Қазақ тілі пәнінен 5-сыныпқа арналған нөлдік тапсырмалар
Мақсаты: өткен тақырыптар бойынша білім деңгейін тексеру
Мәтінді мұқият оқып, берілген сұрақтарға дұрыс жауап беріңіз.
Торғай
Ерте тұрған Омар атай бақшаны аралап келе жатты. Ол жусанның ығында бүрісіп отырған бір торғайды көрді. Өзіне әбден жаңбыр өткен. Торғай Омар атайға жасқана қарады.
Әрі тоңған, әрі қорыққан кішкене құс қалшылдап тұр. Омар атай торғайды үйіне әкелді. Алдына ыдысқа салып жем әкеп қойды. Торғай жемді жемеді. Атай оның себебін сезіп, сыртқа шығып кетті. Сәлден кейін терезеден сығаласа, торғай жемді жеп жатыр екен. Үсті де кеуіпті...
1.Мәтінде асты сызылған сөйлемде неше зат есім бар?
А. 3
В. 2
С. 1
Д. Жоқ
2. Әңгіме мәтіннің қай түріне жатады?
А. әңгімелеу
В. сипаттау
С. пайымдау
Д. баяндау
3. Тасымалдауға келмейтін сөзді көрсетіңіз
А. атай
В. торғай
С. бақша
Д. Терезе
4. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.
А. Жаңбырлы ауа райы жайында айтылып тұр
В. Құстың жем жемеуі жайында айтылып тұр
С. Жаңбырдан жаурап, әбден тоңған құс жайлы
Д. Адамның құсқа тигізген зияны туралы
5. Қате жазылған қатарды табыңыз
А. Жем жеді, жаңбыр өтті
В. Тоңып қалды, Омар атай
С. Бахшадан, себебын
Д. Құс ұшты, жылы жаққа
6. Сапалық сын есімді табыңыз
А. малды ауыл
В. сүтті сиыр
С. еріншек бала
Д. үлкен үй
7. Реттік сан есімдердің жұрнақтарын табыңыз
А. - ау, - еу
В. -ы, -і
С. - ыншы, - інші, - нші, -ншы
Д. - ақ, -ек
8. Антоним сөздерді табыңыз
А. шыдам, төзім
В. сәл, азғантай
С. өкіну, қуану
Д. ренжу, рақмет
9. «Торғай» сөзіне фонетикалық талдау жаса.
10. Төменде берілген сөздерді сөз құрамына талда
Жемді, терезеден, жусанның
Достарыңызбен бөлісу: |