Семантика-фонетикалық тәсіл – кей дыбыстардың сәйкесуі нәтижесінде жаңа сөз жасау мүмкіндігі.
Семантикалық сөзжасамдық тәсіл – сөз тұлғасы өзгермей-ақ, жаңа мағыналы туынды сөз жасауы.
Семантика-синтетикалық тәсіл – сөзжасамдық негізге сөз тудырушы жұрнақтардың жалғануы арқылы екіншілік мағына туғызуы.
Семантика-аналитикалық тәсіл – негіздердің бірігуі немесе тіркесуі, қосарлануы арқылы ерекше мағыналы атау жасау қабілеті.
Сонымен, сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы. Оның өзіндік зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері, ерекшелігі, ұғымдары бар. Сөзжасам – атау жасау процесі.
Пайдалануға қажетті негізгі әдебиеттер:
Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. - Алматы, 1998.
Оралбаева Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. –Алматы, 2002.
Қалиев Ғ. Қазақ тіліндегі сөзжасам мәселелері. – Алматы, 2002.
Салқынбай А.Б. Тарихи сөзжасам. Семантикалық аспект. - Алматы, 1999.
Құрманәлиев К. Қазақ тіліндегі сөзжасамдық ұя проблемаларының ғылыми-теориялық негіздері. –Алматы, 2002.
Қасым Б. Қазақ тіліндегі күрделі сөздер: уәждеме және аталым. -Алматы, 2001.
Тапсырма:
Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы.
Сөзжасамның негізгі зерттеу нысаны.
Сөзжасамның өзге пәндермен байланысы.
Сөзжасамның негізгі тұлғалары.
Достарыңызбен бөлісу: |