15
тұрған адам таң намазына ұйықтап қалмайды.
Сұрақ:__Сәресі_уақыты_өтіп_кеткенде_білместікпен_ішіп-_жеп_қойса_не_болады_Жауап'>Сұрақ:
Сәресі уақыты өтіп кеткенде білместікпен ішіп-
жеп қойса не болады?
Жауап:
Бұндай жағдайда «оразам бұзылды»
деп ойлап,
аузын ашып жіберуіне болмайды. Оразасын әрі қарай
жалғастырады. Кейін сол күнгі оразаның қазасын өтейді.
Сұрақ:
Таң намазына 2 минут қалғанда ауыз бекітсе
бола ма?
Жауап:
Азан айтылғанға дейін ішіп-жеуге болады.
Хадисте:
«Сендер Ибн Умму Мәктум азан шақырғанға дейін
ішіп-жеңдер», – деген
(Бұхари)
. Ал
егер ұйықтап қалудан
қорықса, сәресін ертерек ішіп,
ниет етіп, ұйықтауына
болады.
Дегенмен, сәресіге тұрып тамақтанғаны абзал.
Өйткені, сәресіде береке бар.
Достарыңызбен бөлісу: