етістігі тіркесіп айтылу арқылы мақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлем
жасалады. Мысалы:
1)
Аз әңгіменің артынан Оспан жұмыс басына бармақ болып, Әйгерім мен
Ерболды ертіп үйден шығуға айналды. (М. Ә.)
2. Бағыныққы сөйлемнің баяндауышы түйық райлы етістік болып, оған
үшін шылауы тіркесіп айтылу арқылы, не болмаса
тұйық райлы етістік барыс
септік жалғауы тұлғасында қолданылу арқылы да мақсат бағыныңқылы
сабақтас сөйлем жасалады. Мысалы:
1)
Осы тапсырманы орындау үшін, Асқар мен Болатов сол күнгі поезбен
жүріп кетті. (С. М.) 2)
Отардағы малдың күтімін өз көздерімен көруге, олар
кеше жүріп кетті.
3. Бағыныңқы сейлемнің баяндауышы
бұйрық және ашық райлы
етістіктердің бірі болып, оған
деп көмекші етістігі тіркесу арқылы да мақсат
бағыныңқылы сабақтас сейлем жасалады. Мысалы:
1)
Андрейдің сөзін бөліп бөгет жасаймын деп, ана тапжылмастан отыруға
тырысты.(М. Г.) 2)
Жиреншеге білдірмеймін деп, әлі де ағызып шауып келе
жатқан. (М. Ә.)
Достарыңызбен бөлісу: