Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


Сын есімнің зат есім сөзінің орнына жұмсалып, заттық мағынада



Pdf көрінісі
бет145/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

Сын есімнің зат есім сөзінің орнына жұмсалып, заттық мағынада 
қолданылуы с ы н е с і м н і ң з а т т а н у ы (субстантивтенуі) деп 
аталады. 
 
Сын есімнің заттануы екі топқа бөлінеді: 1) контекстік заттану 2) 
лексикалық заттану. 
Контекстік заттану деп белгілі контексте (сөйлем ішінде) ғана заттық 
мағынаға ие болатын сын есімдерді айтады. Мысалы: білімдіден үйрен, үлкенді 
сыйла, жастарға ақылшы бол, көп ақымақтың ағасы болғанша, бір 
ақылдының інісі бол. т. б.
Кейбір сын есім сөздері қолданыла келе заттық мағынаға ауысқан. Мысалы, 
байдың малы, кедейдің лашығы, кірдің суы, шамның жарығы, жердің 
тоңы,асылдың сынығы, қысқы суық, жақсы жолдас, қарындас, құрдас деген 
тіркестердегі бай, кедей, кір, жарық, тоң, сынық, суық, жолдас, қарындас, 
құрдас деген сөздер лексикалық жолмен сын есімнен зат есімге ауысқан 
сөздер. 
Заттық ұғымға айналған сын есім сөздері морфологиялық тұлғасына қарай 
сөйлем мүшелерінің қай-қайсысы да бола алады. Мысалы: 1. Не жуандар, 
мықтылар кетпепті оның қасынан (Ж. Ж.). 2. Жаманға жалынғанша, жат 
та, жаңыңды қарман (М.М.). 3. Арзанның жілігі татымас (М.М.). Ауырдың 
астымен, жеңілдің үстімен (М.М.). Бұл сөйлемдердегі жуандар, мықтылар 
деген сын есімдер көптеліп барып, атау тұлғада тұрып бастауыш болып тұр. 
Қараңғыны, жаманға деген сын есім сөздері табыс және барыс септік тұлға-
сында келіп,толықтауыш болып тұр даарзанның, ауырдың, жеңілдің деген 
сын есім сөздері ілік жалғау тұлғасында келіп, анықтауыш болып тұр. 
Тақырып бойынша сұрақтар: 
 
1) Сын есім сөйлемде негізінен қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарады ? 
2) Сын есімнің заттануы деген не ? 
92-жаттығу

Мәтінді оқып шығып, сын есімдерге жалпы талдау жасаңдар. 
Енді сол көп қыздардың ішінен бөлініп қалған бір ғана ұзын бойлы, ақ 
сары қыз бар. Сұлу денелі, ашық нұр жүзді , әсем бойжеткен. Жіңішке, қап-
қара қасы Абайға алдымен байқалды. Кейбір кішкентай қозғалыстарымен 
Тоғжанның қасын еске түсірген. Ұзынша боп біткен, үлкендеу келген 
қоңырқай көздері саналы сияқты. Анда-санда күле қарап, жалт етіп қалғанда, 
әлдеқандай көп шұғылалы, мол сәуле төккендей болады. Сопақша біткен сұлу 
жүзінде жұқалаң, әсем қызылы бар ( М. Ә. ).
Содан былай бетінде қорасаннан қалған дағы бар бұжыр адамдай кейіпсіз, 
жаралы жартасты жергілікті жұрт Жүректас атап кетіпті.Ұсқынсыз тастың 
жүрекке ұқсайтын ештеңесі болмаса да, адам баласы қасына барса-ақ, екі 


167 
сәбидің қосыла соққан жүрек дыбысындай, әлгі жер бүкіл алапатымен дүңк-
дүңк етіп, баяу соғып тұрады екен (С.Ж. ). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет