28
29
аймағындағы Айн Жалұт деген жерде мұсылман
әлеміне лаң
салған монғол шапқыншыларын
ойсырата жеңіп, алғаш рет бетін қайтарады.
Міне, көне тарихтағы рамазан айында болған
жеңістердің
бірсыпырасы
осындай.
Сонымен
бірге қазіргі заманымызда да рамазан айында
мұсылмандар көптеген жеңістерге жетті.
Соның ең
бастысы Мысыр әскерінің елге тұтқиылдан басып
кірген басқыншыларды жеңуі. Бұл 1973-жылы
6-қазан, мұсылманша рамазан айының оны күні еді.
Дұшпандарға әлемдегі алпауыт елдер көмектесті.
Соған қарамастан,
Алланың қалауымен, көмегімен
мұсылман қолы жеңіске жетті.
Мүбәрак ай тарихта осындай жеңістермен
айшық-талыпты.
Мекке ашылған соң Пайғамбар
(с.а.с.) сахаба-ларына:
«Алдымызда ең үлкен жиһад тұр.
Ол – нәпсі жиһады», – деген екен. Олай болса, Жаратқан
Ие баршамызды осы рамазан айындағы жиһадтың ең
үлкені нәпсі жиһадында жеңіске жеткізсін!
Достарыңызбен бөлісу: