инфрақұрылымын құру

2.

1-мақсат. Туристік саланың бұдан әрі мақсатты дамуы үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету және Павлодар облысы туристік өнімінің сапасын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды мемлекеттік деңгейде іске асыру

3.

Нысаналы индикаторлар




Туристік қызметтен түсетін кірісті көбейту


мың теңге

67,8

74,5

82,0

90,0

99,0

109,0

120,0




Кірме туризм бойынша туристік ағынның көлемін ұлғайту


мың адам

5,5

6,0

6,6

7,2

7,9

8,7

9,6




Ішкі туризм бойынша туристік ағынның көлемін ұлғайту

мың адам

106

116

127

140

154

169

186




Мейрамханасы бар қонақ үйлер қызметінің көлемі

млн.

теңге

330,6

340,9

351,1

361,6

372,5

383,6

395,1

4.

1-міндет. Туризм инфрақұрылымының дамуын қамтамасыз ету





1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

5.


Жол бойындағы инфрақұрылым нысандарының көлемін арттыру

саны

135

140

145

147

150

151

152

6.



Туристік және табиғи нысандарға апара-тын жөнделген және жаңа жолдардың ұзындығын арттыру

шақы-рым

-

174,9

185,0

7.

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орналасқан маршруттар мен экологиялық соқпақтардың санын артты-ру

саны

11

11

12

13

13

14

14

8.

Туристік класс санатындағы қонақ үйлер желісі, қонақ үйлер мен кемпингтер құры-лысын қамтамасыз ету




-

инвесторларды тарту есебінен

9.

2-міндет. Туристік қызмет сапасын жоғарылатуды қамтамасыз ету

10.

Туристік саланы қалыптастыру және да-мыту мәселелері бойынша оқыту семи-нарлар, дөңгелек үстелдер саны

саны

2

2

2

2

3

3

3

11.

Туризмді дамыту жөніндегі республи-калық, аймақтық ғылыми-практикалық конференцияларға, семинар-кеңестерге қатысу


саны

2

2

2

3

3

3

3



1

2

3

4

5

6

7

8

9

10




12.

3-міндет. Павлодар облысының туристік имиджін қалыптастыру




13.

Павлодар облысының туристік кластерін құрудың мастер-жоспарын әзірлеу

саны




1

-

-

1







14.

Павлодар облысының халықаралық ту-ристік көрмелерге қатысуы

саны

3

5

6

6

7

7

7

15.

Павлодар облысының республикалық ту-ристік көрмелерге қатысуы

саны

5

5

6

6

7

7

7

16.

Қағаз және электрондық тасымалдағыш-тарда дайындалған жарнамалық-ақпарат-тық өнімнің саны

саны

10000

12000

13000

14000

15000

16000

18000

17.

Туризмді дамыту бойынша облыстық іс-шаралар өткізу

саны

2

3

7

7

8

8

8

18.

2-стратегиялық бағыт. Павлодар облысы спортшыларының республикалық және халықаралық ареналардағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру

19.

1-мақсат. Сапалы дайындық пен республикалық және халықаралық ареналарға табысты қатысу үшін жағдайлар жасау

20.

Нысаналы индикаторлар. Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорттың жалпы даму жағдайы бойынша облыстар рейтингіндегі бестікке кіруі

21.

1-міндет. Халықаралық стандарттарға жауап беретін спорттың материалдық-техникалық базасы мен инфрақұрылымын дамыту

22.

Спорт мекемелерінің желісін кеңейту: балалар-жасөспірімдер спорт мектептерін, мектеп-интернаттарын, спорт клубтарын. ЖСШМ (Павлодар қаласында жұмыс істейтін мамандандырылған спорт мекте-бін қайта ұйымдастыру есебінен)

саны




1

















Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет