мектептен келді. Сенің балаң мектептен келді, Оның баласы мектептен
келді деген сөйлемдерді алатын болсақ,
бала сөзінің сөйлемдегі атқаратын
қызметі өзгерген жоқ. Бірақ морфологиялық тұлғасы өзгеруі арқылы
грамматикалық мағынасы өзгерді. Бала сөзіне бірінші сөйлемде
-м, екінші
сөйлемде
-ң, үшінші сөйлемде
-сы қосымшасы жалғану арқылы
«бала»-ның
келуімен қатар, оның сөйлеуші (I жақтағы), тыңдаушы (II жақтағы), бөгде (III
жақтағы) адамдарға тән екендігі қоса хабарланып тұр.
Қазақ тілінде көптеген жағдайда зат есім сөздерінің бірқатарын үш
жақтың
біріне тәуелдеп айтпай қолдануға келмейді. Адамның дене мүшелері туралы
әңгімеленетін болса, ең алдымен, сол мүшенің қай жақтағы адамға тән
(тиесілі, меншікті) екендігі морфологиялық жағынан көрсетілуі керек те,
содан кейін барып өзге сөздермен синтаксистік байланысқа енеді. Мысалы:
басым ауырады, басың ауыра ма, басы ауыра ма түрінде ауыратын мүшенің
кімдікі екендігі қоса көрсетіледі.
Зат есімнің тәуелдік категориясы сөйлем ішінде
тәуелдік жалғаулары
арқылы көрінеді
.Тәуелдік жалғау үш жақта қолданылады. Грамматикалык
жақ, негізінде, адаммен байланысты болады. Бірінші жақ
сөйлеуші адамды,
екінші жақ тыңдаушы адамды, үшінші жақ бөгде адамды білдіреді.
Бірінші, екінші жақтың мағынасына
қарағанда, үшінші жақтың мағынасы
әлдеқайда кең. Өйткені бірінші, екінші жақтың мағынасы тек сөйлеуші
жәнетыңдаушы адамдармен ғана байланысты. Ал үшінші жақ
деген ұғымға
сөйлеуші мен тыңдаушыдан басқа әлемдегі нәрсенің бәрі енеді.Сондықтан
үшінші жақта тәуелденген нәрсе бөгде адамға ғана меншікті болып қоймай,
өзге нәрселерге де тән, тиесілі болады. Мысалы,
менің қағазым, сенің көйлегің
дегенде,
қағаз бен көйлектің
бірінші, екінші жақтағы адамдарға меншікті
екендігі көрсетіліп тұр.
Оның дәптері, кітаптары дегенде, бір дәптер мен
бірнеше [кітаптың үшінші жақтағы бір адамға меншікті екендігі көрсеттіліп
тұр. Ал
судың ағысы, қайыңның бұтағы, тауықтың балапаны, мектептің
ауласы, лекцияның тақырыбы дегенде
ағысы, бұтағы, балапаны, ауласы,
тақырыбы сөздеріндегі тәуелдік жалғаудың үшінші жағы бұл нәрселердің
бөгде жақтағы адамға меншікті екендігін көрсетіп тұрған жоқ: бір нәрсе мен
екінші нәрсенің арасындағы табиғи байланысты көрсетеді. Ағыстың суға тән,
бұтақтың терекке тән, балапанның тауыққа тән, ауланың мектепке тән,
тақырыптың лекцияға тән екендігін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: