Қазақ философиясы тарихы. Ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін. – Т. Қазақ философиясының


Абайдың философиялық ой-толғаулары – қазақ даналығының ең биік



Pdf көрінісі
бет37/57
Дата28.03.2024
өлшемі2.98 Mb.
#496759
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   57
annotation23044

Абайдың философиялық ой-толғаулары – қазақ даналығының ең биік 
шыңы. Адамның жанын, халықтың өзінің рухын қалыптастыратын 
жазушылар, философтар, ақындар болады және оларсыз өмір сүрудің өзі қиын. 
Абай олардың қатарына жатады. Оның шығармашылығының адамгершілік 
деңгейі өте жоғары. Қазақтың бұл ойшыл-ақыны өз халқының рухани өмірімен, 
өзінің өмір сүрген дәуірімен берік әрі етене байланысты, ал өз заманымен біте 
қайнасқан адамның аты өшпейтіні, мәңгілікке қалатыны белгілі. Дегенмен, неге 
Абайға біз жаңашылдық іздеп қайта-қайта ораламыз? Мүмкін, ол үшін адамның 
әрқашан құпия екендігімен түсіндіруге болатын шығар. Өйткені Абайдың өзі 
туралы «мен бір жұмбақ адаммын» деп жазуы кездейсоқ емес.
Абайдың шығармашылық мұрасы терең философиялық ой-аңсарға толы: 
ол өзі үшін (дәлірек айтсақ, жалпы Шығыста) философияның негізгі мәселесі - 


253 
адам проблемасын байыптылықпен өткір түрде алға тартып, адамның өнегелі 
қасиеттері туралы ілімді дамытады, адам баласының иман тұрғысынан 
жетілуінің адами қағидаларын қозғайды, философиялық, эстетикалық, 
этикалық тұрғыдан адамның таным қабілеттері мәселелерін қарастырады. 
Абай қазақтың қоғамдық ой-санасыңда шындықты философиялық 
тұрғыдан ұғынуды жаңа сапалық деңгейге көтерді. Абайдан бұрынғы қазақ 
тұрмысының айнасы болған ой санамыздың ірі өкілдері, Абайдың ізашарлары: 
Бұхар жырау, Дулат, Шортанбай, одан ілгеріректе өткен Қазтуған, Шалкиіз, 
Жиембеттер, уақыт рухын, халықтың ой-арманын өз өлеңдерімен бейнелеген, 
жарқын да қайталанбас сөз суреткерлері, ерекше де терең ойшылдар 
болғанымен, олар негізінен өткенге қарайлаумен болды, дүниені тек шығыс 
мәдениеті тұрғысында қарастырды, ал өмірді көбіне статикалық тұрғыдан 
бейнеледі. Ойшыл ретінде тек Шығыс мәдениетінің бесігінде қалыптасып қана 
қоймаған, дүниетанымында Батыс пен Шығысты ұластыра білген Абайдың 
көзқарастары мүлде соны. Ол қазақтың қоғамдық ойында алғаш рет дүниеге 
даму мен өзгеру, жүйелілік, экзистенциалдық тұрғыдан зер салуға ұмтылыс 
жасады.
Ескеретін бір жай: қандай да болмасын ойшылдың философиялық 
көзқарастарын бағалағанда, оны біржақты және үзілді-кесілді қалыптасқан 
қандай да бір философиялық бағытқа жатқызу шындыққа келмейді, бұны жасау 
соншалықты қиын, өйткені «таза» материализм немесе «таза» идеализм 
болмайды, ал кез келген анықтама қарастырып отырған заттың қажеттілікке 
орай бір немесе бірнеше жақтарын айқындайды, сонда затта олардың саны 
шексіз болып шығады. Сонымен қатар біздің қоғамымызда материализм мен 
идеализмнің күресі философиялық тұрғыдан ойлау тарихыңда біршама үстірт 
қаралғанын, бұрмаланғанын айтуымыз керек, ал сол кезде белгілі болғандай, 
кейінгі Маркс - марксист, әрі ертеректегі - гегельшіл, ертеректегі Беркли - 
субьективтік идеалист әрі кейінгі - классикалық неоплатоншыл және т. б. Біздің 
көзқарасымызша, Абай Құнанбаевтың адами ой-аңсарға, адам баласының 
имандылық тұрғысынан жетілуіне, терең сенімге толы философиялық таным 
проблемаларына дәл осы тұрғыдан қарау керек. Соңғы жылдардың рухани 
таным жағдайы Абай өміріне және оның тамырларына, оның дүниетанымы мол 
шығармашылығына нәр берген бұлақтарға қатысты тарихи шындықты қайта 
бағамдауға және қалпына келтіруге мүмкіндік жасады. Ш. Құдайбердиевтің, Ә. 
Бөкейхановтың, А. Байтұрсыновтың, М. Дулатовтың, М. Жұмабаевтың, 
Ж.Аймауытовтың есімдері мен мұраларының қайта оралуы, Абайдан кейінгі 
қазақтың қоғамдық ой-санасы картасындағы «ақ таңдақтарды» толтырған, 
шәкірттері мен ізін жалғастырушылары болғандығы, ойшыл ақынның 
мұрасының дүниетанымдық қырларына жаңаша қарауға мүмкіндік береді. Біз 
ойшыл-ақынның дүннетанымы туралы әдебиеттің алғаш рет ғылыми арнасына 
қосқан, олардың шәкірттерінің Абай шығармашылығына арналған екбектері, 
бүгінгі күні соны әрі бұған дейін абайтанудағы қалыптасқан еліктеулерден 
және таптық тұрғыдағы конфронтациялық қысымнан /бүркемелеуден/ арылған 
деп есептейміз. 


254 
Абай Құнанбаевтың дүниетанымының генезисі, оның өзекті мәселелері
толық қарастырылған болып көрінгенмен, алайда өзіне бүгінгі заман 
тұрғысынан қарауды талап ететін кейбір қырлар, бұрын әртүрлі қасіретті 
тарихи жағдайларға байланысты жеткілікті дәрежеде ашылмады, ілгеріректе 
белгісіз болып келді. 
Абайдың ең алғашқы әрі сүйікті шәкірті, үлкен ағасы Құдайбердінің ұлы, 
көрнекті қазақ ақыны, философ, діндар ғалым Шәкәрім Құдайбердіұлы «Түрік, 
қырғыз, қазақ һәм ханлар шежіресі» деген 1911 жылы алғаш рет Орынборда 
жарияланған еңбегінде, өзінің
дүниетанымының бұлақтарын көрсетеді, өзінің 
ұстаздарын атайды. 
Мұхтар Әуезов өз эерттеулерінде бұл ойларды шығармашылықпен дамытты 
және 
оларды 
Абай 
Құнанбаевтың 
өзекті 
мәселелерінің 
жайымен 
байланыстырып, 
оны 
теориялық 
жағынан 
жетілдірді. 
Абайдың 
шығармашылығы мен дүниетанымына нәр берген үш бұлақ туралы концепция 
30-жылдарда М. Әуезовтың күшімен дамытылған болатын. «Солардың бірі, – 
деп жазады Әуезов, - халықтың өзі жасаған, өткен дәуірдің ауызша және жазба 
ескерткіштерінде сақталып қалған, ертедегі қазақ мәдениеті... Келесі бұлақ - 
бұл шығыс мәдениетінің таңдаулы үлгілері: тәжік, әзірбайжан, өзбек 
классикалық поэзиясы... Үшінші көз - бұл орыс мәдениеті, ал сол арқылы 
әлемдік мәдениет» (Әуезов М.О. Абай Құнанбаев. Алғы сөз. Шығармаларының 
І томдығы – М., Саяси баспа, 1954).
Қазіргі кезеңде бұл концепцияны көпшілік мойындаған болып табылады. 
Бұдан басқа көптеген зерттеушілер жоғарыда аталған бұлақтарды жалпы қазақ 
Ағарту ісіне әділдікпен қосып жүр. 
М. Әуезовтің бұрын жарияланбаған, осыдан аз уақыт бұрын ғана жарық 
көрген еңбектері көрсеткендей, зерттеуші өз атына айтылған әртүрлі 
айыптауларға байланысты Абай дүниетанымының өзекті бұлақтары туралы 
айтылуға тиістінің бәрін жарыққа шығара алмағанын байқаймыз.
Қырық жасқа дейін Абай шығармашылығы екі бұлақтан нәр алды деп айта 
аламыз: қазақтың халық ауыз әдебиеті және шығыс ойшылдары мен 
ақындарының шығармалары. Абай ізашарлары мен замандастарының қолы 
жеткең табыстарының барлығын өз бойына қуатты күшпен сіңіре білді, игерді, 
қайта жаңғырта өңдеді және оларды жинақтап қорытты. Гете өзі туралы былай 
деп жазған еді: «Мен туындыларым үшін тек жеке басымның ақылдылығына 
емес, маған солар үшін материал берген мыңдаған адамдар мен менен тыс жай-
жағдайларға қарыздармын» (Бельгер Г.К. кітабы бойынша: Гете және Абай. 
Эссе. Алматы, Жалын 24 б., 45 б.). 
Абай да ұлы неміс ақынының бұл пікірінің өзіне қатысты екеніне келісер еді 
деп ойлаймыз... Әртүрлі дәуірлер мен халықтардың әртүрлі философиялық 
ілімдерімен таныса отырып, Абай ең алдымен өзінің дүниетанымына, өзінің 
рухани дүниесіне жақынын таңдап алды, бұлардың бәрін өз бойына сіңіріп, 
өзінің мәнеріне салып, қуатты шығармашылық рухының жалынында ұстап 
шынықтырды. Абайдың айрықша осы қасиетін М. Әуезов мына сөздермен атап 
көрсеткісі келгендей: «Абайдың ерекше өзіндік талғамы, зор таланты аталған 
үш қайнар-бұлақ көздерге қарап-ақ көрінеді, ол өз талантын не жалғандықпен, 


255 
не еліктеушілікпен бұрмалаған жоқ. Абай кең тынысты суреткерге тән 
қасиетпен жаңа мәдениетті табиғилықпен өз бойына сіңірді дей тұрса да, ол бұл 
жерде өзінің суреткерлік және ойшылдық жарқын даралығын толық сақтады» 
(Әуезов М.О. Абайтанудан жарияланбаған материалдар. Алматы, Ғылым. 1988. 
85 б. ) . 
Абай мұрасы – бұл халық даналығының, шығыс мәдениетінің, орыс 
әдебиетінің, қоғамдық-саяси ойдың және өз бастауларын антика дәуірінен 
алатын батыс мәдениетінің синтезі /өзара ұласымы/. Замандар бойы 
қалыптасқан ұрпақтар даналығына негізделген халықтық дүниетаным – 
А.Құнанбаев дүниетанымының сөзсіз маңызды қайнар көздерінің бірі. 
«Абай әке жағынан Тобықты руының әйгілі билеушілері мен билері 
тұқымынан шыққан. Ақынның бабасы - Ырғызбай, Тобықтының белді биі әрі 
батыры... Абайдың өз атасы Өскенбай туған даласыңда тура бидің даңқын 
шығарған, оған тіпті өз дауларына шешім іздеген алыстағы рулардың 
қырғыздары /қазақтары - автор/ келетін. Абайдың әкесі Құнанбайдың өзге 
рулардың қырғыздарына /қазақтарына - автор/ зор ықпалы болды, бұл билік 
текті сұлтандар қолына жинақталғанда, Құнанбайдың Қарқаралы округіне аға 
сұлтан болып сайлануынан айқын көрінді. Абайдың анасы Ұлжан Бошан 
руындағы атақты Бертіс би тұқымынан шыққан. Қырғыз /қазақ - автор/ 
даласындағы Қоңтай мен Тоңтай секілді ағайынды сықақшылар. Абайдың 
анасы Ұлжанның туған ағалары болатын» (Бөкейханов Ә.Н. Абай (Ибрагим) 
Құнанбаев. (Қазанама). Батыс Сібір Императорлық Орыс Географиялық 
қоғамының Семей бөлімшесінің жазбалары. ІІІ шығарылым, 1907. 1 б., 2 б., 8 б. 
), - деп жазады Бөкейханов – өз заманының көрнекті қайраткері, терең білімді 
экономист, тарихшы-ғалым, әдебиеттанушы, жалынды публицист, орыстың 
ғылыми жұртшылығын ұлы қазақ ақынымен таныстырған талантты аудармашы 
(Ресей. Біздің еліміздің толық географиялық сипаттамасы. Санкт-Петербург. 
1903. Т. 18. 203 б. ). М. Дулатов өзінің «Абай» деген мақаласында / Дулатов М. 
Абай. «Қазақ» газеті. 1914. № 67. А.Н. Веселовскийдің «Шығыс жинағына» 
(1914 ж.) Абай және М. Дулатов шығармалары енді. / жазғандай, 1909 жылы 
Петербургтен шықкан қазақ ақынының өлеңдерінің бірінші жинағын шығаруда 
үлкен рөл атқарған – Ә. Бөкейханов.
Көріп отырғанымыздай, әкесі жағынан да, анасы жағынан да Абай
дың ата-бабалары халық таныған, әйгілі билер, әдет-ғұрып пен халық 
дәстүрінің, қазақтың қалыптасқан құқықтарының, халық даналығының 
білгірлері болған. Осыған байланысты ұлының рухани бейнесі мен 
қалыптасуындағы Абайдың әкесінің рөліне тоқталғымыз келеді; өзінің сөз 
өнері, қазақтың дағдылы /қалыптасқан/ құқықтары және Ресей заңдары туралы 
бастапқы біліктерін Абай осы бір жарқын тұлғаның аузынан естіді, сондықтан 
да оның бейнесін қалыптасып қалған көшірмелерге салмай жасағымыз келеді. 
А. Янушкевич, - поляк жер аударылушысы, Қазақстан тарихыңда ізгі белгі 
қалдырған Адам Мицкевичтің досы, Құнанбай туралы – алғыр ақыл, үлкен 
ұйымдастырушылық қабілет иесі ретінде ашық сүйіспеншілікпен бағалап, оны 
пайғамбар данқына лайық «сатып ала алмайтын адалдықтың төрешісі және 
үлгілі мұсылман» деп атаған, одан кеңес алу үшін алыс ауылдардан жастар мен 


256 
үлкендер, кедейлер мен ауқаттылар келіп жататын, ол «басқа байлар 
/ауқаттылар/ Құнанбайдың көбісін әперуге жарамайтын", - деп ашық айтады 
(Янушкевич А. Күнделіктер мен хаттар. Алматы, 1966. 62-63 бб.). Сөз соңында, 
Абайдың қадірсіз әкенің ұлын ұлы адам етіп тәрбиелеуі бұл өмірде болмаған 
жағдай деген сөзін еске аламыз. 
Халық рухын, халық тарихын поэзия түрінде философиялық ойды бере 
білуді Абай өмір мен өлім туралы ойларға, қазақ халқының бірлігі мен 
топтасуы жөнінде ойларға толы, жеке адамның еркіндігі, адам құқы, махаббаты 
үшін күрес идеяларымен өткірленген қазақ эпосынан алды. Абай Құнанбаевтың 
дүниетанымы көптеген тұстарда қазақ эпосының дүниетанымымен үңдес. 
Абай үшін ой қайнары болған шығыс мәдениетінің де орны ерекше. Ол 
барлық араб-парсы эпосын, шығыс классик ақындарының шығармаларын 
түпнұсқасынан оқыды, Табари, Рабғузи, Рашид-ад-дин, Бабыр, Абылғазы-
Баһадур хан және басқалардың тарихи еңбектерін білді, Шығыстың діншіл 
ғалымдарының түсіндіруіндегі логика негізі мен мұсылман құқы негізін білді. 
«Жана кезең, - деп жазады Ә. Бөкейханов, - исламның табыстарымен және 
қазақ даласында нығаюымен суреттеледі, бұл Абайдың назарын араб, парсы 
және түрік тілдерінде жазылған кітаптардағы білімге аударды. Қабілеті мен бос 
уақытын жұмсай отырып, ол өз бетінше араб және парсы тілдерін игерді, ол 
тілдерде еркін оқи алатын және қасиетті кітаптардың білгірі деген атқа ие 
болды» (Бөкейханов Ә.Н. Абай (Ибрагим) Құнанбаев. (Қазанама). Батыс Сібір 
Императорлық Орыс Географиялық қоғамының Семей бөлімшесінің 
жазбалары. ІІІ шығарылым, 1907. 2 б.).
Шығыстың Абайға әсері жөнінде әртүрлі пікірлер бар: ол ойшылдың 
дүниетанымы қалыптасуындағы шешуші рөлді мойындаудан бастап, оның 
әсерінен болуының өзін түгелдей жоққа шығару. 
Қазіргі уақытта бұл мәселені тереңдей оқып-білуге ұмтылыс байқалуда. М. 
Мырзахметовтың Абай туралы еңбегі үлкен қызығушылық туғызды. Зерттеуші 
көбінесе, Абайдың философиялық көзқарастарының қайнар көздерін Шығысқа 
көбірек саятынын атап көрсетеді, өйткені Шығыс ойшылдары мен 
ақындарының идеяларын игеру Абайдың көзқарасының гуманистік 
аспектілерінің қалыптасуына әсер етті. «Әл-Фараби және Абай» мәселесінің 
қойылуы маңызды әрі қажетті болып табылады (Мырзахметов М. Әуезов және 
абайтану проблемалары. Алматы, Ғылым. 1982. 232 б.).
Араб мәдениеті, арабтық-мұсылмандық Шығыс - бұл әл-Фараби мен Абай 
үшін бірдей рухани бастау, олардың арасын жалғастырар арқау, үндестік, 
олардың 
кейбір 
идеяларының 
бір-біріне 
тіл 
қатып 
тұрғандығы, 
байланыстылығы болып табылады. «Әл-Фарабидің философиялық ойларының 
дамуының басталуы болып табылатын негізгі проблема, - дейді А.Х. 
Қасымжанов, - бұл сұлулық пен бақытқа адамның жетуі...» (Қасымжанов А.Х. 
Әбу-Насыр әл-Фараби. М., 1982. 152 б. ). 
Атап айтсақ, Абайдың және барлық қазақ Ағарту ісінің философиялық-
әлеуметтік концепциясы бастауын адамды бағалау, оның бақыты мен адамдық 
болмыстың мәнін қарастырудан алды. Абай мұрасы «ұлы ақынның 
шығармашылығының өзегінде жатқан әсемдікке ұмтылумен бейнеленеді",- деп 


257 
академик Ә.Х. Марғұлан әділ бағалаған болатын (Марғұлан Ә.Х. 
Шығармашылық сапардың басы. Кітапта: Мұхтар Әуезов – совет әдебиетінің 
классигі. Алматы, Ғылым, 1980. 68 б., 66 б.).
Әл-Фараби мен Абайдын жердің жаратылуы туралы ойлары және 
космогониялық және космологиялық түсініктері үндес. Әл-Фараби өзінің 
математикалық трактаттарыңда "8" санына баса назар аударған, ал Абай "Сегіз 
аяқты" жазган. ... Әл-Фараби былай деп жазған: “Әрбір адамның әлемде 
(дүниеде) өз орны бар, Абай оны жаңғыртады: “Сен де бір кірпіш дүниеге...”. 
Идеялардың мұндай өзектестігін жалғастыра беруге болар еді. “Әл-Фараби 
және Абай” мәселесін зерттеумен шұғылданушы - А. Машанов, екі ойшылдың 
арасын жалғастырушы арқау - өз еңбектерінде Әл-Фарабидің философия, 
музыка, жаратылыстану ғылымдары туралы трактаттарына кеңірек тоқталған, 
мұсылман-діншіл Шахабутдин Маржани есімімен байланыстырады. Ш. 
Маржанидің шәкірттері Абайға медреседе оқыған жылдарында дәріс берген. 
Абайдын Маржаниды көп оқығандығы жөнінде мәліметтер бар (Машанов А. 
Әл-Фараби және Абай. Өркен, 1989. 17. VІ.). 
Шындығында, ортағасырлық араб-парсы тілді философияның, араб 
мәдениетінің, 
араб-мұсылмандық 
Шығыстың 
Абай 
Құнанбаев 
дүниетанымының өрістеуіне, қалыптасуына әсері, абайтануда қалыптасқан 
пікірлерден әлдеқайда жоғары. Арабтық Шығыспен Орталық Азия елдері, 
Қазақстан арасындағы байланыстар, бүгінде жалпыға бірдей танылған араб 
және батыс еуропа мәдениетінің байланыстары, өзара әсерінен әлдеқайда тығыз 
екені даусыз.
Шығыстың ұлы ақындары: Фирдоуси, Низами, Хафиз, Жәми, Сағди, 
Науаи, Сайхали және басқа тұлғалар Абайдың өмір бойы жанында жүрді, ол 
солардың поэзиясымен тәрбиеленді, олардың рухымен тыныстады, олардың 
поэзиясына тән поэтикалық жарқылға, әлемді таңдандырушылыққа, жоғары 
рухқа, үндестікке табынды. Олардың туындыларымен көптеген ұқсастықтарды 
Абай шығармашылығынан кездестіреміз, дегенмен шығыс ойшылдары мен 
ақыңдарының ойларымен әсіресе, Абайдың Адамды түсінуі, оның адамға деген 
махаббаты, адамның рухани күшіне сенімі неғұрлым үндестік тауып жатады. 
Шығыстың ұлы ойшылдары секілді Абай өзінің адамдарға арнаған: "Адам 
бол!" деген атақты қағидасы - оның шығармашылығының негізгі желісіне 
айналды. Ақын қоғамның гүлденуіне адамның имандылығының жетілуі 
жолымен қол жеткізуге болады деп сенді. 
Қазақ ойшылының гуманистік көзқарастарының қалыптауына үлкен
әсерін 
тигізген Шығыстың рухани мәдениеті және қазақ фольклорында бейнеленетін 
халықтық дүниетаным Абайдың шығармашылық күш-қуатына ұзақ уақыт 
бойына /40 жасқа дейін/ нәр берген негізгі бастаулар болды. 
Ұлы қазақ ойшылының дүниетанымына орыс әдебиетінің, қоғамдық-саяси 
ойының, жалпы орыс мәдениетінің әсері туралы қарастыратын болсақ, оның 
бірнеше жолдармен жүргені туралы айтуға тиістіміз: /әкесі жағынан/ інісі 
Халиолла Өскенбаев арқылы /Абай мен Халиолланың әртүрлі фамилияда 
болуы: Халиолланың өзіне фамилия етіп атасы Өскенбайдың атын алуы, ал 
Абайдың - әкесі Кұнанбайдың атын алуымен түсіндіріледі/, Семейдегі саяси 


258 
жер аударылғандармен қарым-қатынас арқылы және орыс әдебиетінің 
туындылары мен қоғамдық-философиялық ойды өз бетінше оқып-танысуы 
барысында болды. Осы уақытқа дейін абайтануда - інісі Халиолланың Абайдың 
қалыптасуына тигізген әсері жөнінде белгісіз себептермен толық, өз 
дәрежесінде айтылмай келді. Осылай болып келсе де, бұл ықпалдың әсері үлкен 
болды, Абайдың Лермонтов, Тургенев, Толстой, басқа да орыс 
жазушыларының 
шығармаларымен 
бастапқы 
танысуы 
Халиолламен 
байланысты. Г.Н. Потанин ол туралы "Қырғыздың соңғы ханзадасы отауында" 
деген очеркінде қызықты мәліметтер келтіреді: "Маған Омбы кадет корпусын 
бітірген, одан кейін өз Отаны Семей маңында өмір сүрген бір қырғыз /қазақ - 
автор/ сұлтаны /о дүниелік болған Өскенбаев/ туралы әңгімелеп берген еді: ол 
кешкі уақытта өз ауылдастарына орыс повестері мен романдарының мазмұнын 
әңгімелейтін және қырғыздар /қазақтар - автор/ оны ықыласпен тыңдайтын, 
оған өз әңгімелерін жазуды өтінетін, осылайша қырғызша /қазақша - автор/ 
жазылған Лермонтов, Тургенев, Толстой және басқалардың туындыларының 
еркін аудармасы жасалған дәптерлер пайда болды. Кей кезде, осындай әдеби 
кештердің кезінде қырғыздардың /қазақтардың - автор/ киіз үйінде пікірлер 
тиегі ағытылғанда, өз көзімен көрген адамның айтуына қарағанда, 
Өскенбаевтың орыс беделдерін пайдаланғанын естуге болатын: "Тыңдаңдар, 
бұл туралы белгілі орыс сыншысы Белинский былай деген!" немесе "бұл 
туралы орыс сыншысы Добролюбов мынадай пікірде болған!” (. Потанин Г.Н. 
Қырғыздың соңғы ханзадасының киіз үйінде (Көкшетау уезіне сапардан). 
Уәлиханов Ш.Ш. Шығ. V томдығы. 5-т. Алматы, 1985. 331 б.). 
Сібір кадет корпусында тамаша білім алған, орыс армиясының офицері - 
Халиолла оқыган қазақтардың арасында да өэінің даралығымен көзге түсетін. 
Өз халқының шынайы ұлы болған Халиолла оған барлық күш-жігерімен қызмет 
етуге ұмтылды. "Ол өз руластарын, олардың тар "қайсақ" дүниесінен басқа, 
өзгеше әлемнің: жарық пен білімнің, ғылым мен жоғарғы сатыға жетуге 
мәңгілік ұмтылудың әлемі бар екендігіне үйретті”. ...Халиолла кемеңгер ақын 
Абайға үлкен әсерін тигізді" ,- деп Ә.Х. Марғұлан М.О. Әуезовтің мерейтой 
кешінде жасаған баяндамасыңда атап көрсетті. Осы баяндамада Ә.Х. Марғұлан 
Халиолла Кавказдағы әскер құрамында /1877 ж./ Тифлисте болғанда, Абайдың 
бірнеше өлеңдерін орыс тілінде жариялағанын айтқан. Бұл өзіне зерттеушілер 
назарын аударатын, өте қызықты дерек деп ойлаймыз. 
Абайдың Семейдегі жер аударылушылармен достығы, олардың әсері 
туралы, аз еңбек жазылған жоқ, бірақ Ә. Бөкейхановтың, А. Байтұрсыновтың 
осы мәселеге байланысты еңбектері, біздің ойымызша, әлі айтылмаған 
қарларын көз алдымызға тартады. Олардың атап көрсеткеніндей, Е.П. 
Михаэлистің, С.С. Гросстың Абайға қатысты басты сіңірген қызметі, ең 
бастысы, оның жер аударылушы достарымен қарым-қатынастан алғаны – Абай 
солардың арқасында поэтикалық және философиялық шығармашылығына 
көзқарастарында төңкерісті бастан кешірді. Ол енді өркениетті халықтарда 
поэтикалық және философиялық шығармашылықтың құрметті кәсіптердің бірі 
екенін түсінді.
Егер халықта поэтикалық шығармашылық беделге ие болмаса, 
онда кінәлы өнер емес, өз өнерін қайыршылық, қол жаю кәсібіне айналдырған 


259 
акындар кінәлы. “0рыс ақындарымен танысып, өлең орны қайда екенін 
білгеннен кейін Абай өлеңге басқа көзбен қарап, басқа құрмет ықыласпен күтіп
алып, төр түгіл, тақтан орын берген" ,- деп жазады Абай шығармашылығына 
арналған мақаласыңда А. Байтұрсынов. 
Сонымен, ақынның жер аударылушы достарының басты еңбегі -Абайдың 
өлең, ән, музыка шығаруы - сұраншақ /қайыршы/ ақындардың үлесіне тиген, 
сол арқылы нан тауып жейтін кәсіп деген түсініктерін /бұл сол кездегі 
қазақтардың қоғамдық санасында үстемдік еткен ұғым болатын/ қиратуы 
болды. 
Абайға қатысты Е.П. Михаэлистің, С.С. Гросстың, Н.И. Долгополовтың 
басты жетістігі - енді ол дала аристократиясы жек көретін ақын атағынан өзін 
төмендетеді деп қорынбайтын болды. Абай шайырлық шығармашылық жолына 
түсе
отырып, қазақ ақындарын өнерді ауқаттылардан ақша, мал алу құралына 
айналдырғаны, “әннің алтын сөзін мысқа айналдырғаны” үшін
айыптады. 
Абай орыс тілін өте жақсы білді, оны сезінді, тілдің нәзік тұстары мен 
реңктерін түсіне білді. Ол қазақ «тіліне Пушкиннің "Евгений Онегинін", 
Крыловтың мысалдарын, басқа да ақындардың өлеңдерін аударды, оның 
аударуындағы "Ойлар", "Қанжар", "Желкен", "Дұға" секілді Лермонтов 
туындылары аударма өнерінің күні
бүгінге дейінгі маңдай алды үлгілері болып 
табылады. Академик Ә.Х. Марғұлан Ленинград университетінің тарих-әдебиет 
факультетінің студенті болып жүргенде, профессор В.В. Сипковскийге 
Абайдың 1909 ж. Петербургте жарық көрген өлеңдері кітабына кірген "Евгений 
Онегиннен" аудармасын көрсеткенін еске алады, профессор жылы жүзбен 
таңқалып: "Бұл өте қызықты. Басқа шығыс әдебиетінде біз мұндай жайды 
кездестірген емеспіз. Мен Абайды университет лекцияларына енгізіп, бұл 
циклді "Абай сағаттары" деп атаймын, өйткені студенттер онымен таныс болуы 
керек", - деген (Марғұлан Ә.Х. Еңбекпен өткен өмір. Жұлдыз, 1986. №1. 176 б.). 
Абайдың аудармашылық өнеріне бұл саладағы білікті адамның жоғары баға 
беруі, оның ақынды шығыс әдебиетіндегі бірегей тұлға ретінде құрметтеуі – 
бұл есте сақталатын, назар аударуды керек ететін дерек. 
Орыс әдебиеті мен мәдениеті Абайға дәл осындай ықпалын тигізді, ол 
қазақ халқының соған араласуына қызу тілекте болды: "0рысша оқу керек, 
хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да – бәрі орыста тұр... Орыстың ғылымы, 
өнері - дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі" (Абай (ИбраҺим) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет