Автомобиль көлiгi туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шiлдедегi N 476 Заңы
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң жаршысы, 2003 жыл., N 15, 134-құжат.
МАЗМҰНЫ
Осы Заң автомобиль көлiгi саласында тасымалдаушылар, жолаушылар, жүк жөнелтушiлер, жүк алушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын қатынастарды реттейдi.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) автобус - жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, сегiзден аса отыратын орны бар, жолаушылар мен багаж тасымалына арналған автокөлiк құралы;
2) автовокзал - жолаушылар легi тәулiгiне бес жүзден астам адам болатын, жолаушыларға және автобустардың жүргiзушiлерiне қызмет етуге арналған және оған: жетпiс бестен астам адам сиятын күту залы және билет кассалары бар күрделi ғимарат, жүргiзушiлердi медициналық куәландыру және алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету пункттерi, сақтау камералары, жолаушыларды отырғызуға және түсiруге арналған перрон, автобустар тұратын алаң, автобустарды қарау посттары, диспетчерлiк пункттер және ана мен бала бөлмесi кiретiн, кемiнде бес мың шаршы метр аумақта орналасқан құрылыстар кешенi;
3) автокөлiк құралдарын техникалық пайдалану - автокөлiк құралдарын қауiпсiз пайдалануды ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралар, техникалық әсер ету (диагностикалау, техникалық қызмет ету, жөндеу) кешенi;
4) автомобиль көлiгi - негiзгi қызмет аясы автокөлiк құралдары мен инфрақұрылымды пайдалана отырып, жолаушылар, багаж, жүктер мен почта тасымалын ұйымдастыру және жүзеге асыру болып табылатын экономика саласы;
5) автомобиль көлiгi инфрақұрылымы - тасымалдың үздiксiз процесiн, сондай-ақ автокөлiк құралдарының қауiпсiз пайдаланылуын қамтамасыз ететiн құрылыстар кешенi (автовокзалдар, автостанциялар, жүк терминалдары, автокөлiк құралдарына техникалық қызмет ету және оларды жөндеу станциялары (шеберханалары), автокөлiк құралдары сақталатын құрылыстар);
6) автомобиль көлiгi құралы (бұдан әрi - автокөлiк құралы) - автобустар, шағын автобустар, жеңiл және жүк автомобильдерi, автомобиль тiркемелерi, ершiктi тартқыштарға жартылай тiркемелер, сондай-ақ арнайы бейiмделген автомобильдер (жүктердiң белгiлi бiр түрлерiн тасымалдауға арналған) және арнаулы автомобильдер (әртүрлi, көбiнесе көлiкке арналмаған жұмыстарды орындайтын) кiретiн автомобиль көлiгi жылжымалы құрамының бiрлiгi;
7) автомобильмен тасымалдау - автомобиль жолдары арқылы автокөлiк құралдарымен жүзеге асырылатын жолаушылар, багаж, жүктер немесе почта тасымалы;
8) автомобильмен тасымалдаушы (бұдан әрi - тасымалдаушы) - меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде автомобиль көлiгi құралдарына иелiк етушi, жолаушыларды, багажды, жүктердi немесе почтаны тасымалдауда ақыға немесе жалға қызметтер көрсететiн және соған белгiленген нысанда берiлген лицензиясы немесе тиiстi рұқсаты бар заңды немесе жеке тұлға;
9) автостанция - жолаушылар легi тәулiгiне бес жүз адамнан аз болатын, жолаушыларға және автобустардың жүргiзушiлерiне қызмет етуге арналған және оған: жетпiс бес адамға дейiн сиятын күту залы және билет кассалары бар күрделi ғимарат, сақтау камералары, жолаушыларды отырғызуға және түсiруге арналған перрон, автобустар тұратын алаң, диспетчерлiк пункттер кiретiн, кемiнде екi жарым мың шаршы метр аумақта орналасқан құрылыстар кешенi;
9-1) әлеуметтiк маңызы бар тасымалдаулар – қоғамның әлеуметтiк-экономикалық жағдайына әсер ететiн және қолжетiмдi тарифтер деңгейiн әрi Қазақстан Республикасының аумағы бойынша халықтың еркiн қозғалуына мүмкiндiктi қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылатын тұрақты қатынастағы жолаушы тасымалдаулары;
10) багаж - Жолаушылар мен багаж тасымалы ережелерiнде белгiленген нормалар шегiнде, буылып-түйiлген және автобустың, шағын автобустың багаж бөлiмшесiнде немесе автобусқа, шағын автобусқа iлесiп жүретiн багаж автомобилiнде, сондай-ақ тасымалдаушымен қосымша келiсiм негiзiнде таксимен тасымалданатын жолаушы мүлкi;
11) жеңiл автомобиль - жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауға арналған және жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, отыратын орны сегiзден аспайтын автокөлiк құралы;
12) жолаушы - автомобильмен тасымалдауға жасалған шарт негiзiнде немесе өзге де заңды негiзде тасымалдаушы көрсететiн қызметтердi пайдаланатын жеке тұлға;
13) жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдау – жеке және заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтiнiштерi) бойынша автобустарды, шағын автобустарды пайдалана отырып, тасымалдаушылар көрсететiн көлiк қызметтерi;
14) жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау - тасымалдаушылар автобустарды, шағын автобустарды пайдалана отырып, алдын ала келiсiлген жол жүру маршруттары, бастапқы және соңғы пункттерi, жолаушылар отырғызу және түсiру пункттерi белгiленген қозғалыс кестелерi бойынша жүзеге асыратын тасымалдар;
15) жолдама парақ – жүргiзушi мен автокөлiк құралының жұмысын есепке алуға және бақылау жүргiзуге арналған құжат;
16) жүк алушы - жүктi автомобильмен тасымалдау шарты негiзiнде немесе өзге де заңды негiздерде жүк алуға уәкiлеттi жеке немесе заңды тұлға;
17) жүк жөнелтушi - оның атынан жүк жөнелту ресiмделетiн жеке немесе заңды тұлға;
18) жүктер - Автомобиль көлiгiмен жүк тасымалдау ережелерiмен белгiленген талаптарға сәйкес тасымалдауға қабылданған мүлiк;
18-1) көлiктiк бақылау бекетi – арнайы лайықталған ғимаратпен немесе арнайы автокөлiкпен жабдықталған, техникалық бақылау құралдарымен жарақтандырылған стационарлық немесе жылжымалы бақылау-өткiзу пунктi;
19) алынып тасталды - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
20) алынып тасталды - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
21) алынып тасталды - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
22) алынып тасталды - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
23) қол жүгi - салмақ және көлем өлшемдерi Автомобиль көлiгiмен жолаушылар және багаж тасымалдау ережелерiнде белгiленген талаптарға сәйкес келетiн, жолаушының автобус, шағын автобус немесе такси салонында тасымалдайтын жеке заттары;
24) алынып тасталды - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
25) такси - Автомобиль көлiгiмен жолаушылар және бағалық тасымалдау ережелерiне сәйкес жабдықталған, жолаушыларды және багажды автомобильмен тасымалдауға арналған жеңiл автомобиль;
25-1) тахограф – жүргiзушiлердiң еңбек және демалыс режимiн тiркеудiң механикалық не электрондық (цифрлық) бақылау құрылғысы;
26) алынып тасталды - ҚР 2009.07.17 N 188-IV Заңымен;
27) уәкiлеттi орган – автомобиль көлiгi саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
28) халықаралық автомобильмен тасымалдау - тасымалдаушылар әр түрлi мемлекеттер аумағында орналасқан мекендер арасында жүзеге асыратын тасымалдар;
29) шағын автобус - жасаушы завод жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, отыратын орны он алтыдан аспайтын етiп көздеген, ерекше шағын сыныптағы автобус.
2-бап. Қазақстан Республикасының автомобиль
көлiгi туралы заңдары
Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың нормалары қолданылады.
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
Осы Заңның күшi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес автомобиль көлiгi саласындағы қызметтi жүзеге асыратын барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесi туралы заңнамалық актiде астанада жолаушылар мен багажды тасымалдаудың ерекшелiктерi белгiленуi мүмкiн.
Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2007.07.21 N 297 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
4-бап. Автомобиль көлiгi саласындағы қызметтi
жүзеге асырудың негiзгi принциптерi
Автомобиль көлiгi саласындағы жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер мынадай негiзгi принциптер негiзiнде жүзеге асырылады:
1) адамдар қауiпсiздiгiнiң, олардың өмiрi мен денсаулығын сақтаудың, табиғатты және мәдени құндылықтарды қорғаудың басымдығы;
2) автомобиль көлiгi саласындағы жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi жүзеге асыру кезiнде жеке және заңды тұлғалар құқықтарының теңдiгi;
3) тұтынушыға автомобиль көлiгi саласындағы көрсетiлетiн қызметтердi таңдау еркiндiгiн қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес автомобиль көлiгi саласындағы жұмыстарға және көрсетiлетiн қызметтерге баға еркiндiгiн қамтамасыз ету.
Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
5-бап. Автомобиль көлiгiн жұмылдыру дайындығын
қамтамасыз ету және оны төтенше жағдайларды
жоюға тарту
Автомобиль көлiгiн жұмылдыру дайындығын, азаматтық қорғаныс және авариялық-құтқару жұмыстары бойынша iс-шараларды қамтамасыз етуге байланысты қатынастар Қазақстан Республикасының арнайы заң актiлерiмен реттеледi.
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде, сондай-ақ төтенше жағдай енгiзiлген кезде мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен материалдық шығындар мен залалды кейiннен өтей отырып, өздерiне берiлген өкiлеттiктер шегiнде тасымалдаушыларды төтенше жағдайларды жоюға байланысты жұмыстарды орындауға тартуға құқылы.
6-бап. Автомобиль көлiгiндегi экологиялық,
санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiк
және өрт қауiпсiздiгi
Автомобиль көлiгiндегi экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiк және өрт қауiпсiздiгi Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiмен регламенттеледi.
7-бап. Тасымалдаушыларға және автокөлiк құралдарына
тасымал қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету
бөлiгiнде қойылатын талаптар
1. Жолаушылар, багаж және жүк тасымалына:
1) Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңдарына сәйкес бiлiктiлiгiн және кәсiби жарамдылығын растайтын құжаттары;
2) тасымалдың тиiстi түрiн жүзеге асыруға жарамды және техникалық регламенттердiң талаптарына сай келетiн автокөлiк құралдары бар тасымалдаушылар жiберiледi.
2. Автобустармен, шағын автобустармен жолаушылар тасымалдауға кем дегенде жиырма бiр жастағы, тиiстi санаттағы жүргiзушi куәлiгi және кемiнде үш жыл жүргiзушiлiк жұмыс стажы, оның iшiнде кемiнде бiр жыл «С» санатына жататын көлiк құралдарын басқару стажы бар жүргiзушiлер жiберiледi.
3. Автобустарда багаж қоятын бөлiмшеден тыс орында жүк, оның iшiнде багаж тасымалдауға тыйым салынады.
4. Таксимен тасымалдауды жүзеге асыруға кемiнде төрт есiгi бар, сериялы шығарылатын жеңiл автомобильдердi пайдалануға жол берiледi.
Арнаулы, соның iшiнде толығынан қолмен басқарылатын, сондай-ақ рулi оң жақтан басқарылатын автокөлiк құралдарын такси тасымалдары үшiн пайдалануға тыйым салынады.
Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2006.12.06 N 209, 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
8-бап. Автомобильмен тасымалдаудың түрлерi
1. Автомобильмен тасымалдау:
1) жолаушылар мен багажды тасымалдау;
2) жүк тасымалдау;
3) почта тасымалдау болып бөлiнедi.
2. Қатынас түрлерi бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау:
1) халықаралық – Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасындағы немесе Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк тасымалдаулар;
2) республикаiшiлiк – Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан елдi мекендер арасындағы тасымалдаулар болып бөлiнедi.
3. Жолаушылар мен багажды республикаiшiлiк тасымалдау әкiмшiлiк-аумақтық белгiлерiне қарай мынадай түрлерге бөлiнедi:
1) қалалық (ауылдық) – елдi мекеннiң белгiленген шекарасының шегiндегi тасымалдау;
2) қала маңындағы – елдi мекеннiң белгiленген шекарасынан бастап есептелетiн, ұзақтығы елу километрге дейiнгi қала маңындағы аймақтағы елдi мекенмен жалғастыратын маршруттар бойынша тасымалдау;
3) ауданiшiлiк – бiр аудан шегiндегi елдi мекендердiң арасындағы тасымалдау;
4) ауданаралық (облысiшiлiк қаларалық) – бiр облыс шегiндегi, әртүрлi аудандардағы елдi мекендер арасында жүзеге асырылатын немесе облыстық маңызы бар қалалармен елдi мекендердi жалғастыратын тасымалдау;
5) облысаралық қалааралық – әртүрлi облыстардағы елдi мекендердiң арасында жүзеге асырылатын немесе республикалық маңызы бар қалалармен, астанамен елдi мекендердi жалғастыратын тасымалдау.
3. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау ұйымдастыру сипаты бойынша тұрақты және тұрақты емес болып бөлiнедi.
Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
9-бап. Автокөлiк құралдарын тахографтармен жабдықтау
жөнiндегi талаптар
1. Тахографтармен жабдықтауға автобустар, жүк автомобильдерi, оның iшiнде:
1) қауiптi жүктердiң автомобиль тасымалдарын;
2) жолаушылардың, багаждың және жүктердiң халықаралық автомобиль тасымалдарын;
3) жолаушылардың және багаждың облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) және ауданiшiлiк автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын мамандандырылған автомобильдер жатады.
2. Электрондық (цифрлық) тахографтар орнатуды тiзбесiн уәкiлеттi орган бекiтетiн сервис орталықтары жүзеге асырады. Жүргiзушiлердiң еңбегi мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидасында белгiленген талаптарға сай келуi тiзбеге енгiзу үшiн негiз болып табылады.
3. Тахографтарды, оның iшiнде электрондық (цифрлық) тахографтарды және электрондық карточкаларды пайдалану Жүргiзушiлердiң еңбегi мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидасына сәйкес жүргiзiледi, оларда мыналар:
1) жүргiзушiлердiң еңбегi мен тынығуы режимiне және оны тiркеуге қойылатын талаптар;
2) тахографтарды орнату және пайдалану жөнiндегi талаптар;
3) тахографтарды орнатуды жүзеге асыратын сервис орталықтарына қойылатын талаптар;
4) электрондық (цифрлық) тахографтар орнатуды жүзеге асыратын сервис орталықтары тiзбесiне енгiзу тәртiбi;
5) электрондық (цифрлық) тахографты сертификаттау және оның электрондық карточкаларын беру тәртiбi;
6) электрондық (цифрлық) тахографтар бойынша ұлттық дерекқордың жұмыс iстеу тәртiбi белгiленедi.
4. Электрондық карточкаларды қолданбай электрондық (цифрлық) тахографтарды пайдалануға рұқсат етiлмейдi.
Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
2-тарау. Автомобиль саласындағы
мемлекеттiк реттеу
10-бап. Автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттiк
реттеудiң негiзгi мiндеттерi
Автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттiк реттеудiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
1) экономиканың және халықтың автомобильмен тасымалдауға және өзге де жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтерге деген мұқтажын қамтамасыз ету үшiн жағдайлар жасау;
2) жеке және заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерiн, сондай-ақ мемлекеттiң ұлттық мүдделерiн қорғау;
3) халықаралық автомобильмен тасымалдау рыногында отандық тасымалдаушылардың бәсекеге қабiлеттiлiгi үшiн жағдайлар жасау;
4) автомобильмен тасымалдаудың iшкi рыногын қорғау;
5) автомобиль көлiгiнiң инфрақұрылымын одан әрi дамыту.
11-бап. Автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттiк
реттеу және бақылау
1. Автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттiк реттеу құқықтық қамтамасыз ету, лицензиялау, техникалық реттеу, Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңдарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру арқылы iске асырылады.
2. Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңдарының сақталуын мемлекеттiк бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құзыретi шегiнде уәкiлеттi орган және басқа да мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп-тұруын бақылау кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын өткiзу пункттерiнде, Қазақстан Республикасының аумағындағы көлiктiк бақылау бекеттерiнде, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарында, қалалар немесе өзге де елдi мекендер шекараларының шегiндегi автомобиль жолдарында жүзеге асырылады.
Техникалық бақылау құралдарымен жарақталмаған кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын өткiзу пункттерiн және көлiктi бақылау посттарын құруға жол берiлмейдi. Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы автомобиль өткiзу пункттерiнiң және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көлiктiк бақылау бекеттерiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Ескерту. 7-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2006.12.06 N 209, 2010.01.06 № 238-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2010.06.30 № 297-IV (2011.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
12-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлейдi;
2) автомобиль көлiгi саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
3) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалдауларды жүзеге асыру кезiнде автокөлiк құралдарының жүрiп өту тәртiбiн айқындайды;
4) автомобиль көлiгi саласындағы лицензияланатын қызмет (кiшi қызмет) түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiтедi;
5) Қазақстан Республикасының аумағында автокөлiк құралдарымен тасымалдауға жол берiлетiн қауiптi жүктердiң тiзбесiн бекiтедi;
6) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша Автокөлiк құралдарымен қауiптi жүктердi тасымалдау қағидасын, қауiптi жүктер тасымалдайтын жүргiзушiлер мен автокөлiк құралдарына қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiтедi;
7) тасымалдаушыларды төтенше жағдайларды жоюға тарту тәртiбiн айқындайды;
7-1) автомобиль көлiгi саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның лауазымды адамдарын нысанды киiммен (погонсыз) қамтамасыз етудiң заттай нормаларын бекiтедi;
8) Автомобиль көлiгiмен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын бекiтедi;
9) Автомобиль көлiгiмен жүктердi тасымалдау қағидасын бекiтедi;
10) Автомобиль көлiгi құралдарын техникалық пайдалану қағидасын бекiтедi;
11) автомобиль көлiгi саласындағы техникалық регламенттердi бекiтедi;
12) Жүргiзушiлердiң еңбегi мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидасын бекiтедi;
13) Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесiн қолдану қағидасын бекiтедi;
14) Әлеуметтiк мәнi бар жолаушылар тасымалдауларын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын бюджет қаражаты есебiнен субсидиялау қағидасын бекiтедi;
15) жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгi шартын бекiтедi;
16) өзiне Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.01.06 N 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
13-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi
Уәкiлеттi орган:
1) автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;
2) өз құзыретi шегiнде автомобиль көлiгi саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысады және халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерде Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiредi;
3) автомобиль көлiгi саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлейдi;
4) тиiстi облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарымен келiсiм бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен облысаралық қалааралық тұрақты тасымалдаудың маршруттары мен қозғалыс кестелерiн бекiтедi;
5) жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық тұрақты тасымалдауды ұйымдастырады, аталған тасымалдаулардың маршруттары бойынша қозғалыс кестесiн келiседi;
6) жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық және облысаралық қалааралық тұрақты тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзедi;
7) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауға жататын қызметтiң жекелеген түрлерiн лицензиялауды жүзеге асырады;
8) осы Заңның 19-4-бабында белгiленген жағдайларды қоспағанда, автомобиль көлiгiнiң жұмыс iстеу тәртiбiн айқындайтын Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары талаптарының сақталуын бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
9) автомобиль көлiгi саласында мемлекеттiң қоғамдық бiрлестiктермен және қауымдастықтар (одақтар) нысанындағы заңды тұлғалар бiрлестiктерiмен өзара iс-қимылын қамтамасыз етедi;
10) Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат беру қағидасын бекiтедi;
11) Қазақстан Республикасының аумағында жүк көлiгi құралдарын өлшеудiң халықаралық сертификатын қолдану қағидасын бекiтедi;
12) автомобиль көлiгi саласындағы техникалық регламенттердi әзiрлейдi;
13) көлiктiк бақылау бекеттерiнiң жұмысын ұйымдастыру тәртiбiн бекiтедi;
14) жүк көлiгi құралдарын өлшеудiң халықаралық сертификатын берудi жүзеге асырады;
15) Қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiн арнайы даярлау курстарын ұйымдастыру қағидасын бекiтедi;
16) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау критерийлерiн, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi;
17) тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнiнде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдiстемесiн белгiленген тәртiпке сәйкес бекiтедi;
18) халықаралық және республикаiшiлiк қатынаста қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiн даярлау курстарын ұйымдастырады;
19) жүргiзушiге халықаралық және республикаiшiлiк қатынаста қауiптi жүктердi автокөлiк құралдарымен тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлiк берудi жүзеге асырады;
20) электрондық (цифрлық) тахографтарды орнатуды жүзеге асыратын сервис орталықтарының тiзбесiн бекiтедi;
21) электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкалар берудi жүзеге асырады;
22) электрондық (цифрлық) тахографтар жөнiндегi ұлттық дерекқорды жүргiзедi;
23) Автомобиль көлiгiмен мүгедектердi тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету қағидасын бекiтедi;
24) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен, өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
14-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар
Достарыңызбен бөлісу: |