«Қазақ тілі стилистикасы» пән бойынша эмтихан сұрақтары


Функционалды стильдердің классификациясын жеке – жеке бөліп анықтама жасаңыз



бет8/39
Дата21.01.2023
өлшемі157.83 Kb.
#468597
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   39
СТИЛИСТИКА СЕССИЯ ЖАУАПТАРЫ

9. Функционалды стильдердің классификациясын жеке – жеке бөліп анықтама жасаңыз.
Функционалды стильдер тілден тысқары (эксралингвистикалық) жағдайлардың негізінде жасалады. Алайда стиль тілдің бір түрі болғандықтан, ол тілдік жағынан да сипатталады, яғни әр стильге тән, оның ерекшелігін белгілейтін тілдік құралдар болады.
Стиль құрайтын тілдік құралдар екі топқа бөлінеді. Біріншісіне тілдің стилистикалық парадигматикасын құрайтын тілдік құралдар (стилистикалық бояуға ие құралдар, стилистикалық синонимдер мен варианттар) кіреді. Екіншісіне функционалды-тілдік құралдар жатады, яғни әр стиль түрінде басым қолданылатын тілдік құралдар болады. Функционалды стильдер стилистикалық бояулы және функционалды-тілдік құралдар мен бейтарап тілдік құралдардың бірігуі арқыыл жасалады. Осы тұрғыдан функционалды стильдер ерекшелігіне байланысты мынадай болып жіктеледі:
Ауызекі сөйлеу стилі – алдын-ала дайындықты қажет етпейтін, еркін қолданысқа түсетін, күнделікті қарым-қатынаста қолданылатын стиль түрі. Ең ерекше стиль деп айтуымыз ға да болады. Себебі, бұдан бөлек ғылыми, публицистикалық, көркем әдебиет, ресми стильдердің ауызша формасы деп айтуымызға болады. Себебі, ауызекі сөйлеу стилі - қолданылатын орын таңдамайды.
Ғылыми стиль – зерттеу нысаны болатын зат пен құбылыс сипатталатын, нақты тілдік бірліктермен сараланатын, белгілі бір нақты теориялық негіздермен делелденіп, ғылыми тұжырымдар жасалыныатын және ғылыми ортада қолданылатын стиль түрі. Ғылыми стильдің грамматикасының жазылуы екі түрлі. Бірінішісі – стильдік мәнері толық қалыптасқан, екіншісі – ғылыми стильден ауытқушылығы басым келетін ғылыми шығармалар. Ғылыми стильдің синтаксистік құрамына көп сыңарлы терминологиялық тіркестер, терминологиялық сипат алған анықтауыштар, бірыңғай мүшелер де мол кездеседі.
Публицистикалық стиль – қоғамдық өмірдің алуан саласында саяси, мәдени, экономикалық қарым-қатынастарды көрсетуге қызмет ететін, бұқаралық ақпарат құралдарында қолданылатын стиль түрі. Публицистикалық стиль тілдің екі қызметін атқарады: бірі – хабар беру; екіншісі – ықпал ету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет