Дебат
Тақырыбы: «Қазақ тілі мәртебесі өз дәрежесінде ме?»
Мақсаты: қазақ тілінің мәртебесі туралы пікір айту, оқушылардың өз пікірін айта
білуге үйрету, дәлелдер мен мысалдар, статистикалық мәліметтер қолдана білуге
үйрету, тілді құрметтеуге баулу.
Амандасу
Жүргізушінің кіріспе сөзі:
«Қазіргі ХХІ ғасыр білім мен біліктің ғасыры болады» деп Елбасы Н.Ә. Назарбаев
айтқандай , қоғамымыз, жастарымыз,білімді де білікті болуы шарт.
Әйтсе де,- Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тілінді құрметте-деп Қадір Мырзалиев ақын ағамыз айтқандай жалпы қоғамымыз ана тілін өз анасындай қорғап қастерлеуі тиіс.
Дебат – қоғамдық екі топтың белгілі бір тақырыпқа байланысты қарама –
қарсы ойларын үшінші топқа, яғни, төрешілерге нақты детальдармен
дәлелдейтін пікірталас түрі. Демек, нақты дәлел қажетігінен дебатерлар нақты
білім және білімді орынды қолдану әрі ойын дәл жеткізу мақсатында шешендік
өнерге де ие болуы шарт. Дебаттың негізгі отаны – қазіргі Грекия жеріндегі
ежелгі Афины, қоғамдық қатынастар мен дамудың арқасында Еуропа және
Солтүстік Америкада жалғасын тапқан. XIX ғасырдың ортасында дебат тек
мемлекеттік басқару органдарында ғана емес, Ұлыбритания мен АҚШ – тың
университеттерінде дискуссиялық клубтар ашылып, студенттің алдағы еңбек
жолындағы жетістіктерге жетудің жолы болып табылған.
Бүгінгі біздің қозғайтын мәселеміз,-«Тіл мәртебесі өз дәрежесінде ме?»-деген
сұрақтың аясында болмақ.
Қатысушылар:
1. «Аршын»тобы \даттаушы \
2. «Тұлпар» тобы \жақтаушылар\
Сайыс бөлімдері:
І.Кіріспе
1.Екі фракцияда …..... спикерден болады.
2.Спикерлер кезектесіп, тақырыбын, дәлелдерін таныстырады.
ІІ.Негізгі бөлім
1.Спикерлер аргументпен мысалдар,статистикалық мәліметтермен таныстырады.
2.Екі фракцияның ұсыныстары мен қосымшалары.
3.Екі фракция бір-біріне сұрақ қояды.
ІІІ.Қорытынды
1.Сарапшылар сараптамаларын айтады.
«Аршын» тобының сарапшысы қазақ тілі мен әдебиет пәнінің
мұғалімі ...............................
«Тұлпар» тобының сарапшысы орыс тілі пәнінің мұғалімі
..................................
2.Төрешілер екі фракцияның сайыста жинаған сараптамалық дауыстарын
жариялайды.
Сайыс ережесі:
1.Бос сөзден аулақ болу
2.Уақытты тиімді пайдалану
3.Сұрақтарға дайын болу
Сайысымызды бастаймыз!
1 бөлім: таныстыру\ уақыт 1 мин.\ өздерін , дәлелдерін , тақырыбын
Таныстыру.
2 бөлім:
1. Ендігі бөлім негізгі кезеңде оқушылар өз пікірлерін айтады, дәлелдейді,керекті фактілер, мысалдар, статистикалық мәліметтер келтіреді.
1) «Аршын» тобы.
2) «Тұлпар» тобы.
2. «Тіл мәртебесі өз дәрежесінде ме?» тақырыбы бойынша даттаушы, жақтаушы топтардың ұсыныстары, әр топ кезегімен ұсыныстарын айтады.
1) «Аршын» тобы.
2) «Тұлпар» тобы. / уақыт 3 мин/
3. Қосымша мәлімет айту.
1) «Аршын» тобы.
2) «Тұлпар» тобы.
4. Фракция спикерлерінің бір-біріне қояр сұрағы. \5 минут
ІІІ Қорытынды. Оқушылар өз ұстамдары мен мәліметтері бойынша қорытынды
пікірлерін айтады.
Сарапшылардың сараптамаларын тыңдау. Сарапшылар:
«Аршын» тобының сарапшысы қазақ тілі мен әдебиет пәнінің
мұғалімі ...............................
«Тұлпар» тобының сарапшысы орыс тілі пәнінің мұғалімі
..................................
Төрешілер екі фракцияның сайыста жинаған сараптамалық дауыстарын жариялады.
Төрешілер : ................................
Жүргізушінің қортытынды сөзі.
«Қазақ тілінен асыл, қазақ тілінен бай тіл жоқ. Сол ата - бабаның тілі болған қазақ тілін осы күнгі қазақтың жалғызы білмейді. Егер қазақ тілін білсе, дін де осында, ғылым - білім де осында, әулиелік те осында. Солай болғаны үшін бұрынғы өткен ата - бабаларымыздың бәрі жақсы болып, әулие болып өтті».
(Мағжан Жұмабайұлы)
«Қазақтың тілі соншалықты мол.... қазақтың тіліменен қандай кітап болса да жазуға болады. Қазақ тілі мұншалық жатық һәм анық болар еді, егер де біздің қазақтар аңғарып, бөтен тіл араластырмастан ілгері бастырып сыйласа».
Халел Досмұхамедұлы
«Біздің тәжірибемізде қазақ тілі – бай тіл. Тек сөздері ғылым жолына салынып реттелмеген тіл. Қазақ тілі ғылым жолына реттелсе, ешбір жұрттың тілінен кем болатын емес, бұған илануымыз керек».
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
Көп тілділіктің қажеттілігі және кері әсері тақырыбында «Дебат» технологиясы бойынша өткізілген сайыс Президентіміздің «Жаңа әлемдегі, жаңа Қазақстан» жолдауында көрсетілген «Тілдердің үш тұғырлылығы» ізімен болып өтті. Дебат сайысына мектептегі тіл мамандары, тарихшылар мен мектеп әкімшілігі қатынасып, өз ойларын ортаға салды.
Қазіргі мектеп түлектері өзінің білімін жалғастыруына қажет бағыттарды тез әрі дұрыс таба алмай отыр, өзінің болашақ кәсіби қызметі мен мемлекеттің экономикалық, технологиялық және қорғаныс қабілетінің дамуы арасындағы байланысты жеткілікті білмей отыр. Қалыптасқан жағдайдан шығудың жолы жоғары сынып оқушыларын болашақ кәсіби әрекетке бағыттауда мектептердің жұмысына маңызды өзгерістер енгізу болып табылады. Бұндай өзгерістердің бастысы әлемдік желіге қосылу арқылы жаңа ақпараттар алу және соны оқушыға жеткізуді ұйымдастырып, өздігінен білім алуға дайындау. Әр оқушы өзінің кәсібін дұрыс таңдап алуы үшін оқушылардың ғылыми жұмысын ұйымдастыру, жоба жасауға бағыттау жұмыстары тек мектеп бағдарламасымен ғана шектелмейтінін білесіздер. Ол үшін жоғарыда айтылған жаңа ақпарат көздерін әр мұғалім үздіксіз іздеп, тауып оны қолдана білу үшін тіл қажетті құрал. Қысқасы оқушыны мамандыққа бағыттаудағы мұғалімдердің жұмыстары дұрыс ұйымдастырылуы үшін көп тілділіктің қажеттілігі тағы алдымыздан шығады.
Тағы бір көп тілділікті қажет ететін мәселе оқушылардың білім сапасын жаңа жүйемен бағалау әдістерін меңгеру және сол арқылы білім беру сапасының ұлттық бағалау жүйесін дамыту 12 жылдық білім берудегі басты мәселелелердің бірі. Себебі, бұлардың барлығы шет елдік іс - тәжірибелерден таңдалып алынған ең үздік тәсілдер.
Қазақстан Республикасында Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Конституциясының 93 - бабына, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23, 25 - баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 4 қарашадағы өкімімен мақұлданған Қазақстан Республикасының тіл саясаты тұжырымдамасына, Ел Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан - 2030» Жолдауына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 - 2000 жылдарға арналған іс - қимыл бағдарламасына сәйкес әзірленген.
Достарыңызбен бөлісу: |