«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен (оқыту қазақ тілінде емес) тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 8-сынып


-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ



бет12/13
Дата15.02.2024
өлшемі188.13 Kb.
#491868
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Тжб 8- сынып

4-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ




4-тоқсанның жиынтық бағалауына шолу
Ұзақтығы – 40 минут
Тыңдалым – 10 минут Оқылым – 15 минут Жазылым – 20 минут
Айтылым сабақтан тыс тексеріледі (әр білім алушыға 2 минут беріледі)

Балл саны – 30




Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар Толық жауапты қажет ететін сұрақтар


Жиынтық бағалаудың құрылымы


Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 компоненттен тұрады. Бірінші компонент - тыңдалым, екінші компонент - оқылым, үшінші компонент - жазылым және тілдік бағдар, төртінші компонент - айтылым дағдыларын тексеруге арналған.


Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы


*Та
псы рма

Қамтылатын мақсаттар

*Тапсырмаларға сипаттама

*Тапсырма лар түрлері

*Орындау
уақыты, мин

Балл

1-5

8.1.2.1 тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, детальді
ақпараттарды анықтау

8.1.6.1 тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып, дәлелді жауап беру



Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар тақырыпқа қатысты 170-190 сөзден тұратын тыңдалым мәтінін 2 рет тыңдайды. Мәтінді тыңдау барысында оқушы бірінші және екінші тапсырмада берілген сөйлемдерді мәтін бойынша екі сөзбен толықтырады. Үшінші Тапсырмада мәтін бойынша сәйкестендіру, төртінші, бесінші тапсырмада мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді. Мұғалім оқушының мәтін мазмұнын түсінгенін бағалайды.

Қысқа жауапты қажет ететін


сұрақтар

10

5

1-4

8.3.1.1 перифраз түрінде берілген сұрақ арқылы қажетті ақпаратты анықтау

Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар тақырыпқа қатысты 180-200 сөзден тұратын мәтінді оқиды. Бірінші тапсырмада берілген сөздердің синонимін мәтіннен тауып жазады. Екінші тапсырмада мәтін мамзұнына сай келетін екі ақпаратты анықтайды. Үшінші, төртінші тапсырмада сұрақтарға мәтін бйынша жауап береді.

Қысқа жауапты қажет ететін


сұрақтар

15

5

1

8.4.1.1

Тапсырма жеке орындалады.

Жазбаша толық

20

10




мәтіндердің
жанрлық және стильдік
ерекшелігін
сақтап, интервью жазу

8.5.2.1 жазба жұмыстарында


себеп-салдар, талғаулы, кезектес салалас құрмалас сөйлемдерді құрастыру

Оқушылар берілген тапсырма бойынша оқылым мәтініндегі ақпараттарды перифраздап қолданып, өз ойымен өрбітіп, 160-170 сөзден тұратын интервью жазады. Мұғалім оқушының жазба жұмысында интервьюдің жанрлық және стильдік ерекшеліктерін
сақтауын, мәтіндегі ақпараттарды өз сөзімен бере алуын, дамыта алуын, себеп- салдар және кезектес салалас құрмалас сөйлем түрлерін
орынды қолданып жаза алуын бағалайды.

жауапты қажет ететін сұрақтар







1

8.2.5.1

Тапсырма жұпта орындалады.

Ауызша толық

Айтылым

10




пікірталасқа қатысушылар берілген

Оқушыларға тоқсандағы бір
тарау бойынша екі түрлі сұрақ ұсынылады. (Мұғалім

жауапты қажет
ететін сұрақтар

сабақтан
тыс тексеріледі.







тақырып

тоқсандағы әр тарау













бойынша өз

бойынша екі ашық сұрақтан













пікірлерін

әзірлеу керек!) Оқушылар













сенімді дәлелдеу

сұрақтарға таңдау жасап, сол













және қойылған

сұрақ бойынша ойы мен













сұрақтарға еркін

пікірін білдіріп, 2 минут













жауап беру

сөйлейді. Жұбы оқушының
сөйлеген сөзін мұқият
















тыңдап, айтылған ақпарат
















бойынша 1 ашық сұрақ
















қояды. Оқушы қойылған
















сұраққа дәлелді әрі толық
















жауап береді. Мұғалім
















оқушылардың сұрақты
















түсінуін, дәлелді сөйлей
















алуын, еркін жауап бере
















алуын бағалайды.
















Оқушылардың балдары бір-
















біріне тәуелді емес!










Барлығы

45 минут

30

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


«Мәңгілік елдің нұрлы жолы!» Қазақтың айтыс өнері мен сөз мәдениеті Қазақстан - Байқоңыр-Ғарыш


Тыңдалым
Біржан мен Сара айтысы — айтыс өнерінің озық үлгілерінің бірі. Айтыс 1871 ж. қазіргі Алматы облысының Қапал-Ақсу өңірінде Біржан Қожағұлұлы мен Сара Тастанбекқызы арасында өтеді.
Бұл айтысты ең алғаш 1898 жылы Қазанда “Қисса Біржан сал менен Сара қыздың айтысқаны” деген атпен Жүсіпбек қожа Шайхисламұлы жариялады. Біржан мен Сара айтысы сол тұстағы қазақ әйелдерінің бас бостандығы мәселесін, адамгершілік пен әділдікті, шындықты өзекті тақырып етіп көтереді. Екі ақын өздерінің руларының жақсы- жайсаңдарының сан алуан адамгершілік қасиеттері мен келеңсіз іс-әрекеттерін жайып салып, оларға баға беріп отырады. Сонау алыстағы Сарыарқадан Сараны жеңемін деп Жетісуға келген Біржан сал ә дегеннен амандасу рәсімін өз бойында дос тұрмақ дұшпан кемітер бір міні жоқ сұлудың, шебер ақын, шешен қыздың бетін қайырып, жігерін жасытып алуға пайдаланбақ болады. Айтыс алғашында рулық бағыт алса да, кейін дәстүрлі арнадан ауытқып, жүйелі өнер сайысына, көркем де кестелі сөз жарысына айналады. Айтыста халқымыздың әдептілік пен әсемдік туралы пікірлері, эстетикалық талғам-талаптары кең көрініс тапқан. Осының бәрі Біржан мен Сараның 19-ғасырдағы қазақ халқының болмыс- тіршілігін жан-жақты суреттейтін көркем туынды екенін айқын аңғартады.
Айтыс негізіндегі Қ. Жұмалиевтің либреттосы бойынша 1946 жылы М. Төлебаев “Біржан-Сара” операсын жазды. (176 сөз)

1-2. Көп нүктенің орнына 2 сөзден артық жазбаңыз.


А) Біржан мен Сара айтысында ежелгі қазақ қоғамындағы еркіндігі,


адамгершілік, шындық мәселелері көтерілді. [1] В) Біржан сал Жетісуға арнайы................. .......................... деген мақсатпен келеді. [1]
3. Берілген ақпараттарды мәтін мазмұнына сай сәйкестендіріңіз.

Ақпараттар

Ақпараттар

Сәйкестендіру жауабы

1) «Біржан мен Сара» шлоомисч
айтысы

a) Қ.Жұмалиевтің либреттосы бойынша жазылды.

1-

2) “Біржан-Сара” операсы

b) айтысты тұңғыш жариялады.

2-

3) Жүсіпбек қожа Шайхисламұлы

c) Алматы жерінде 1871 жылы өтеді.

3-

[1]

4-5. Берілген сұрақтарға тыңдалым мәтіні бойынша жауап беріңіз.


А) Біржан мен Сара айтыста кімдерді мақтайды және кемшіліктерін айтады.
[1]
В) Айтыста тарихымыздың қай кезеңіндегі қазақтың тұрмысы, ұлттық ерекшелігі сипатталады?
[1]

Оқылым


Тоқтарға ғарышқа ұшуға екі рет ұсыныс жасалды. Алғашқысында сүйікті ісін тастағысы келмегендіктен бас тартса, екінші жағдайда оның келісімін алмастан жарияланып кетіп, қызық болған.
Шымбұлақта демалыста жүргенде бір танысы телефон соғып: “Теледидардан сен туралы айтып жатыр”,- дейді. Онда Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа ұшуға дайындалып жатқаны айтылады. Батыр жігіт өзінің сыртынан айтылған сөзге ашуланып, «Менің жеке өміріме қол сұққандары қалай?» деп тұрғанда, «таңертең Президент Назарбаевтың қабылдауына келіңіз» деген хабар алады. Ертеңіне Президентпен кездесуге барады. Барған бетте ғарышқа ұшудан бас тартатынын мәлімдейді. Сонда Нұрсұлтан Әбішұлы:
– Тоқтар, бауырым! – деп, сөз бастайды. – Мені дұрыс түсін, бұл ұшу сен үшін немесе мен үшін қажет емес, қазақ халқы үшін керек. Білесің бе, Байқоңырдан осы отыз жылда ғарышқа кімдер ұшпады? Ал сол жердің иесі – қазақтар «Біздің жерден біздің ғарышкер қашан шығады?» деп армандаумен келеді. Туған халқыңның арманын орындаудан неге бас тартпақсың, а? Оның үстіне сен барлық жағынан дайын тұрсың... Керек десе, Кеңес Одағының Батырысың! – дейді.
Тоқтар осы сөзге тоқтайды. Елбасымыздың күш салуымен 1991 жылғы 21 қаңтарда Тоқтар Әубәкіровтің кандидатурасы жедел түрде бекітіліп, төрт айдың ішінде бүкіл дайындықтан сүрінбей өтіп, 1991 жылдың 2-10 қазаны аралығында қазақстандық бағдарлама бойынша ғарышқа жол тартты. 7 тәулік, 22 сағат, 12 минут, 40 секунд ғарыш кеңістігінде болған Тоқтар Әубәкіров тұңғыш қазақ ғарышкері атанды. (198 сөз)



  1. Мәтіннен берілген сөздердің синонимін табыңыз. (Екі дұрыс жауапқа 1 балл) хабарлау-

барлық-



  1. Мәтінге сай келетін екі ақпаратты белгілеңіз.

[1]


Ақпарат

Шын

Жалған

А) Тоқтар өзінің келісімінсіз теледидарда айтылған хабарламаға ренжиді.







В) Тоқтар Елбасына ғарышқа ұшпайтыны туралы айтады.







С) Қазақтың да ғарышты бағындыруы-Елбасының арманы







[2]

3-4. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз. А) Тоқтар Әубәкіровтің қандай атағы бар?


[1]
В) Тоқтар ғарышқа ұшуға неге келісім берді?



[1]





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет