«Қазақ тілі стилистикасы» пән бойынша эмтихан сұрақтары


Салыстырмалы-салғастырмалы



бет5/39
Дата21.01.2023
өлшемі157.83 Kb.
#468597
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
СТИЛИСТИКА СЕССИЯ ЖАУАПТАРЫ

Салыстырмалы-салғастырмалы деп тұтас аталғанымен, бұл екі сөздің семантикасына байланысты сәл де болса өзгеріс көзге түсіп тұрады. Бұл орайда «Қазіргі қоғамдағы барлык тілдер қызметтерінің сәйкестігі мен жақындығына қарамастан, олардьщ стильдік жүйелері барынша эр түрлі болып келеді» (11, 8.) деген пікір ойға оралады. Әр тілдің ярустарында ұлттық өзгешеліктер болатьшы сияқты, тілдік құрылымдардың қолданылуы да бір зандылыққа бағына бермейтіні өзінен-өзі түсінікті. Солай болғандықтан стилистиканың салыстырмалы түрі, салғастырмалы түрі кейінгі жылдары қолға алына бастады. Екі сөзден біріккен атауды контрастивтік стилистика деушілік те ұшырасып қалады. Контрастивтіктің жайы сәл бөлектеу екенін айта кету жөн болар. Мұндай жағдайда көбіне салыстырылып немесе салғастырылып отырған тілдердегі тілдік құралдардың жұмсалу жағдайында айырмашылықтарға, қарама-қайшьшықтарға көбірек көңіл бөлінеді де, олардьщ арасындағы стилистикалық жақындық пен ұқсастықтарды басқа зерттеушілердің міндеті деп қарайды
Дара немесе индивидуальдық стилистика жеке, жалғыз автордьщ, жеке шығарманың немесе жеке бір жанрдың стилистикасын зертгеуді нысаньша алады. Мәселен, М.Әуезовтің стиліне арналса немесе оның бір шығармасына, айталық, «Қорғансыздьщ күніне» арналса, ондай ізденістің осы бағыттағы зерттеу жұмысы болғаны. Сол сияқты, кеңсе қағазьшың тілі туралы, бір ғалымның бір монографиясыньщ тілі, стилі т.с.с. хақындағы үлкенді-кішілі стилистикалық еңбектер осы салаға жатады
Лингвистикалық стилистиканың ең басты түрлері, оның мазмұны мен негізгі бағьптарын айқындайтьш түрлері - функциональдық стилистика мен тіл ресурстары стилистикасы.Функциональдық стилистиканы кейбір зерттеушілер қолданыс тілі стилистикасы (стилистика речи) деп те атайды. Стилистиканың бүл түрінің басты бағыты - шығарманың, мәтіннің қүрылымы, ондағы тілдік қүралдардың орнымен қолданылып, тыңдармандарға немесе оқырмандарға ойды мүлтіксіз жеткізуді қадағалау. Шығарманың (бүл жерде де шығарма үгымының барынша кең мағынада екенін еске сала кетеміз) болмысьшда саналы немесе кездейсоқ ауытқулар, қателіктер бола беруі әбден мүмкін.
Зерттеу әдістемесіне байланысты стилистиканы екі түрге бөлуге болады: синхрондық стилистика жэне диахрондық стилистика.Синхрондъщ стилистика белгілі бір тілдің, айталық, қазақ тілінің қазіргі факторларын стилистикалық зерттеудің арқауы етеді. Бкінші сөзбен айтқанда, қазіргі қазақ тілінің стилистикасы деген үтъгмға сәйкес келеді.Диахрондъщ стилистика болса, ол стилистикалық құбылыстарды зерттеу үшін өзінің арқауы етіп тіл тарихының материалын алады. Демек, ол ұғым қазақ тілінің тарихи стилистикасы дегенге келеді. Тегінде, диахрондық стилистика тарихи деректерді нысан еткендіктен, сапыстырмалы немесе салғастырмалы стилистикаға бір табан жақындап калады, себебі көне жазба ескерткіштерінің тілі бола ма, ауыз әдебиетінің үлгілері бола ма, өмір тіршілігі ұқсас, аймақтық жағынан немесе туыстық жағьшан жақын келетін тілдермен аралас-құралас болары анық. Ол сөздердің қолданысьшан бұрын этимологиясына бару қажеттігі тууы мүмкін.
Әңгіме өзегі болатын материалдың ғылыми тереңдігі мен нақышы шығарманы немесе мәтінді түсіндіру үстіндегі деректерді талдауға байланысты теориялық стилистика және практикалық стилистика деп бөлушіліктің де қисыны бар.Практикалық стилистикага орай оның нысандарына, көлеміне, категорияларына қатысты әр түрлі көзқарас әлі күнге дейін орын алып отыр. Лингвистикалық стилистиканың көптеген мэселелерінен табыстарға жетіп жүрген қазіргі орыс стилист- ғалымдарының арасында да бірауыздылық жоқ.Ондай бірін-бірі толықтыратын, кейде бір-біріне қарсы, қайшы келіп жататын пікірлерді талдауды саналы түрде мойнымызға алмаймыз, бірақ өз сенімімізді алға тартуды жөн деп білеміз.Басқа ғылымды былай қойғанда, тіл білімінің өзінде, оның қай деңгей, тармақтарында теориялық және практикалық деген түрлерінің бар екені баршаға белгілі. Ол жағынан ешқандай талас туып жатпағаны тағы белгілі . Олай болуы заңды, өйткені сол саладан ұсынылып жатқан теориялық-ғылыми тұжырым болады да, соның тиісті мәтін ыңғайында талдауы болады. Айталық, фонетикалың теориялық мәселелері бар дейік: қазақ тіліндегі дыбыстардың жүйесімен таныстырады, ол дыбыстардың тиісті қасиеттері бойьшша түр-түрге бөлінуін үйретеді. Бұл - теориялық фонетиканьщ міндеті. Ал практикалық фонетика сол дыбыстардың түрлерін мысал ішінен тауып, теориядағы түжырымдар бойынша түсініктерін айтып, еске салуға дағдыландырад
Қолданыс тіліне (речь) қатысушылардьщ қызметіне қарай стилистиканың тағы екі түрі бөлініп шығады: қолданыс тілін айтушының не жазушының (автордың) стилистикасы және қабылдаушының (тыңдарманның не оқырманның) стилистикасы.Ақпарат теориясының терминдері бойьшша бірінші - кодтаустилистикасы, екінші декодтау стилистикасы деп те аталады.Бұлардың мақсаты мен міндеті аттарьшан да анық байқалады. Негізінен стилистиканың бұл түрлері көркем шығармаға тікелей байланысты. Бірінші жағдайда зерттеушінің назары туьшдыньщ авторының шығармашылық процесіне баса назар аударылады да, қабыпдаушы стилистикасында тыңдарманның немесе оқырманның мэтінге қатьшасы зерттеу нысанына айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет