Әбілмансұр. Әбілмансұр өзі жігіт болғанша кұлына бала болады да, өзі жігіт болған соң аяғына оралғы болады деп өлтіреді (С. Мұқанов).
ابوبكر (абу-бакр; ابو ;абу-қар; бакр — қар. بكر ) - б. т. е. абу + бакр: Әбубәкір. Әбубәкір Диваев (1856-1933) — көрнекті этнограф, фольклорист («Қ. К»). Кердері Әбубәкір (1858—1912) — Ақтөбе облысынан, медресе бітірген, өз заманында көзге түскен, білімді ақын («Айтыс») .
Әубәкір. Жүнісов Әубәкір (1886—1939) — 1916 жылы ұлт-азаттық қозғалысына белсене қатысушы («Қ. С. Э»).
ابوسعيد (абу-са-‛ид; абу-қар. ابو سعيد ; са-‛ид-қар.) - б. т. е. абу+ca-‛ид: Әбусағит. Әбусағит боранды күні жолға шыққанына өкініп келеді («Жалын»).
ابوسلام (абу салам; абу-қар. ابو ; салам — қар. سلام) - б. т. е. абу + салам: Абсалам. Абсаламға бармақ болып жиналғанына екі-үш күн болды, бірақ балаларына қарайлап шыға алмай жүр («Жұлдыз»).
ابوطالب (абу-талиб; абу-қар. ابو ; талиб — қар. طالب). - б. т. е. абу+талиб: Абуталып. Абуталып кәпір болатын-ды! — деді (М.Әуезов).
Әбуталып, Әбутәліп, Пазыл Әбуталыпұлы — Қостанай уезі, Қарабалық болысындағы Танабұға Наурызбай бидің ауылынан (М. Әбдешев). Алғаш рет Әбутәліп заводқа келгенде, алып кәсіпорынның тұлғасы зор болып көрінді («С. Қ»).
Әутәліп. Әутәліп әуелгі қадамды комсомол комитетінен бастаған болатын (Т. Қаупынбаев).
ابومسلم (абу-муслим; абу-қар. ابو ; мүсілім — қар. مسلم) — б. т. е. абу + муслим: Әбумүслім. Ұлы Отан соғысы жылдарында Әбумүслім газетте істеді («С. Қ».).
ابونصب (абу-нусб; абу-қар. ابو ; нусб — қар. نصب ) - б. т. е. абу+нусб: Әбунүсіп. Әбунүсіп теңіз қарақшыларынша жан ұшыра, шапшаң қимылдады (Д. Әбілев).
ابونصر (абу-наср; абу-қар. ابو ; наср — қар. نصر ) — б. т. е. абу+наср: Әбунасыр. Әбунасыр әл-Фараби (870—950) — Аристотельден кейін дүниежүзілік білім мен мәдениеттің екінші ұстазы атанған данышпан ойшыл, энциклопедист ғалым («Қ. С. Э»).
ابويزيد (абу-иазид; абу-қар. ابو; иазид — жауыз, мейірімсіз, қарғыс атқан)— б. т. е. абу + иазид: Баязит. Баязит — Абуиазидтің қысқа түрі (А. Ғафуров). Баязит кірпіш қалаудың нормасын орындап жүр
(Ғ. Хабиева).
ابى (аби — тәкаппар, паң). Әби. Әби ақсақалдың балалары бұл күнде ел басқаруда (М. Байұрақова).
Әбибек (а-қ). Әбибек салған сол әннің әуені әлі күнге дейін ұмытылған жоқ («Л. Ж»).
اثر (асар— 1) ықпал; 2) әдеби, ғылыми шығарма; 3) ескерткіш, із, белгі). Әсер. Көңілі суй түссе де, қарсы айтар дауы жоқ. Әсер бөгеліңкіреп қалды (К. Оразалин).
آجر (ажар — жалқы есім). Ажар. Атандым бала жастан ақын Ажар, Он төрттен жүрген жағым болды базар (Ажар). Үш жасар сіңлісі панасыз қалған соң, оны Ажар қолына алды (А. Лекеров).
Ажархан. Қырықтың бел ортасында жүрген Ажархан құрбым мезгілінен бұрын дүние салған еді
(3. Тамшыбаева).
احد (ахад— 1) жалқы есім; 2) бір. Ахад, Ахат, Ақат. Жергілікті өлкетанушылар Мұса Жәлелдің антифашистік астыртын ұйымындағы қазақстандық серігі Ахад Атнашевтің жүрек тебірентерлік өмірбаянын жазды («С. Қ».). Ақаттың балауса дәуренінің қызығы тарқамайтын сәті ыстық сағынышпен суреттеліпті («Қ. Ә».). Ахаттың түнгі кезекшілігі тыныш өтті («С. Қ».).
Ақатай (а-қ). Ауылға бұл келгенімде әке-шешесінің көзін көрген Ақатай қарттыкіне тоқтады («Жалын»).
إحسان (ихсан— 1) жақсылық, қайырымдылық; 2) қайыр, садақа). Ықсан, Ыхсан, Ехсан, Иқсан, Ихсан. Ықсан... үнемі жаңа ән туындыларын беріп отырды деуге болады («Қ. Ә. Т».).
إحسان على (ихсан ‛али — жарылқаушы, қайырымды Ғали)— б. т. е. ихсан+‛али: Ықсанғали. Малының бәрі қоңды, қыс түскелі сетінеген тұяқ жоқ,— деді Ықсанғали («С. Қ»).
احمد (ахмад — 1) мақтаулы; 2) жалқы есім). Ахмет. Жұбанов Қуанұлы (29.4.1906-30.5.68) — қазақ музыка зерттеушісі, жазушысы, тарихшы, композитор, дирижер, халық артисі, өнертану ғылымының докторы, профессор («Қ. С. Э».).
Ахметбек (а-қ). Нұрқан Ахметбеков (1908—1963) — халық ақыны, композитор («Қ. С. Э».).
Ахметхан (а-қ). Ең кереметі Ахметхан ақсақал — ағып тұрған ақын, арқалы жырау (С. Досанов).
Ахметше (а-қ). Ахметшенің отауы жағынан шыққан адамдар көк арбаға жақындай берді (X. Есенжанов).
Балахмет (қ-а). Балахмет келген хаттарға жауап жазуға отырды («Л. Ж»).
Кенжеахмет (қ-а). Кенжеахмет күн батар алдындағы теңіз бетіне қарап, ойға батып отыр («Жалын»).
Баяқымет, Баяхмет (қ-а) Баяқымет жыл сайын жоғары көрсеткішке жетіп жүр («Жұлдыз»). Кешікпей Баяхмет қыздарының шахматқа балалық көрсеқызар әуестікпен құмартып жүрмегенін байқады (М. Құлкенов).
Құлахмет (қ-а). Аманбысың, айналайын тұңғыш қар, Табиғаттың бір-ақ келер пәктігі,— деді Құлахмет («Л. Ж»)
احمد الدين (ахмад-уд-дин; ахмад-қар. احمد ; дин-қар. دين ) — б. т. е. ахмад+ад-дин: Ахмедин.— Бақытжамал мен Ахмедин біздің совхозымыздың мақтанышына айналып отыр (Қ. Әбілев).
احمد اللـه (ахмаду-л-лаһ; ахмад-қар. احمد; аллаһ-қар. اللـه ) — б. т. е. ахмад+аллаһ: Ахметолла. Ахметолла дейтін мұғалім келіп, үш бөлімді бір кластық орысша мектеп ашты (Ш. Айманов).
احمدذكى (ахмад закий; ахмад — қар. احمد; заки — қар. ذكى ) — б. т. е. ахмад+закий: Ахметзәки. Жайшылықта біртоға, момын, көп үндемейтін Ахметзәки осы жолы ерекше толғанып, шешіле сөйледі (Қ. Аманжолов).
احمدشريف (ахмад шариф; ахмад — қар. احمد; шариф — қар. شريف) — б, т. е ахмад+шариф: Ахметшәріп. «Абай әндері» киносындағы Айдар — сол Ахметшәріп («Қ. Ә».).
احمد صفى (ахмад сафи; ахмад-қар احمد ; сафи — қар. صفى — б. т. е. ахмад+сафи: Ахметсафи. Жол айырығына келген соң Ахметсафи достарын тосып отырды («Л. Ж».).
احمد كريم (ахмад карим; ахмад — қар. احمد ; карим — қар. كريم ) - б. т. е. ахмад+карим: Ахметкәрім. Ахметкәрімнің биылғы міндеттемесі өткен жылғыдан жоғары («С. Қ».).
احمدى (ахмади — мұсылман; Ахмедке қатысты). Ахмеди. Қалқа ауылдасы Ахмеди ақынға ілесіп ел аралап, ән салып, айтысқа түседі («Қ. Ә. Т.».).
احمدية (ахмадиа — мұсылман; діни ағым). Ахмедия. Ахмедия сонда менен емес, үкіметтен қорыққан (Ғ. Мұстафин).
Ақмадия. Қадес пен Ақмадия басқаша жорамалдады (X. Есенжанов).
اخص (ахасс — ерекше). Ақас. Жолдасыңмен де тілдес, сөйлес, түсіндір, ақылға сал,— деді Ақас («Л. Ж».).
اخلاص (ихлас— 1) адалдық, таза жүректілік, шынайылық; 2) берілгендік, жанқиярлық, ықыластылық). Ықылас, Ықлас, Ехлас. Ықылас Дүкенұлы (1843-1916) — қазақтың белгілі күйшісі, композиторы, қыл қобызда ойнаудың асқан шебері. («Қ. С. Э»). Ықлас үлкен қалаға құмар (Ж. Арыстанов). Жер мен судың тұтқасы ханның қолында болса, оның қолы болып Шұғылдың ехласы отырса,..— деді
(X. Есенжанов).
Ықыласбек. Тракторына қос тіркеме тіркеп, Ықыласбек шөп тасуға шыққан... («Л. Ж»).
ادب (адаб — 1) тәрбие, әдеп; 2) сыпайылық, көргендік; 3) құлықтылық). Әдеп. Әдеп әжей орнынан ширақ көтеріліп, еркін тұрды (С. Ғаббасов). Қияр егілген жүйектің қасында бұғып отырған Әдеп үй жаққа көз жіберді (М. Гумеров).
Әдепбай (а-қ). Қыздың бұл қылығы Әдепбайдың көңіліне дық ете қалды («Жалын»).
ادبيات (адабийат — жалпы жазба және көркем шығармалар). Әдебиет. Сәрсекең Әдебиет Молдахановқа: «Сенің батырлар жырының тілін зерттеуге бейімділігің байқалады, осы жағын ойластырып, үйірмеге жақсылап баяндама жасап берсең қайтеді?— деді (Ә. Нұрмағамбетов).
ادريس (идрис — жалқы есім). Ыдырыс, Ідіріс, Едріс, Идрис, Идіріс. Ыдырыстар ауылға шам жамырай жетті («Жалын»). «Аддухани Кәйфияттән» хадисті калай бекер деп айтасыз,— деді Идіріс Хазіретке (С. Мұқанов). Ідіріс Мұстамбаев —«Он төрттің хатына» қол қойғандардың бірі (С. Мұқанов).
آدم (адам — адам). Адам. Композитордың ойын дәл танып, жанында отырған ақын Адам Мекебаев жаңа туған «Аралдағы жеңеше-ай» әніне қолма-қол өлең жазды (Ә. Телғозиев).
Адамбай (а-қ). Адамбай көктемгі егіс жұмысына мұқият даярланды («Л. Ж»).
Адамбек (а-қ). Адамбектің алдына барғанда абдырайды да қалады («Л. Ж».).
Адамқұл (а-қ). Жоғары шық, Адамқұл,— деді оған Жаңыл (С. Мұқанов).
آدمى (адами — адамгершілікті сүюші). Адами. Адамиева сынды аналар еңбегі ескерусіз қалмауға тиіс («С. Қ»).
ادهم (адһам — қара, қоңыр) есім. Әдһам, Әдхам. Әдһам шөп шабу науқанына кызу кірісіп кетті («С. Қ».). Әдхамның дауысы көтерілген кезде көзі бір алақ етеді (Ғ. Мұстафин).
اذان (азан — діни. азан). Азан. Нұржамал Азанова еңбекте ысылған («Л. Ж».).
Азанбай (а-қ). Шопандар бригадасының құрамында Азанбай да бар (Қ. Хасанов).
Азанбек (а-қ,). Азанбектің құрылысқа кіргеніне көп бола қойған жоқ («Л. Ж».).
ارباب (арбаб — 1) мырзалар; 2) байлық иелері). Арбаб. Сарынов Арбаб Нұрымұлы (1899—1962) — Азамат соғысына және Совет өкіметін нығайтуға белсене қатынасушы («Қ. С. Э»).
ارث (ирс— 1) мұра, мұралық; 2) ауыс. бақыт, сыбаға, несібе, байлық). Ырыс, Рыс. Ата, айтты айтшылап, Ырыс Қиякеңнің алдына тығыла түсті (С. Бегалин). Бажай Рысовтың жауынгерлік жолы сонау Сталинград майданынан басталып, Берлинде аяқталды (Т. Суртаев).
Рысқұл (a-қ). Рысқұлов Тұрар Рысқұлұлы (1894—1938) — партия қайраткері («Қ. С. Э».).
Ырысалды (а-қ). Топ алдында үкісі бұлғақтап Ырысалды келеді («Жалын»).
Ырысбай, Рысбай (а-қ). Ырысбай тарих қатпарларынан суырып ел тарихы, туған жер тарихы жайлы сыр сабақтайды (Т. Қуанышбаев). Қолында сүйектелген ақ домбыра, Рысбай келген екен қуа жолын (Кұлтума).
Ырысбала, Рысбала (а-қ). Ырысбаланың білегіне «шап» ете түсті (І. Жансүгіров). Рысбала өкпе, қарын, ащы ішек, мойын-сойын, тағы бірдемелерді шара аяққа салды (Ә. Көшімов).
Ырысбике, Рысбике (а-қ). Ырысбике сескеніп, кейін шегінді («Л. Ж».). Әжем Рысбике,— дейді Айзада (Ө. Қанахин).
Ырыскелді, Рыскелді (а-қ). Қыс ортасында Рыскелді қатты ауырып қалды («Жұлдыз»). Ырыскелді есікті аша бергенде, бірнәрсе дың етіп жерге түсті («Л. Ж».).
Ырысты, Рысты (а-қ). Ырысты өз ісіне болмай риза, Сөйледі келген-кеткен қатын қызға
(С. Торайғыров). Рыстының орындау шеберлігі көптің көңіл-күй пернесін дөп басты («Л. Ж».).
Рысхан, Ырысхан (а-қ). Рысханнан дегбір кетті («Жалын»).
Ырысбек, Рысбек (а-қ). Дәурен жаңа келген маман Ырысбекті көрді (С. Бақбергенов). Рысбек болса енді Дүрияға аса бір мұңлы кейіппен қарап қалыпты (С. Мұратбеков).
Рысқұлбек, Ырысқұлбек (а-қ). Ырысқұлбек бұлғақтаған? Келіп ем, көріскелі, шырақ, саған. Ауада ақ сұңқардай тиіп өтіп, бар екен бір мінезің шұнақтаған (Кұлмамбет). Дәрігер Мыңғырбай Дәлеевтің Андриенко, Рыскұлбеков сияқты шәкірттері көп-ақ (Т. Әбдіраманова).
Рыстай (а-қ). Е.Рыстаев өзінің графикалық жұмыстарында нәзік ойлылығымен, ұқыпты таза орындауымен танылып, табиғат пен адам арасындағы мәңгілік байланыстарды сәтті бедерлей білген
(Е. Құрманбаев).
إرث على (ирс ‘али; ирс-қар. إرث ; ‘али— қар. على) — б. т. е. ирс + ‘али: Рысқали. Рысқали биыл оқу бітіріп, туған ауылына жоғары білімді маман болып оралды («Л. Ж.»). Рысғали. Маяның төбесіндегі Рысғали төмендегілерді бол-болдың астына алып, дігерлеп тұр («Жалын»)
إرث محمد (ирс мухаммад; ирс — қар. إرث; мухаммад — қар. محمد) — б. т. е. ирс+мухаммад: Рысмұхамед. Рысмұхамед — Республикалық конкурс-байқауға алғаш қатысайын деп отыр («Л. Ж».).
Рысмағамбет. Құмарды көргенде марқұм Рысмағамбетті көргендей боламын, әкесінің аузынан түскендей («А. Т».).
ارحم (архам — аса қайырымды, аса мейірімді, аса рақымды). Әрхәм. Әубәкірдің ақындық таланты өте күшті еді,— дейді Әрхәм («Қ. Ә».).
اسحق (исхақ — жалқы есім). Ысқақ, Ысхақ, Есхақ, Исақ, Исқақ, Сқақ. Ысқақ есігінің алдындағы төбеге шығып, күні бойы жол тосумен болды («Жұлдыз»). Есхақ игілікті істерімен көзге ілініп жүр (К. Сәттібаев). Жылдық қорытындыда Исақтың аты ерекше аталды («Л. Ж».). Исқақ та өнерпаз жан («С. Қ»). Жұбайы Сқаққа өткен жылы ағарту ісінің озық қызметкері атағы берілді («Л. Ж».).
Ысқақбай, Сқақбай. Ысқақбай қыза сөйлеп, жұртшылықтың көкейіндегі сөздерді айтып отыр («Жалын»). Сқақбайдың байланыс бөлімінде қызмет етіп жүргеніне көп бола қойған жоқ, соған қарамастан ол өз жұмысын жақсы меңгерген («С. Қ».).
اسد (асад— 1) арыстан; 2) арыстан шоқжұлдызы; 3) күн жылнамасының 5- айына сәйкес келетін шілде айының аты (22 шілде — 21 тамыз). Әсет. Алашқа атым шыққан Әсет ақын, Өлеңім — жан жолдасым маған жақын (Әсет).
Есет. Жанқожа, Есет, Қыстаубай, Қасым, Сейіл, Бұқарбай, Малайсары, Жантайлақ, Сәмет батыр, Тоғанас — солардан да өткен сұм дүние... (Базар жырау).
Есетбай (а-қ). Қорғаны болды Есетбай, Шөмекей мен Кетенің (Тұрмағамбет).
اسد اللـه (асаду-л-лаһ: асад-қар. اسد ; аллаһ-қар. اللـه ) — к. е. асад + аллаһ: Асадулла, Асатолла. Заводтағы еңбек озаттарының бірі — Асадулла... («Л. Ж».).
اسرافيل (исрафил — жалқы есім). Исрафил. Исрафил емес, кінәлі Фершанның өзі... (Қ. Бекетаев).
Ысырайыл, Сырайыл, Исраил, Срайыл. Ысырайыл шым ойып, арықтың су жырған жерлерін бекітті («Жалын»). Ынталандыру жүлдесіне Срайыл ие болды («Қ. Ә».).
اسعد (ас ад — аса бақытты). Асғат, Асығат. Асғат екіншілей өзеурей қойған жоқ (С. Омаров). Асығат дертін ашық айтқан екен... (I. Есенберлин).
Асқат, Асхат. Ибай-ау, мынау Асқат қой, жаным (С. Ғаббасов). Асхат... әсем ырғақты күй тыңдауда (С. Бәсібеков).
اسلام (ислам — 1) бағыну, сену; 2) мұсылмандар діні.) Ісләм, Ислам, Есләм, Ислям. Жарылғанов Ісләм — аудармашы, жазушы, сыншы («Қ. С. Э».). Ислам күндегі жұмысын атқарып жүр (Қ. Тәжібаев). Ислям Аранов 1910 жылы Семейдегі семинарияға түсті (К. Мұхаметханов). Есләм Зікібаев шабытының жемісі—«Ақ қайнар» (Қ. Мырзалиев).
Исламбек (а-қ). Қаракесек, қаз дауысты Қазыбегім, Бақ қонған тірлігінде Исламбегім (Құдайберген).
Исламкұл, Есламкұл (а-қ). Мұхаметкүл Исламкұлов — орта бойлы, дембелше, маңдайы кере қарыс, дөңгелек тұнық көзді, қошқар мұрынды, сымбатты жігіт (Б. Момышұлы). Шіркін-ай, біздің төрағаның мойнына... тағып қояр ма еді,— деді Есламкұл (Ғ. Мүсірепов).
Ысламбек, Сламбек (а-қ). Осы жиынға Ысламбек қуанышты хабар жеткізді (К.Қамбаров). Сламбектің қыстауына да жеттік (М. Әбуғалиев).
Сламхан (а-қ). Сламханның «Құлақтан кіріп бойды алар» атты мақаласы жарияланды («Л. Ж».).
اسلام شيخ (ислам шаих; ислам-қар. اسلام ; шаих-қар. شيخ) - б. т. е. ислам + шаих: Исламшайых. Исламшайых — ақын Әріптің баласының аты («Қ. Ә. Т».).
اسلام على (ислам ‘али; ислам-қар. اسلام; ‘али-қар. على ) – б. т. е. ислам+ ‘али: Исламғали. Шопандар бригадасының құрамында Исламғали да бар (Қ. Хасанов).
Есламғали, Есләмғали. Осында бұрын белсенді болған Есламғали деген шал бар («Л. Ж».).
М. Есләмғалиев — «Дайрабай» деген әңгіменің авторы (О. Сәрсенбаев).
اسلامى (ислами — 1) мұсылмандық, исламдық; 2) мұсылман дәуіріне тиісті. Ислами, Исламия. Исламидың комсомол қызметінде істеп жүргеніне екі-үш жылдың жүзі болыпты («Л. Ж»). Исламия — ағарту қызметкері («Жалын»).
اسم (исм — 1) ат, аты, атау; 2) атақ). «Есім салған ескі жол» («Есім ханның ескі жолы»)—Есім ханның (1598—1645) ел билеуі тұсында қалыптасқан әдет-ғұрып, жол-жобалар («Қ. С. Э».).
Есімбек (а-қ). Есімбек байдың малайы Базарбай ұнамды мінез-құлқымен танылған («Қ. Ә. Т».).
Есімхан (а-қ). Есімхан өзінің мергендік өнерін баласына да үйретті (Ж. Жұмақанов).
اسماعيل (исмаил — жалқы есім). Исмаил, Исмағил. Жалғыз мен емес, палаталас Куценко, Исмаилов, Алексеев тағы басқалары да операцияға көнбеді (Е. Оразақов). Өлеңнің аяғына «ұшбу өлеңін шығарушы бән талибыңыз Исмағил»,— деп жазыпты (С. Мұқанов).
Сымайыл, Смайыл, Есмайыл, Сымайыл оны басқаларға қарағанда бір табан жақын көреді (Т. Дәуренбеков). Смайылов Садық (1911—43) — Совет Одағының Батыры («Қ. С. Э».). Есмайыл, Қожахмет, Махамбет, Сүлеймен — Исатай Тайманов бастаған шаруалар көтерілісіне белсене қатысушы ағайынды Өтеміс ұлдары («Қ. С. Э».).
Ысмағүл, Смағұл, Исмағұл. Құлтай оқыған ағасы Ысмағұлдың жәрдемімен газет-журналдар алдырып, білімін аз да болса көтерумен болады («Қ. Ә. Т».). Қайырғали Смағұлов — Совет Одағының Батыры (Қ. С. Э».). Исмағұл бұл жерде көптен бері жемісті еңбек етіп келеді (Ш. Айдаров).
Ысмайыл, Исмайыл. Есмағамбет Ысмайылов (1911 —1966) — совет әдебиеттану ғылымына өзінің байсалды еңбектерімен елеулі үлес қосқан, қазақ әдебиеттану ғылымының негізін қалаушылардың бірі
(«Қ. Ә. Т».). Суретші Әубәкір Исмайылов халықтар достығы туралы көптеген суреттерінде лениндік ұлт саясатының мәңгілік салтанат құрғанын паш етеді (Қ. Асанов).
اسم سيد (исм саййд; исм — қар. اسم; саййд — қар. سيد) — б. т. е. исм+саййд: Есімсейіт. Есімсейітов былайша әңгімелейді: — Жеті қат жердің астынан қазына қазған кеншілердің мерейі қашан да асқақ («Л. Ж».).
آسية (асйа — мұңлық; емдеуші әйел). Асия. Наурызым ауданының ақыны Асия бас жүлдені жеңіп алды (Б. Ілиясов).
Әсия. Көп геройдың қатарында айрықша көз тартатын Әсия образы («Қ. Ә. Т».).
اشراف (ашраф — 1) шарифтың көпше түрі; 2) шариф — атақты, адал, мейірімді). Әсіреп. Әсірепов Керімжан, Зеңгі баба баққаның, Көріп ем колхозда, Сүт бұлағы аққанын (К. Әзірбаев).
اصيل (асил — 1) игі, игілікті, мейірбан; 2) атақты, белгілі, текті; бекзада; 3) дәл өзі, нағыз;
4) ауыс. қымбат). Асыл. Омарбай Асыловтың бұл жерде ақ дегені — алғыс, қара дегені — қарғыс
(Ж. Жұмақанов).
Асылбай (а-қ.). Асқар таудың тасындай, Мына отырған Асылбай, Талай жиын тартыста Сөзге түскен тосылмай (Ш. Смаханұлы).
Асылбек (а-қ). Абдолла Әбдірахманұлы Асылбеков — 1917 жылдан коммунист, Совет өкіметінің алғашқы дәуірінде үлкен еңбек сіңірген күрескер, абзал ағалардың бірі (С. Талжанов).
Асылтай (а-қ). Кейінірек совхоз парторгі Асылтай Елғондиевпен сөйлестік (С. Асанов).
Асылтас (а-қ). Аға ғылыми қызметкер Асылтас тәжірибе участогындағы дақылдардың өсіп-өнуін күнделікті бақылап отырады («Л. Ж.»).
Асылхан (а-қ) Асылхан оқуын бітіргеннен кейін жолдамамен осында келіп, агроном болып қызмет етіп жүр («Жұлдыз»).
Әсілбек (а-қ). Үлкен Әсілбектің қолы ептілеу болатын-ды (Е. Әшенов).
Әсілхан (а-қ). Әсілхан мен Өмірзақ... ауылымызда табысты еңбек етіп жүр (И. Мырзахметов).
Баясыл (қ-а). Әлекей — Баясыл қарияның ұлы (С. Бұратаев).
Бекасыл (қ-а). Сен бүгін түзге шықпағаннан саумысың? — деген Бекасылдың жуан даусы гүж етті (М. Сатыбалдиев).
Шынасыл (қ-а). Шынасыл курорттағы демалушылардың бөлмелерін аралап шықты («Қ. Ә»).
اصيل غازى (асил ғази; асил — қар. اصيل; ғази — қар. غازى) — б. т. е. асил + ғази: Асылғазы. Асылғазының кабинетіне өндіріс басшыларының жиылысынан жаңа ғана оралған беті еді («С. Қ».).
اصيل مراد (асил мурад; асил — қар. اصيل; мурад — қар. مراد ) — б. т. е. асил + мурад: Асылмұрат. Асылмұрат бәрімізге жымия қарады («Қ. Ә».).
اعظم (азам — 1) ұлы; 2) ең зор, ең үлкен; 3) ең маңызды). Ағзам. Әуездің екінші әйелінен Ағзам туған (Қ. Мұхаметханов).
افاق (афак— 1) әлем, нұр, жарық; 2) көкжиек, өңір, маңай). Апак. Бұдан жарым ғасыр бұрын Байжанның Апағы деген малшы бала далада көде арасында ара-тұра кездесетін қара тастың жанатынын ашқан екен (Е. Букетов)
افضل (афдал — ең жақсы, аса жақсы көрінетін, аса құрметті). Абрал. Жүсіпбек пен Балшырын сәбиге Абрал деген атты қалады (Б. Әдепов).
Абзалбек (а-қ). Дәрігер Абзалбектің бар болмысы бірден айқын аңғарыла кетеді (О. Әбілдаев).
Әбзел. Қар қылаулай бастағанда Әбзел асуға ілікті («С. Қ».).
Әбзели. Егізбаев Әбзели (1907- 45) — жауынгер ақын («Қ. С. Э»).
Әбзелбек (а-қ). Бәсекеге қызған Әбзелбек бір бүйірден киіп кетті (С. Томанов).
اكبر (акбар — 1) өте үлкен, өте зop; 2) аса маңызды; 3) аға, үлкен аға). Акбар, Акпар. Акбар осыдан үш күн бұрын келіп кетті (X. Есенжанов). Құрт шаншып, қамыр іліп, Біздің Акпар қармақ салды (М. Әлімбаев).
Достарыңызбен бөлісу: |