Қазақ философиясы тарихы. Ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін. – Т. Қазақ философиясының


Қараңыз: Ерте дәуірдегі қазақ әдебиеті (ХV-ХVІІІ ғ.ғ.). Алматы



Pdf көрінісі
бет28/57
Дата28.03.2024
өлшемі2.98 Mb.
#496759
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   57
annotation23044

22. Қараңыз: Ерте дәуірдегі қазақ әдебиеті (ХV-ХVІІІ ғ.ғ.). Алматы, 
1983. 23-б.
23. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. Хрестоматия. Алматы, 1993. 12-
б.
24. Ерте дәуірдегі қазақ әдебиеті (Х-ХІІ ғ.ғ.). Алматы, 1993. 13-б. 
25. Нурланова К. Человек и мир. (Казахская национальная идея). Ал-
маты, 1994. С. 4-7. 
26. Тілепов Ж. Елім деп еңіреген ерлер жыры. Алматы, 26-б. 
3.2. Қадырғали Жалайыр философиясы 
 
Қазақтың даласы әлемге көптеген даналарды әкелгені белгілі. Олардың 
көбісі түркі әлемі кезеңінде өмір сүргені ғылымда анық болып отыр. Сондықтан 
көптеген аса құнды еңбектер бұрынғы жарыққа шығып отырған деген ойды 
құптауға болады. Өйткені, адамзаттың Ақиқатқа, жаңа білімге деген ұмтылысы 
саяси құрылымдардың шектеуінен де күштірек болатын. Дегенмен, 
мемлекетіміз демократиялық, тәуелсіз ел толығырақ болған сайын зерттеуші 
ғалымдардың көкжиегі кеңейе түсетіні белгілі. Міне, осындай терең, жан-
жақты зерттеуді қажет ететін сала – халқымыздың көне тарихындағы рухани 
байлықты толық игеру болып табылады. Сондай игілікті істерді атқарудың 
қолайлы кезеңі казіргі заманға сәйксс келіп отыр. Тек ғылыми сараптаудағы 
ғылыми әдістік, нақтылық, объективтілік, шыншылдық қана алға қойған 
мақсатымызға жеткізетініне күмән келтірмейміз. «Ұлттық отансүйгіштік» 
ұранын желеу етіп ғылыми шындықтан, дәлелдіктен ауытқуға да болмайды. Ол 
тарихқа жасалған қиянат болар еді. 
Ал, енді Қадырғали Жалайыр сияқты тарихи тұлғаның тұтас келбетін 
анықтау, оның шығармаларына жан-жақты талдау жасау қазіргі гуманитарлық 
ғылымның міндеттерінің бірі. Әрине, бұл бағытта осы уақытқа дейін еңбек 
еткен беделді зерттеушілер де болғаны белгілі. Ортағасырлық түркі елдері 


195 
тарихы, мәдениеті мен философиясы соңғы кезеңде жүйелі талдаудан өтуде. 
Оған әр түрлі методология мен әдістемелер қолданылуда. Мәселен, 
салыстырмалы (компартивистік) талдау, герменевтикалық зерттеу, нақты-та-
рихи қарастыру және т.б. тәсілдер, зерттеулер де кеңінен жүргізілуде. Бұл 
қуантарлық жағдай. 
Жалпы қазақ жеріндегі ойшылдардың шыққан тегі туралы этностық 
тұрғыдан таластар әлі күнге дейін көрініс беріп отыр. Біздің ойымызша Қорқыт 
ата, әл-Фараби, М. Қашқари, Ж. Баласағүн, А. Иүгінеки, тіптен Қожа Ахмет 
Иассауи де халқымыздың ұлт болып қалыптаспаған кезінде өмір сүрген түркі 
ойшылдары. Сондықтан оларды түркі халықтарға ортақ, тарихи тұлғалар деуге 
болады. 
Қадырғали Жалайыр өз еңбегімен тарих философиясы саласында өзіндік 
маңызы бар, қомақты үлес қосқан ойшыл. Шығыста Шежірелер арқылы тарих 
бетін сараптаудан өткізу үлкен дәстүрге айналғаны белгілі. Сонау Өтеміс 
қажыдан кейін Мұхаммед Хайдар Дулати, кейінірек Әбілғазы («Түрік 
шежіресі»), Шоқан Уәлиханов, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп 
Көнейұлы, Әлихан Бөкейханұлы сынды ғұламалар бұл зерттеу әдісін өз 
шығармаларында жалғастырды /1/. 
Тарихты шежірелік сипатта баяндау – ортағасырлық шығыс мәдениетіне тән 
құбылыс. Тарих философиясының осы әдістемесін Өтеміс қажы да 
«Шыңғыснамесінде» қолданады. Ақсүйектер тұқымын бір жүйеге келтіріп, 
ретімен тізіп отыру – бұл ортағасырлық қоғамдық сананың елеулі ерекшелігі. 
Адамзат тарихының әр түрлі кезеңдерін жан-жақты сараптаудан өткізу үшін 
міндетті түрде оны философиялық тұжырымдаулар тұрғысынан байыпты 
қарастырған жөн. Бұл өз кезегінде тарих сахнасында жарқырап көрінген ұлы 
ғұламалардың кең ауқымды дүниетанымын зерттеп, талдауға итермелейді. 
Олардың дүниеге көзқарасындағы ерекшеліктерді анықтау арқылы бүкіл бір 
қауымдастықтың әлеуметтік болмысы, ойлау мәдениеті жайлы мағлұматтар 
аламыз және сол арқылы мәдениет пен тарих философиясы деген үлкен 
салалардың ауқымын кеңейте, тереңдете түсетініміз анық. 
Осыған орай қазақстандық философ, философия тарихын зерттеуші маман 
А. Қасабек өзінің Қ. Жалайыр дүниетанымына арнаған еңбегінде мынандай 
маңызды тұжырымдар келтірген: «Адам болмысының өркениетті аспектілерін 
айғақтау және оны философия тарихы тұрғысынан әспеттеу үшін көлеңкеде 
қалып қойған ойшылдардың еңбектерін зерделеп, ғылыми өріске жету міндеті 
зор. Осы жолда ұлы да мәңгілік дүниетанымдық идеяларды жан-жақты зерттеу 
қажет. Ол мына идеялар: ғалам, космос және адам бірлігі, тұтастығы, жеке адам 
мен адамзаттың, жеке адам мен халықтың, халық, ұлт және басқа ұлттар, 
халықтар бірлігі. Басқа сөзбен айтқанда, Ақиқат, Әсемдік, Байлық, Жетістік 
бірлігін философиялық және өмірлік құндылықтар ретіндегі көрінісін ажырата, 
тоғыстыра және келешегін айқындай қарастыру методологиялық мәнде үлкен 
орын алады. Бұл ретте атап өтетін жағдай, біздің Отанымызда әлемдік 
өркениеттен бөле жара қарастырылатын ғылыми бағыттарға үлкен тосқауыл 
қойылар еді. Негізгі философиялық идея – бұл өркениет адамының ұлы 
ойшылдар идеяларының шеңберіндегі қиын да ұзақ, қалыптасуын анықтау, 


196 
гуманитарлық құндылықтар аясындағы философиялық, ойлау жүйелерінің 
адами келбетін ешқашанда естен шығармау керек» /2/. 
Орта ғасырларда өмір сүрген ойшылдарға тән үлгілердің шеңберінде 
болғанмен Қадырғали би өзінің дүниетанымының негізіне адам мәселесін 
алған, оның мәртебесін көтерген Адами катынастардың қоғам үшін, мемлекет 
үшін, жалпы ғаламдық үйлесімдік үшін маңызы зор екенін сезінгені байқалады. 
Қадырғали Жалайыр өз еңбегінде Шыңғыс ханның ұлдарына айтқан өси-
еттерін баяндай отырып, әлеуметтік таным туралы да позициясын білдіріп 
кетеді. Мәселен, Шыңғыс ханның адамға тән әмбебапты таным туралы пікірін 
былай деп келтіреді: «Кім өзін жақсы білсе, басқа біреуді сондай білгей» /3/. 
Бұл тұжырымның негізінде тек Шыңғыс ханның ғана емес жалпы Шығы-
стың ділінің, менталитетінің ерекшелігі жатқан сияқты. Яғни адам қоршаған 
ортаның көптеген қасиетін аша білуі үшін ол өз бойындағы құпияларды танып-
білуге тиіс. Міне сонда ғана он сегізмың ғаламның сан түрлі жұмбағы біртіндеп 
ашыла бермек. Ол үшін адам өз бойындағы табиғат сыйлаған кереметтерін 
тануы және игеруі керек, сол арқылы ғана біртіндеп әлемдегі қайталанбас 
тұлғалардан тұратын социумды танып, білуге, бағалауға мүмкіндік алады.
Әрине, Қадырғали Жалайырдың тұлғалық сабақтастықты талдауға арнаған 
еңбегінен басқа да шығармалары болуы мүмкін. Себебі әр түрлі мәде-
ниеттерден, тілдерден сусындаған ойшылдың шығармашылығы және дүние-
танымы бір ғана еңбекпен шектелмеуі тиіс. Өкінішке орай, ондай рухани 
мұраның замандастарымыз үшін таныс болмауы, немесе қазіргі кезеңге дейін 
сақталмауы Қадырғали Жалайырдың шынайы тұлғалық портретін жасауды, 
дүниетанымдық ерекшелігін анықтауды қиындататыны белгілі. Дегенмен бізге 
жеткен шығармасының өзі қазақ халқының қалыптасу кезеңіндегі Мұхамед 
Хайдар Дулатидың «Тарих-и Рашиди» сияқты еңбегіндей әлеуметтік-мәдени 
мағынадағы маңыздылыққа ие болғанына сенімдеміз. Бұл қазақ жерінде тек 
ауыз әдебиеті ғана емес, сонымен қатар жазба мәдениетінің көрініс беріп 
отырғанының дәлелі. Әрине, басқа мәдениеттердің де ойшылдың көзқарасына 
ықпалы болғанын да жасыруға болмайды. 
Қадырғали Жалайырдың қазақи дүниетанымы түркі мәдениетінің, болмы-
сының құрылымынан туындайды және оның діни сипатымен астасып жатады. 
Ол Қадырғали би Қосымұлының араб, парсы тілдерін жақсы білуімен 
байланысты. Сонымен қатар Жалайыр орыс, татар тілдерін де жетік білгенін 
байқатады және сол арқылы славян, Батыс мәдениетімен де таныс болғаны 
көрінеді. Осыдан оның өз заманына сәйкес ауқымды дүниетанымы болғанын 
аңғартады. 
Дүниенің құрылымы, ондағы уақыт пен кеңістіктің өзара байланысы, тарихи 
санада қалыптасқан өлшемдер сипаты Қадырғали еңбегінде біршама 
көрсетілген. Тарихи дәлдікпен айтылған деректер, тек тұлғалар өмірбаяны 
туралы мағлұматтар беріп қана коймайды, сонымен қатар қоғамдағы космо-
логиялық танымның ежелден өрбігенін, Шығыстық өркениеттің терең тамыры 
туралы айтып өткендей. Мәселен, шежірелерді баяндай келіп, «Шыңғыс хан 
доңыз жылы туды, түрікше күн есебінде жетпіс екі жыл өмір кешті. Және тағы 
ай есебінен жетпіс бес жыл өмір кешті. Ай есебінен әрі отыз жылда бір жыл 


197 
тафаут (қосылады) етеді. Барша моғол түрік есебімен есеп қылады», – деп 
көрсеткен Қадырғали би /4/. 
Бұл жерде қазақ, жерінің мәдениеттер тоғысында тұрғандықтан әр түрлі 
дүниетанымдық айшықтардан сусындағанын байқаймыз. Тіптен, қазіргі кезеңге 
дейін ай есебі мен күн есебі халық санасында қатар сақталып келе жатқанын, 
күнделікті тіршілігінде бұқара халық үлкен маңыздылық беретінін де жасыруға 
болмайды. Ғасырлар сынағынан өткен халық даналығы әр уақытта өмірді 
үйлесімдендіруге қызмет ететініне шүбә келтіруге де болмайды. Осы орайда 
қазақ философиясына, дүниетанымына сипаттама берген кейбір зерттеуші-
ғалымдардың позициясына сүйінсек «XV—XІX ғасырлардағы қазақ 
жыраулары мен ақындарының, билері мен шешендерінің, ағартушылары мен 
ойшылдарының бай рухани мұрасында даналық та, терең түсінік те бар» /5/. 
Әрине, Батысеуропалық қатаң үлгідегі ғылым да, философия да қазақ 
даласында көрініс таппағанмен, оның өзіндік өмір салтына, өркениеттік 
ерекшеліктеріне сай келетін бейнелер түрінде дамығанын айта аламыз. 
Әлемдік мәдениетте патшаларға, хандарға ақылгөй-кеңесші қызметін 
атқарған Аристотель, Асан қайғы, Бұқар жырау сияқты тұлғалардың қатарын 
Қадырғали би Жалайыр де толықтыра түседі. Оның дүниетанымының өзегін 
халыққа, елге, тарихқа үлкен құрметпен қараушылық құрайды. Ол өз құнды-
лықтар жүйесінің негізіне ынтымақтастықты қабылдаған. Міне, осының өзінен 
ойшылдың көзқарасындағы басымдық танытатын іргетас, принцип гуманистік 
бағдар екенін байқаймыз. 
Жалпыадамзат тарихындағы басымдық танытқан дүниетанымдық бағдар – 
жауынгерлік көзқарас екені белгілі. Барлық халықтарда табиғи күрес, дихо-
томиялық тайталас (біздер мен жаулар), яғни жас ұрпақты Отанын қорғау үшін 
ерлікке ұмтылуға, батыр болуға итермелеу жетекші рөл атқарып келді. 
Қоғамдық пікір ел үшін жанын қиған ерлерін мадақтады, қорқақтарды әжуа-
лады, сатқындарды жек көрді. Бұл тарихи процестің барлық халықтарға тән 
келбеті. 
«Оң қолында шариғатпен іс жүргізсе, сол қолымен ұры-қарақшы жаман-
дарды патша Борис Федорович үкім-жарлығымен, жаза-қамшысымен аяусыз 
жазалар еді. Сол, себептен Керман шаһары, Борис Федорович хан мемлекетінде 
тыныштық (амандық) болды», – деп Қадырғали Жалайыри Ораз-Мұхаммед хан 
дәуіріндегі діни, саяси-әлеуметтік жағдайдың жалпы сипаттамасын береді /6/. 
Яғни Қадырғали би ханның уәзірі, ретінде қоғамда әлеуметтік тұрақтылықтың 
екі негізі болатындығын меңзеген. Біріншісіне рухани дүниенің негізінен бір 
бағытта өрбуі немесе имандылық жолы жатса, яғни сол саладағы халық бірлігі 
деп ұғынса, екіншісіне мемлекеттегі ішкі тәртіптің белгілі бір заң түріндегі, 
немесе этикалык және этникалық дәстүр түріндегі нақты қалыптарға бағынуы 
танылады. 
Бұл сол тарихи кезеңдегі ең тиімді саяси жүйе моральды мағынадағы 
қоғамды тұрақтандырушы және алға дамуға іргетас болатын айшықтар еді. 
Өйткені ортағасырлық коғамдық құрылым ыдырап, бөлектеніп, бөлшектеніп 
кетуге бейім болатын. Міне, осындай жағдайда елді біріктіруші, топтастырушы 
фактор ретінде хандық жүйенің саяси-әлеуметтік институт ретінде үлкен 


198 
қызмет атқарғаны белгілі. Қадырғали Жалайыр түркі тайпаларын «алаш мыңы» 
деген ұғым арқылы біріктіре қарастырады. Сонымен қатар Борис Годунов 
патшаның ықпалында болғандықтан бұл одақтың да тиімді тұстарын алаш 
хандығы үшін пайдаланғанды жөн деп санайды. Осыдан ұлы ойшылдың жәй 
ғана хан сарайындағы уәзір емес, саяси парасаттылығы жетілген мәмілегер, 
даналығы мол ғұлама екендігін байқаймыз. Қадырғали Жалайыр өз еңбегінде 
Алаш жеріндегі негізгі осал тұс – хандықтар мен сұлтандықтарға бөліну, 
ыдырампаздыққа бейімділік екендігін көрсеткендей. Шынымен де, мықты 
тәртіп пен рухани келісім мен бірлік болмаған жерде елде де, жерде де, береке 
болмайтыны белгілі. Ал, дала даналары, ғұламалары осы жағдайды терең 
түсініп әр кезде адамдар арасындағы біріктіруші тетіктерді дамытудың, 
халықтың, мемлекетті бөлшектейтін, адамдарды бір-бірінен алшақтайтын 
нәрселермен күресудің қажеттігін айтумен болған. 
Ал, енді қазақтың ежелгі тайпаларының арасынан шыққан Қадырғали 
Жалайыр ХVІ-ХVІІ ғасырлардағы тарих сахнасында көрініс берген рухани-
мәдени, дүниетанымдық құндылықтар жүйесін келер ұрпаққа нақты түрде бере 
білген. Бұл тарихи тұлғаның ерекшелігі де осында. 
Ол өзінің еңбегінің ұрпақтар үшін қажет дүние болатындығын анық біледі. 
Сондықтан тарихи деректерді, тұлғаларды, оқиғаларды барынша дәлдікпен 
суреттеуге тырысады. Қазіргі кезеңде дамып отырған саясаттану саласына да, 
саясат философиясына да құндылығы бар идеялар мен тұжырымдар еңбекте 
кеңінен келтірілген. Оны Ш. Уәлиханов пен орыстың XІX ғасырдағы 
зерттеушісі И. Н. Березин жәнс қазіргі кезеңде жан-жақты зерттеуге бет бұрған 
ғалымдар атап өтеді /7/. Қадырғали бидің саяси дүниетанымы қоғамды 
барынша ынтымақтандыруға, баянды өмірді дәріптеуге негізделген. Сондықтан 
саясат мәселесімен айналысқан зерттеушілерге де үлкен құндылығы бар 
айғақтар жеткілікті. 
Ойшылдың, шежірелерді жинақтау еңбегі барысында дін философиясына 
тән «ынсап», «фәни», «бақыт», «жақсылық» деген ұғымдар қолданылады. Ал, 
енді ол өзінің этикалық көзқарасын қайырымдылық идеясы арқылы анықтап, ол 
бір дарияның суындай шексіз нәрсе екен», – деп сипаттайды. Міне, осы 
дүниетанымдық ұстаным кейінгі өрбіген қазақ өркениетінің философиялық 
дүниетанымын іргетас болғанын жақсы білеміз. Осы орайда қазақтың ұлттық 
дүниетанымы этикалық (моральды) негізге арқа сүйейтінін айтын кеткеніміз 
жөн. 
XІX ғасырдың шығыстанушысы И. Н. Березин Қадырғали Жалайыр еңбегін 
«Жамиғат-ат тауарих» деп атап көрсеткен. Еңбек Рашид ад-диннің «Жамиғат-ат 
тауарихынан» аударылып, оған қосымша өз бөлімдерін қосады делінген. Ал, 
енді осы шығарманың қазақша атауы бірде «Жылнамалар», кейде «Шежірелер 
жинағы» деп аталып жүр. Біздің пікірімізше, осыны бір жүйеге келтірген жөн 
сияқты. Екі атаудың да «Сборник летописей» деген негізден шыққаны белгілі. 
Мәселе зиялы қауымның бір келісімге келуінде. Әйтпесе, бұл атаулардың қай-
қайсысы да гуманитарлық-қоғамдық ғылымда орнығып қалары сөзсіз. 
Сөз соңында айтарымыз Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығын қазіргі атап 
өтуіміз – философиялық зерттеуге жаңа серпіліс беріп, оның ерекше рухани 


199 
әлем ретіндегі қырын аша түсетіні анық. Осы тұрғыдан алғанда жаңа XXІ 
ғасырға аяқ басып отырған жағдайда кезінде мәртебесі бар ұлттық, философия 
мен дүниетанымымыз болғаны белгілі. Ал оның іргетасы онтологиялық 
(болмыстық), антропологиялық (тұлғалық), аксиологиялық (құндылықтық) 
және танымдық бөліктерден құралады. Міне, осы дүниетанымдық бағдарлар 
мен принциптерді толыққанды, біртұтас игерген сайын ұлттық мәдениетіміз 
одан сайын толыса түсетініне күмән жоқ /8/. Осының нәтижесінде халықтар 
мен діндер арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықтың орнайтыны 
анық. Әлемдік ауқымдану, жаһандану заманында әрбір көне мұраларын 
зерттеп, игерген ізгі іс болар еді /9/. 
Әдебиеттер 
1. Копеев М.-Ж. Таңдамалы. Екі томдық. Алматы, 1992. 2-т.; Құрбанғали 
Халид. Тауарих хамса. Алматы, 1992; Материалы ио истории казахских ханств 
в ХV-ХVІІІ вв. Алма-Ата, 1969; Мухаммед Хайдар Дулати. Тарих-и Рашиди. 
Алматы, 1999; Рашид ад-Дин. Джами ат-таварих: Сборник летописей. Т. Кн. 1; 
Утемиш хаджи. Чингиз наме. Алматы, 1992; Шәкәрім Құдайбердіұлы. Түрік, 
қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі. Орынбор, 1910; Бокейханов А. Н. 
Таңдамалы шығармалары. Алматы, 1996. 
2. Қасабек А. Қадырғали Жалайыр дүниетанымы. Алматы, 1999. 37—38-бб. 
3. Қадырғали Жалайыр. Шежірелер жинағы. Алматы, 1997. 
4. Сонда. 50-б.
5. Рысқалиев Т. X. Даналық пен түсініктің үлгілері (философия тарихына 
шолу). Алматы: Ақыл кітабы, 1999. 9-б. 
6. Жалайыр Қ. Шежірелер жинағы. Алматы: Қазақстан, 1997. 125-6. 
7. Валиханов Ч. Ч. Ролословная древнеказахских ханов и султанов. Собр. 
соч. в 5 т. Алма-Ата. 1985. Т. 1. С. 172-176; Березин И. Н. Библиотека вос-
точных историков. Казань, 1954. Т.2. Ч. 1.
8. Сонда, 18-6. 
9. Нысанбаев А. Становление исламской философии в Казахстане. Алматы: 
Институт философии и политологии МОН РК, 2000. С. 50. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет