Қазақ КҮресі «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенттеріне арналған оқу құралы ш ымкент 2019ж (075. 8) Ббк 75. 715 я7


Классификациялау, жүйелеу және күрес терминалогиясы



бет3/27
Дата03.04.2024
өлшемі0.59 Mb.
#497535
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Қазақ күресі

1.2. Классификациялау, жүйелеу және күрес терминалогиясы.

Күрес тәсілдерін классификациялау барлық белгілі әдістерді ортақ белгілеріне қарай топқа бөлуге болады.


Жүйелеу –тәсілдердің әр түрлі топтарының арасындағы байланыстар мен өзара тәуелділіктерді тауып, қиындық дәрежесіне ,құрлымының күрделігіне ,т.с.с. белгілеріне қарай бірінен соң бірін орналастыру.
Терминалогия-педагогикалық және спорттық жұмыс кезінде пайдаланылатын қазақша күреске тән атаулар (терминдер).
Классификациялау, жүйелеу және терминалогия оқытушыларға педагогикалық процесті тәртіпке келтіруге көмектеседі.
Жүйелеу – классификациялау нәтижесінде жүргізіледі. Ол жаттықтырушының күрес техникасы,топтар мен амалдар арасындағы өзара байланыстырып жаттығушыларға түсінікті болуына көмектеседі. Бұл палуандарды дәйекті түрде дұрыс оқытуға мүмкіндік береді.
Қазақша күресті классификациялау негізіне қарсыласпен күрескен кезде қолданылатын және жарыс ережесінде рұқсат етілген амалдар алынған.
Қазақша күрес техникасындағы кейбір түсініктерді анықтау.
Күрес техникасы-дегеніміз палуанның жеңіске жету үшін қолданылтын және әрекет ету ережелерінде рұқсат етілген амалдар жиынтығы.
Түегеп күресу техникасы-тұрып күрескенде қолданылтын амалдар.
Ұстасу –қолмен орындалатын әрекеттер ,палуан шабуылдау,қорғану немесе қарсы шабуылдау мақсатында қарсыласының киімінің бір жерінен ұстауы.
Бір жақты ұстау –қарсыластың бір жақ шетінен екі қолымен ұсауы (яғни адам денесінің дәл ортасы омыртқа жотасы болса оң жақ не болмаса сол жағынан екі қолмен ұстауын бір жақты дейміз).
Әр жақты ұстасу- оң қолмен қарсыластың сол қолынан (сол қолымен қарсыластың оң қолынан) ұстау.
Ырғақ-білектерін айқастыру әдісі,саусақтарын қармақтап ілмектеп, құлыптап бір-бірімен ұстастырады.
Шалу- аяқпен жаслатын қимыл, бұл кезде палуан балтырын ,қарсыласының тізесінін төмен қойып сырттан шалады.
Ілу-аяқпен жаслатын қимыл, бұл кезде палуан қарсыласының денесінің қанадйда болмасын бір бөлігін ұстап ,өзіне немесе бір жағына қарай тартады.Аяқты бүгіп тұрып жіліншікпен немесе табанмен орындалады.
Орау-аяқпен жаслатын қимыл.Палуан қарсыласын қимылдатпай ұстап,оны өзіне немесе бір жағына қарай тартып,онымен бір мезгілде жіліншігімен және табанымен аяғынан орайды.
Қағу-аяқ қимылы. Палуан табан жағымен,табанның ішкі,сыртқы қырларыменқарсыласын аяқтан қағады.
Көтере қағу-аяқ қимылы. Палуан санының артқы жағымен қарсыласын аяғынан немесе екі аяғынан бірдей артқа көтере қағады.
Тізеден қағу – аяқ қимылы. Балуан қарсыласының аяқтарын кілемге тигізбей көтеріп алып, тізесімен қағады.
Көтере итеру – аяқ қимылы. Балуан қарсыласын санымен немесе жіліншігімен өзінің алдынан жоғары көтере итереді.
Адымын айқастыру – қарсыласының жанына немесе артына шығу мақсатымен балуан аяғын оның аяқтарының артына қояды.
Еңкею – дененің тік тұрған күйінен жазықтық күйге қозғалту;
Тікею – денені жазық күйден тік күйге келтіру;
Шалқаю – денені артқа қарай шалқайтып доғаша иілу;
Айналу – артқа қарай құлаған кездегі дененің қозғалысы: балуан шалқалап құлап бара жатқанда кеудесімен түсетіндей болып айналады;
Жұлқу – балуан қарсыласын өзінен ары қарай немесе қапталға қарай қатты итереді.
Әдіс – балуанның толық аяқталған әрекеті, қарсыласының басым түсу немесе оны жеңу амалы;
Қорғану – қарсыласының шабуылын балуанның тойтаруына мүмкіндік беретін әректтері;
Қарды әдіс (амал) – қарсыласының әдісіне қарсы қолданылатын әдіс.
Лақтыру – қарсыласын кілемнен көтеріп алып жауырынымен немесе кеудесімен түсіруге мүмкіндік беретін әдістер.
Жығу – түрегеліп тұрған қарсыласты кілемнен көтеріп алмай-ақ кеудесімен немесе арқасымен түсіруге көмектесетін әдістер;
Арқадан асыра лақтыру – қарсыласқа арқасын бере айналып, содан соң еңкею немесе алға қарай құлау арқылы орындалады. Айнала берген кезде еңкейе қалу бұл әдістің негізгі элементі болып табылады.
Шалқайып (төспен) лақтыру – шалқаю арқылы орандалады. Бұл әдістің негізгі элементі – денені артқа қарай доғаша иіліп шалқайту;
Еңкейіп лақтыру – кеуденің және аяқтың күші арқылы қарсыласты кілемнен көтеріп алып, содан соң еңкейіп, оны кілемге түсіру жолымен орындалады;
Ілу – түрегеліп тұрғанда орындалатын әдіс. Қарсыласының аяғын балуан бүгілген өз аяғымен іліп алып жығады немесе лақтырады;
Сүріндіру – лақтыру әдісі. Кедергі етіп қойған өзінің аяғынан қарсыласын өткізе сүріндіріп лақтырады;
Иықтан асырып лақтыру – балуан арқасын беріп денесін айналдырып барып, қарсыласын иығынан асырып лақтырады;
Орау – түрегеліп тұрғанда орындалатын әдіс. Қарсыласының аяғын балуан өз аяғымен (жіліншігімен және табанымен бір мезгілде) орап алып жығады немесе лақтырады;
Тактикалық даярлық амалдарды – балуанның шабуылдау немесе қарсы шабуылдау үшін қолайлы жағдай жасайтын әрекеттері;
Барлау – балуанның қарсыласы жөнінде мәліметтер алуына көмектесетін тактикалық әрекеттері;
Бүркемелеу – балуанның қарсыласынан шын ойын жасыру үшін жасайтын тактикалық әрекеттері;
Қауіп төндіру – балуаннның қарсыласын қорғанысқа мәжбүр ететін тактиклық әрекеттері;
Жалған әрекеттер – ақырына дейін жеткізілмеген және қарсыласты тиісті қорғанысқа көшуге мәжбүр ететін амалдар, қарсы амалдар, ұстау, жұлқу, итеру және басқа да деректер;
Алдау – ол да жалған әрекеттер;
Қайталап алдау – балуанның өзінің шын амалын қарсыласына жалған амал етіп көрсетуге бағытталған тактикалық әрекеттер;
Шақыру – балуанның қарсыласының еркін қимылдауына мүмкіндік бермейтін тактикалық әрекеттер;
Тепе-теңдіктен шығару – балуанның өзінің шабуылға шығуына ыңғайлы, ал қарсыласын тепе-теңдігін сақтай алмай қолайсыз күйге түсуге мәжбүр ететін тактикалық әрекеттер;
Шабуыл – тактиклық әрекет, оның мақсаты – басым түсу немесе жеңіске жету;
Қайталап шабуылдау – бірдей қимылдар қатар орындалатын тактикалық әрекеттер, ол қимылдардың тек соңғысы ғана шешуші, ал қалғандары жалған болып табылады;
Қиыстыру (комбинация) – белгілі бір нәтижеге жету үшін орындалатын әрекеттерді тактикалық жағынан ұштастыру немесе олардың бірінен соң бірінің орындалуы;
Ұстау (әдіс) комбинациясы – қарсыласы ұстаудың бір түрінен қорғана жүріп, келесілерін орындауға қолайлы сәтін туғызатындай етіп ұстау түрлерін ұштастыру;
Алдын алу – балуанның қарсыласының шабуылымен бір мезгілде жүргізетін шабуылдау әрекеттері, бірақ балуан қарсыласының алдын алу үшін оны шапшаңырақ орындайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет