Автомобиль көлiгiмен қауіптi жүктердi тасымалдау жөнiндегi кейбiр мәселелер туралы



бет1/12
Дата22.02.2016
өлшемі0.7 Mb.
#297
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Автомобиль көлiгiмен қауіптi жүктердi тасымалдау жөнiндегi кейбiр мәселелер туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 наурыздағы N 316 қаулысы

      " Автомобиль көлiгi туралы " 2003 жылғы 4 шiлдедегі және " Автомобиль жолдары туралы " 2001 жылғы 17 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидалары бекiтiлсiн.


      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.03.2013 № 259 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасы аумағында автокөлiк құралдарымен тасымалдауға жiберiлген қауіпті жүктердiң тiзбесi бекiтілсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 


Үкiметiнiң      
2004 жылғы 12 наурыздағы
N 316 қаулысымен   
бекiтiлген      

Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау
қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.03.2013 № 259 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).



1. Жалпы ережелер

      1. Осы Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Автомобиль көлiгi туралы» 2003 жылғы 4 шiлдедегi, «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңдарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.


      2. Қағидалар қауiптi жүктердi Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдауға байланысты заңды және жеке тұлғаларға қолданылады.
      Қауiптi жүктердi автокөлiк құралдарымен халықаралық тасымалдау Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Тасымалдау, тиеу-түсiру жұмыстарын жүргiзу және сақтау кезiнде оларға тән ерекшеліктерге байланысты техникалық құралдардың, құрылғылардың, ғимараттар мен құрылыстардың жарылуына, өртенуіне немесе бүлiнуiне, сондай-ақ адамдардың, жануарлардың өлiм-жiтiмiне, жарақат алуына және ауруына себеп болуы, қоршаған табиғи ортаға зиян келтiруi мүмкiн кез келген заттар, материалдар, бұйымдар, өндiрiстік және өзге де қызмет қалдықтары қауiптi жүктер деп танылады.
      4. Қауiптi жүктердi тасымалдау кезiнде «Қауіпті жүктер. Сыныптау және таңбалау» 19433-88 МемСТ және Қауіпті жүктерді халықаралық жолдарда тасымалдау туралы еуропалық келісімнің (ҚЖХЖТ) қолданыстағы стандарттарына сәйкес қауiптi жүктердiң сыныптамасы қолданылады.

2. Қауiптi жүктерді автокөлiк құралдарымен тасымалдауды
ұйымдастыру

      5. Қауiптi жүктердi Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдауды жүзеге асыратын көлiк құралдарының жүргiзушiлерi және қауiптi жүктердi тасымалдау үшiн пайдаланылатын автокөлiк құралдары осы Қағидалардың 4 және 5-тарауларында жазылған белгілі бір талаптарға сәйкес келеді.


      6. Қауiптi жүктер мамандандырылған автокөлiк құралдарымен немесе осы мақсатқа бейiмделген басқа көлiк құралдарымен тасымалданады.
      7. Осы қаулымен бекітілген қауіпті жүктер тізбесіне (бұдан әрі – қауіпті жүктер тізбесі) сәйкес 1, 6 және 7-сыныпты қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын көлік құралының автомобиль жолдарымен жүруіне арнайы рұқсаттың болуы талап етіледі.
      8. Жүк жөнелтушi (жүк алушы) мен тасымалдаушы арасында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қауiптi жүк тасымалын жүзеге асыруға шарт жасалады.
      Қауiптi жүктердi тасымалдауға арналған шарт өзiндiк ерекшелiктерiне байланысты, сондай-ақ мынадай:
      1) автокөлiк құралдарын арнайы өңдеу жөнiндегi iс-шаралар туралы;
      2) iлесiп жүрудi ұйымдастыру (қажет болған жағдайда) туралы;
      3) жүргiзушiлердi жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету тәртiбi туралы;
      4) қауiп және қауiптi жүктi бейтараптандыру туралы ақпарат жүйесiнiң элементтерiмен қамтамасыз ету тәртiбi туралы мәлiметтердi қамтуы тиiс.
      9. Қауiптi жүктi тасымалдау шартын жасасу тауар-көлiк жүкқұжатын жасаумен расталады.
      Қауiптi жүктi тасымалдау кезiнде тасымалдаушының үш данада жасалатын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүк жөнелтушi мен тасымалдаушы қол қоятын тауар-көлiк жүкқұжаты болуы тиiс.
      10. Тауар-көлiк жүкқұжатының нысаны және оны қолдану тәртiбi уәкiлеттi орган бекiткен автомобиль көлiгiмен жүктерді тасымалдау қағидаларымен айқындалады.
      11. Жүк жөнелтушi тасымалдаушыға қауiптi жүктердi тасымалдауға жасалған шартпен бiрге мыналарды:
      1) әрбiр автокөлiк құралына ақпараттық кестелерді;
      2) қауiптi жүктiң әрбiр түрiне жүргiзушiге арналған нұсқаулықты ұсынады.
      Көрсетiлген құжаттар тасымалдау бағдарын жол полициясы органдарымен келiсу мақсатында, тасымалдау шарты жасалғаннан кейiн, бiрақ тасымал басталғанға дейiн 5 күннен кешiктiрiлмей ұсынылуы мүмкiн.
      12. Қауiптi жүктердің тізбесіне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында автокөлiк құралдарымен тасымалдауға рұқсат берілетін 1, 6 және 7-сыныпты қауiптi жүктi тасымалдауға тасымалдаушы қауiптi жүктi тасымалдау бағдарын әзiрлейдi.
      Тасымалдау бағдарын әзiрлеген кезде тасымалдаушы мынадай негiзгi талаптарды басшылыққа алады:
      1) бағдар маңында iрi өнеркәсiп объектілері болмауы тиiс;
      2) бағдар iрi елдi мекендер арқылы өтпеуi тиiс. Қауiптi жүктердi iрi елдi мекендердің iшiмен тасымалдау қажет болған жағдайда бағдар ойын-сауық, мәдени-ағарту, оқу, мектепке дейiнгi және емдеу мекемелерiнiң қасынан өтпеуi тиiс;
      3) тасымалдау бағдарында көлiк құралдарының тұрақ орындары көзделуі тиiс.
      13. Бағдар бір облыстың шегінде өткен кезде тасымалдау бағдары осы облыста орналасқан жол полициясы бөлімшелерімен үш жұмыс күні ішінде келісіледі.
      Бағдар бірнеше облыстың аумағы арқылы өткен жағдайларда, жол қозғалысының қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы орган бес жұмыс күні ішінде тасымалдау бағытын келісуді жүргізеді.
      Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 16 тамыздағы № 770 шешімімен бекітілген Кеден одағының «Пиротехникалық бұйымдардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің Пиротехникалық бұйымдары бар қауіпті жүктердің сыныптамасына сәйкес 1.4-төменгі сыныбы бар пиротехникалық бұйымдарды тасымалдау кезінде тасымалдау маршрутын келісу және тасымалдауға рұқсатты ресімдеу талап етілмейді.
      14. Қауiптi жүктi тасымалдаудың келiсiлген бағдары 12 айға жарамды болады.
      Адамдардың өмiрi мен денсаулығы үшiн қауiппен, қоршаған ортаға және мәдени құндылықтарға келтiрiлетiн залалмен, сондай-ақ тасымалданатын жүктiң қауiпсiздiгiне байланысты күтпеген мән-жайлар болған кезде қауiптi жүктi тасымалдаудың келiсiлген бағдарын тасымалдаушы жол полициясы органымен келiсiм бойынша өзгертуi мүмкiн.
      15. Көрiнуi 300 метрге дейiн шектелген болса (тұман, жаңбыр, қар және т.б.) қауiптi жүктердiң жекелеген түрлерiн тасымалдауға тыйым салынуы мүмкiн, ол нақты қауiптi заттар мен бұйымдарды қауiпсiз тасымалдау шарттарында көрсетiледi.

3. 1, 6 және 7-сыныпты қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат
алуға өтініш беру, оны қарау және келісу тәртібі

      16. Автокөлік құралымен 1, 6 және 7-сыныпты қауіпті жүкті тасымалдауды жүзеге асыруға арнайы рұқсат (бұдан әрі – арнайы рұқсат) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық уәкілетті органы (бұдан әрі – аумақтық көліктік бақылау органы) береді.


      17. Арнайы рұқсат бір немесе бірнеше бірдей тасымалдауға, сондай-ақ белгіленген бағдар арқылы тасымалданатын қауіпті жүктер легіне 6 айдан аспайтын мерзімге беріледі.
      Арнайы рұқсаттардың бланкілері қолдан жасаудан арнайы қорғаумен баспаханалық әдіспен жасап шығарылады және қатаң есептегі бланкілер (осы Қағидаларға 1-қосымша) болып табылады.
      18. Арнайы рұқсатты алу үшін тасымалдаушы немесе оның өкілі аумақтық көліктік бақылау органына тасымалдауды жүзеге асыру басталғанға дейін кемінде 9 жұмыс күні қалғанда белгіленген нысандағы өтінішпен (осы Қағидаларға 2-қосымша) жүгінеді.
      19. Өтінішке:
      1) қауіпті жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралын тіркеу туралы куәліктің, сондай-ақ егер ол тасымалдаушының меншігі болып табылмаса, осындай көлік құралын иелену құқығын заңды негіздерде растайтын құжаттың көшірмесі;
      2) осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген құзыретті органдармен келісілген қауіпті жүкті тасымалдау бағдары;
      3) қауіпті жүктерді тасымалдайтын көлік құралы жүргізушісінің дайындығы туралы куәліктің (қауіпті жүктерді автокөлік құралдарымен тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлік) көшірмесі;
      4) тасымалдауға арналған қауіпті жүкке арналған қауіпсіздік туралы ақпараттандыру жүйесінің авариялық карточкасы;
      5) тасымалдаушының өкілі уәкілетті органға өтініш берген жағдайда өкілдің өкілеттігін растайтын құжаттар қоса беріледі.
      Жоғарыда көрсетілген құжаттармен қоса, өтінішті мемлекеттік қызметтерді ұсынған кезде уәкілетті орган пайдаланатын ақпараттық жүйені қолдану арқылы электрондық түрде беруге рұқсат етіледі.
      20. Аумақтық көліктік бақылау органы өтініш келіп түскен күні оны үлгіге (осы Қағидаларға 3-қосымша) сәйкес өтініштерді тіркеу және арнайы рұқсаттарды беру журналына тіркейді.
      21. Аумақтық көліктік бақылау органы өтінішті толтырудың дұрыстығын, көлік құралының техникалық сипаттамаларының мәлімделген қауіпті жүкті тасымалдау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарына сәйкестігін, ұсынылған мәліметтердің дұрыстығын тексереді және бір күн ішінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
      1) егер өтініш дәйексіз немесе толық емес ақпаратты қамтитын болса, оны қайтарады;
      2) өтінішті қарауға қабылдайды.
      22. Арнайы рұқсатты беру немесе беруден бас тарту туралы шешімді аумақтық көліктік бақылау органы арнайы рұқсатты алуға өтінішті тіркеген күнінен бастап 8 жұмыс күні ішінде қабылдайды.
      Аумақтық көліктік бақылау органы тасымалдаушыға немесе оның өкіліне қабылданған шешім туралы мәліметтерді жазбаша түрде береді.
      23. Арнайы рұқсатты беруден бас тарту үшін:
      1) Қауiптi жүктердi халықаралық жолдарда тасымалдау туралы еуропалық келiсiмнің (ҚЖХЖТ) және осы Қағидалардың мәлімделген қауіпті жүктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарын бұзудың анықталуы;
      2) осы Қағидалардың 13-15-тармақтарының талаптарын бұзуды болдырмау үшін белгіленген бағдарлар бойынша көлік құралдарының қозғалысына қатысты талаптарға мәлімделген қауіпті жүк қауіпсіздігінің сәйкес болмауы;
      3) осы Қағидалардың 19-тармағына сәйкес өтiнiмге қоса берiлетін құжаттардың толық көлемде ұсынылмауы немесе жалған деректерді қамтуы негіздеме болып табылады.
      24. Аумақтық көліктік бақылау органы берілген арнайы рұқсаттардың тізілімін жүргізеді, онда:
      1) арнайы рұқсатты берген органның атауы;
      2) тасымалдауға рұқсат берілген қауіпті жүктің сыныбы, нөмірі, атауы және сипаттамасы;
      3) белгіленген бағдар және ол арқылы қозғалыс шарты;
      4) жүкті іс жүзінде тиеу және түсіру орны;
      5) жүк жөнелтушінің және жүк алушының орналасқан орны;
      6) тасымалдаушы туралы мәлімет;
      7) арнайы рұқсаттың қолдану мерзімі және берілген күні;
      8) арнайы рұқсаттың нөмірі көрсетіледі.

4. Қауiптi жүктердi тасымалдайтын автокөлiк құралдарына
қойылатын талаптар

      25. Қауiптi жүктердi тасымалдайтын автокөлiк құралдары мынадай талаптарға:


      1) қауiптi жүктердi тасымалдайтын көлiк құралдарының конструкциясына, жабдығына және техникалық жай-күйiне қойылатын жасап шығарушы зауыттың құрылымдық-техникалық сипаттамаларына және Қазақстан Республикасының стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарына;
      2) тiркеу құжаттарының деректерiне;
      3) белгiленген тәртiппен келiсiлген тасымалдануға тиіс нақты қауiптi заттар мен бұйымдарды қауiпсiз тасымалдау шарттарына;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес автокөлiк құралдарына қойылатын санитариялық-гигиеналық өлшемдерге;
      5) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережесiне (бұдан әрi – Жол қозғалысы ережесi) және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актілеріне;
      6) жүргiзушiлердiң еңбек және демалыс режимiн тiркейтiн бақылау құрылғыларымен (тахографтармен) жабдықталуына;
      7) Жол қозғалысы ережесiне және Қазақстан Республикасының стандарттау жөнiндегi қолданыстағы нормативтiк құжаттарына сәйкес танылу белгiлерiмен жабдықталуына;
      8) Қазақстан Республикасының стандарттау жөнiндегi қолданыстағы нормативтiк құжаттарына сәйкес жарамды құралмен және жабдықпен жинақталуына;
      9) қажет болған жағдайларда тасымалданатын қауiптi затты бейтараптандыратын құралдармен және жүргiзушi мен iлесiп жүрушi қызметкердiң жеке қорғану құралдарымен жасақталуына;
      10) бақылаусыз төгілу, қауіпті жүк шығарынды болған жағдайда халықты хабардар етудің жергілікті жүйесімен жабдықталуына сәйкес келеді.
      26. Автокөлiк құралының конструкциясындағы өзгерiстер автокөлiк құралын жасап шығарушы зауытпен келiсiлуi тиiс.

5. Қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын жүргiзушiлерге
қойылатын талаптар

      27. Автокөлiк құралымен қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын жүргiзушiлер мынадай талаптарға сәйкес келеді:


      1) тиiстi санаттағы көлік құралын жүргізу құқығына куәлiгiнiң болуы;
      2) осы санаттағы көлік құралының жүргiзушiсi ретiнде кемiнде үш жыл үздiксiз жұмыс өтiлiнiң болуы;
      3) белгіленген тәртіппен кәсіби жүргiзушiлер үшін жол парағына белгi қоя отырып, жалпы медициналық куәландырудан және рейс алдындағы медициналық тексеруден өтуі;
      4) жүргізушіге Қазақстан Республикасының аумағы арқылы қауіпті жүкті тасымалдауға рұқсат беру туралы куәліктің болуы.

6. Қауiптi жүктердi тасымалдайтын көлiк құралдарының Қазақстан
Республикасының аумағы арқылы жүріп өту тәртiбi

      28. Тасымалдауды жүзеге асыратын жүргiзушi сапар басталғанға дейін қауiптi жүктердi тасымалдау бойынша рейс алдында нұсқау алуы және оның мынадай iлеспе құжаттары болуы тиiс:


      1) автокөлiк құралына тiркеу құжаттары;
      2) «Қауiптi жүк» белгiсi бар, осы Қағидалардың талаптарына сәйкес тасымалдау бағдары көрсетiлген жол парағы;
      3) жүргiзушiлерге арналған нұсқаулық (4-қосымша);
      4) жүргiзушiге Қазақстан Республикасының аумағы арқылы қауiптi жүктердi тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлiк (5-қосымша);
      5) қауiптi жүктер тізбесіне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында автокөлiк құралдарымен тасымалдауға жiберiлетiн 1, 6 және 7-сыныпты қауiптi жүктi тасымалдау бағдарының бланкiсi (6-қосымша);
      6) тауар-көлiк жүкқұжаты;
      7) жүк жөнелтушi әзiрлеген авариялық жағдайда әрекет ету жоспары;
      8) тасымалдаушының, жүк жөнелтушiнiң, жүк алушының, қозғалыс бағдары бойынша орналасқан көлiктi қауiпсiз пайдалануды қамтамасыз етуді бақылау, жол қозғалысы қауiпсiздiгi, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi уәкiлеттi органдардың мекенжайлары мен телефондары.
      29. Жүргiзушi қауiптi жүк тасымалының белгiленген және келiсiлген бағдарын және тұрақ орындарын қатаң сақтайды.
      Қауiптi жүгі бар автокөлік құралын жүргізу кезiнде жүргiзушiге:
      1) автокөлiк құралын орнынан кенеттен қозғауға;
      2) кенеттен тежеуге;
      3) қозғалтқыш пен iлiнiсуi ажыратылған күйде қозғалуға;
      4) қозғалыс кезінде автокөлік құралында темекі шегуге (тоқтаған кезде автокөліктің тұрған орнынан кемiнде 50 м жерде темекi шегуге рұқсат етiледi);
      5) отты ашық пайдалануға (ерекше жағдайларда тамақ дайындаған кезде автокөлiктің тұрған орнынан кемiнде 200 м қашықтықта от жағуға рұқсат етiледi);
      6) автокөлiк құралын қадағалаусыз қалдыруға болмайды.
      30. Қауiптi жүктердi тасымалдайтын көлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы қозғалуы Жол қозғалысы ережесiне және осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
      31. Қауiптi жүк тасымалдайтын автокөлiк құралында бiр тiркемеден (немесе жартылай тiркемеден) артық болмауы тиiс.
      32. Қауiптi жүктердi тасымалдау кезiнде автокөлiк құралдарының қозғалыс жылдамдығын шектеу Жол қозғалысы ережесiне сәйкес белгiленедi.
      Қауiптi жүктi тасымалдау кезiнде қозғалыс жылдамдығын белгiленген шектеу жағдайында автокөлiк құралында рұқсат етiлген жылдамдық көрсетiлген тану белгiсi орнатылуы тиiс.
      33. Қауiптi жүктердi 5 және одан көп автокөлiк құралдарынан тұратын колоннамен тасымалдаған кезде оның құрамында жүктiң осы түрiн тасымалдауға арналған резервтi бос автокөлiк құралының болуы мiндеттi. Резервтiк автокөлiк құралы колоннаның соңында жүруi тиiс.
      34. Автокөлiк құралдарының колоннасымен қауiптi жүктердi тасымалдау кезiнде тасымалдаушы немесе жүк жөнелтушi (жүк алушы) бөлетін iлесiп жүру автомобилiнiң (автомобильдерiнiң) болуы мүмкiн.
      Iлесетiн автомобиль iлесiп жүретiн көлiк құралдарының алдында жүруi тиіс.
      Ілесіп жүру автомобилi тасымалдау кезінде мiндеттi түрде қосылуға тиіс қызғылт сары түстi жарқылдауық маякпен жабдықталады.
      35. Егер қозғалыс процесінде жол жүру қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында жол қозғалысын реттеу жөнiндегi қосымша іс-шараларды жүргізудің қажеттiлiгi туындаса, жол полициясы патрульдiк автомобилiнiң iлесiп жүруi жүзеге асырылады.
      36. Ерекше қауiптi жүктердi тасымалдау кезінде жүргiзушiлердiң елдi мекендерде демалуға тоқтауына тыйым салынады.
      Тұрғын үй құрылыстары мен адамдардың көп шоғырланған жерiнен кемiнде 200 метр қашықтықта немесе осыған арнайы бөлiнген жерлерде тұруға рұқсат етiледi.
      Автокөлiк құралы аялдаған немесе тоқтап тұрған кезде тоқтау тежегiшi мiндеттi түрде қосылуы тиiс, ал еңiсте қосымша сырғуға қарсы тiреуiш қойылуы керек.
      Қауiптi жүктердi тасымалдайтын автокөлiк құралдарының тоқтайтын және тұратын орындары қауiптi жүктi тасымалдау бағдарында көрсетiледi.
      37. Қауiптi жүктерді тасымалдайтын автокөлік құралдары мүмкiндiгiнше жалпы пайдаланымдағы автожанармай құю станцияларында қосымша жанармай құймай, бүкіл сапар жолына жетерлiктей отынмен қамтамасыз етiледi.
      Қажет болған жағдайда жалпы пайдаланымдағы автожанармай құю станцияларында жанармай құю автожанармай құю станциясының аумағынан кемiнде 25 метр қашықтықта орналасқан алаңда станциядан темiр канистрлермен немесе арнайы осы мақсаттар үшiн көзделген жылжымалы май құю станцияларынан алынып жүргiзiледi.
      38. Жол-көлiк оқиғасы туындаған жағдайда жүргiзушi:
      1) оқиға болған жерге бөтен адамдарды жiбермейдi;
      2) зардап шеккен адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсетедi және қажет болған кезде жедел медициналық жәрдем шақыртады;
      3) болған оқиға туралы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы уәкiлеттi органға, сондай-ақ басқа да мүдделi органдарға хабарлайды;
      4) жүргiзушiге арналған нұсқаулықтағы нұсқамаға және апаттық жағдайда iс-қимыл жоспарына сәйкес апаттық ахуалдың салдарын алғашқы жою бойынша шаралар қабылдайды;
      5) оқиға болған жерге келген осы қағидалардың 28-тармақтың 8) тармақшасында атап көрсетiлген уәкiлеттi органдардың өкiлдерiн қауiп-қатер және қабылданған шаралар туралы хабардар етедi.
      39. Қауiптi жүк тасымалдайтын автокөлiк құралдарына iлесiп жүретiн персоналдың қауiптi жүктерге iлесiп жүру құқығын куәландыратын куәлiктерi болады. Куәлiк iлесiп жүретiн адамның жеке басын куәландыратын құжаты көрсетiлгенде жарамды болады.
      40. Қауiптi жүктердi тасымалдауға қатысушылар адамдардың өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтiрудi болдырмау мақсатында қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiнде тиiстi ұйымдастыру және техникалық шараларды қабылдайды.
      Жарылғыш, тез тұтанатын, радиоактивтi, улы және басқа да қауiптi жүктердiң жөнелтушiлерi (жүк алушылары) жүктердi тасымалдау кезiнде авариялық жағдайлардың алдын алу, сондай-ақ авариялардың салдарларын жою үшiн қажеттi құралдары мен ұтқыр бөлiмшелерiнiң болуы арқылы оларды тасымалдау қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi.

Автомобиль көлігімен қауіпті 


жүктерді тасымалдау қағидаларына
1-қосымша           

Автомобиль көлiгiмен қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыруға
№           арнайы рұқсат

Тасымалдаушының атауы



Тасымалдаушының орналасқан жері және телефоны



Тасымалданатын қауіпті жүктің сыныбы, БҰҰ нөмірі, атауы және сипаттамасы



Көлік құралының түрі, маркасы



Автомобильдің мемлекеттік тіркеу белгісі



Тіркеменің (жартылай тіркеменің) мемлекеттік тіркеу белгісі



Арнайы рұқсаттың қолданылу мерзімі

__________ бастап ________________ дейін
_________________________ жүруге жарамды

Тасымалдау бағдары



Жүк жөнелтушінің мекенжайы және телефоны



Жүк алушының мекенжайы және телефоны



Тасымалдау бағдарының аралық пункттерінің мекенжайы және авариялық қызмет телефондары



Тұрақ орындары және жанармай құю орны



Уәкілетті органның лауазымды адамының Т.А.Ә., мөрі және берілген күні

М.О.



Арнайы рұқсатты қолданудың ерекше шарттары

Қадағалаушы бақылау органдарының лауазымды адамдарының белгілері













Шектеулер







Автомобиль көлiгiмен қауiптi 
жүктерді тасымалдау қағидаларына
2-қосымша          

Үлгі


  Тіркеу нөмірі және күні
(Аумақтық орган ресімдейді)

                          ___________________________________________


                          (аумақтық көліктік бақылау органының атауы)

                              Өтініш

_____________________________________________________________________
   (заңды тұлғаның атауы немесе дара кәсіпкердің және жеке тұлғаның
                     Т.А.Ә., паспорт деректері)
_____________________________________________________________________
(тасымалдаушы тасымалдауды жүзеге асыратын қауіпті жүктің сыныбы, БҰҰ
              нөмірі, атауы және сипаттамасын көрсету)
қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат ресімдеуді (қайта
ресімдеуді) сұрайды.
      Тасымалдау ____________________________________________________
_____________________________________________________ көлік құралымен
   (көлік құралының түрін, маркасын, автомобильдің,
   тіркеменің және жартылай тіркеменің мемлекеттік
             тіркеу нөмірлерін көрсету)
___________________________________________________ жүзеге асырылады.
(тасымалдау бағытын, қауіпті жүкті тасымалдау күнін
   және мерзімін, тиеу және түсіру орнын көрсету)
      Қосымша хабарлаймын:
_____________________________________________________________________
(қауіпті жүкті жөнелтушінің және жүк алушының атауы, нақты пошталық
    мекенжайы, телефон нөмірі, факс немесе электрондық поштасының
                              мекенжайы)
Қажетті құжаттар өтінішке қоса беріледі. Ұсынылған құжаттардың
тұпнұсқалылығын және дұрыстығын растаймын.

      Арнайы рұқсаттың қолдану мерзімін ___________ бастап __________


дейін _____________________ сапарға белгілеуді сұраймын.

      Лауазымы                                                   Қолы

      М.О.

Автомобиль көлiгiмен қауiптi 


жүктерді тасымалдау қағидаларына
3-қосымша           


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет