«Райымбек аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Мұқағали Мақатаев атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Қазақ поэзиясының Хан-Тәңірі –Мұқағали»
Сыныбы: 8а сынып
Сынып жетекші: Апендиева Ф.
02.02.2015 ж.
Тәрбие сағатының тақырыбы:
«Қазақ поэзиясының Хан - Тәңірі – Мұқағали»
Тәрбие сағатының мақсаты:
Ақын өмірі мен өлеңдері туралы оқушылардың жан – жақты білуі.
Балаларды ақын өлеңдерін жатқа мәнерлеп, көркем оқуға дағдыландыру. Оқушыларды ойлау, сөйлеу қабілеттерін арттыру, тілін дамыту. Отанды елді сүюге, имандылыққа, өнерге деген құштарлық сезімін ояту.
Тәрбие сағатының көрнекіліктері:
М. Мақатаевтың суреті, ақындардың лебіздері, отбасының суреттер, естеліктер, талант туралы тағылымды ойлар, шарлар.
Тәрбие сағатының әдіс - тәсілі: Баяндау, көрнекілік.
Жоспар: 1. Кіріспе сөз
2. М. Мақатаев өмірі жайлы.
3. Ақынның жазған күнделігінен оқу.
4. Өлеңдерін жатқа айту.
5. Көрініс.»Менің анкетам»
6. Ақынға арналған бұрышпен таныстыру.
7. Қорытынды сөз.
Тәрбие сағатының барысы:
1-жүргізуші 1. Кіріспе сөз: Құрметті ұстаздар мен қонақтар қасиетті Қарасаз жерінде туып, қанатын
қатайтып, қысқа ғұмырында өшпестей із мәңгілік мол мұра қалдырған ғасырымыздың ғаламат ақын Мұқағали атамызға арналған «Қазақ поэзиясының
Хан - Тәңірі - Мұқағали» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
2. Мұқағали өмірі жайлы қысқаша мағлұмат.
1-жүргізуші:Биыл М. Мақатаевтың туғанына 84 жыл толады.
Ақын 1931жылы 9 - ақпанда Қарасаз ауылында дүниеге келді.
Ауылда мұғалім, диктор болып жұмыс істеді. Өмірінің соңына
дейін өлеңдер мен поэмалар жазып өшпес мұра қалдырды.
1- жүргізуші:Мұқағалидың азан шақырып қойған аты - Мұқамедқали.
Ақынның өзіде есейген шағында бұл есімнің қадір қасиетін
Түсініп, құжатқа Мұқағали есімін жаздырып алған.
М. Мақатаевты поэзияның төл басы деп атауға болады.
2-жүргізуші: Мұқағали үйінің тұңғышы болған. Ақынның 2 інісі Тоқтарбай мен Көрпеш бар. Мұқағали әжесі Тиынның қолында өскен.
Нұрғиса «Санаулы күн»
1-Жүргізуші:М.Мақатаевтың сазды лирикалық өлеңдерін оқыған сазгерлер үлкен әсерде болады. Мұқағали өлеңдеріне көптеген әндер шығарылды. Бұл Мұқағали өлеңдерінің өте бір нәзіктігі. Сазгерді ән салуға жетелеп, өмірге талай тамаша ән әкелді. Мұқағалидың жырлары жастардың жүрегіне, халқының жүрегіне жарқырап жетіп, жалын құйып, өзінің жарығы мен жылуын дарытуда. Оқыған сайын жаңа сырларын, сырлы саздарын төгуде.
2-Жүргізуші:М.Мақатаевтың өлеңдері, жыр-шумақтары ғасырдан-ғасырға жалғаса береді. Мұқағали Мақатаевтың есімі жалпы қазақ баласына, жырсүйер қауымға ыстық екені сөзсіз. Ақынның өзі айтқандай, оның өлең-жырлары өлген жоқ.
М.Мақатаев күнделігінен үзінді
Айгүлім:1-январь 1974-жыл
Жеке өз басыңның қадір-қасиеті деген осы екен-ау! Ал мен ақымақ оны қорғамақ тұрмақ, тіпті білмеппін де. Қарапайым болғым келеді, алайда ашық ауыз екем, тек менің «достарым» ғана емес, тіпті өз отбасым, балаларым да мені жер соқтырып кетеді. О, сен қорқынышты нәрсесің, Адамзат! Болмайды, өз қадір-қасиетіңді қорға! Ақын атыңды сақта, нағыз ақынмын десең, соған лайықты бол! Табиғаттың өзіндей қарапайым бол, бірақ ол сияқты қайсар да бол. Сен өз замандастарыңнан өзгешесің. Неңмен екенін айтпаймын... ендеше, өр болсаңшы! Басыңды көтер, бауырым!..
Альбина: 25-май 1974 жыл
Сүйікті балаларым менің! Ақылсыз болмаңдар! Өмір тола қауіп, абай болыңдар! Өмірдің әрбір құбылысына байыппен, ақылмен қараңдар! Жөні жоқ мейірбан, жұмсақ болмаңдар. Өмір барда жауыздық та бар. Мейірбандықпен, жұмсақтықпен жауыздықты жеңуге болмайды. ...Бір сөзбен айтқанда, сүйе де, жек көре де біліңдер, бірақ әрқашан адам қалыптарыңда қалыңдар! Әрдайым сақ болып, әрдайым өздеріңді бағалай біліңдер!
Балаларым менің! Балаларым менің! Егер сендер түсінсеңдер ғой мені...
Қайсар: 29-май 1974-жыл
Адамдарды жауыз деп айта алмаймын, өйткені оларды аз білемін. Мен зерттеуші емеспін, ақынмын. Адамзаттың қайғысы мен қуанышы мені жеке адамның өзінен артық қызықтырады. Адамдардың жаман екенін, жақсы екенін ажыратушы мен есмеспін, өйткені өзім де солардың бірімін. Мені жұрттың тағдыры, оларды қоршаған ортаның шындығы, олар өмір сүріп отырған уақыт, оларды басқарып отырған қоғам қызықтырады...
Шырын:10-июнь 1974-жыл
Қаласа да, қаламаса да жұрт мені ақын ретінде түсінеді; ал адам ретінде кім түсіне қояр дейсің. Тіпті ең жақындарым да. Түсіңсендерші, мен туғаннан адаммын, адам қалпымда қалам; ал мен кейін ақын болдым, ұқсаңдаршы, болдым, яғни...
Айбар: 1-октябрь 1974-жыл
Бойында бір тамшы таланты жоқ бола тұра, талантты әдебиетшілердің қатарында тұрғысы келгендер ақымақ емес, өз шығармашылығын бүгінгі күнмен және өзінің ұранды патриотизімімен өлшейтін, сөйте тұрып, әдебиетте қалғысы келетіндер — ақымақ. Үнемі іздеп жүретін және ылғи әдебиеттегі «бос орынды» тауып ала қоятындар ақымақ. Осы күні талантты адамдар әдебиетте аз рөл атқарды. Қазіргі біздің әдебиетке құлдық ұра беретін құлдар қажет. Олар, әрине, «борозданы бүлдірмейді». Осы күнгі ережелер оларды толық қанағаттандырады. Рұқсатпен жазады, жұмыс істейді, тамақ ішеді және жүріп-тұрады. Олар тәртіпті.
Өйтпегенде ше, талант буырқанса, ол өз жолымен қозғалғысы келеді және жолдан шығып кетіп, бірдемені бүлдіріп те алады, сондайда құлдар аяқ асты табыла кетеді. Ұятсыздар, олар таланттың орнын баса қоюға дап-дайын және қарасаңызшы, «орнын басады да». Орынға отырады да, таланттардың үстінен бұйыра бастайды. О, қандай күйінішті! Одан өткен күйініш болмайды...
2-Жүргізуші Қара саз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің.
Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім,-
Деп өзі айтып кеткендей, ақынның өлеңдерің еш уақытта өлмейді.
Қыран «Жастық»
Ән: «Шеше сен бақыттысың» Нұрғиса мен Бағжан
Мадияр «Жаңбыр тау»
1-Жүргізуші: Мұқағали Мақатаевты ұрпақтары ешқашан ұмытқан емес. Мұқағали бір ғасырда бір келетін, қазақ поэзиясының алтын домбырасы дерліктей хас талант иесі. Иә, жақсы жырды, жақсы ақынды таңдай білсек, қорғай білсек, хақымыздың рухани өзегі, сана байлығы толыға түсері анық. Мұқағали Мақатаевтың әрбір өлеңін қымбат қазынымыздай сақтап, оқуымыз керек. Ол – біздің міндетіміз.
“М” дегеніміз-Мұқағалидың азан шақырып қойған есімі-Мұхамедқали
“Ұ” дегеніміз- ұрпаққа ұлағатты ұлан-ғайыр жырларын Мұқағали
атамыз зор сеніммен аманат етті.
“Қ” дегеніміз-Қарасаз ,яғни Мұқағалидың туған жері Қарасаз ауылы , Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты ауыл.
“А” дегеніміз- “Аманат”, “Аққудың қанатына жазылған жыр” кітаптарының авторы Мұқағали Мақатаев .
“Ғ” дегеніміз-Ғасыр. Яғни Мұқағали Мақатаев “Ғасыр ақыны”.Ғасырдан ғасырға өз оқырманын тауып , жырларын мәңгілікке қалдырған.
“А” дегеніміз-Асқар Оразақын. Асқар-ақын , зерттеуші. Мұқағалидың бар шығармаларын зерттеп ,4 томдық шығармалар жинағын құрастырушы.
“Л” дегеніміз-Лашын,Мұқағалидың өмірлік жары . Шын аты Ләсима Әзімжанова .
“И” дегеніміз-имандылық .Адамзатқа ең бірінші имандылық керектігін Мұқағали “Дүние жүзі мұсылмандарына хат” деген өлеңінде жырлайды.
Айман: «Емханада»
5.«Менің анкетам» атты өлеңін сахналық көрініс ретінде орындалады.
Жасұлан: - Туған жерің?
Мақсат - Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың.
- Туған жылың?
- 1931 жыл.
- Жынысың кім?
- Еркекпін ғой, Және дағы тәуірмін,
- Партияда барсың ба?
- Жоқпын.
- Шыққан тегің?
- Шаруамын.
- Білімің ше?
- Орташа ғой.
- Ана тілің?
- Қазақша.
- Мекен жайың?
- Мекен жайым - Жер менің.
- Мен өмірді жырлау үшін келгенмін.
Марғұлан «Нағыз ақын»
Жасұлан: Мен дағы жазбаймын өлеңді ермек үшін
Нұрбол: «Жарығым-ай»
Би: «Аққулар ұйықтағанда»
Мақсат: «Мен таулықпын»
Шырын «Поэзия менімен егіз бе едің?»
Альбина «Естелік»
Толқын: « Оңай сөз ғой отанды сүйем деген»
Нұрбол: «Қазақ жері»
Қорытынды
1-Жүргізуші :
Көп адам дүниеге бой алдырған ,
Бой алдырып , аяғын көп шалдырған .
Өлді деуге сияма, ойлаңдаршы ,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?-деп Абай атамыз жырлағандай, 45 жыл ғана қысқа ғұмыр ішінде халқына өшпес із қалдырған ғасыр ақыны Мұқағали жырларынан біраз сусындағандай болдық . Әрине , ақынның мол , таусылмас мұрасын бір күнде , бір сағатта оқып білу мүмкін емес . Ақын шығармалары ұрпақтан-ұрпаққа тарап , жалғасын таба береді . Олай болса хантәңірі атанған ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың « Қазақ поэзиясының Хан-Тәңірі-Мұқағали» атты сынып сағатымызды аяқтаймыз .
Ұстаздарға, ата - аналарға сөз беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |