Қазакстан Республикасы Президентінің 2005 жылгы 3 мамырдагы №1567 Жарлығына озгеріс енгізу туралы



Дата24.02.2016
өлшемі74.62 Kb.
#14138
Қазакстан Республикасы Президентінің 2005 жылгы 3 мамырдагы № 1567
Жарлығына озгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президенті

мен Үкіметі актілерінің жинағында және

республикалық баспасөзде жариялануға тиіс

Мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік бейнесіне және іскерлік сапаларына талапты арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1.    «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 19, 225-құжат; 2007 ж., № 43, 499-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: талған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі (Мемлекеттік кызметшілердің қызмет этикасы ережелері) осы Жарлыққа косымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2.    Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының
Президенті    Н.Назарбаев
Астана, Ақорда, 2011 жылғы 1 сәуір
                  № 1180

Қазақстан Республикасы
Президентінің
2011 жылғы 1 сәуірлегі
№ 1180 Жарлығына
ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы


Президентінің
2005 жылғы 3 мамырдағы
№ 1567 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі
(Мемлекеттік қызметшілер қызмет этикасының кағидалары)


1. Жалпы ережелер

1.    Мемлекеттік кызмет атқару коғам мен мемлекет таранынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдык-этикалык бейнесіне жоғары талаптар қояды.

Коғам мемлекеттік кызметші өзінің барлык күш-жігерін, білімі меи тәжірибесін аткаратын кәсіби кызметіне жүмсайды, өзінің Отаны - Қазақстан Республикасына адал да қалткысыз кызмет етеді деп сенім білдіреді.

2.  Казакстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің осы ар-намыс кодексі (Мемлекеттік қызметшілер қызмет этикасының кағидалары) (бұдан әрі - Кодекс) «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Ресиубликасының Заңына, «Сыбайлас жемкорлыкка карсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына жоне жалпы кабылданған моральдық-этикалык нормаларға сәйкес Қазақстай Рсспубликасы мемлекеттік қызметшілері мінез-күлкының негізгі стандарттарын белгілейді.

3.    Мемлекепік органдардың басшылары, орталык атқарушы органдарда -орталык аткарушы органдардың жауапты хатшылары немесе белгіленгені тәртішіен орталык атқарушы органдардың жауапты хатшыларының өкілсттіктері жүктелген лауазымды түлғалар. ал орталық аткарушы органдардың жауапты хатшылары немесе көрсетілген лауазымды түлғалар болмаған жағдайда - орталык атқарушы органдардын басшылары осы Кодекс талаптарының орындалуын, осы Кодекстін мотінін мемлекеттік органдардың ғимарапарында баршаға корінетіндей жерлерде орналастыруды камтамасыз етеді.

4.    Мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметке тұрғаннан кейін бір ай ішінде осы Кодекспен жазбаша түрде таныстырылуы тиіс.



2. Мемлекеттік қызметшілер мінез-құлқының жалпы кағидалары

5.    Мемлекеттік қызметшілер:

1)    Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын жақтауға және оны дәйекті түрде жүзеге асыруға, өзінің іс-әрекетімен мемлекеттік биліктің беделін нығайтуға, мемлекет институттарынын беделін түсіруге ықпал ететін іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге;

2)  заңдылық қағидаттарын, Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын басшылыққа алуға;

3)    қоғам мен мемлекеттің игілігіне кызмет етуге;

4)    мемлекеттің мүддесіне залалын тигізетін мемлекеттік органдардың тиімді жұмыс істеуіне бөгет болатын іс-әрекеттерге қарсы тұруға;

5)    сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікке ұқыпты қарап, оны ұтымды әрі тиімді пайдалануға;

6)    жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сактау мен корғауды қамтамасыз етуге, олардың өтініштерін карау кезінде төрешілдік пен сөзбұйдаға салу көріністеріне жол бермеуге, өтініштер бойынша белгіленген мерзімде қажетті шаралар қолдануға;

7)     мемлекеттік қызметке және мемлекет институттарына коғамның сенімін сақтауға және нығайтуға;

8)  өзінін іс-әрекеттерімен қоғам тарапынан негізді сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, оң сын-ескертпелерді кемшіліктерді жою мен өзінің кызметін жақсарту үшін пайдалануға;

9)     адал, әділ, қарапайым да сыпайы болуға, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға;

10)    Қазақстан халқынын бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік тілге және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салттары мен дәстүрлеріне құрметпен қарауға;

11)   мемлекеттік және еңбек тәртібін бұлжытпай сақтауға, берілген өкілеттіктерді тиімді иеленуге, өзінің қызметтік міндеттерін адал, туралықпен және сапалы атқаруға, жұмыс уақытын тиімді пайдалануға;

12)    жоғары кәсіби жұмыс үшін қажетті күш-жігерін салуға, койылған міндеттерді шешудің оңтайлы да үнемді әдістерін қолдануға;

13)    мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін тиісінше рындауына бөгет болатын іс-әрекеттерге қарсы тұруға;

14)  кадрларды туысқандық, жерлестік және жеке өзіне берілгендік белгілері бойынша іріктеу мен орналастыру жағдайларына жол бермеуге;

15)  бағынысты қызметкерлердің міндеттері мен қызметтік кілеттіктерінің көлемін дәл айқындауға, анык орындай алмайтын өкімдер ермеуге, бағынысты қызметкерлерден олардың қызметтік міндеттерінің шеңберінен тыс тапсырмалар орындауды талап етпеуге;

16)  бағынысты қызметкерлерге қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілік, адамдық қадір-қасиетін кемсіту, жөнсіздік фактілеріне жол бермеуге;

17)  бағынысты кызметкерлерді құқыққа қайшы теріс қылықтар немесе жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормалармен үйлеспейтін іс-әрекеттер жасауға мәжбүр етпеуге;

18)    кәсіби дайындықтың, оның ішінде орындалуы бағынысты қызметкерлердің функционалдық міндеттеріне жатқызылған мәселелер бойынша, қажетті деңгейіне ие болуға;

19)    басқа мемлекеттік қызметшілердің тарапынан қызметтік этика нормаларын бұзу фактілерін болдырмауға және жолын кесуге;

20)    өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезенінде киім киюдің іскерлік стилін ұстануға тиіс.

6.    Мемлекеттік қызметшілер іскерлік этикетті сақтауға, ресми мінез-құлық қағидаларын құрметтеуге тиіс.

7.    Мемлекеттік қызметшілер қызметтік жағдайларын және онымен байланысты мүмкіндіктерді қоғамдык және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялык емес ұйымдардың мүдделеріне, оның ішінде өзінің оларға көзқарасын насихаттау үшін пайдаланбауға тиіс.

Басшы лауазымдар атқаратын мемлекеттік қызметшілер бағынысты қызметкерлерді коғамдық және діни бірлестіктердің, баска да коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне қатысуға мәжбүрлей алмайды.

3. Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемкорлыққа қарсы мінез-құлқы

8.    Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемкорлық көріністеріне карсы тұруға, сыбайлас жемқорлык құқық бұзушылықтарға не сыбайлас


жемкорлықпен жымдаскан немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеуі тиіс.

Мемлекеттік қызметшілер басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан болатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерінің жолын кесуі тиіс.

9.   Егер мемлекеітік қызметшінін сыбайлас жемкорлык құкық бұзушылық туралы дәйекті ақпараты болса, ол мүндай қүкык бүзушылықтың алдын-алуға және жолын кесу жөнінде кажетті шаралар колдануы тиіс.

Қажетті шараларға уәкілетті мемлекеттік орғандарды хабардар ету жәнс жоғары тұрған басшыны, мемлекеттік орган басшылығын хабардар ету жатады.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы ақпарат алғаннан кейін мемлекеттік органның басшылығы олар бойынша, оның ішінде, егер онын іс-әрекеттерінде мемлекеттік қызметшінің қызметін одан әрі жалғастыруға теріс ықпал ететін заңнама бұзушылықтар болмаса, мемлекеттік қызметшіні заңсыз қудалаудан, онын құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау женінде тиісті шаралар қабылдайды.

10.    Мемлекеттік қызметшілер өз іс-әрекеттерімен және шешімдерімен жеке және заңды тұлғалардың құкықтары мен заңды мүдделерін іске асыруды қиындататын әкімшілік және өзге де кедергілерге жол бермеулері тиіс. Мұндай фактілер анықталған жағдайда мемлекеттік қызметшілер оларды жою жөнінде іс-шаралар кабылдауға тиісті.

11.    Мемлекеттік қызметшілер мемлекетке экономикалық залалдың
алдын-алу жөніндс барлық мүмкіндіктерді пайдалануы, жеке мүдделеріне және үшінші тұлғалардың мүдделеріне орай тексерулерге бастамашылыққа жол бермеуі тиіс.

12.  Мемлекеттік қызметшілер жеке мүліктік және мүліктік емес пайдалар алу үшін өзінің лауазымдык өкілеттіктерін және онымен байланысты мүмкіндіктерді қолданбауға тиіс.

13.    Мемлекеттік қызметшілер мүдделер кактығысын болғызбау үшін шаралар колдануы тиіс.

14.  Мүдделер қақтығысы туындаған ретте, ягни мемлекеттік қызметшінің жеке басының мүдделілігі және оның өз лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше аткаруының немесе жеке және заңды тұлғалардың. мемлекеттің заңды мүдделерінің арасында осы заңды мүдделерге зиян тигізетіндей кайшылық туындайтын жағдайда, мемлекеттік қызметші оның жолын кесу жоне реттеу жөнінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасында көзделген шараларды қабылдауға міндетті.



4. Көпшілік алдында сөйлеу

15.    Мемлекеттік орган қызметінің мәселелері бойынша көпшілік алдында сөйлеуді оның басшысы немесе мемлекеттік органның бұған уәкілеттік берілген лауазымды тұлғалары жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірмей, пікірсайысты әдепті түрде жүргізуі тиіс.

16.    Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік саясат және қызметтік ісінім мәселелері жөніндегі өз пікірін, егер ол:

1)    мемлекет саясатының негізгі бағыттарына сәйкес келмесе;

2)    жариялауға рұқсат етілмеген қызметтік ақпаратты ашатын болса;

3)   мемлекеттің лауазымды тұлғаларының, мемлекеітік басқару органдарының, басқа да мемлекеттік қызметшілердің атына әдепке сай емес сөздер айтудан тұрса, көпшілік алдында білдіруіне болмайды.

17. Мемлекеттік саясатты жүргізумен, мемлекеттік органның және мемлекеттік қызметшілердін кызметтерімен байланысты емес мәселелер  бойынша мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органнын атынан жариялымдарына жол берілмейді. Педагогикалық, ғылыми және өзге де шығармашылық  қызмет  бойынша   материалдар  жариялауды   мемлекеттік қызметші жеке тұлға ретінде тек өз атынан жүзеге асырады.

18.    Мемлекеттік қызметшіге сыбайлас жемқорлық жасаған, онын ішінде кәсіпкерлік кызметпен айналыскан, біреулердің мүдделерін колдаған. сондай-ақ мемлекеттік қызметшінің табысымен сәйкеспейтін заңсыз табыс пен мүлік алған деп негізсіз көпшілік алдында айып тағылған жағдайда, ол осындай айыптауды анықтаған күннен бастап бір ай мерзім ішінде оны теріске шығару, онын ішінде сол аркылы теріске шығару жөнінде шаралар қабылдауы тиіс.

5. Мемлекеттік қызметшілердің кызметтен тыс уақыттағы мінез-құлқы

19.    Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпы кабылданған этикалық нормаларды ұстанулары, қоғамға жат мінез-құлық жағдайларына жол бермеуі тиіс.



20.    Мемлекеттік   қызметшілер   қарапайымдылық   танытуға,   көлік, сервистік және өзге де қызметтерді алу кезінде мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық  жағдайын  баса  көрсетпеуге  және  пайдаланбауға,  өзінің іс-әрекеттерімен қоғам тарапынан негізді сынга себеп туғызбауға тиіс.

 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет