Авиация персоналының қолданыстағы куәлігі бар ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуды техникалық қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 20 қазандағы № 465 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 17 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6637 болып енгізілді
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 108-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Авиация персоналының қолданыстағы куәлігі бар ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұсынуды техникалық қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Ә. Құсайынов
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің 2010 жылғы
20 қазандағы № 465
бұйрығымен бекітілген
Авиация персоналының қолданыстағы куәлігі бар ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуды техникалық қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Авиация персоналының қолданыстағы куәлігі бар ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуды техникалық қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының ережелерін, стандарттарын және Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) ұсынатын практикасын іске асыру мақсатында әзірленді.
2. Қағидалар авиация персоналының қолданыстағы куәлігі бар ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуды техникалық қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін (бұдан әрі - ЭМК) беру тәртібін анықтайды.
3. ЭМК беруді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.
4. ЭМК авиация персоналының қолданыстағы куәлігі бар ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуды техникалық қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға 3 жыл мерзімге беріледі.
2-тарау. ЭМК берудің тәртібі
5. ЭМК беру үшін негіз осы Қағидалардың 16-тармағында көзделген құжаттар (мәліметтер) қоса беріле отырып, ЭМК беру немесе ауыстыруға арналған хат-өтінім болып табылады.
6. Хат-өтінімді авиакомпания бір данада ресми бланкіде жасайды және ұлттық қауіпсіздік органдарымен алдын ала келісілгеннен кейін уәкілетті органға жібереді.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011.07.15 № 437 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
7. Хат-өтінімде мыналар көрсетіледі:
1) ЭМК алу қажеттігінің негізі;
2) алфавиттік тәртіппен қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жасалған қызметкерлер тізімі;
3) келесі талаптарды бұзбау туралы міндеттемелері:
ЭМК көшірмелерін дайындауы және пайдалануы, әуежай аумағында өндірістік іс-әрекеттермен байланысты емес уақытта болуы рұқсат етілмейді;
өткізу және объектішілік режимнің, әуежайда қауіпсіздікті қамтамасыз ететін шекаралық, кедендік және өзге де мемлекеттік органдардың талаптарын сақтауы;
ЭМК қолданылу мерзімінің өтуі бойынша тапсыруы, сондай-ақ авиакомпаниялардың және авиакомпаниялардың кадр бөлімшелерінің авиациялық қауіпсіздігі бойынша басшыларының (инспекторы) қолы қойылған акті жасау арқылы жұмыс орнын ауыстыру немесе жұмыстан босатылу кезінде;
4) авиакомпанияның бірінші басшысының қолы;
5) орындаушының тегі, аты, әкесінің аты, қызметтік телефоны, электронды адресі.
7-1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының алдын ала келісуін алу үшін ЭМК беруге немесе алмастыруға хат-өтінімді осы қызметкерлер нақты жұмыс істейтін авиакомпанияның немесе оның филиалының (өкілдігінің) тіркелген орны бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтың органына авиакомпания жолдайды.
Егер қызметкерлері жұмыс істейтін, ЭМК беруге мұқтаждар, авиакомпания немесе оның филиалы (өкілдігі) Астана қаласында орналасқан болса, хат-өтінім Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жолданады.
Енгізілген хат-өтінімдер, әдетте 20 жұмыс күніне дейінгі мерзімде қарастырылады.
Хат-өтінімдерді келісу процесінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері немесе оның аумақтық органдары авиакомпания қызметкерлерімен әңгімелесуді өткізуге құқылы.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің немесе оның аумақтық органдарының қарастыруы нәтижесі бойынша хат-өтінімде көрсетілген әр қызметкерлердің аты-жөні бойынша, ЭМК беруге кедергі болуы мүмкін, ақпараттардың бары/жоғы туралы көрсетілген хат-өтінім ілеспе хатпен авиакомпанияға қайтарылады.
Ескерту. 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011.07.15 № 437 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
8. <*>
Ескерту. 8-тармақ алынып тасталды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011.07.15 № 437 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
9. <*>
Ескерту. 9-тармақ алынып тасталды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011.07.15 № 437 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
10. Уәкілетті органұлттық қауіпсіздік органдарымен алдын ала келісілген хат-өтінімді қарауды оның келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күніне дейінгі мерзімде жүзеге асырады.
Көрсетілген мерзімде уәкілетті орган хат-өтінімді берген авиакомпанияның жауапты адамына ЭМК беру немесе алмастыруды жүзеге асырады, немесе ЭМК беруден немесе алмастырудан бас тарту себебі туралы хабарлайды.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011.07.15 № 437 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
11. Әрбір авиакомпанияда өзінің қызметкерлері үшін ЭМК алу жөнінде жауапты тұлға белгіленеді.
12. Әрбір авиакомпанияға хат-өтінімдерді сақтау үшін жеке нөмірленген папка ашылады. Хат-өтінімдердің сақталу мерзімі - 3,5 жыл.
13. ЭМК оның иесі жоғалтса, авиакомпания жазбаша түрде уәкілетті органға хабарлап, мынадай құжаттарды ұсынады:
1) ЭМК жоғалтқан адамның түсініктемесі;
2) ішкі істер органдарына (ұрлық, ұрлау), табылған заттар бюросына және тағы сол сияқтылар, жүгіну туралы құжаттардың көшірмелері.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011.07.15 № 437 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
14. ЭМК жоғалту фактісі бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган ЭМК жоғалту туралы ақпарат түскен сәттен бастап үш жұмыс күн ішінде қызметкердің тегін және жоғалтқан ЭМК нөмірін көрсетумен, үшінші тұлғалар пайдаланған кезде оны алып қою мақсатында Қазақстан Республикасының авиакомпанияларына және әуежайларына хабарлайды.
15. Жоғалтқан ЭМК алмастырылуын ЭМК жоғалу фактісі бойынша авиакомпания тергеу жүргізгеннен және уәкілетті орган тергеу құжаттарының көшірмесін алғаннан кейін жүзеге асырылады.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011.07.15 № 437 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
16. Хат-өтінімге мыналар қоса беріледі:
1) ұшқыштар қызметімен байланысты, соның ішінде ұшуды техникалық сүйемелдеу үшін инженерлік-техникалық персоналды және ұшудағы әуе кемелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналды лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі;
2) ЭМК иесінің жеке қолының нұсқасы, түрлі-түсті (күңгірт) фото 9*12 мөлшерінде (бас киімсіз және нысанды киімде), тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы көрсетілген қағаздық және магниттік тасымалдағыштар;
3) арнайы ережелер көшірмелері (ұшқыштар экипажының мүшелері үшін: ұшқыштар, штурмандар, бортинженерлер, бортмеханиктер және бортрадистер);
4) осы Қағидаларға нысанды Қосымшаға сәйкес мәліметтер;
5) авиациялық персоналдың қолданыстағы куәлігінің көшірмесі (ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуды техникалық қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға);
6) оқу орталығында алынған, Халықаралық азаматтық авиацияның ұйымында (ИКАО) (әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персонал үшін) тіркелген сертификат көшірмесі;
7) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен немесе оның аумақтық органдарымен хат-өтінімді келісу құжаттары.
Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011.07.15 № 437 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
17. Егер әуе кемелерін және оның жабдықтарын басқаратын ұшқыштар экипажының мүшелері сынақтан өтуі кезінде арнайы ережесіне енгізілмеген болса, ЭМК беру әуе кемелерін және оның жабдықтарын басқаратын ұшқыштар экипажы мүшелерін авиакомпаниялардың арнайы ережесіне енгізусіз жүзеге асырылады.
17-1. Шет мемлекеттің азаматы болып табылатын, Қазақстан Республикасы авиакомпаниясында жұмыс істейтін, ұшу экипажының мүшелеріне және инженерлі-техникалық құрылымға ЭМК беруді, авиациялық персонал куәлігін уәкілетті орган танығаннан кейін, оларды мойындаудың, бірақ 3 жылдан аспайтын мерзіміне осы Қағидаларға сәйкес уәкілетті орган жүзеге асырады.
Ескерту. 17-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011.07.15 № 437 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
17-2. Қазақстан Республикасында тіркелген авиакомпания басқа мемлекетте тіркелген әуе кемелерін пайдаланған жағдайда шет мемлекеттің азаматтары болып табылатын ұшу экипажының және инженерлік-техникалық құрамының мүшелеріне ЭМК беруді уәкілетті орган осы Қағидаларға сәйкес 1 жыл мерзімге беруді жүргізеді.
Ескерту. Қағида 17-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 22.10.2013 № 821 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
18. Уәкілетті орган ЭМК беруден мынадай жағдайларда бас тартады:
1) хат-өтінім, сондай-ақ ЭМК алу үшін" қажетті құжаттар, осы Қағидалардың 16-тармағында көзделген толық құжаттар пакетіне келмесе;
2) ЭМК беруге келісімге ұлттық қауіпсіздік органдарымен бас тартылса;
3) хат-өтінім, сондай-ақ ЭМК алуға қажетті құжаттарда дәйексіз ақпарат көрсетілсе.
19. Уәкілетті орган ЭМК мынадай жағдайларда кері қайтарып алады:
1) ЭМК мақсаты бойынша пайдаланбауы;
2) ЭМК оның иесімен емес пайдалануы;
3) ЭМК көшірмесі пайдаланған;
4) ақпаратты оқуды қиындататын ішінара бүлінген мәтін;
5) ЭМК иесін жұмыстан босату;
6) ЭМК иесіне қатысты сот шешімі (атқарылған лауазымнан босату үкімі) заңды күшіне енген;
7) осы Қағидалардың 7-тармағының 3) тармақшасының талаптарын бұзуы.
20. Уәкілетті орган ЭМК қолданылуын мынадай жағдайларда тоқтата тұрады:
1) авиациялық оқиғаларды тексеру – тексеру нәтижелерін бекіткенге дейін;
2) өткізу және объектішілік режимінің талаптарын бұзу – алты айға дейінгі мерзімге;
3) ЭМК жоғалту, ұрлау – ЭМК беру туралы шешім қабылдағанға дейін жоғалту фактісі бойынша берілген тексеру материалдарын қарағаннан, ұрлықтардан немесе оны анықтағаннан кейін.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011.07.15 № 437 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
21. ЭМК қолданылуын тоқтату ЭМК қолдану мерзімі өткелі кезде жүзеге асады.
22. Экипаж мүшесін жұмыстан босату, оның басқа жұмысқа немесе басқа ұйымға ауысуы кезінде берілген ЭМК рұқсаттама бюросына тапсырылады, бұл туралы кету қағазына белгі жасалады. Авиакомпания басшылары әуежайлардың уәкілетті қызметтеріне хабарлауды және ЭМК уәкілетті органға қайтарылуын қамтамасыз етеді.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011.07.15 № 437 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
Авиация персоналының қолданыстағы
куәлігі бар ұшу құрамының, кабина
экипажының адамдарына, ұшуды
техникалық қамтамасыз ететін
инженерлік-техникалық құрамға және
ұшу кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз
ететін персоналға экипаж мүшесінің
куәлігін беру қағидаларына қосымша
Хат-өтінімге қоса берілетін мәліметтер
Нысан
(альбомды парақ)
|
Тегі, Аты, Әкесінің аты
|
ЭМК №
|
Жынысы
|
Туған жылы, азаматтығы
|
Жеке куәліктің деректері
|
Лауазымы
|
Ұшу қызметтің басталуы
|
Авиаперсонал куәлігінің нөмірі
|
Тұрғылықты жері
|
Жеке қолы
|
№ р/с
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
1.
|
Қазақ тілі
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Орыс тілі
|
Ағылшын тілі
|
2.
|
Қазақ тілі
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Орыс тілі
|
Ағылшын тілі
|
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК
Достарыңызбен бөлісу: |