Аягөз ауданының 2010 жылғы әлеуметтік-экономикалық
дамуының қорытындылары
Өнеркәсіп. 2011 жылдың 1 қаңтарына аудан өнеркәсібінде қолданыстағы бағамен 3943,9 млн.теңгенің өнімдері өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 104% құрады.
Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 8208,9 млн.теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес мерзімінен 259,9 млн.теңгеге артты.
Барлық шаруашылық категориялары бойынша 15319,7 тонна мал мен құс (тірі салмақпен) сойылып сатылып, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 110,1% құрады. 45169,8 тонна сүт (2010 жылдың 1 қаңтарына қатысты 100,8%), 3914,5 мың дана жұмыртқа (103,2%) өндірілді.
Негізгі капиталға инвестиция жұмсау. 2011 жылдың 1 қаңтарына негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 1414,8 млн.теңгені құрап, 2010 жылдың деңгейіне 110,5% құрады немесе 203,5 млн.теңгеге артты.
Тауар айналымы. Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 4603,9 млн.теңгені құрап, 2010 жылмен салыстырғанда 124,8% құрады немесе 914,4 млн.теңгеге артты.
Шағын кәсіпкерлік. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарына тіркелген шағын кәсіпорындар саны 111 бірлік, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары 65 немесе 58,6% құрайды.
Құрылыс. 2010 жылдың 12 айында жалпы аумағы 4024 шаршы метр тұрғын үй іске қосылған, бұл 2009 жылға қатысты 101,6% құрайды.
Денсаулық сақтау. Алғаш анықталған науқастардың ішінде туберкулез ауруымен ауыратындар саны 81-ді немесе өткен жылға қатысты 89% -ды құрап отыр.
Құқық бұзушылық. Құқық қорғау органдары бойынша үстіміздегі жылдың 1 қаңтарына 444 қылмыстық іс тіркелген. Бұл 2009 жылмен салыстырғанда 27,2%-ға көп. Ашылу деңгейі 65,6% құрап, өткен жылдан 2,8%-ға жоғары.
Еңбек нарығы. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарына жұмыспен қамту бойынша өкілетті органдарда есепте тұрған жұмыссыздардың саны 261 адам. Былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 79 адамға аз, немесе 76,8% құрайды. Ресми жұмыссыздықтың деңгейі 0,7% болып, былтырғы жылдың деңгейінен 0,2%-ға кеміді.
Жыл басынан бері 1475 адам жұмысқа орналастырылды, бұл көрсеткіш өткен жылдан 353 адамға артық. 2011 жылдың 1 қаңтарында 633 жаңа жұмыс орындары ашылып, 2010 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда 97 адамға кем.
Еңбекақы. 2011 жылдың 1 қаңтарына жұмыскерлерге есептелген орташа айлық жалақы 56412 теңгені құрап, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,2%–ға жоғарылаған.
Қаржы. 2011 жылдың 1 қаңтарына ауданның шаруашылық жүргізуші субьектілерінен 1310,6 млн.теңгенің салықтары мен төлемдері аударылды, бұл қаржы болжамының 101,7%-ы.
Достарыңызбен бөлісу: |