«ҚАЗақстан-2050» стратегиясы стратегия «Казахстан-2050»



бет3/12
Дата01.06.2016
өлшемі0.86 Mb.
#106589
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Рамазан БЕКБОЛ

БІЛІМДІ ЖАСТАР – «МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ» МҰРАГЕРІ
«Тәуелсіз елді өз қолымен құрған буыннан басталған ұлы істерді кейінгі ұрпақтың лайықты жалғастыратынына кәміл сенемін. Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз «Мәңгілік Ел боламыз», – деген болатын Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев.

«Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанаты Алматы қаласы, Алатау аудандық филиалы өткізген «Ұрпақтар сабақтастығы» атты іс-шараның өне бойынан Елбасы жүк­теген мақсаттың жауапкершілiгі анық сезілді. Оның үстіне Алматы еліміздің мәдени орталығы ғана емес, жастардың көп шоғырланған аймағы болып табылады. Ендеше, ұрпақтар арасындағы сабақтастық туралы келелі әңгімелер Алматы жастарына артық­тық етпейді. Жалпы, өңір бойынша «жасотандықтар» қолға алған бұл шараның басты мақсаты еліміздің әлеуметтік-рухани, экономикалық дамуына үлес қосқан ірі тұлғалардың жарқын істерін жастар арасында насихаттау, жоба аясында қоғамдық танымал саясаткер және интеллигенция өкілдерімен кездесу өткізу болып табылады. Сонымен қатар Елбасының биылғы Жолдауын да кеңінен талқылап, түсіндіру де жас­тардың таңдап алған бағыты.

Алатау ауданының жастары алғашқы кезекте ардақты ақсақал, Генералдар кеңесінің төрағасы Рүстем Қайдаровпен кездесу өткізді. Өмірі өнегеге толы қария кездесу барысында жастарға ғибрат айтып, ел мен жер, патриоттық тәрбие турасында толғады. Генерал ақсақал Елбасы Жолдауында атап көрсетілген даму бағыттарын да талдап түсіндіре кетті. Әсіресе, жастар мәселесіне маңыз берді.

Елбасы: «Қазақстан – 2050» Стратегиясын жүзеге асыратын да жастар, болашаққа деген үкілі үміттің тірегі де жастар», – деді. Біз аға буынның келешек ұрпаққа үлкен сенім, аманат артып отырғандығын ұмытпайық! Елдің сенімі мен аманатына қиянат жасамай, келешек ұрпаққа аманат ету – біздің аса үлкен парызымыз болып саналады. Ұлы Абай айтпақшы: «Адамның адамшылығы істі бітіргендігінде емес, істі бастағанды­ғында». Осы даналықты өмір жолына ұштастыра отырып, еліміздің дамуына ілгері ықпалын тигізетін көзі ашық, көкірегі ояу жастар көбейсе екен деймін. «Отансыз адам, ормансыз бұлбұл болмайды!». Жастар, Отанға адал қызмет етіңдер! – деді жастарға ақ батасын берген Генералдар кеңесінің төрағасы Рүстем Қайдаров.


Алматы қаласы. //Дала мен Қала .-2013.-4 наурыз.-4б.

13
Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,



Басты мақсат – басқаруды ғылыммен ұштастыру

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Қазақстан-2050» Стратегиясы: мемлекеттік қызмет саласында кадрлар даярлауды жетілдіру және ғылыми зерттеулерді дамыту» бірінші республикалық ғылыми-практикалық конференциясы болып өтті.

Аталған шара шеңберінде мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттырудың сапасын көтеру, мемлекеттік басқаруды жаңғырту және мемлекеттік аппараттың кадрлар әлеуетін нығайту мәселелері жан-жақты талқыға салынды. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Байменовтің айтуынша, Қазақстанда тұңғыш рет мемлекеттік басқару саласында маман даярлайтын барлық жоғары оқу орындары осы салада мамандар даярлау үшін қандай талаптарды ескерулері қажеттігі өткір мәселе етіп қойылып отыр. Және де еліміздің ұзақмерзімді стратегияларынан туындайтын жаңа міндеттерге ортақ шешім іздеу қарастырылуда.

Конференцияда мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару саласындағы қазақстандық ғылыми мектепті дамыту, осы саладағы білім беру ұйымдарымен ғылыми-зерттеулерді үйлестіру және дарынды жастарды іздеп, оларды сатылап мемлекеттік қызметте өсіру мәселелері талқыға түсті. Тарқатып айтқанда, бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша білім алушы дарынды жастарды кейіннен мемлекеттік басқару органдарына жұмысқа тарту басты назарға алынып отыр.

Агенттік қазақстандық ғалымдар мен білім ордаларының әлеуетін мемлекеттік қызмет реформасында пайдалануға мүдделі екендігін байқатып келеді. 2010 жылдан бастап мемлекеттік органдар қызметін бағалау жүйесі енгізілсе, мемле­кеттік қызметшілер біліктілігін жетілдіру мен қайта даярлауда бағалау нәтижелері ескерілуі қажеттігі де айтылмай қалмады. Осы ретте агенттік төрағасы жобаларды басқару, мәселені талдау әдіснамасы қалыптаспағандығын және де мамандардың жетіспеушілігі барлығын жасырмады. Мысалы, мемлекеттік басқару мамандығы бойынша жұмыс істейтіндердің қатары 1 пайыздан аспаса, экономист – 30, заңгер – 17, инженер – 10 пайыз және 7 пайызы мұғалімдер болып келеді екен. Еліміздегі 60 жоғары оқу орындарында мемлекеттік басқару мамандығы бойынша бакалаврларды даярлау ешқандай қисынға келмейді, деген ойымен бөліскен Әлихан Мұхамедияұлы оны тиісті оқу орындарында сабақ беретін педагогтардың жоқтығымен байланыстырды.

Конференция аясында 3 секция бойынша жұмыс ұйымдастырылды. Мемлекеттік қызметшілердің жеке тұлғалық құзыретін бағалау және «А» корпусының ортасын қалыптастыру бойынша мастер-кластар өткізілді. Сонымен қатар, шараға қатысушылар Академияның тұлғалық құзыретін айқындау және психометрия бойынша моделімен танысты. Бұдан басқа қатысушылар Академия ғалымдарының мемлекеттік басқару бойынша ұйымдастырылған оқу-ғылыми, оқу-әдістемелік әдебиет көрмесі мен электрондық кітапхана жұмысына үлкен қызығушылық туғызды. Конференция соңынан қарастырылған мәселелер бойынша ұсынымдар қабылданды.

// Егемен Қазақстан.-2013.-5 наурыз.-
14

Серік Пірәлиев, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры,

ҒЫЛЫМ, БІЛІМ – ӨРКЕНДЕУ КЕПІЛІ

Ел экономикасын өркендету, бәсекеге қабілетті болу тек қана кемел біліммен келетіні анық. Ұлттық білім жүйесінің халықаралық білім кеңістігіне шығуы, әлемдік стандарттарға сай қызмет етуде елімізде жоғарғы оқу орындары көптеген іргелі өз­герістерді бастан кешуде. Жалпы отандық жоғары оқу орындарын әлемдік деңгейге шығару – Президенттің Жолдаулары мен мемлекеттік бағдарламаларда да анық көрсетілген. Сол себепті бәсекеге қабілетті маман дайындау еліміздің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының мақсаты мен міндетіне айналып отыр. Бүгінгі таңда әлемдік университеттердің арасында лайықты орынға ие болу мақсатында еліміздің жоғары оқу орындары көптеген жұмыстар атқарып жатыр. Еліміздегі білім беру саласы және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегия­лық бағдарламасы төңірегінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, ҚР Ұлттық ғылым академиясының Құрметті академигі және мүше-корреспонденті, профессор Серік Пірәлиевпен сұхбаттасқан едік.

Серік Жайлауұлы, Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауында «Жоғары оқу орындары білім беру ісімен шектеліп қалмауы тиіс. Олар қолданбалы және ғылыми зерттеушілік бөлімшелерін құрып, дамытуы қажет» деп өз ойын ортаға салды. Алдағы уақытта Абай атын иемденген қабырғалы оқу орнының бұл бағытта қандай жұмыстар атқаратынын айтсаңыз.

– Әңгіме арқауы Елбасы Жолдауынан басталғандықтан, мен әуелі, осы мәселе төңірегінде ой өрбітіп, сұрағыңызға соңынан жауап берсем. Жалпы, Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы елімізді онан әрі дамытудың алдағы кезеңге арналған ауқымды бағдарламасына айналып отыр. Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген 21 жылда дәулетіне сәулеті сай, әлем таныған қуатты мемлекетке айналды. Қазір Қазақстан – өзіндік бет-бейнесі бар, өзіндік ерекшеліктері мен ұстанымдарына берік қуатты мемлекеттердің бірі. Әлемдегі алмағайып дағдарыстар мен қиыншылықтарға қарамастан, экономиканы қарқынды дамытудың инновация мен индустрияландыру жолына түсіп отырмыз. Әрине, тым құбылмалы тарихи жағдайда жаңа сын-қатерлерді лайықты еңсеру үшін жаңа саяси бағыт, яғни «Қазақстан – 2050» Стратегиясын қабылдау қажет болды. Президент өз сөзінде елдің шешілуге тиісті міндеттері сапалық тұрғыдан өзгергенін атап көрсетіп, кезекті дүниетанымдық серпіліс жасау керектігін ескертті. Бүгінде мемлекетіміз кемелдену кезеңіне аяқ басты. Демек, бүгінгі күн тәртібі елдің қалыптасу кезеңіндегіден өзгеше кезең болайын деп тұр. Себебі, Жолдауда атап көрсетілген жаңа сын-қатерлерді лайықты қабылдау үшін ендігі жерде «Қазақстан – 2030» стратегиясының аясы тарлық етеді. Сондықтан дамуымыздың жаңа межесі ретінде 2050 жылдың таңдап алынуы жайдан-жай емес. Президентіміз мемлекетіміздің 2050 жылға дейінгі әлемдегі ең жоғары дамыған 30 мемлекеттің қатарына енуін ұлттық саяси даму стратегиясын негізге ала отырып, осы уақыт ішінде бағындырылуға тиісті жеті басымдықты белгілеп берді. Олар – жаңа бағыттың экономикалық саясаты, кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау, әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері, білім және кәсіби біліктілік, мемлекеттілікті, қазақстандық демократияны өркендету, салиқалы сыртқы саясат және қазақстандық патриотизмді дамыту сынды қадау-қадау мәселелер қамтылған.

Елбасының жыл сайынғы Жолдауларының өн бойынан әлеуметтік салаға ерекше мән берілетінін білеміз. Ал биылғы Жолдауда Президент ұсынған 10 бағыттың көпшілігі осы салаға арналғанын байқау қиын емес. Нұрсұлтан Әбішұлының сапалы білім беруді жақсарту, ғылыми-инновациялық жұмыстардың өндіріспен байланысын жандандыра түсу, жастардың жайлы баспанаға қолжетімділігін арттыру және олардың тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілуі, білім беру ісіндегі тәрбиенің рөлі жайында айтқандары бәріміздің көңілімізден шықты. Білім жүйесін жаңғыртуда оқыту үдерісіне озық әдістеме мен технологияларды енгізу арқылы әлемдік білім кеңістігіне еркін енуге болатынын өмірдің өзі көрсетіп отыр.

Осыған байланысты Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде білім берудің әлемдік озық инновациялық технологиясын кеңінен игеруге бағытталған нақтылы іс-шаралар жүзеге асырылуда. Осы мақсатпен бүгінде 29 мемлекеттің 115 әлемдік озық университеттерімен өзара келісімшарт бойынша ынтымақтаса жұмыс істеудеміз. Жыл сайын шетелдік әріптес жоғары оқу орындарының саны арта түсуде. Шетелдік жетекші оқу орындарының профессорларын шақыртып, оқу үдерісін тың инновациялық тәсілдермен байытуға қол жеткізіп отырмыз. 2010-2011 оқу жылында университетімізге шетелдерден 35 профессор келіп дәріс берсе, 2011-2012 оқу жылында 44 профессор келіп, біздің студенттерімізге дәріс оқыды. Шеберлік сыныптар өткізді және біздің оқытушыларымызбен тәжірибе алмасты. Сонымен бірге біз өз оқытушыларымыздың әлемдік озық университеттер базасында біліктіліктерін арттыруға қол жеткізіп отырмыз. Сондай-ақ, шетелдік университеттермен студенттер алмасу қарқынды жүргізілуде. «Қос дипломдық» бағдарламасы бойынша біздің студенттеріміз соңғы курстарда шетел университеттерінде оқып, олардың да, біздің де дипломдарымызға қол жеткізуде. Тағы бір айта кетерлік мәселе, білімді ақ­параттандыру және автоматтандыру жұмысы қарқынды жүргізілуде. Осы жүйенің «Білім порталы» модулі мен «Оқу жетістіктері нәтижелерінің мониторингі», «Кафедралар», «Деканаттар», «Тіркеушілер офисі» бөліктерін бағдарламалық қамтамасыз етудің бірінші кезеңі аяқталды. Сайып келгенде, мұның бәрі оқу үдерісін инновациялық технологиялармен қамту, білім сапасын арттыру мақсатынан туындап отыр.

Елбасымыз өз Жолдауында атап көрсеткендей, «Жоғары оқу орындары білім беру ісімен шектеліп қалмай, қолданбалы және ғылыми зерттеушілік бөлімшелерін құрып, дамытуы қажет», – десек, бізде бұл салада да бірқатар игілікті істер жүзеге асырылды. Соңғы жылдары біздің университетте «Абайтану», «Тұлғатану», «Ұлы дала перзенттері» ғылыми-зерттеу орталықтары, «Жамбылтану және халық ақындары», «Интеллектуалды тұлға қалыптастыру», «Психология» ғылыми-зерттеу институттары ашылды.

Іргелі және қолданбалы зерттеулер бойынша 2011 жылы 107 миллион теңгеге 96 ғылыми тақырып игерілсе, 2012 жылы 141 миллион теңге көлемінде ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Жылдан-жылға бізде ғылыми зерттеу жұмыстарының аясы кеңіп келеді. Елбасының тапсырмасына сәйкес, биылдан бастап ғылыми зерттеу бөлімшелерінің жұмысын жаңаша ұйымдастырып, оқу орнымызды келешекте ғылыми зерттеу университетіне айналдыру үшін нақтылы шаралар белгілеп отырмыз.

Бүгінде студенттердің өндірістік тәжірибеден өтуі өзекті мәселеге айналғаны жасырын емес. Өзіңіз басқарып отырған оқу орнында бұл мәселе қалай шешімін тауып жатыр?

– Студенттердің өндірістік тәжірибеден өтуі, жыл ішінде немесе бүкіл оқу үдерісінде алған білімін өндіріспен байланыстырып, болашақ мамандығына ыңғайлануы бұрыннан бар. Бұл ешқандай жаңалық емес. Кәсіптік тәжірибе жоғары оқу орындарының оқу бағдарламасының міндетті компоненттерінің бірі болып табылады. Білім стандарты бойынша бізде тәжірибе – оқу-танысу, педагогикалық, өндірістік және дипломалды тәжірибе болып бөлінеді. Міне, осы кәсіптік тәжірибенің барлығына 6 кредиттен, «Білім» тобы бойынша 6-дан 20 кредитке дейін бөлінеді. Студенттерді тәжірибеге жіберу ректордың арнайы бұйрығымен жүзеге асырылады. Онда тәжірибеден өту мерзімі, практика барысы, оның жетекшісі айқындалады. Өндірістік тәжірибеден өтетін мекеме базасымен келісімшарт жасалады. Сондықтан университетте білім алып жүрген әрбір студент өндірістік тәжірибеден өтуге міндетті. Бізде әрбір іс-тәжірибеден кейін студенттердің жұмысы талданады, бағаланады. Көптеген бітірушілеріміз оқудан кейін сол мекемелерге қызметке барып жатыр.

Білім – жаңа әлемдегі өркендеу мен дамудың негізгі индикаторы. Осы ретте жастарға білім беретін педагогтар беделін көтеру жолында қандай істерді қолға алу керек деп есептейсіз?

– «Мектепке жақсы мұғалім ауадай қажет. Өйткені мұғалім – мектептің жүрегі». Көрнекті ұлт зиялысы, ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынұлының бұл сөзі арада бір ғасыр уақыт өтсе де өзінің мәні мен маңызын әлі жоғалтқан жоқ. Қазіргі кезде де жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру үшін мектептерімізге, жоғары оқу орындарымызға жақсы мұғалім ауадай қажет. Ал енді бүгінде оқушылар ұстаздарын тыңдамайды, өйткені мұғалімнің шәкірттер алдында беделі төмен дейтін сөздер көбейіп кетті. Бұл ақиқат өмір шындығы. Біздің бала кезімізде мұғалімді шәкірттері ғана емес, бүкіл ел қалай қадірлейтіні әлі есімізде. «Алты алаштың басы қосылса, төрдегі орын мұғалімдікі» деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, бала кезімізде мұғалімді ауыл болып сыйлайтын, төбесіне көтеретін. Оқушылар болса, ұстаздың алдын кесіп өтпейтін. Алайда Кеңестік дәуірдің соңғы 15-20 жылында мұғалімнің беделі күрт төмендеп кеткені жасырын емес. Жөнді-жөнсіз жасалған мектеп реформалары, оқу материалда­рының көлемі ұлғайтылып, күрделенуі, сабақ беру сапасының нашарлауы және басқа да факторлар оқушылардың үлгерімін төмендетіп жіберді. Жұртшылықтың мұғалімге деген сеніміне селкеу түсірді. Мұндай жағдай жоғары оқу орындарында да кездеседі.

Елбасымыздың жуырда: «Мұғалімдер бүгінде әртүрлі есепті құжаттар толтырумен, қағазбастылықпен айналысып кетті. Мұғалімнің басты міндеті – бала оқыту. Олар сонымен ғана айналысуға тиіс», – дегені көп жайды аңғартады. Шын мәнінде, қазіргі таңда мұғалімдерге өз жұмысынан тыс артылар салмақ та үлкен. Олар жергілікті әкімдіктердің қолбаласы сияқты – әр алуан сайлаулар мен халық санақтары кезінде көше-көше кезіп елдің тізімін алады, құжаттарын толтырады, сол науқандар аяқталғанша зыр жүгіріп жұмыс істейді. Әртүрлі тазалық айлықтарында көше, аула сыпырып, ағаш егетіні және бар. Мерейтойларды өткізу, киіз үй тігу, қонақ күту сияқты қосалқы жұмыстары да шаш-етектен. Мұндай жағдайда мұғалім кезекті сабағына қалай дайындалмақ? Шын мәнінде мұғалім жұмысы жан-жақты ізденетін шығармашылық жұмыс қой. Іске шығармашылық көзқарас болмаса, сабақтың сапасы қайдан болмақ? Мұндайда ұстаз беделі қайдан артпақ? Олардың еңбекақысының аздығы, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларының төмендігі, кәсіптік біліктілігінің жеткіліксіздігі мұғалімдердің іске деген ынтасын төмендетумен бірге беделіне де нұқсан келтіреді. Мұғалім беделін арттыру үшін олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасау керек, яғни біліктіліктерін көтеру, ақпараттық қамтамасыз ету, әлемдік озық инновациялармен қарулануына көмектесу, әдістемелік қамтамасыз етуді жақсарту қажет. Бүгінгі ақпараттық технологиялар заманында өз шәкіртінен көш бойы алда тұрмай, ұстаз беделі өспейтінін түсінген жөн. Мұғалім беделін көтеру – еліміздің бас педагогикалық жоғары оқу орны ретінде біздің университетіміздің де басты назарындағы мәселе. Бұл проблеманы шешу үшін біз «Қазақстан мектеп педагогтарының Интернет клубын ашып отырмыз. Интернет клубтың басты мақсаты – еліміздегі барлық педагогтарды ұйым­дастыра отырып, қазақстандық оқушылардың сапалы білім, саналы тәрбие алуына, олардың жан-жақты дамыған тұлға ретінде қалыптасуына мүдделілердің күш-жігерін біріктіру, педагогтардың ар-ожданы мен абыройы кәсіптік қауымдастықтар тарапынан қорғалуын қамтамасыз ету болып табылады.

Интернет клуб еліміздің педагогтарына инновациялық педагогиканы, ақпараттық білім беру жүйесін дамытуға көмектеседі. Сонымен бірге қазіргі заманғы озық әдістемелік үлгілерді мұғалімдердің жалпы және кәсіби білім беру ісінде кеңінен қолдануына ықпал етеді, педагогтардың кәсіби қызметіне қолдау көрсетіп отырады. Сондай-ақ, біздің Интернет клуб ортақ жүйелік қызмет арқылы тәжірибе алмасу жолымен әр ұстаздың өз мүмкіндіктерін көрсетуіне жағдай жасайды және мектеп мұғалімдерінің жаңаша білім беру бастамаларына, жаңаша білім алуларына ықпал ететіні сөзсіз. Авторлық технологиялар мен оқу-әдістемелерінің банкісін құру, авторлық мектептерді насихаттау, мұғалімдердің кәсіптік білімдерін жетілдіру, оларға қажетті әдістемелік, педагогикалық, психологиялық, ғылыми, құқықтық көмек көрсету мәселелерін шешуге көмектеседі. Өмірдің қайшылықты сәттерінде қаржыға мұқтаж мұғалімдерге хал­қымыздың ежелгі дәстүрі бойынша асарлату үлгісімен материалдық жәрдем беруді де Интернет клуб жүзеге асырады. Жалпы, мұның бәрі мұғалім беделін көтеруге бағыт­талып отырған іс-шаралар.

Жалпы, мұғалім беделін көтеру – бүгінгі таңның өзекті мәселелерінің бірі. Оның жеке бастың мәдениеті мен инабатқа қатысты аспектілері де бар. Мұның бәрі біздің университетімізде терең зерттеліп, негізделуде.

Бір сұхбатыңызда ЖОО-на академиялық еркіндік беру әбден пісіп жетілген мәселе екенін айттыңыз. Сіздіңше, қазіргі қазақ ғылымының келешегі қандай деп ойлайсыз?

– Жоғары оқу орындарына академиялық еркіндік беру – уақыт талабы. Академиялық еркіндіксіз шығармашылықпен жұмыс істеу қиын екенін білеміз. Сондықтан мен осы идеяны қолдаймын және соған қол жеткізу үшін қолымнан келгеннің бәрін де істеймін.

Ал қазіргі ғылым мәселесіне келсек, мемлекетіміз күшті мемлекеттер қатарына ену үшін бізге ғылымды күшейту қажет. Бүгінде Елбасымыз да, Үкіметіміз де бұл салаға айрықша көңіл бөлуде. Жыл сайын ғылымға бөлінген қаржы көлемі де артып келеді. Жалпы, бүгінгі бағытымызға қарағанда Қазақстан ғылымының болашағы зор болатынына сенімім кәміл.


Сұхбаттасқан,Нұрлан ЖҰМАХАН. //Дала мен Қала.-2013.-11 наурыз.-14б.
17

Серик ПРАЛИЕВ, ректор Казахского национального педагогического университета им. Абая, член-корреспондент НАН РК, доктор педагогических наук

Компетентные педагоги –

гарант успешного будущего

Старейший педагогический вуз страны активно перестраивает деятельность, чтобы стать полноценным научно-исследовательским университетом.

Благодаря правильности выбранного курса наша страна благополучно преодолела не один рубеж в своем развитии. Выступая с Посланием народу Казахстана, Президент предложил новую Стратегию, в которой отметил: «Наша главная цель – к 2050 году создать общество благоденствия на основе сильного государства, развитой экономики и возможностей всеобщего труда». Важно, что в Стратегии «Казахстан-2050» определены приоритеты нашей работы в системе образования.

Профессорско-преподавательский состав и студенты КазНПУ им. Абая с воодушевлением восприняли Послание народу. Осознавая, что главная цель старейшего в стране педагогического вуза – подготовка высококвалифицированных педагогических кадров, университет принимает всесторонние меры для повышения качества образования и в первую очередь квалификации самих преподавателей. С этой целью в КазНПУ осуществляются инновационные научные проекты, учебный процесс обеспечивается автоматизированными информационными технологиями, развивается система цент­рализованного тестирования. При этом мы не ограничиваемся только образовательными функциями. В нашем вузе успешно работают новые научно-исследовательские подразделения и лаборатории. В их числе институты «Научное исследование и новые технологии», «Формирование интеллектуальной нации», «Абаеведение», «Жамбыловедение», лаборатория «Инновационные технологии» и другие центры, призванные повышать интеллектуальный уровень будущих педагогов.

Профессорско-преподавательский коллектив КазНПУ осознает, что уровень проводимых работ должен соответствовать современным мировым требованиям. Поэтому вуз поставил цель – организовать свою деятельность в соответствии с требованиями таких мировых рейтинговых организаций, как «Вебометрикс», «Кью-Эс» и других. По рейтингу «Вебометрикс» КазНПУ в 2010 году занял 6 830-е место среди 12 тыс. университетов мира, а в 2012-м поднялся на 6 270-е, заняв среди национальных университетов Казахстана передовую позицию. А по итогам рейтинга «Кью-Эс» КазНПУ им. Абая уверенно находится на 601-м месте в числе самых передовых университетов мира. Мы подтвердили свое соответствие стандарту качества по системе менеджмента качества (ИСО) и были вновь сертифицированы на три года организациями международного соответствия «ЖОНЕТ» и «Русский регистр».

КазНПУ совместно с зарубежными партнерами (мы сотрудничаем со 115 передовыми университетами мира) подготовил 71 образовательную и 120 типовых программ на трех уровнях и трех языках. Сейчас наш вуз занят разработкой электронных пособий. В учебный процесс уже введено 109 таких пособий.

С целью подготовки полиязычных специалистов (что, несомненно, повышает их конкурентоспособность) некоторые предметы в вузе преподают на английском языке. Если до сегодняшнего дня занятия на английском проводились по физике и информатике, по дисциплинам международных отношений, то теперь круг таких предметов будет расширяться. С этой целью создана специальная комиссия по введению в учебный процесс полиязычия.

На семи факультетах уже сформированы 15 специальных групп, которые будут проводить занятия на английском языке. В 2010/11 учебном году в КазНПУ читали лекции и проводили научную работу 35 иностранных преподавателей, которые на основании договоров работали у нас бесплатно. Сегодня государство оказывает всестороннюю поддержку международной солидарности учебных заведений. Это ярко выражается в выделении солидных средств на организацию обмена преподавателями с зарубежными вузами. Так, в 2011/12 учебном году Министерство образования и науки выделило 27 млн. тенге. Благодаря чему в прошедшем учебном году мы пригласили 44 ученых из-за рубежа, а

18

в нынешнем – уже 55 профессоров. Таким образом, государственная поддержка предоставляет прекрасные шансы ускорить работу по научно-исследовательским проектам международного уровня.



О важности такой работы говорил Глава государства, отметив, что вузы не должны ограничиваться только совершенствованием своих учебных программ, надо активно развивать научные исследования. Эти строки из Послания ко многому нас обязывают, проблемы научно-исследовательской деятельности всегда находятся в центре нашего внимания.

Приведу несколько примеров. В 2011 году ученые КазНПУ освоили 96 научных проектов на 107 млн. тенге. В 2012-м на научно-исследовательские работы было выделено 141 млн. 450 тыс. тенге, из них 74 млн. 200 тыс. затрачены на освоение 18 научных проектов. А за счет внебюджетных средств вуза (67 млн. 250 тыс. тенге) мы осуществили 31 проект.

В итоге в минувшем году наши ученые получили 6 инновационных патентов и 3 авторских свидетельства, опубликовали 3 037 научных трудов (из них 45 монографий, 373 учебника и учебных пособий, остальные – научные публикации). 30 профессоров КазНПУ выступили с научными докладами на зарубежных конференциях, симпозиумах и совещаниях, 166 студентов и магистрантов стали победителями международных и республиканских смотров и олимпиад. Научные труды 17 студентов КазНПУ признаны лучшими студенческими работами.

В КазНПУ многое делается для того, чтобы вуз стал полноценным научно-исследовательским университетом. При этом особое внимание уделяем информатизации учебного процесса: с начала нынешнего учебного года приступили к обновлению системы информатизации вуза. Уже заработали «Образовательный портал», «Мониторинг результатов учебных достижений», «Кафедры», «Деканаты», «Офис регистрантов». Эти модули во многом способствуют ускорению рабочих процессов в нашем вузе. Кроме того, для разработки электронных мультимедийных учебно-методических изданий в учебный процесс введены «Прикладные программы учебно-методических комплексов по учебным предметам», «Силлабус», «Учебник» и «Учебное издание».

«Мы должны интенсивно внедрять инновационные методы, решения и инструменты в отечественную систему образования, включая дистанционное обучение и обучение в режиме онлайн, доступные для всех желающих», – говорится в Послании Президента. В КазНПУ уже давно и успешно применяется системный подход к обучению в режиме онлайн. Коллектив вуза в течение последних четырех лет проводит беспрерывное обучение и повышение квалификации учителей сельских малокомплектных школ. Специально для них проводим интернет-лекции, оказываем методическую помощь в режиме онлайн.

Многие мероприятия, проводимые в нашем вузе, предназначаются для воспитания у молодежи высокого чувства патриотизма. Приняты «Этический кодекс студентов», «Концепция воспитательной работы», создано Сообщество выпускников университета, открыт отдел культуры, предназначенный для дальнейшего совершенствования эстетического воспитания, работает студенческая ассамблея. Приступил к работе клуб «Дебаты», создан оперативный студенческий отряд для усиления охраны общественного порядка, в учебный процесс введены новые предметы – «Абаеведение», «Национальное воспитание» и другие.

В Послании Президента огромное внимание уделено дальнейшему развитию молодежной и образовательной политики. В этом стратегически важном документе подчеркивается: «...Помните: ваш личный успех – это успех ваших родителей, успех ваших родных и близких, успех ваших семей, успех всех ваших соотечественников, успех нашей Родины». Коллектив нашего университета гордится, что в общем успехе страны есть весомый вклад КазНПУ им. Абая.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет