Нұсқалар.Оғыз туралы аңыздар түркі халықтары арасында ертеден тараған. 9-ғасырдың өзінде Жетісу, Сыр бойындағы түркі ру-тайпалары арасыда кеңінен аңыз болып тараған. 11-ғасырдан бастап қағазға түседі. 14-ғасырға дейін түрліше жазбаны, редакцияны өткереді,сөйтіп, көп варианттыға айналады.Ұйғыр, араб жазба нұсқалары Каир, Стамбул, Лондоннан табылған.
Кейіннен Оғыз батыр және оның ұрпақтары туралы ауызша айтылып жүрген алуан түрлі ертегі, аңыздар қағазға түсіріледі. Келімбетов:"Тегінде Оғыз батыр жайындағы аңыздар ертеректе, 9-10 ғасырларда – ақ қағазға түсірілген болса керек. Бірақ Оғыз жайындағы хикаяның осы алғашқы түпнұсқасы сақталмаған".Ауызша тараған нұсқалары кейінірек қайта жазылған екі түрлі нұсқасы бар.
Бірі-ұйғыр әрпімен көшіріліп жазылған(Түркі тайпаларында туып, ұйғырлар өктем болған Қараханидтер дәуірінде ұйғыр таңбасымен хатқа түскен). Бұл нұсқа Парих ұлттық кітапханасының қорында сақталып келеді. Париж нұсқасын тілдік тұрғыдан зерттеп, ғылыми түсініктеме берген, транскрпциясын жасап, орыс тіліне жолма-жол аударған-А.М.Щербак. Тарихи шежіреден гөрі көркем шығармаға жақын. Көлемі жағынан үлкен емес. 21 парақ немесе 42 бет. Әр бетке 9 жолдан жазылған.
Екіншісі-араб әрпімен жазылған. Бұл кұсқаның авторы-тарихшы, Хиуа ханы Әбілғазы бин Араб Мұхаммедхан (1603-1663). Тарихшы ғалым ретінде оның жазып кеткен екі еңбегі бар: "Шежіре-й түркіме" ("Түрікмен шежіресі"), "Шежіре-й түрік" ("Түріктер шежіресі"). Бұл екі шығармасы да Оғыз хан жайында деуге болады. "Түрікмен шежіресінің" түпнұсқасы жетпеген. Көшірме жеті нұсқасы сақталған. Кеңес түркологы А.Н. Кононов солардың бәрін жинап, зерттеді, ғылыми негіздегі тексін әзірлеп, орыс тіліне аударды. "Түрікмен шежіресінде" адамзаттың пайда олуы, Оғыздың туылуы, патшалық етуі, Тұранға, Үндістанға, Иранға, Сирия, Египетке жорықтары, еліне оралып тойы жасауы, үлкен ұлы Күн таққа отыруы, оның өзіне қарасты 24 аймақты інілері мен балаларына бөліп беруі т.б. туралы айтылады. Нақтылы деректер көп.
Екі нұсқа сюжеті жағынан ұқсас. Ерекшеліктері де бар: билік пен байлықты балаларына бөліп беруі екі нұсқада әр түрлі: шежіреде садақ пен жебені нөкерлер құмға көміп тастаған болып шығады; ұйғыр әрпімен көшірілген нұсқасында алтын садақ пен күміс жебелердің бар екенін Ұлұқ Түрік түсінде көреді.
Осы ек інұсқасынан басқа да вариантары бар. Мысалы, Оғыз жөнінде деректер тарихшы Хондармидің (1475-1535) "Хуласат ал-хабар" ("Тарихи мәліметтер жинағы") атты еңбегінде бар. Ал Стамбул нұсқасында Оғыз туралы аңыз "Қорқыт ата кітабымен" біріктіріліп берілген. Бұдан басқа да нұсқалары бар. Бірақ бәрі біз жоғарыда атап өткен ұйғыр әрпімен көшірілген Париж нұсқасы мен Әбілғазы нұсқасына әкеліп саяды.
Композиция жағынан "Күлтегін" жырына өте ұқсас. Оғыз туралы шығарма "Күлтегін" жыры сияқты цикл-хикаядан тұрады(олардың саны қырықтан астам).Әр циклда Оғыз қаған туралы белгілі бір оқиғалар баяндалады. Әрбір циклдың өзі үш элементті қамтиды: 1.Оқиғаның басталуы.2. Оқиға желісінің ұлғайып, өрістеуі.3. Оқиғаның түсіні, қорытынды.
Қ. Өмірәлиев 17 топтамаға бөліп қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |