Автомобиль көлігіндегі еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережесін бекіту туралы


§2. Тиеу-түсіру алаңдарына қойылатын талаптар



бет11/15
Дата12.06.2016
өлшемі0.78 Mb.
#130904
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
§2. Тиеу-түсіру алаңдарына қойылатын талаптар

 

832. Тиеу-түсіру алаңдары мен алаңдарға кіріс жолдарында қатты төсем болуы және жарамды күйде күтіп ұсталуы тиіс, қия берістер мен өрлер қысқы мезгілде мұздан (қардан) тазартылуы және құм немесе күл себілуі тиіс. Ерекшелік ретінде, егер қозғалыс қауіпсіздігін олар қамтамасыз етсе, табиғи кіріс жолдарына рұқсат етіледі.

833. Кіріс жолдарының жыралармен, траншеялармен және темір жол желілерімен қиылысатын жерлерінде өтуге арналған төсемдер немесе көпірлер болуы тиіс.

834. Тиеу-түсіру алаңдарының, автокөлік құралдары мен қызметкерлердің белгіленген мөлшері үшін қажетті жұмыстар майданын қамтамасыз ететін өлшемдері болуы тиіс.

835. Автокөлік құралдарын тиеу-түсіру алаңдарына орналастыру кезінде бірінен бірі (тереңдікке) алшақ тұрған автокөлік құралдарының арасындағы қашықтық кемінде 1 м, ал қатар тұрған (майдан бойынша) автокөлік құралдарының арасындағы қашықтық - кемінде 1,5 м болуы тиіс.

836. Егер автокөлік құралдарын тиеу немесе түсіру үшін ғимаратқа жақын қоятын болса, онда автокөлік құралы мен ғимараттың арасында кемінде 0,5 м аралық сақталуы тиіс. Автокөлік құралы мен жүк қатарының ара қашықтығы кемінде 1 м болуы тиіс.

837. Биіктігі шанақ еденінің деңгейіне тең эстакададан, платформадан, рампадан жүктерді тиеген (түсірген) кезде, автокөлік құралын оларға тиістіре қоюға рұқсат етіледі.

838. Автокөлік құралдары үстіне келу арқылы тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізуге арналған эстакадалар, платформалар, рампалар рұқсат етілген жүк көтергіштіктің көрсеткіштерімен және доңғалақ тоқтататын құрылғылармен жабдықталуы тиіс.

839. Автокөлік құралының шанағы еденінің және платформаның, эстакаданың, рампаның биіктіктері бірдей емес жағдайда траптар мен сырғауылдарды пайдалану қажет.

840. Автокөлік құралдарының тиеу-түсіру алаңдары мен кіріс жолдарындағы қозғалысы жалпы қабылданған жол белгілерімен және көрсеткіштермен реттелуі тиіс. Қозғалыс лек-легімен болуы тиіс. Егер өндірістік шарттарға байланысты ағынды қозғалысты ұйымдастыру мүмкін болмаса, онда автокөлік құралдары тиелуге және түсірілуге, олардың алаң аумағынан шығуы еркін, маневрлеусіз болатындай етіп артқы жүріспен берілуі тиіс.

841. Тиеу-түсіру жұмыстары жүргізілетін үй-жайлар мен алаңдардың жарықтандырылуы осы Ережеге 6-қосымшада келтірілген белгіленген нормаларға сәйкес келуі тиіс.

842. Марштарының саны бірден астам және биіктігі 1,5 м астам сатысы бар подвалдық және жартылай подвалдық үй-жайларда орналасқан тасымалданатын жүктерді уақытша сақтауға арналған қоймалар жүктерді тікелей қоймалық үй-жайға түсіруге арналған люктермен және траптармен, сондай-ақ жүктерді көтеруге арналған көтергіштермен жабдықталуы тиіс.

843. Бірінші қабаттан жоғары орналасқан және марштарының саны бірден астам және биіктігі 2 м астам сатысы бар қоймалар жүктерді түсіруге және көтеруге арналған көтергіштермен жабдықталады.

844. Орталықтандырылған тасымалдар кезінде жүктерді тиеу және түсіру орнына автокөлік құралдарын, тиеу-түсіру тетіктерін және қызметкерлерді жіберуден бұрын ұйым әкімшілігі жүк алушылар мен жүк жөнелтушілердегі жұмыс шарттары еңбекті қорғау талаптарына сәйкес келетіндігін тексеруге міндетті.

845. Егер жұмыс шарттары тиеу-түсіру жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз етпесе, жүктерді тиеу және түсіру орнына автокөлік құралдары мен қызметкерлерді кемшіліктерді жойғанға дейін жіберуге рұқсат етілмейді.



 

§3. Көтеру-көлік жұмыстарына қойылатын талаптар



 

846. Автокранды басқаруға, краншылар бағдарламасы бойынша оқып үйренуден өткен және бұл жұмысты орындау құқығына жарамды куәлігі бар автокөлік құралдарының жүргізушілері ғана жіберіледі.

847. Автокранның машинисі:



1) жұмысты бастау алдында автокранның жай-күйі мен барлық тетіктерінің жұмысын тексеруі;

2) алдағы жұмыстың сипатын білуі;

3) жүкті көтеруді бастау алдында, кранның орнықты күйін қамтамасыз ететін барлық тіреулерді міндетті түрде түсіруі және бекітуі;

4) жүк операцияларын, қатар тұрған адамдардың қауіпсіздігіне көз жеткізбей бастамауы;

5) жүктерді жылжытуды бастау алдында сигнал беруі;

6) жүктерді көтеруге дайындау кезінде бекітілуін қадағалауы және нашар стропталған жүктерді көтеруге рұқсат етпеуі;

7) жүкті 0,5 м-ден 1 м дейінгі биіктікке көтеріп және тежегіштер ұстайтынына, жүктің жақсы ілінгеніне, кранның орнықтылығына көз жеткізіп, одан соң көтеруді жалғастыруы;

8) строптаушылардың жұмысын қадағалауға және автокранның тетігін олардың сигналынсыз қосуы;

9) жұмысқа кірісуге сигналды тек қана бір сигнал беруші строптаушыдан қабылдауы; "тоқта" деген авариялық сигнал, оны берген кез келген тұлғадан қабылданады;

10) массасы жебенің осы шығымы үшін шектік мәнге жақындайтын жүкті көтерген кезде, бұл жүкті алдын ала 10 см көтереді де, кранның орнықтылығын тексеріп және осыдан кейін ғана көтеруді жалғастырады;

11) жүктерді стеллаждарға және жылжымалы құрамға біркелкі, жақтарының бірін асыра тиемей салуы;

12) жүкті бір қалыпты түсіруі;

13) жұмыс аяқталғаннан кейін жебені түсіруі және көліктік күйде бекітуі тиіс.

848. Кран машинисіне:



1) массасы жебенің осы шығымы кезіндегі автокранның жүк көтергіштігінен, сондай-ақ автокранның барынша жүк көтергіштігінен асатын жүкті көтеруге;

2) массасы белгіленбеген, топырақтың немесе қандай да болмасын заттардың астында қалған, жерге немесе басқа затқа жабысып қатқан жүкті көтеруге;

3) көтерілген жүкті тербелтуге;

4) жерден бағаналарды, қадаларды, шпунттарды суыруға;

5) желдің жылдамдығы секундына он төрт метр және одан артық кезде жұмыс істеуге;

6) ақаулы автокранды (байқалған барлық ақаулықтар дереу жойылуы тиіс) пайдалануға;

7) тәуліктің қараңғы мезгілінде автокранның жарығы жарамсыз немесе жұмыс алаңының жарықтандырылуы жеткіліксіз кезде тиеуге (түсіруге);

8) орнатылған тіреулерсіз жұмыс істеуге;

9) жүкті тарту арқылы немесе жүк тросы қиғаш тартылған кезде жылжытуға;

10) жүкті көтерген, түсірген немесе кран құрылғысы бұрылған кезде күрт тежеуге;

11) жүк көтерулі кезде автокранды жылжытуға;

12) жүктерді адамдардың төбесінде тасуға;

13) жапырылған, ширатылған бір жібі болса да үзілген арқанмен жұмыс істеуге;

14) электр берілістері желілері мен басқа қауіпті аймақтарға жақын осы электр берілістері желілерін пайдаланатын ұйымдардың арнайы рұқсатынсыз жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.

849. Жүктерді екі немесе бірнеше кранмен көтеруге ұйымның арнайы тағайындалған инженерлік-техникалық қызметкерінің басшылығымен ғана рұқсат етіледі.

850. Автокрандардың электр жабдығына қызмет көрсетуді орындауға дайындалған персоналға ғана рұқсат етіледі.

851. Электрлік жетегі бар автокрандарға қызмет көрсеткен кезде:



1) сымдардың электр жабдығы оқшаулағышының кедергісін электр қондырғыларын тұтынушылардың ТПЕ-інде белгіленген мерзімдерде тексеру;

2) барлық жөндеу және тәртіпке келтіру жұмыстарын кернеу алынған кезде ғана орындау;

3) жабдықты жөндеу кезеңінде басқару пультіндегі электр қорегінің жаңылыс қосылуын болдырмау үшін машинистің кабинасы мен қондырғы автоматтарында: "Қосуға болмайды - кісілер жұмыс істеп жатыр!" деген плакат қойылады;

4) сыртқы желіден келген электр қорегімен жұмысты кран қондырғысының нөлдену шартымен ғана орындау қажет.

852. Электрлік жетегі бар автокранда:



1) ток жүретін бөліктердің жарамсыз немесе алынған қаптамаларымен (қоршауларымен);

2) жалаңаштанған сыммен;

3) нөлдеуші электр өткізгіші бұзылған кезде;

4) электр жабдығы шкафтарының ашық есіктерімен;

5) кабинадағы резеңке кілемшесіз жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.

853. Сонымен бірге қондырғының кернеу бар бөліктеріне жанасуға рұқсат етілмейді.

854. Конвейер-тасымалдағыштарды ауыстыру, оларды рамаларға, төсемелерге қою және түсіру мамандардың ішінен алынған жауапты тұлғаның басшылығымен жүзеге асырылуы тиіс. Бұл ретте тасымалдағыштың конвейерін жылжытумен айналысатын қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шаралар қабылдануы тиіс.

855. Жетек барабандарының, конвейер-тасымалдағыштардың белдіктерінің қоршауы болуы тиіс.

856. Конвейер-тасымалдағышты жан-жағында ені кемінде бір метр жолдар қалатындай етіп қойған дұрыс.

857. Конвейер-тасымалдағыштармен жұмыс істеген кезде:



1) тасымалдағыш таспаларының тұрып қалуын оның жұмыс істеп тұрған кезінде (жүріп тұрғанда) барабанға топырақ немесе құм шашу арқылы жоюға, сондай-ақ жүкті түзеуге, тасымалдағыштың таспасын қолмен тазалауға;

2) жұмыстық күйде тасымалдағышты ауыстыруға, жылжыту алдында және жұмыс аяқталысымен тасымалдағышты ең төменгі күйге түсіру қажет;

3) конвейер-тасымалдағыштың электр қозғалтқышын желіге, кезекші электриктен басқа, өз бетімен қосуына;

4) автокөлік құралының жүк көтергіш ернеуін адамдарды көтеру немесе түсіру үшін пайдалануға рұқсат етілмейді.

 

§4. Контейнерлік тасымалдарға қойылатын талаптар



 

858. Автокөлік құралының шанағы контейнерлерді тиеу орнына беру алдында бөгде заттардан, сондай-ақ қардан, мұздан және қоқыстан тазартылуы тиіс.

859. Контейнерді дайындауды, оған салуды, автомобильге (автопоезға) тиеуді және түсіруді жүк жөнелтуші немесе жүк алушы, бұл жұмыстарға жүргізушіні тартпай жүзеге асыруы тиіс.

860. Механикаландырылған тиеуге (түсіруге) арналған арнайы құрылғымен жабдықталған автокөлік құралына контейнерлерді тиеуді (түсіруді) автокөлік құралының жүргізушісі жүзеге асырады.

861. Жүргізуші тиелген контейнерлерді тиелу дұрыстығын, жарамдылығын және олардың пломбалануын, сондай-ақ контейнерлердің мамандандырылған жартылай тіркемелерде немесе әмбебап автомобильдерде (автопоездарда) мықты бекітілуін анықтау мақсатымен тексеруі тиіс.

862. Контейнерлердің төбелерін жүк жөнелтуші (жүк алушы) қардан, қоқыстан және басқа заттардан тазартуы тиіс.

863. Контейнерлерді автокөлік құралдарына тиеу (түсіру) кезінде жүргізушінің кабинада, шанақта, сондай-ақ жүк көтергіш тетіктің жұмыс аумағынан бес метрден кем қашықтықта болмауы тиіс (өзі тиегіш автомобиль жүргізушісін қоспағанда).

864. Тиеу-түсіру жұмыстарына қатысатын қызметкерлер контейнерді көтеру, түсіру және ауыстыру уақытында контейнердің үсті мен оның ішінде, сондай-ақ тиеліп жатқан (түсіріліп жатқан) контейнерге жақын орналасқан контейнерлердің үстінде болмауы тиіс.

865. Контейнері бар автокөлік құралының биіктігі қолданылып жүрген заңнамада белгіленген биіктік бойынша көлемдік өлшемдерден аспаған кезде автокөлік құралының шанағында контейнерлерді тасымалдауға рұқсат етіледі.

866. Контейнерлер қойылған автокөлік құралдарының шанағында және де контейнерлердің өздерінде адамдардың жол жүруіне рұқсат етілмейді.

867. Контейнерлерді тасымалдау кезінде жүргізуші сақтықтың мынадай ерекше шараларын сақтауы тиіс:



1) күрт тежемеу;

2) жолдың бұрылыстарында, дөңес және ойқы-шойқы жерлерінде жылдамдықты азайту;

3) қақпалардың, көпірлердің, байланыс желілерінің, ағаштардың биіктігіне аса назар аудару.

 

§5. Такелаж және строптау жұмыстарына



қойылатын талаптар

 

868. Строптау және такелаж жұмыстарын орындауға он сегіз жастан жас емес, жыл сайынғы медициналық тексеруден, нұсқау алу мен оқып үйренуден өткен және строптау және такелаж жұмыстарын жүргізу құқығына куәлігі бар тұлғалар жіберіледі.

869. Егер жүктерді байлауға қосалқы қызметкерлер тартылса, онда строптаушы басшы болып табылады.

870. Жұмыстарды бірнеше строптаушы бірлесіп орындаған кезде, олардың бірі басшы ретінде тағайындалуы тиіс.

871. Қызметкер (строптаушы) массасы өзіне белгілі жүкті ғана строптауы тиіс. Көтерілетін жүктің массасы биркада көрсетілген строптарға түсетін шектік жүктемелерден, көтергіш құрылғының жүктемелерінен аспауы тиіс.

872. Арқандар, шынжырлар жүкке біркелкі, түйіндерсіз және бұралусыз байланады, ал жүктің өткір қырларын, арқандар мен шынжырларды иіп жіберуден және қажалудан сақтау үшін строптардың астына төсемелер салу керек.

873. Ілгектер қосарлы кезде көтерілетін жүкті екі мүйізге біркелкі ілген дұрыс. Жүк, көтерген кезде ол бір уақытта барлық тірелетін жазықтықпен жерден немесе тіректен ажырайтындай, ауырлық центрін ескере отырып ілінуі тиіс.

874. Жүкті түсіру, строптарды жүк қысып қалмайтындай және одан жеңіл алынатындай етіп жүргізілуі тиіс. Строптарды жүкті тірекке қойғаннан кейін ғана алуға болады.

875. Дөңгелек түріндегі жүкті жазықтыққа қою кезінде, олардың сырғанау мүмкіндігін төсемелерді немесе тіреулерді тіреу арқылы болдырмау қажет.

876. Үлкен және ұзын көлемді жүктерді көтеру, бұру және түсіру кезінде, оларды қажетті ұзындықты болат немесе кендір арқаннан жасалған тартқыштың (кергіштің) немесе жеңіл берік багорлардың көмегімен ғана бағыттауға рұқсат етіледі. Жүкті қолмен бағыттауға және көтерулі жүктің астына стропты тарту үшін кіруге рұқсат етілмейді.

877. Строптар жуан сымнан жасалған ілгектермен немесе багорлармен тартылуы тиіс.

878. Жүкті кранмен (тетікпен) көтеру алдында барлық бөтен тұлғалар қауіпсіз қашықтыққа кетеді. Строптаушы жүктің шет жағында тұрып краншыға (көтергіш тетіктің операторына) жүкті ауыстыру туралы сигналдар береді. Жүкті елу сантиметрге көтергеннен кейін строптаушы "тоқта" деген сигнал беруі, жүктің байламын тексеруі, бекітілу дұрыстығы мен ортаға дәл келуін тексеруі және жүктің қалыпты бекітілгеніне көз жеткізіп, қажетті бағытта ауыстыруды жалғастыруға рұқсат беруі тиіс.

879. Жүктің байлануы дұрыс емес кезде, дереу бастапқы қалпына түсірілуі тиіс, ал одан әрі көтеруді кемшіліктер жойылғаннан кейін ғана жүргізуге рұқсат етіледі.

880. Жүкті түсіру алдында строптаушы оны қоюға арналған орынды тексеруі және түсірілетін жүктің құламайтынына, аударылмайтынына және шетке сырғып кетпейтініне көз жеткізуі тиіс.

881. Строптаушыларға:



1) жүкті уақытша арқалықтарға, құбырларға, газ және бу құбырларына, кабельге қоюға, сондай-ақ жылжытылатын жүкте немесе оның астында тұруға;

2) ақаулы немесе тозған арқан құралдарды, сондай-ақ пайдалану мерзімі өткен құралдарды пайдалануға;

3) жүк байланған строп тармақтарын үлкен балғамен, сүйменмен ұрып түзетуге (жылжытуға);

4) қолмен немесе қысқашпен жүкті көтерген кезде сырғыған строптарды ұстауға (мұндай жағдайларда алдымен жүкті тірекке түсіру, ал одан соң байлануын түзеу керек);

5) жүкті өз денесінің салмағымен теңгеруге немесе жүктің басып кеткен бөліктерін оны жылжытқан кезде сүйемелдеуге рұқсат етілмейді.

 

§6. Автотиегіштердегі жұмысқа қойылатын талаптар



 

882. Автотиегіштерді жасы 18-ден кем емес, автотиегіштерді басқару құқығына куәлігі бар жүргізушілер ғана басқаруы мүмкін.

883. Ақаулы автотиегіште жұмыс істеуге рұқсат етілмейді. Жүк шиналары бар доңғалақты автотиегіштер қатты және тегіс төсемі бар учаскелерде ғана, ал пневматикалық шиналары бар автотиегіштер, одан басқа - тастан (шағыл) жасалған төсемдерде және тегістелген жер алаңдарда пайдаланылуы тиіс.

884. Автотиегіштерді адамдарды тасымалдау мен көтеру үшін пайдалануға рұқсат етілмейді.

885. Жүктердің үйілген қатарларын жинаған (бұзған) кезде автотиегіштер, олардың жұмыс аймағында жүктерді қолмен апару және тасымалдау жолдарын кесіп өтпеуі тиіс, сондай-ақ жүк тиелетін жұмыстар жүргізілмеуі тиіс.

886. Автотиегіштің жұмыс аймағы мағынасында, түсіру мен тиеу және керісінше жасау орнына кірген кезде оның икемделуі үшін қажетті алаң түсініледі.

887. Автотиегіш үйілген қатарлардың, жабдықтың, ғимараттар мен құрылыстардың конструкциялары элементтерінің арасындағы тар жерге кіру алдында жүргізуші автотиегішті тоқтатуға және автотиегіштің жұмыс аймағында адамдардың жоғына көз жеткізуге міндетті.

888. Ашалы автотиегіштегі жұмыс кезінде мынадай талаптардың сақталғаны дұрыс:

1) жүк қармауыш ашада, аударылып кету жағдайы тумайтындай етіп орналастырылуы тиіс, бұл ретте жүк жүк көтергіштің рамасына қысып қойылуы тиіс;

2) жүк екі табанға біркелкі бөлінуі тиіс және ашаның шегінен алға табандар ұзындығының 1/3 аспай шығуы мүмкін;

3) ірі көлемді жүктерді қорғаныс құрылғысынан жоғары, бірақ бір орыннан асырмай салуға рұқсат етіледі және де автотиегіш қозғалысына басшылық ету үшін адам бөлінуі тиіс.

889. Жебелі автотиегіштің жұмысы кезінде алдымен жүкті көтеру, ал одан соң оны тасымалдауды жүргізу қажет.

890. Жүкті үйілген қатардан құлатып жіберуге және оны сүйреуге рұқсат етілмейді.

891. Жүктерді тасымалдауға, автотиегіш көтергішінің рамасы артқа қарай барынша ауытқығанда ғана рұқсат етіледі. Қармау құрылғысы жүкті жерден көтеру биіктігін автотиегіштің жол саңылауы шамасынан кем емес және пневматикалық шиналары бар автотиегіш үшін - 50 см артық емес және жүк шиналары бар автотиегіш үшін - 50 қамтамасыз етуі тиіс.

892. Ұзын көлемді жүктерді тегіс төсемі бар ашық аумақтарда ғана тасымалдауға рұқсат етіледі және де жүкті қармау тәсілі оның бұзылу немесе шетке құлау мүмкіндігін болдырмауы тиіс. Жүк алдын ала пакет түрінде мықты байлануы тиіс.

893. Жолдың, ол бойынша жүктерді автотиегіштермен тасымалдауға рұқсат етілетін барынша бойлық ылдыйы автотиегіштің жүк көтергіш рамасының көлбеу бұрышынан аспауы тиіс.

894. Автотиегіштегі жұмыс кезінде:

1) жүк көтергіш құрылғылары көтеріліп тұрған кезде (сақтанусыз) автотиегішке техникалық қызмет көрсетуді немесе жөндеуді жүргізуге;

2) майда даралы жүкті табандықтарда, жұмыс орнын, оған жүктің құлауынан сақтайтын қорғаныш құрылғысынан жоғары көтеруге;

3) жабысып қатқан немесе қысылып қалған жүкті жұлып алуға, астында, аша еркін өту үшін қажетті саңылау жоқ кезде жүкті көтеруге және де жүкті кранмен тікелей автотиегіштің қармау құрылғысына салуға рұқсат етілмейді.

 

16. Еңбек және демалыс режимі



 

895. Жұмыс істейтіндердің еңбек және демалыс режимі қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес және өндіріс ерекшеліктерін ескере отырып белгіленуі тиіс.

896. Зияны бар жұмыстармен айналысатын қызметкерлер үшін жұмыс уақытының отыз алты сағаттан аспайтын қысқартылған ұзақтығы белгіленуі тиіс.

897. Түнгі мезгілде жүкті әйелдердің жұмыс істеуіне олардың келісімімен ғана рұқсат етіледі. Он сегіз жасқа келмеген қызметкерлер және медициналақ қорытындысында түнгі уақытта жұмысқа тыйым салынатын басқа да тұлғалар түнгі жұмыс уақытына тартылмайды.

898. Қысыммен жұмыс істейтін аппаратураға қызмет көрсету бойынша жұмыстарды, аккумулятор батареяларын жөндеу және зарядтау, балқымаларды дайындау, қорғасын-қалайы балқымаларымен жамау және дәнекерлеу бойынша жұмыстарды, дәнекерлеу, вулканизациялау, темір соғу-престеу, бояу жұмыстарын, сондай-ақ этилденген бензинді қолданумен, шу мен дірілдің жоғарғы деңгейімен байланысты жұмыстарды және басқа зиянды және қауіпті жұмыстарды орындауға әйелдерді он сегізден жас тұлғаларды сондай-ақ денсаулығы бойынша аталған жұмыстарды орындауға тыйым салынған тұлғаларды тартуға рұқсат етілмейді.

899. Қызметкерлерге демалу және ас ішу үшін кемінде бір сағат үзіліс берілуі тиіс.

900. Үзілістің басталу және аяқталу уақыты ішкі еңбек тәртібі ережелерінде белгіленеді.

901. Өндіріс шарттары бойынша үзіліс белгілеуге болмайтын жұмыстарда қызметкерге жұмыс уақыты ішінде ас ішу мүмкіндігі берілуі тиіс. Осындай жұмыстардың тізбесін, ас ішу тәртібі мен орнын жұмыс беруші ұйым қызметкерлерінің өкілімен келісім бойынша белгілейді.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет