Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен –сынып оқушыларына арналған аралық аттестаттау тапсырмалары Сынып:


Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 7–сынып оқушыларына арналған аралық аттестаттау тапсырмалары



бет7/17
Дата05.06.2024
өлшемі96.04 Kb.
#502327
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
№4 ОМ НАДИРА, АСЕЛЬ7-сынып емтихан[1]

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 7–сынып оқушыларына арналған аралық аттестаттау тапсырмалары
Сынып: 7 (оқыту өзге тілдегі сыныптар үшін)


3-бөлім. ЖЕРДЕГІ КЛИМАТТЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР
Сыныбы _________________
Күні ___________________
Білім алушының аты-жөні ___________________________


3-нұсқа
Оқу мақсаты:
7.1.6.1 тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстыра отырып жауап беру
7.3.3.1 прозалық және поэзиялық шығармалардағы кейіпкердің іс -әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образын талдау
7.4.2.1 эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу –келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу;
7.2.5.1 диалогке қатысушылар коммуникативтік жағдаяттың талаптарына сай «сөйлеуші -тыңдаушы» позицияларын еркін ауыстыру
7.5.1.2 Салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы, шырайлардың қызметін білу, жазба, ауызша жұмыстарда қолдану


Бағалау критерийі:
- тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстыра отырып жауап береді
- прозалық және поэзиялық шығармалардағы кейіпкердің іс -әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образын талдайды;
- эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу –келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазады;
- диалогке қатысушылар коммуникативтік жағдаяттың талаптарына сай «сөйлеуші -тыңдаушы» позицияларын еркін ауыстырады;
- Салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы, шырайлардың қызметін білу, жазба, ауызша жұмыстарда қолданады
Тыңдалым. Мәтінді тыңдаңыз. Мәтін бойынша тапсырмаларды орындаңыз. 0,5 балл
Қазақстан климаты
Қазақстан аумағы солтүстік жарты шардың қоңыржай климаттық белдеуінде орналасқан. Қоңыржай климаттық белдеудің басқа климаттық белдеулерден айырмашылығы – жылдың төрт мезгілі (жаз, көктем, күз, қыс) айқын байқалады. Қазақстанның климаты қоңыржай – шұғыл континентті, яғни жазы өте ыстық, қысы өте суық. Қазақстанның климатының континенттілігі жаз пен қыс айларының температураларының күрт ауытқуынан, ауаның құрғақтығынан, жауын-шашынның әркелкі түсуінен көрінеді.
Қазақстанның климаты қоңыржай шұғыл континентті. Қазақстанның климатын қалыптастырушы негізгі үш фактор бар, оларға жердің төсеніш беті, күн радиациясы, атмосфераның алмасуы жатады. (74 сөз)

  1. Мәтінде айтылған қоңыржай климаттық белдеудің ерекшелігін қалай түсінесің?

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Қазақстан климатын қалыптастыратын қандай факторлар?

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
3. Мәтінді тыңдап, термин сөздердің мағынасын жазыңыз .
1. Қоңыржай климаттық белдеу-
2. Шұғыл континентті -
3. Күн радиациясы -
4. Атмосфера -
5. температура -


Оқылым. Төменде берілген мәтінді мұқият оқып, кейіпкерлеріне талдау жасаңыз 1 балл
Түркістан — екі дүние есігі ғой,
Түркістан— ер түріктің бесігі ғой.
Тамаша Түркістандай жерде туған
Түріктің Тәңірі берген несібесі ғой.

Ертеде Түркістанды Тұран дескен,


Тұранда ер түрігім туып-өскен.
Тұранның тағдыры бар толқымалы,
Басынан көп тамаша күндер кешкен...
...Тұранның билері бар Тарағайдай,
Сол биден Темір туған от боп ойнай.
От шашып жер жүзіне Ақсақ Темір,
Жарқ етіп өте шыққан найзағайдай.

Тұранды мақтамаймын тіпті текке,


Онсыз-ақ Тұран таныс талай шетке.
Сырласқан үйде отырып аспан-көкпен
Білгіш аз жеткен жүйрік Ұлықбекке.

Асыл қан - қасиетті түрік қаны,


Сол қаннан — Ибн-Сина Әбуғали.
Молдығы білімнің сиқыр дерлік,
Дүниеге мұндай адам тудыма әлі?
Түріктің кім кеміткен музыкасын,
Фараби тоғыз ішекті домбырасын
Шерткенде тоқсан тоғыз түрлендіріп,
Жұбанып, кім тыймаған көздің жасын?!.
... Бұл Тұран ежелден-ақ алаш жері,
Тұрансыз тарқамаған алаш шері.
Тұранның топырағында тыныштық тапқан
Алаштың арыстаны — Абылай ері...

Тұраннан Сарыарқаны бөлек деме,


Түркістан алты алашқа болған Кебе.
Тұранның топырағын құшып жатыр
Кешегі ердің ері көкжал Кене.

Шер батса — кім іздемес туған елін,


Тұлпар да көксемей ме туған жерін?
Арқанын ардагері - қалың алаш,
Тұран да, біле білсең, сенің жерің!.. /М.Жұмабаев «Түркістан»/

  1. Үзіндіде берілген тарихи тұлғалардың есімін жаз

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Кестеге өлеңде аты аталған кейіпкерлерді жаз, кейіпкердің іс-әрекетін талда, бағала

Кейіпкер

Кейіпкердің іс-әрекеті /не істеді?/

Кейіпкердің іс-әрекетіне менің бағам




















Жазылым. «Климаттың өзгеруі адам денсаулығына тікелей әсер етеді» деген пікірмен келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп, құрылымын сақтап эссе жазыңыз. Эсседе салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырай түрін қолданыңыз. Шырайдың түрін ажыратып көрсетіңіз (Сөз саны 100-110 сөз) . 2 балл
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Айтылым. «Тараз-ежелгі мәдениетіміздің бойтұмары» тақырыбы бойынша диалог құрастырыңыз. Диалогта салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырай түрін қолданыңыз . 0,5 балл



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет