Автомобиль көлiгiмен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын бекiту туралы


Жолаушылард мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысiшiлiк) тұрақты тасымалдаудың маршруттарында жол жүру және багажды алып жүру төлемi



бет5/9
Дата12.06.2016
өлшемі0.61 Mb.
#130624
1   2   3   4   5   6   7   8   9

6. Жолаушылард мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысiшiлiк) тұрақты тасымалдаудың маршруттарында жол жүру және багажды алып жүру төлемi

      244. Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысiшiлiк) тасымалдаудың маршруттары бойынша жол жүру және багажды алып жүру төлемiн жолаушылар автовокзалдың, автостанцияның кассасына, ал маршруттардың аралық аялдама пункттерiнде кондукторға (жүргiзушiге) тiкелей автобусқа отырғызу кезiнде, ол аялдама пунктiнен жөнелтiлгенге дейiн төлейдi.


      245. Жол жүру төлемiнiң фактiсi мынадай ақпаратты қамтитын жолаушыға жүру құжатын берумен белгiленедi:
      1) билеттiң сериясы мен нөмiрi;
      2) жөнелту және бару пункттерi;
      3) комиссиялық және сақтандыру алымдары көрсетiлген төленген жол жүру құны;
      4) билеттiң берiлген күнi;
      5) бастапқы пункттен автобустың жөнелтiлген күнi мен уақыты;
      6) рейстiң нөмiрi;
      7) жолаушының отыру орнының нөмiрi.
      246. Багажды алып жүру төлемiнiң фактiсi жолаушыға багаж түбiртегiн берумен белгiленедi.
      247. Егер жолаушы билеттi маршруттың автовокзалдан (автостанциядан) тыс орналасқан аралық аялдама пункттерiндегi жүру жолында алса, онда кондуктор (жүргiзушi) билетке рейстiң нөмiрiн, жолаушының бастапқы және соңғы жүру пункттерiн, төленген жол жүру құнын, отыру орнының нөмiрiн, жөнелту күнi мен уақытын қояды, сондай-ақ билет-есепке алу парағында тиiстi жазу жазады.

7-тарау. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық  облысаралық (астана мен республикалық маңызы бар қаланы қоса алғанда) тұрақты тасымалдауы

1. Жалпы ережелер

      248. Жолаушылар мен багажды автомобильмен облысаралық (астана мен республикалық маңызы бар қаланы қоса алғанда) тұрақты тасымалдау автомобиль көлiгi саласындағы уәкiлеттi органның бастамасы бойынша жергiлiктi атқарушы органдармен ұйымдастырылады.


      249. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық, облысаралық (астана мен республикалық маңызы бар қаланы қоса алғанда) тұрақты тасымалдауы көрсетiлген жолуашылар мен багажды тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығы конкурсында жеңген және тиiстi жергiлiктi атқарушы органдар мен тасымалдаушылар арасында жасалған шарттар негiзiнде оларға қызмет көрсету құқығына куәлiк алған тасымалдаушылар жүзеге асырады.
      Көрсетiлген тасымалдаулар түрлерiн куәлiксiз жүзеге асыруға рұқсат етiлмейдi.
      250. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық, облысаралық (астана мен республикалық маңызы бар қаланы қоса алғанда) тасымалдаудың маршруттарын жайғастыруға осы Қағиданың 6-тарауының 2-бөлiмiнде көзделген талаптар қойылады.
      251. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық облысаралық тұрақты тасымалдаудың маршруттарындағы жол жүру, қол жүгi мен багажды алып жүру, сондай-ақ олардың төлемi осы Қағиданың 6-тарауының 4-6-бөлiмiнде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

2. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық облысаралық қатынасындағы тұрақты тасымалдаудың маршруттары бойынша қозғалыс кестелерiн келiсу тәртiбi

      252. Қалааралық облысаралық маршруттарды зерттеу нәтижелерi бойынша автомобиль көлiгi саласындағы уәкiлеттi орган олар бойынша ұсынылатын маршрут схемалары мен қозғалыс кестелерiн жасайды және аумағы бойынша маршрут өтетiн облыстың (астананың және республикалық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдарына келiсуге жiбередi.


      253. Жергiлiктi атқарушы органдардың қалааралық облысаралық маршруттар бойынша қозғалыс кестелерiн келiсу мерзiмi, осы материалдар оларға келiп түскен сәттен бастап кемiнде 5 жұмыс күнiн құрайды. Қозғалыс кестелерiн келiсу тәртiбi осы Қағиданың 36-38 тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
      254. Жергiлiктi атқарушы органдар қозғалыс маршрутының схемасы мен олар бойынша қозғалыстар кестелерi бойынша өзара айырмашылығы бар ескертулер берген жағдайда, автомобиль көлiгi саласындағы уәкiлеттi орган тиiстi маршрут бойынша ымыралы шешiм шығарады және осы маршрутты бекiтедi.
      255. Бекiтiлген маршрут нәтижелерi бойынша автомобиль көлiгi саласындағы уәкiлеттi орган оны қалааралық облысаралық маршруттардың тiзiлiмiне енгiзедi.

8-тарау. Жолаушылар мен багажды автомобильмен  халықаралық тұрақты тасымалдау

1. Жалпы ережелер

      256. Жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық тұрақты тасымалдаудың маршруттары бойынша жол жүру тәртiбi Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен реттелмеген бөлiгiнде осы Қағидада регламенттеледi және жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық тұрақты тасымалдау маршруттары бойынша жол жүру тәртiбiне сәйкес келедi.


      257. Жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасы аумағындағы пункттерi арасында жолаушыларды тасымалдау рұқсат етiлмейдi.

2. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты халықаралық тасымалдауды ұйымдастыру тәртiбi

      258. Жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық тасымалдауды ұйымдастыру үшiн тасымалдаушы халықаралық қатынаста жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру шешiмiн тасымалдауды жүзеге асыру болжанып отырған басқа мемлекеттегi әрiптесiмен келiседi және онымен тиiстi шарт жасасады.


      259. Автомобиль көлiгi саласындағы уәкiлеттi орган растаған маршрут бойынша қозғалыс схемалары мен ол бойынша қозғалыс кестелерiн, жолаушылар мен багажды тасымалдауға арналған тарифтердi және жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық тұрақты тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсатты (бұдан әрi – халықаралық тасымалдауға арналған рұқсат құжаттары) алу үшiн, осы Қағиданың 12-қосымшасына сәйкес сондай-ақ рұқсат құжаттарының қолданылу мерзiмiн ұзарту үшiн тасымалдаушы автомобиль көлiгi саласындағы уәкiлеттi органға жеке папкаға ресiмделген мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) шетелдiк тасымалдаушымен бiрлескен қызмет туралы шартты;
      2) заңды тұлғаның немесе өз қызметiн заңды тұлғаны құрмай жүзеге асыратын кәсiпкердiң мемлекеттiк тiркелу туралы куәлiгiнiң нотариалды түрде куәландырылған көшiрмесiн;
      3) жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру құқығына нотариалды расталған лицензия көшiрмесiн;
      4) автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттарының және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру сақтандыру полисiнiң немесе шарттарының көшiрмесiн;
      5) әрбiр бiрлiкке арналған техникалық паспорттардың және алдыңғы тоқсан үшiн мемлекеттiк техникалық тексеруден өткенi туралы куәлiктердiң көшiрмелерi қоса берiлген, маршрутта пайдалануға көзделетiн жылжымалы құрам туралы мәлiметтердi (автобустардың саны және үлгiсi (класы);
      6) жылжымалы құрамды техникалық жарамды күйде күтiп ұстау, алдын алу медициналық тексерудi жүзеге асыратын қосымшасымен лицензиясы бар медицина қызметкерлермен шарттарының көшiрмесiн орындау бойынша жұмыстардың қажеттi кешенiн жүргiзу мүмкiндiгiн растайтын өндiрiстiк-техникалық базаға (жеке немесе жалға алған) құжаттардың көшiрмелерiн;
      7) маршрут бойынша автобустардың орны және жөнелтiлу, келу және тұру уақыттары, сондай-ақ барлық аялдама пункттерi мен мемлекеттердiң шекаралары арқылы өткiзу пункттерi бойынша қашықтықтар көрсетiлген қозғалыс кестелерiн;
      8) автовокзалдарды, автостанцияларды, мемлекеттiк шекара арқылы өткiзу автомобиль пункттерiн, автобустар қозғалысының қауiптi учаскелерi мен жылдамдық режимi көрсетiлген маршрут схемасын;
      9) осы маршрутқа қызмет көрсететiн тасымалдаушылар тiркелген мемлекеттердiң ұлттық валютасындағы халықаралық тұрақты маршруттың аялдама пункттерi бойынша жолаушыларды және багажды тасымалдауға ұсынылатын тарифтердi;
      10) автобус жүргiзушiлерiнiң ауысым уақыты мен орны көрсетiлген барлық тұрақты маршрут бойындағы еңбек және демалыс режимiнiң кестесi қоса берiлген өтiнiмдi ұсынады.
      Осы тармақтың 7)-9) тармақшаларында көрсетiлген тұрақты маршрутқа қызмет көрсету туралы шарт жасасқан қазақстандық және шетелдiк тасымалдаушылар қол қойған және олардың мөрлерiмен расталған құжаттар 4 данада ұсынылады.
      260. Қажеттi құжаттар бар халықаралық тасымалдауды жүзеге асыруға арналған рұқсат құжаттарының қолданылу мерзiмiн ұзартуға өтiнiм автомобиль көлiгi саласындағы уәкiлеттi органға рұқсат құжаттарының белгiленген қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн 3 айдан кешiктiрмей ұсынылады.
      261. Автомобиль көлiгi саласындағы уәкiлеттi орган өтiнiм тiркелген сәттен бастап 15 жұмыс күнi iшiнде, өтiнiмге қоса берiлген құжаттардың толық пакетi болған жағдайда, аумағы бойынша маршрут өтетiн мемлекеттердiң құзыреттi органдарына, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, осы Қағиданың 259-тармағының 1)-4), 7)-10) тармақшаларында көрсетiлген құжаттар қоса берiлген маршрут ашуға рұқсат алу туралы өтiнiштi жiбередi.
      262. Аумағы бойынша маршрут өтетiн шетел мемлекеттерiнiң құзыреттi органдарынан тиiстi рұқсаттарды алғаннан кейiн тасымалдаушыға халықаралық тасымалдауды жүзеге асыруға арналған рұқсат құжаттары берiледi.
      263. Өтiнiмге қоса берiлген құжаттардың көшiрмесi бiр данада автомобиль көлiгi саласындағы уәкiлеттi орган тiзiлiм жүргiзу үшiн қалдырылады.
      264. Рұқсат берiлген күннен бастап күнтiзбелiк 30 күн iшiнде тасымалдаушы автомобиль көлiгi саласындағы уәкiлеттi органға тасымалдаушылар мен автовокзалдардың, автостанциялардың әкiмшiлiгi осы Қағидаға және сәйкес жасасқан шарттардың көшiрмелерiн ұсынады.
      265. Тасымалдаушылар маршруттағы әрбiр автобуста рұқсаттардың түпнұсқалары немесе нотариалды расталған көшiрмелерi болуын қамтамасыз етедi.
      266. Маршрутты, аялдама пункттерiн, қозғалыс кестесiн өзгертудi, сондай-ақ маршрутты жабуды автомобиль көлiгi саласындағы уәкiлеттi орган тасымалдаушының немесе жергiлiктi атқарушы органдардың өтiнiшiнiң негiзiнде аумағы бойынша маршрут өтетiн мемлекеттердiң құзыреттi органдарымен алдын ала келiсiм бойынша жүргiзедi.
      267. Өтiнiмдердi және тұрақты маршрут бойынша жолаушылар тасымалдауын жүзеге асыруға құжаттарды ресiмдеу бойынша ұсыныстар дайындау, қосымша рейстердi орындау, автобустардың қозғалыс кестесiн және жолаушыларды тасымалдау тарифтерiн өзгерту кезiнде халықаралық автобус маршруттарының қалыптасқан желiсi, тасымалдаушыда автобустардың тасымалдауды орындау үшiн қажеттi санының болуы, ал қолданылу мерзiмдерiн ұзарту кезiнде сонымен қатар онда және оның шетелдiк әрiптесiнде (тасымалдаушыда) тасымалдау ережелерiн бұзушылықтар, қызмет көрсету сапасына жолаушылар шағымдарының болмауы (болуы) және рейстердiң орындалу кезеңдiлiгiн сақтау ескерiледi.
      268. Тасымалдаушыға халықаралық тасымалдауға рұқсат құжаттарын беру мынадай жағдайларда бас тартылады:
      1) осы Қағиданың 259-тармағына сәйкес өтiнiмге қоса берiлген құжаттар толық көлемде емес немесе жалған мәлiметтер болса, егер 260-тармаққа сәйкес маршрутты ұзарту жағдайда;
      2) өтiнiш берiлген қозғалыс кестесi бойынша маршрутта белгiленген тәртiппен жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты халықаралық тасымалдау жүзеге асырылса;
      3) ашылып жатқан бастапқы және аралық пункттерi және қолданыстағы тұрақты халықаралық маршруттар бойынша қозғалыс кестесiнiң айырмашылығы кемiнде 1 сағатты құрайды;
      4) тасымалдауды жүзеге асыруға болжанып отырған жылжымалы құрамның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкессiз, сондай-ақ автобустарды рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық тексерудi, сондай-ақ жүргiзушiлердi (ауысым алдындағы) медициналық тексерудi жүргiзу мүмкiндiгi болмаса;
      5) тасымалдаушы (тасымалдаушылар) тарапынан осы Қағиданы бiрнеше рет бұзушылықтардың фактiлерi орын алса;
      6) аумағы арқылы өтiнiш берiлген маршрут өтетiн мемлекеттiң құзыреттi органының келiсiмi алынбаса бас тартылады.
      269. Дәлелдi бас тарту жазбаша нысанда өтiнiш берушiге жiберiледi.
      270. Тасымалдаушыға берiлген рұқсат құжатының қолданылуы:
      1) тасымалдаушы автомобиль көлiгi саласындағы уәкiлеттi органға тасымалдауды болжамды тоқтату күнiне дейiн 3 айдан кешiктiрмей жазбаша өтiнiш берген;
      2) жергiлiктi атқарушы органдар жазбаша дәлелдi өтiнiш берген;
      3) осы Қағиданың талаптарын бұзу немесе сақтамау фактiлерi байқалған;
      4) егер тасымалдаушы аумағы бойынша маршрут өтетiн мемлекеттердiң құзыреттi органдары белгiлеген тұрақты маршруттарды пайдалану шарттарын қамтамасыз етпесе;
      5) аумақтары бойынша тұрақты маршрут өтетiн шет мемлекеттердiң құзыреттi органдарының жазбаша өтiнiшi бойынша алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруы мүмкiн.
      271. Тасымалдаушыға берiлген рұқсат құжатының қолданылуы:
      1) тасымалдаушы тасымалдауды болжамды тоқтату күнiне дейiн 3 айдан кешiктiрмей жазбаша өтiнiш берген;
      2) тасымалдаушы өз еркiмен, автомобиль көлiгi саласындағы уәкiлеттi органның келiсiмiнсiз маршрут бойынша автобустардың қозғалыс кестесi мен схемасына өзгерiстер енгiзген;
      3) аумақтары бойынша тұрақты маршрут өтетiн шет мемлекеттердiң құзыреттi органдарының жазбаша өтiнiшi бойынша;
      4) тасымалдаушылар мен автовокзалдардың, автостанциялардың әкiмшiлiгi осы Қағидаға және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес жасайтын шарттардың көшiрмелерiн белгiленген мерзiмдерде ұсынбаған;
      5) егер тасымалдаушы рұқсат құжаттарын алған күннен бастап айлық мерзiм өткен бойда маршрутта жолаушылар тасымалдауды орындамаса;
      6) егер маршрутта жолаушылар тасымалдауды тасымалдаушы рұқсат құжаттарының қолданылу кезеңiнде күнтiзбелiк 15 күн бойы орындамаса;
      7) осы Қағиданың талаптарын бiрнеше рет бұзған фактiлерi байқалған жағдайда тоқтатылады.

3. Халықаралық қатынаста жол жүру және багажды алып жүру төлемi

      272. Халықаралық қатынаста жол жүру үшiн жол жүру құжаттарын (билеттерiн) алу тәртiбi осы Қағидада белгiленген облысаралық қалааралық қатынаста билеттер алу тәртiбiне сәйкес.


      Багаждың багаж автомобильдерiнде жүруi, алып жүруi осы Қағиданың 6-тарауының 5-бөлiмiнде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      273. Халықаралық қатынаста жол жүру және багажды алып жүру төлемi, жол жүру құжаттары (билеттерi) сатып алынған мемлекеттiң валютасымен жүргiзiледi.
      274. Багажды сақтау және беру тәртiбi, аумағында оны сақтау және беру жүргiзiлетiн мемлекеттiң заңнамасымен реттеледi.

9-тарау. Жолаушылар мен багажды бiр жолғы және тапсырыс сипатындағы тұрақты емес тасымалдауы

1. Жалпы ережелер

      275. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты емес автомобиль тасымалдау жол желiсi және тиiстi автокөлiк құралдары үшiн рұқсат етiлген жол құрылыстары бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкiн. Тасымалдауды жүзеге асыру алдында тасымалдаушы болжанып отырған тасымалдау маршрутындағы жолдар мен жол құрылыстардың жай-күйiн, оның iшiнде жол органдары мен жол полициясы органдарына сұрау салу түрiнде алдын ала зерттеудi жүргiзедi.


      276. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды ұйымдастыру кезiнде тасымалдаушы автокөлiк құралында жүргiзушiнiң рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық тексеруден және автокөлiк құралының рейс алдындағы техникалық тексеруден өткенi туралы белгiлер бар борт журналының болуын қамтамасыз етедi.
      277. Жолаушыларды және багажды тұрақты емес тасымалдау, осы қызметке белгiленген тәртiппен жiберiлген және осы Қағиданың талаптарына сәйкес келетiн автокөлiк құралдарымен жүзеге асырылады.
      278. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде аялдама пункттерi жолаушылардың қауiпсiз отырғызылуы мен түсiрiлуiн қамтамасыз етуi және жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарының аялдама пункттерiмен сәйкес келмеуi тиiс.
      Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын автобустардың, шағын автобустардың жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарының аялдама пункттерiнде аялдама жасауына, сондай-ақ оларда жолаушыларды отырғызуға және түсiруге тыйым салынады.
      279. Халықаралық қатынаста жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес белгiленген тәртiппен осы қызметке жiберiлген тасымалдаушылар жүзеге асырады.
      280. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау кезiнде жолаушыларды автобустағы отыратын орындардың санынан асатын мөлшерде тасымалдауға және өлшемi 60х40х20 см және салмағы 35 кг артық қол жүгiн тасымалдауға жол берiлмейдi.
      Өлшемi осы тармақта көрсетiлген өлшемдерден асатын жолаушылардың мүлiгi автокөлiк құралдарының багаж бөлiмшесiнде немесе автобусқа, шағын автобусқа ерiп жүретiн багаж автомобилiнде тасымалданады.
      281. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдау кезiнде жол жүру және багажды алып жүру төлемiн жолаушылар тасымалдаушыға (жүргiзушiге) шарттың талаптарына сәйкес төлейдi.

2. Жолаушылар мен багажды бiр жолғы сипаты бар тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртiбi

      282. Жолаушылар мен багажды бiр жолғы сипаты бар тасымалдауды әдетте, бiр ғана жолаушылар тобын тасымалдың бастапқы пунктiнен соңғы пунктiне жеткiзу және осы пункттердiң арасында не көрсетiлген бағыттардың бiрiнде жолаушыларды отырғызбай және түсiрмей керi әкету мақсатында жүзеге асырылады.


      283. Жолаушылар мен багажды бiр жолғы сипаты бар тасымалдау кезiнде тасымалдаушы осы Қағиданың 13-қосымшасына сәйкес жол парағын толтырады.

3. Жолаушылар мен багажды тапсырыс берiлген автобустармен, шағын автобустармен және жеңiл автомобильдермен тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртiбi

      284. Жолаушылар мен багажды тапсырыс берiлген автобустармен, шағын автобустармен және жеңiл автомобильдермен тасымалдаудың жүйелiк сипаты бар және азаматтарды жұмыс, оқу орындарына жеткiзу мақсатында, сондай-ақ туристiк және экскурсиялық тасымалдауды жүзеге асыру үшiн жүзеге асырылады.


      285. Туристiк және экскурсиялық ұйымдардың өтiнiмдерi бойынша тапсырыспен тасымалдауды жүзеге асырған кезде тасымалдаушы осы Қағиданың 13-қосымшасына сәйкес жол парағын толтырады.
      286. Тәрбиелеу және бiлiм беру мекемелерiнiң өтiнiмдерi бойынша балаларды тапсырыс бойынша тасымалдауды жүзеге асыру тәртiбi осы Қағиданың 11-тарауында көзделген тәртiпте жүзеге асырылады.
      287. Жолаушыларды және багажды тапсырыс берiлген автобустармен тасымалдау қызметке тапсырыс берушi мен тасымалдаушының арасындағы жазбаша шарттың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады, оның көшiрмесi автокөлiк құралында болуы тиiс.

10-тарау. Жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдау

1. Жалпы ережелер

      288. Жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдау осы Қағиданың 26-30-тармақтарының талаптарына сәйкес жабдықталған жеңiл автомобильдермен, тасымалдаушы мен елдi мекендердiң жергiлiктi атқарушы органдарының арасындағы жасасқан жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарттың негiзiнде (бұдан әрi – Шарт) жүзеге асырылады.


      Жергiлiктi атқарушы орган тасымалдаушымен Шартты жасасқаннан кейiн күнтiзбелiк 15 күннен кешiктiрмей Шарттың көшiрмесiн (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) көлiктiк бақылаудың аумақтық органдарына жiбередi.
      289. Такси тасымалдауды жүзеге асыру үшiн кемiнде төрт есiгi бар өнiмдi топтап шығаруы жеңiл автомобильдер қолданылады.
      Арнаулы басқаруы бар автокөлiк құралдарын такси тасымалдауы үшiн қолдану, соның iшiнде барлығы қолмен, сондай-ақ басқару рулi оң жақтағы рұқсат етiлмейдi.

2. Таксимен тасымалдауды жүзеге асыру тәртiбi

      290. Жолаушылардың таксиге отыруы және одан түсуi жол желiсiнiң учаскелерiнде арнайы жабдықталған такси тұрақтарында, автомобильдердiң тоқтауына жол қозғалысы ережелерiнде рұқсат етiлген жерлерде жүргiзiледi.


      291. Жабдықталған такси тұрақтарында жолаушылар кезек тәртiбiмен таксиге отырады. Таксиге кезектен тыс отыру құқығын мүгедектер, зейнеткерлер, жүктi әйелдер, мектеп жасына дейiнгi балалары бар жолаушылар пайдаланады.
      292. Жүрiп келе жатқан таксидi, егер:
      1) онда бос орындардың жеткiлiктi саны болса;
      2) таксидегi жолаушы осылай тоқтауға келiсiм берсе, қол көтерiп тоқтатуға болады.
      293. Жолаушы бос таксиге отыру кезiнде жүргiзушiге жүру маршрутын көрсетедi. Егер жолаушы өз бетiмен оңтайлы жүру маршрутын анықтай алмай, тек қана сапардың соңғы пунктiн атайтын болса, онда жүргiзушi жолаушыны барынша қысқа жолмен баратын орнына жеткiзедi.
      294. Таксиге отыру және одан шығу толық тоқтағаннан кейiн автомобильдiң оң жағынан ғана жүзеге асырылады.
      295. Жолаушы тасымалдау шартын бұзбай таксиден түседi. Бұл ретте жүргiзушi таксидiң жолаушыны күтiп тұрып қалған барлық алдын ала келiсiлген мерзiм үшiн ақша кепiлiн талап етедi.
      Егер жолаушы оны күтiп тұрған такси-автомобильге алдын ала келiсiлген уақыт iшiнде қайтып келмесе, тасымалдау шарты тоқтатылды деп есептеледi.

3. Тапсырыстар бойынша таксидiң жұмысы

      296. Такси беруге тапсырыстар қабылдауды тасымалдаушы орталықтандырылған түрде диспетчерлiк қызмет арқылы қол жеткiзiмдi байланыс құралдары бойынша ұйымдастырады. Такси беруге тапсырыстың құнын жолаушы сапар аяқталған соң жолаушылар мен багажды тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарт бойынша белгiленген тарифке сәйкес төлейдi.


      297. Таксиге тапсырыс берген жолаушыға, жiберiлген автомобильдiң нөмiрi, тапсырыстың шамамен алғандағы құны және беру уақыты телефон бойынша хабарланады.
      298. Шұғыл тапсырыстар қабылданған кезден бастап белгiленген уақыт аралығында орындалуы тиiс.
      299. Алдын ала тапсырыс кезiнде жүргiзушi таксидiң тапсырыста көрсетiлген уақытқа берiлуiн қамтамасыз етедi.

4. Таксимен жол жүру төлемi

      300. Таксимен жол жүру төлемiн жолаушы өзi жүрiп өткен қашықтық үшiн қолданылып жүрген тарифке сәйкес сапар аяқталған және багаж түсiрiлген соң төлейдi. Жүргiзушiмен есеп айырысу қолма-қол ақшамен жасалады. Аяқталған сапар үшiн төлем туралы түбiртектер мен анықтамалар жолаушылардың талабы бойынша берiледi.


      301. Егер таксимен тасымалдау процесiнде, оның қозғалысын жалғастыру жүргiзушiге қатыссыз жағдайлар бойынша мүмкiн болмайтын жағдай туындаса, онда тасымалдау шарты мерзiмiнен бұрын бұзылған деп есептеледi және жолаушы жүрiлген қашықтықты төлейдi.

5. Қол жүгiн, ұсақ жануарларды және багажды таксимен тасымалдау

      302. Жалпы салмағы автомобильдiң техникалық құжатында көзделгеннен аспайтын багажды таксидiң багаж бөлiмшесiнде және тек багаж бөлiмшесiнiң қақпағы жабық жағдайда ғана тасымалдауға рұқсат       етiледi.


      303. Багажды тиеу мен түсiрудi таксидiң жүргiзушiсi жүзеге асырады.
      304. Таксидiң салонында есiк ойықтары арқылы еркiн өтетiн, салонның қаптамасы мен жабдығын бүлдiрмейтiн және ластамайтын, жүргiзушiге автомобильдi басқаруға кедергi болмайтын және артқы жақты көру айнасымен байқауды шектемейтiн түрлi заттар мен бұйымдарды тасымалдауға рұқсат етiледi.
      305. Таксиде ұсақ жануарлар мен құстарды себеттермен, торлармен немесе түбi тұтас сумкалармен тасымалдауға рұқсат етiледi.
      Таксиде иттердi тасымалдауға тек мұндай тасымалға жүргiзушi мен басқа жолаушылар келiсетiн болса ғана рұқсат етiледi.

6. Такси тұрақтары

      306. Таксидiң тұрақтары барлық жолаушылар жиналатын iрi пункттерде (әуежай, вокзалдар, iрi сауда және мәдениет орталықтары) ұйымдастырылады.


      307. Такси тұрақтары басқа автомобильдердiң тұрақтарынан жол таңбасының арнайы шектеу сызықтарымен бөлiнедi немесе жергiлiктi атқарушы органдардың жол полициясы органдарымен келiсiмi бойынша белгiленген көгiлдiр түстi "Т" ("Такси") деген айыру белгiсi бар және арнайы белбеумен белгiленедi.
      308. Такси тұрақтары тәулiктiң қараңғы мезгiлiнде жарықтандырылады.
      309. Такси тұрағына бөтен автомобильдердi қоюға рұқсат етiлмейдi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет