Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі


IV Бөлім. Еңбекпен қоршаған ортаны қорғау



бет26/29
Дата25.02.2023
өлшемі1.09 Mb.
#470041
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
аза стан республикасы ауыл шаруашылы ы министрлігі

IV Бөлім. Еңбекпен қоршаған ортаны қорғау
4.1. Қоршаған ортаны қорғау
Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау туралы кодексі болашақ ұрпақтың мүддесі үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық - экономикалық және әлеуметтік негізін белгілейді және өзге де қызметтің табиғи экологиялық жүйеге зиянды әсерін болғызбауға, биологиялық алуан түрлікті сақтаумен табиғатты ұйымды пайдалануды ұйымдастыруға бағытталады. 2007 жылғы 9 қаңтарында қабылданған экологиялық кодекс пен 2003 жылдың 3 желтоқсанында бекітілген 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік концепциясына негізделеді .
І.Тарауда негізгі ережелер мен негізгі терминдер қарастырылған. Мысалы қоршаған орта, қоршаған ортаны қорғау обьектісі, табиғатты пайдалану, қоршаған орта саласы, экологиялық талаптар
Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының негізгі принциптері.
1) Қазақстан Республикасының орнықты дамуын қамтамасыз ету;
2) Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
3) Экологиялық қатынастарды реттеу кезіндегі экожүйелі көзқарас;
4) Қоршаған ортаны ластаудың және оған кез келген басқа түрде запал келтіруді болдырмау жөнінде алдын алу шараларының міндеттілігі;
5) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының халықаралық құқық принциптерімен жэне нормаларымен үйлесуі;
Қоршаған ортаны қорғау объектілер.
1) Жер, жер қойнауы, жер үсті жэне жер асты сулары; атмосфералық ауа; ормандар мен өзге де өсімдіктер; жануарлар дүниесі; табиғи экологиялық жүйелер, климат және Жердің озон қабаты жойылудан, тозудан, зақымданудан, ластанудан және өзге де зиянды әсерден қорғалуға тиіс.
2) Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жэне мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілері айрықша қорғалуға тиіс.
Табиғат пайдалану ұғымы және оның түрлері
1. Адамның күнделікті өмірінде, жеке және занды тұлғалардың шаруашылық және өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалануы және қоршаған ортаға әсер етуі табиғат пайдалану болып табылады.
2. Табиғат пайдалану жалпы және арнайы болып бөлінеді.
3. Жалпы табиғат пайдалану тұрақты болып табылады және халықтың өмірлік қажетті сұраныстарын қанағаттандыру үшін жэне табиғи ресурстар пайдалануға берілмей, тегін жүзеге асырылады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделсе, табиғатты жалпы пайдалануды шектеуге жол беріледі.
4. Арнайы табиғат пайдалану - осы Кодексте жэне Қазақстан Республикасының өзге де зандарында белгіленген тәртіппен табиғи ресурстарды арқылы негізде пайдалануды және қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын жеке жэне заңды тұлғаның қызметі.
5. Табиғат пайдалану түрлеріне:
1) Жерді пайдалану;
2) Суды пайдалану;
3) Орманды пайдалану;
4) Жер қойнауын пайдалану;
5) Жануарлар дүниесін пайдалану;
6) Өсімдіктер дүниесін пайдалану;
7) Қоршаған ортаға эмиссиялар;
8) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін өзге де табиғат пайдалану түрлері жатады;
1. Табиғат пайдалану түрлері бойынша арнайы табиғат пайдалану құқығының туындау ерекшеліктері Қазақстан Республикасының зандарында айқындалады.
2. Арнайы табиғат пайдалану табиғат пайдаланудың бір түрін не олардың бірнеше түрінің жиынтығын қамтуы мүмкін.
Шаруашылықтағы өсімдік қорғау жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі мақсаты пестицидпен жұмыс істейтін адамдардың қауіпсіздігін сақтау және пестицидтердің қоршаған ортаға кері әсерін тигізбеу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет