Қазақстан – этносаралық бейбітшілік пен келісім мекені қалиев жабай Нұрмақұлы



Дата21.06.2016
өлшемі67.66 Kb.
#151466
«БАҚ. Билік. Қоғам» атты халықаралық конференция,

2013 жыл 28 маусым
ҚАЗАҚСТАН – ЭТНОСАРАЛЫҚ БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
ҚАЛИЕВ Жабай Нұрмақұлы,

педагогика ғылымдарының кандидаты, Мемлекет тарихы институты

Деректану, тарихнама және Отан тарихы бөлімінің бастығы,

ҚР БҒМ «Мемлекет тарихы институты» ММ, Қазақстан,

e-mail: kaliev_zhabai@mail.ru
Қазақ ұлтының тағдыры тауқыметке толы болғаны тарихтан аян. Алайда, өз тағдыры қыл үстінде тұрғанда, қазақ халқы қаны бөлек, жаны жат басқаны да құрдымға кетуге жол берген жоқ. Президентіміз Н.Ә. Назарбаев еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы жылдарынан бастап, біздің көпэтносты еліміздегі татулық пен келісімді сақтауға, дамытуға, қауіпсіздігі мен бейбітшілігін қорғауға бар күш-жігерін салып, этносаралық және конфессияаралық тұрақтылық пен ынтымақты, келісім мен тыныштықты сақтау ісіне, жіті көңіл бөліп келеді.

Қазақстан тәуелсіздігін жариялағаннан кейін, өзін зайырлы мемлекет деп жариялады. Конституциямызда: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», - деп көрсетілген.

Сонымен қатар, өз азаматтарының заң жүзінде діни сеніміне, таңдауына және ұстанымына кепілдік береді. Бүгінде қазақ еліндегі этносаралық, дінаралық татулық, әрине әлемнің көптеген елдеріне үлгі. Осы күні, Елбасымыз өзі бас болып жүргізіп отырған көреген саясатының арқасында тәуелсіз елімізде сенімі мен көзқарасы әралуан сан ұлт пен ұлыстың, мақсат-мүдделері ортақ, тату-тәтті, береке бірлікте өмір сүруде. Сондықтан болар, елдегі этникалық үйлесімділікті әлемнің жетекші мемлекеттері жоғары бағалап, әрі тәжірибе алар алаңға айналдырып отыр.

Қазақ халқы қашан да болсын елдікке, соның ішінде ел берекесінің тұрақты болуына аса мән берген. Ата-бабамыз: «Бірлік бар жерде тірлік бар» деп ынтымаққа шақырып қана қоймай, «Бірліксіз ел тозады, бірлікті ел озады» дегенді де ескертеді. Сан ғасыр бойы мәңгілік жалғастығын тауып келе жатқан қазақ халқындағы осы бір қасиетті үдеріс бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның да басты қағидасына айналды. Ол – Қазақ елі тәуелсіздігінің мәңгі мұқалмастығының негізі дер едік. Кезінде Кеңес Одағы құрамында болған мемлекеттердің бірқатарында орын алған ұлтаралық қарама-қайшылықтар негізінде туындаған жанжалдардан біздің еліміз аман өтті.

Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында еліміздің кейбір аймақтарында бірқатар ұлтаралық шиеленісті жағдайлар туындағаны мәлім. Ұлтаралық сипаттағы қайшылықты сол кездегі ішкі саяси жағдайға қауіп төндірген жеке оқиға еді десек те, дер кезінде мемлекет тарапынан тиісті іс-шаралар жүргізілмегенде соңы неге апарып соғатыны белгісіз еді. Ендеше Қазақ елінің шаңырағын шайқалтуға бағытталған осындай жәйсіздіктердің тамырының терең жаймауының басты себебі – қазақ ұлтының ақылға тоқтамдығы, кең пейілділігі мен шыдамдылығында жатыр. Елімізді мекен еткен басқа да ұлт өкілдері қазақтың осы бір тамаша қасиеттерін тереңнен түйсініп, аса жоғары бағалайды.

Бүгінде Қазақстан 130-дан астам этнос өкілдерінен тұратын 17 миллион халқы бар полиэтникалық мемлекет. Жалпы, көпэтносты Қазақстан Республикасында тарихи сын сағаттарда этносаралық келісімнің тұрақты болуы, ең алдымен, жергілікті халықтың ұлттық ерекшелігінен, яғни оның даналығы, кеңдігі деуге болар.

Сондықтан еліміз үшін тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтаудың, этносаралық келісім мен татулықты дамытудың маңызы аса зор. Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарынан бастап-ақ Елбасының бастамасымен елімізде ұлтаралық қарым-қатынастарды реттеу, үйлестіру жұмыстарымен айналысатын арнайы ұйым құрудың жолдары алдын ала қарастырылды. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы кеңесші орган ретінде 1995 жылы 1 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Қазіргі таңда ҚХА – Қазақстандағы тұрақтылық пен тұтастықты берік сақтаудың маңызды тұғырларының бірі.

Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаты – қазақ халқының топтастырушы рөлiн арқау ете отырып, қазақстандық патриотизмді дамыту, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негiзiнде қазақстандық-азаматтық бiрегейлiкті, бәсекеге қабiлеттi ұлтты қалыптастыру үрдісiнде этносаралық келiсiмдi қамтамасыз ету болып табылады.

Ассамблеяның тікелей араласуымен қазіргі кезде Қазақстанда 621-ге жуық этномәдени бір­лес­тік қызмет жасайды. Сонымен қатар республикада 11 тілде газет-журнал шығарылып, 8 тілде радиохабарлар таратылады және 7 тілде телехабарлар көрсетіледі. Әрине, мұның барлығы мемлекеттік саясатымыздың ұлтаралық және дінаралық келісім мен татулықты сақтап, нығайтудағы бағытының дұрыстығын дәлелдейді.

Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекет ретінде 1995 жылғы 16 қарашадағы ЮНЕСКО Бас конференциясы қарарымен бекітілген Төзімділік (толеранттылық) қағидаттары Декларациясын қолдайтындықтан, діни төзімділік пен бейбітшілік қағидалары еліміздің саясатында басты орын алды.

Сондай-ақ, елдегі түрлі конфессиялардың келісімі мен ынтымағын нығайтудың оңтайлы әдісі әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін атап өтсек болады. Идея авторы – Н.Ә. Назарбаев. Әртүрлі дін өкілдерінің арасындағы келісімге бағытталған Қазақстанның саясаты мен тәжірибесі әлемдік қауымдастыққа түрлі конфессиялардың өзара сенімі негізінде бірлесе ғұмыр кешуінің нақтылы мүмкіндіктері барлығын және оның қажеттілігін тағы бір рет дәлелдеді. Нәтижесінде Қазақстан дінаралық үнқатысу орталығы ретінде танылды. Оған, Астанада 2003, 2006, 2009, 2012 жылдары өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер өкілдерінің съездері дәлел. Осы айтулы шаралардың әрқайсысы өзіндік маңызымен ерекшеленеді.

Қазіргі таңда Қазақстан әлемге діни бейбітшілік орнатудың бастамашысы ретінде танылған мемлекет. Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елдегі дін төңірегінде туындаған дүрдараздықтарды ауыздықтауға, мәселелерді бейбіт жолмен шешуге зор үлес қосып келеді. Елбасының халыққа арнаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы – Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында еліміздің келешек даму стратегиясын айқындап, дін саласына қатысты бірқатар түйткілді мәселелер көтеріп, оны шешу жолдарын жан-жақты қарастырып өтті. Елбасы дәстүрлі дініміздің жағдайына тоқтала келе, бүгінде біздің халқымыз үшін дәстүрлі емес діни және жалған діни ағымдар мәселесі өткір тұрғанын қадап айтты. «Жастарымыздың бір бөлігі өмірге осы жат жалған діни көзқарасты көзсіз қабылдайды, өйткені, біздің қоғамның бір бөлігінде шеттен келген жалған діни әсерлерге иммунитеті әлсіз» екендігін алға тартты. Сондай-ақ, «Қазір кейбір сыртқы күштер жастарымызды ислам дінінің хақ жолынан адастырып, теріс бағытқа тартуға тырысуда. Мұндай ұлттық табиғатымызға жат келеңсіздіктерден бойымызды аулақ салуымыз керек», - деп ескертті.

Бүгiнгi қоғамдағы түбегейлi өзгерiстер халқымыздың ауыз бiрлiгiн, белсендiлiгiн, әр азаматтың жеке басының жауапкершiлiгiн талап етедi. Қоғамдағы келiсiм мен бейбiт өмiр, саяси тұрақтылық үшiн жан аямай қызмет ету, өз Отанына, отбасына, елi мен жерiне деген сүйiспеншiлiктен ғана туады.

Халық бiрлiгi, ұрпақ пен дәстүр сабақтастығы ұранымыз ортақ тарихымызға деген көзқарасымыз, өзге ұлт өкілдеріне деген құрметiмiзді келешек ұрпаққа жеткiзу, насихаттау болып табылады.

2006 жылы Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті cессиясында Елбасы Құрбан айт пен Рождествоның алғашқы күндерін мерекелік демалыс күндері етіп жариялауды ұсынды. Халық қызу қолдаған осы бір тарихи оқиғаны желтоқсан айының басында Мәжілістің бір топ депутаттары қолдап, жалпы отырысқа ұсынды. Онда «Мерекелер туралы» Заңға жедел өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөнінде мәселе көтеріліп, кейін Парламентте қаралып, мерекелік демалыс күндері болып бекітілді. Бүгінде бұл діни мерекелер халқымыздың дәстүрлі мерекесіне айналып, жылда республикалық деңгейде аталып өтуде.

2006 жылдың 28 маусымындағы № 593 Қазақстан Республикасының Қаулысымен «Қазақстандық этникааралық және конфессияаралық келісім үлгісін жетілдіру бойынша» арнайы Бағдарлама қабылданған болатын. Әрине, бұл құжат елімізде ұлтаралық қарым-қатынасты нығайтуда және Қазақстан халықтары арасындағы келісім мен татулықты бекіте түсуде ұйымдастырушы, үйлестіруші басты құжат болды десе де болады.

Қазақстан халқы Ассамблеясының құқықтық мәртебесінің артуына Елбасының қосқан үлесі зор. Мәселен, 2007 жылы Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілген түзетулер бойынша Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісіне Ассамблеядан 9 депутат сайланды. 2008 жылы 20 қазанда Президент «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңға қол қойғаны мәлім.

Қа­зақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Ассамблеяның ХІV сессиясында сөйлеген сөзінде Ассамблея қызметінің басты қағидаларын айқындап берді:



  • Қазақ­стан­дағы этностық, кон­фес­сиялық, мәдени және тіл ерекшеліктерін;

  • этностардың мәдениеті мен тіл­дерін дамытуға мемлекет тарапынан жасалып жатқан жағдайлар туралы;

  • сондай-ақ, қазақ ұлтының толеранттылығы мен жауап­кер­ші­лі­гін;

  • қазақ эт­но­сы­ның ынтымақтастықты нығайтудағы рөлін;

  • Қазақстан халқының бірлігі екендігін, – нақты көрсеткен болатын.

Жалпы алғанда, ұлтаралық және дінаралық қарым-қатынастарды реттеп, үйлестіру мәселесінде өзіндік жаңа үлгіге ие болған, елімізде татулық пен бірлікті, ынтымақтастықты барынша нығайта түсуде ұйтқы болған –Қазақстан халқы Ассамблеясының үлесі айрықша.

Бүгінде еліміздің дін және мәдениеттер арасындағы сұхбатты қамтамасыз етудегі бірегей тәжірибесі әлемдік қауымдастық үшін ерекше қызығушылық тудырып отыр. Біздің этносаралық және конфессияаралық келісім үлгісі - бұл Қазақстанның жалпыәлемдік даму үдерісіне қосқан үлесі, өзара түсіністік пен сыйластық орнатудан, және де ғаламдық қауіпсіздікті қолдаудан көрініп отыр.



Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттілігі мен саяси тұрақтылығының басты тұғыры – этносаралық бейбітшілік пен келісім болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет