Қазақ тілінің сөзжасамы А. Б. Салқынбай – ф.ғ. д., профессор І. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы


Уәждеме дегеніміз – туынды атаудың семантикалық және құрылымдық жағынан өзін құраушы сыңарларының мағынасына негізделуі



бет20/62
Дата15.02.2022
өлшемі0.82 Mb.
#455393
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   62
Дәріс -әдістемелік оқу құралы. 1-басылым

Уәждеме дегеніміз – туынды атаудың семантикалық және құрылымдық жағынан өзін құраушы сыңарларының мағынасына негізделуі. Яғни жаңа номинациялық атаудың мағынасы құрамындағы себепші негіз бен сөз тудырушы тұлғалардың мағынасы арқылы ерекше мәнге ие болады. Ана тілінің төл бірліктері арқылы жасалған кез келген туынды сөздің сол тілде сөйлейтін адам үшін уәжділігі айқын. Ал кірме сөздердің уәжділігі сол тілде айқын болғанымен, өзге тіл үшін көмескіленіп, “уәжсіздік” сипат алуы ықтимал. Уәждеме сөздің тұлғалық және мағыналық сипатын негіздейді. Атаудың жасалуының мағыналық себебін көрсете алады. Уәждеме – сөздің ұғыммен байланысын, болмыспен қарым-қатынасын айқындайтын болғандықтан, әрі осы процесс кез келген тілдегі атаудың жасалуына негіз болатындықтан, тілде жалпы заңдылықтардың орнығуы заңды. Мотивология – тіл мен ойлаудың, зат пен болмыстың арасындағы қарым-қатынасты, байланысты айқындауға арналған пән болмаса да, мұны айналып өте алмайды. Өйткені кез келген атау заттың ұғымдағы бейнесі, көрінісінің таңбалануы.

Болмыстың маңызды, ерекше белгілері арқылы ұғым қалыптасып, атау пайда болса, сол атаудың ішкі мағыналық құрылымында зат не құбылыстың маңызды белгілерінің сақталуы – тілдегі номинативтік атаудың жасалуының басты шарты. Таным болмыстың қай белгісін маңызды деп бағаласа, сол номинативтік белгі арқылы атау жасалады. Сондықтан номинативтік белгілер тілдік уәжді (мотивациялық) таңба ретінде таныла алады.

Сөздің уәжділігін анықтау .үшін номинативтік белгілерді анықтау қажет. Кез келген ұғым пайда болғанда, болмыстың ішкі қасиеттері бағаланады, сондай-ақ, атаудың ішкі мағынасында осы белгілер таразыланып, туынды сөздің ішкі мағынасын құрайды. Яғни, кез келген туынды сөздің жасалуында қажеттілік, себептілік, негізділік болуы шарт.

Қажеттілік – адам баласы өзінің таным-білігі жеткен болмыстың қасиеті мен белгісін анықтап, анықталған ұғымға атау беру қажеттілігі туындағанда пайда болады. Атау туғызу қажеттілігі арқылы зат не құбылыстың негізгі ерекше, мәнді белгілері таңдалып алынады да, оның бұрын танылған затқа не құбылысқа ұқсастығы, жақындығы, ерекшелігі т.б. ескеріледі. Сөйтіп себепші негіз таңдалады. Атаудың себептілігі – туынды сөз құрамындағы сыңарлар жаңа мағынаның жасалуының себебін айқындай алады. Жаңадан пайда болған атау осы себепші негіз мағынасына негізделіп барып туындайды. Туынды сөз себепші негіздің мағыналары арқылы негізделіп, өзіндік ерекше сема иеленеді.

Біз туынды сөздің құрамындағы тұлғаларды себепші негіз (себепші тұлға) ретінде танимыз да, жаңа атауды негізделген атау деп бағалаймыз. Себепші негіз туынды сөздің жасалуының таңбалық және мағыналық негізін құрайды. Дей тұрғанмен, бұл туынды сөз бен себепші негіз мағынасы сәйкес келеді деген сөз емес. Егер туынды сөздің мағынасы себепші негіз мағынасымен барабар болса, ол туынды сөз ретінде таныла алмайды. Туынды сөз болу үшін себепші негіз арқылы негізделе отырып, ерекше номинативтік белгілер арқылы екіншілік мәнге ие болуы қажет.

Тіл білімінің қазіргі теориялық дамуында уәждеме ұғымы мен сөзжасам тығыз байланыста қарастырылады. Кей жеке тіл білімінде сөзжасамдық уәждеме жеке сала ретінде де танылады. Сөзжасамдық уәждеме бір жағынан ұғымдық түсініктермен астасып жатады. Туынды сөздің номинативтік қызметі оның семантикалық мағынасының болуымен, ұғымдық мән беруімен байланысты, ал туынды мағынаның өзі себепші негіз арқылы негізделеді. Сөзжасамдық уәждеме өзіндік метатіл арқылы ерекшелене алады. Түбір сөз немесе негіз “себепші негіз”, туынды сөз “негізделген атауға” сәйкес келеді. Тілдегі екіншілік мағынадағы бірліктің уәжділік қатынасының мәні мен ерекшелігін анықтау – сөзжасамдық талдаудың маңызды бөлігі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет